Яндекс.Метрика
Home » Materials » "Рафаэль Пампеллидің "Түркістанға саяхат" еңбегіне қысқаша шолу"

Қасаболатова Г. М.

"Рафаэль Пампеллидің "Түркістанға саяхат" еңбегіне қысқаша шолу"

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 2(06), 2016

Tags: құрылым, арийлықтардың, өркениеті, отаны, біртұтас, Жерорта, теңізі, тарихи, географиялық, процесс, физикалық-географиялық, ауа, райы, жеріндегі, қазақ, жиектері, теңіз, әсері
Author:
Мақала авторы Орта Азия мен Қазақстанның аймағында ежелгі арийлықтар өркениетінің отаны болғанын және ежелгі біртұтас Жерорта теңізінің іздері қазіргі Каспий мен Арал теңіздерінде болуы мүмкін деген гипотезаны дәлелдеу үшін арнайы ғылыми мақсатпен келген американың белгілі географы, археолог -ғалымы, Гарвард университетінің тау кен-геологиясының профессоры Рафаэль Пампеллидің жасаған саяхатына қысқаша шолу жасауға тырысады. Оның «Түркістанға саяхат» атты ағылшын тілінде жазылған үлкен кітабының Қазақстанға байланысты бөлімдеріне сүйене отырып, автор қазақтардың орналасу орындарын нақтылайды жердің физикалық-географиялық құрылым өзгерістерін сипаттайды.
Text:

Шыңғыс ханның жорығынан кейін, Еуропалық зерттеушілер мен миссионерлері көшпенділердің өміріне, оның ішінде Шығыс елдеріне деген қызығушылықтары артып, бұл өңірге тартыла бастады. Еуропалық, америкалық және ресейлік ғалымдар Орта Азия мен Қазақстан жерін ғылымның әр түрлі саласы бойынша  зерттей бастады:  география, топырақтану, геология, гидрология, ботаника, зоология, орнитология, этнография, т.б.

Орталық Азия – ұзақ уақыт бойы өзінің құпиясы және жұмбақтығымен, саяхатшылардың саналарын оятып өзіне ұмтылдырғаноблыс. Сонымен қатар, бұл аймақ XIX ғасырда болған Ұлыбритания мен Ресей арасындағы ықпал ету салаларын үшін күрес пен геосаяси текетірестің таласына айналды.

Сондықтан, зерттеу екіжақты: бір жағынан - ғылыми және екіншіден - барлау мен дипломатиялықсипатқа ие  болды. XIX ғ.,50-60-шы жылдары, яғни өнеркәсіптік капитализм дәуірінде, әлемді аумақтық және экономикалық бөлшектерге бөлу үшін жетекші әлемдік державалардың арасындағы кескілескен күрестері Орталық Азиядағы ғылыми зерттеулерді өзінің жаңа сапалы сатысына көтерді.

Көптеген шетелдік авторлардың жұмыстары көбінесе Тянь-Шаньның табиғатына, жергілікті халықтардың тарихы, этнографиясы және әлеуметтік-экономикалық аспектілерінің дамуына қатысты,  кейде тек қана ақпараттық, таяз сипатта болды.Сонымен қатар, жекелеген шетелдік ғалымдар  өздерінің құнды бақылауларын жасап, Тянь-шань мен Памир және Алай аймағында жертану жөнінде жаңа деректер мен басқаларға ұқсамайтын идеялар, ерекше мәселелері  білдірді.
Осы регионға тек комерциялық немесе пайдалы қазба іздеу үшін ғана емес,  ғылыми қызығушылық танытып, ежелгі өркениет іздерін табу мақсатымен сонау мұхит асып, евразия құрлығын басып, ат арытып келген шынайы ғалым-географ, археолог, зерттеуші, Гарвард университетінің профессоры Рафаэль Пампелли болды.
«Мен ұзақ уақыт арийлік мәселе туралы көп оқыдым – деп жазды ғалым - және мен Еуропалық тілдердің санскрит және вестша сияқты туыстық тілдерінің бесігі де Памир тауларында, деп білгем. Оның үстіне, қазірдің өзінде деректер бойынша «үйсіндердің шаш пен көз түстері» олардың арий халқына жататынын білдіретінібелгілі факт. Бірақ мені таң қалдыратын нәрсе, сондай елеулі тарихы бар деп күтілетінхалық пен қалалардың үлкен санының салыстырмалы аз уақыт ішінде құм астына көміліп қалуы ...
Сонымен қатар, мен Арал теңізі мен Сібір арасындағы жазығыында шашылып жатқан көптеген көлдер мен көлшіктер де таң қалдырады».
Р. Пампелли мұз дәуірінің нәтижесінде тарихтан бұрынғы уақытта Орталық Азияның басым жазықтығын мұз басып жатты деген пікірді ұсынды. Содан кейін, мұздықтардың еруі салдарынан, iрi ағыссыз құрылған ішкі теңіз жағалауларында адам тұрарлық жағдай туындауына байланысты ежелгі өркениеттер пайда болды. Кейінірек, теңіздің кебуінің ілгерілеуіне, құмның басуына байланысты бір кездегі құнарлы аймақ елсіз далаға айналды. «Мен жерленген қалаларды арийлік мәселенің жерленгенімен бірдей деп есептеймін, - деді Р. Пампелли. – Менің ойымша, Үлкен ішкі теңіз, бәлкім,байтақ халық үшін қолайлы ахуал жасап отырды».
Алайда, бұл болжамдар, атап айтқанда теңізді қалыптастырған жағалау іздерін, сондай-ақ, ерте арийлік өркениеттің іздерін оларды табу арқылы тексеруді, дәлелдеуді, талап етті. Сонымен, өзіне ғана тән ынта-жігерімен, ғалым Орталық Азияға экспедициясын ұйымдастыру үшін қаражат іздей бастады.
Тек 1903 жылы, Р. Пампеллиге Карнеги институты оған арийлықтардың  атамекенін іздеу экспедициясын өзі басқаратыны туралы кепілдік берген жағдайда ғана деп, грант берді.
«1902 жылдың аяғында Карнеги институты «1903 жыл бойы Транс-Каспий аймағынына алдын ала сараптама жасау және осы аймақтың өткендегі мен қазіргі уақыттағы физико-географиялық жағдайлары мен археологиялық қалдықтарын ары қарай зерттеуді ұйымдастыру үшін керекті барлық қолда бар және бұрыннан келе жатқан ақпараттарды жинап, реттеу мақсаты үшін» менің грант алуыма дауыс берді.» деп сипаттайды сол қиын уақытты Р.Пампелли.
  Зерттеу жүргізуге ұсыныстың бірнеше себептері бар: біріншіден, Шығыс және Батыс өркениеттері өз бастауларын Орталық Азиядан алады деген көзқарасты ұстанып отырған мектеп  бар; екіншіден, сол аймақта болжам бойынша тарихтан бұрынғы уақытта болған климаттық үлкен өзгерістердің нәтижесінде терең, кең аумақты Азия Жерорта теңізінің қалыптасуына әкеліп соққан, Арал, Каспий және Қара теңіздер солардың негізгі қалдықтары болып табылады.
Каспий аймағы.  «Евразия картасына көз салсақ, үш теңіз; Арал, Каспий және Қара теңіздің оңтүстігінде зор таулармен шектесіп, солтүстігінде Арал-Arctic арқылы бөлініп, үлкен алапты алып жатқанын байқаймыз», деп жазады өз бақылауларына шолу жасап, Р. Пампелли.
Географ ретінде Р. Пампелли қазіргі Каспий, Арал, теңіздерін бұрынғы дәуірде тұтас Жерорта теңізімен астасып жатқан алып су қоймасы болған деген өз пайымдауын жазады: «Егер Босфор жабық болса, ұзаққа созылған жауын-шашын мен булану орын алар еді, бұл теңіздер қосылып алаптан аса төгіліп, солтүстік мұхитқа құйылар еді. Азия Жерорта теңізінің осы ауданы әлі белгісіз болып табылатын, солтүстік бөлігінің биіктігімен анықталар еді.  Қайткен күнде де, ол оңтүстік Ресейдің және Ресейлік Түркістаның көп жерін батырып жіберуге жеткілікті болар еді», 
Сонымен қатар ол өз тұжырымын қорыта келе басқаша көзқарас білдіреді: «Екінші жағынан алғанда, егер ол жерде ұзаққа созылған шамадан тыс булану болса, теңіздер кеуіп кетер еді; бүкіл алап шеттерінде тартылып, құмға сіңіп кеткен өзен арналары бар орасан зор шөлге айналар еді. Түркістан бір кездері айтарлықтай дәрежеде сумен қамтылған болғанмен, қазірде қуаңшылыққа жақындап келе жатқан күйде. Каспийдің шығыс жағында тек қана екі өзен бар, Аралға жетіп жығылатын Сыр мен Аму (Жаксартас пен Оксас), жатыр; олар суды тек қана қарға оранған таулардағы өз бастауларында ғана жинайды; қалған барлық бұлақтар тікелей булану мен суарудың арқасында қысқарған арналарымен шөл құмға сіңіп бітеді».
Сонымен қатар Түркістан аймағына физио-географиялық географиялық зерттеулер жасаудан басқа, жергілікті халықтардың этографиялық құрылымы мен салт-дәстүрлеріне де баса назар аударып, көркем сипаттайды:
«Қырғыздар Ферғана жазығының бұрыш-бұрышынан келді. Және әр түрлі тайпалық-рулық қауымдар өздерінің байлықтарын көрсетуден жарысатындай болып көрінді. Ерлер ірі қара мал, жылқы және қой табынын айдап, алдында жылқыға мініп кетіп барады. Олардың әйелдері тиындары жалт-жұлт еткен, жарқыраған баскиімдер мен Бұхара жібегінен тігілген көйлектер мен комзолдар киген. Олардың маңдайлары күмістен соққан салпыншақтар мен күндіктер астына жасырылған.» деп, адамдардың сырт бейнесін көрсетсе,
«Бір тізбекке мойындықталған барлық түйелер ат үстіндегі әйелдердің соңынан арқан көш бастаушы жіптің артынан ілесіп барады.Қыздары тамаша тайларға мініп еркін кетіп барады.  Ол үлде мен бүлдеге оранып, бай киінген әйелдер жібек жабу жабылып, тізгінделген әдемі жорғалаған жылқылардан тұратын салтанатты шеру болды.» деп салт бойынша көшу сияқты мерзімдік әректтің өзін қазақтардың әсем, қуанышты салтанатқа айналдырғанын тамсана әңгімелейді.
Сонымен қатар ол: «Бағалы кілемдер жабылғанғ аяқтарын салтанатпен маң-маң басқан түйелердің ұзақ желісі. Ал түйелер тасып келе жатқан киім-кешек, жабулар, көрпе-жастық, тамаша кілемдер мен айшықты текеметтер, күмбезге ұқсайтын үйлерді жабатын киіздер, осы әйелдердің қолымен жасалған» деп, Р Пампелли қазақтардың шаруашылығын, тұрмыс-салт көшпелі өмірін де өте әдемі суреттейді. 
Бұл жерде ол халықты қырғыздар деп атап отырғанмен, олардың тайпа, руға бөлінетіні туралы айтылуы және біздің халыққа ғана тән киім киісі мен қыз балаларда еркін ұстайтын дағдылары туралы сүйсіне сипаттауы, оның қазақтар көшін суреттегені жайында ой тудырады.
<b>Жетісу (Semirechensk)</b>
Ежелгі заманнан бері Ұлы Дала оның ішінде Жетісу аймағы, бүкіл еуразиялық кеңістігінің рухани омыртқасы және мәдени бесігі болды. Ежелгі көшпенділердің Дала өркениеті адамзат тарихындағы терең із қалдырды.Осы іздің сілемдерін табу мақсатымен шыққан Р. Пампелли Орталық Азия мен Қазақстан жерлеріне физико-географиялық. Тарихи археологиялық зерттеулер экспедициясымен
Шөлді аймақ – Каспийдің, Арал, Сырдырия жағалауларын аралап, бұрынғы алып теңіз іздеріне шолу жасауын аяқтағаннан кейін, Рафаэль Пампелли Қазақстанның ең шұрайлы, ең әсем жерлерінің бірі Жетісуға ат басын бұрады. 
«Ең көрнекті лесс шөгінділер депозиттері Жутісуды– жеті өзен аймағын –  28 шілдеден 2 тамызға дейін кесіп өтіп, Верныйдан Жетісудың солтүстігіне қарай жүрген кезде көру мүмкін болды. Бірнеше жоғарғы ағысты сулар даласы Кіші-Іле-Алатауының  Қаратал өзені бойындағы орналастыру байқалды. Транс Іле Алатауының бассейнінен, Верный қаласының батысындағы даладан жел айдап келген лосс шөгінділерінің көпшілгін көруге болады; олар Самарқанд пен Ташкеттің оңтүстігіндегі далалық аудандарына қарағанда азырақ бөлшектелген сияқты», деп, екі регион арасындағы айырмашылықтарды салыстырады.  
Бұл аймақтың (Жетісудың), керісінше «шөпті шөгіндімен  жабылған, кейбір жерлері шабылған. Көк өзенді басқа бөліктерден ажыртып тұрған, басқа тау жотасында көруге әуесті туғызатын балғын және бүдірлі доңдар» деп жердің шүйгінді-шұрайлы екендігін атап айтады.
Осы арада мен мақтанышпен айта кететін нәрсе, атақты ғалымның сол жылдарғы сапарымен менің туған ауылым, қазіргі курортты жер, «Қапал-Арасанда болып, тіпті сол аймақтағы таулардың да суретін салып қалдыруы. Ол туралы Р. Пампелли была деп айтып кетеді: «Үшінші күні Жоңғар Ала-Тауының батысынан өтіп таңды алдында Арасан станциясының оңтүстігінде орналасқан бір деңгейдегі жоталарды көрдім (суретте 46.) Ол шығысында көкжиектің үлкен бұдырлы тең емес  биіктікте  болса, солтүстік шетінде терең, ойылып жатқан ойпаңдармен ұласып жатқан, атап айтқанда, таулар мен жоталар орталығы болып табылады. Біз Арасан мен Абакумов станциялары арасындағы солтүстікке 4000 фут биіктіктегі ашық асудан, оңтүстіктен 1000 футқа жететін тіке шыңнан кесіп өттік», деп жазады. 
Ары қарай Р.Пампелли Семей даласына қарай жол тартады да Өскемен, арқылы Түркмен жеріне қарай экспедициясын бағыттайды.

  Литература

1.  “Journey Across Turkestan. Exploration in Turkestan.” Expedition of 1903 under the direction of Raphall Pumpelly. Published by the Carnegie Instition Waschington, April, 1905. 

2.  Интернет ресурстар:

http://rustammirzaev.com/book2/2_15.pdf 

Әдебиет

1.  “Journey Across Turkestan. Exploration in Turkestan.” Expedition of 1903 under the direction of Raphall Pumpelly. Published by the Carnegie Instition Waschington, April, 1905. 

2.  Интернет ресурстар:

http://rustammirzaev.com/book2/2_15.pdf

Literature

1.  “Journey Across Turkestan. Exploration in Turkestan.” Expedition of 1903 under the direction of Raphall Pumpelly. Published by the Carnegie Instition Waschington, April, 1905. 

2.  Интернет ресурстар:

http://rustammirzaev.com/book2/2_15.pdf


Comments
To leave comment you must enter or register

26.02.2014, 18:15

Сегодня 26-е, где же результаты?

26.02.2014, 19:26

Менің жазған эссем барды ме екен, сіздерге?!

26.02.2014, 21:52

Результаты конкурса в связи с рассмотрением экспертами портала "История Казахстана" будут опубликованы ориентировочно 3 марта 2014 года.

26.02.2014, 21:58

Құрметті Бектөре Ерғалиұлы! Байқаудың шартына назар аударыңыз. Шарттарды орындағаннан кейін байқаудың қорытындыларын қүтіңіз

03.03.2014, 20:50

Қорытынды кешіктіріліп жатыр го!!!

04.03.2014, 17:21

Құрметті Бектөре Ерғалиұлы! Байқаудың қорытындысы шығарылды. Сайттың фейсбуктағы парақшасында жеңімпаздар тізімі жарияланды.

Views: 4714

Reviews (6)

Download files

Касабулатова Г.М. мақала -2.docx 0.03 MB Касабулатова Г.М. мақала -2.docx 0.03 MB

Category

Interdisciplinary studies Methodological works Macro- and Microhistory History of the Homeland. New research methods Research works of  young scientists Review. Comment

Related articles

Византия империясы және ғұндар (IV-V ғғ). "Рафаэль Пампеллидің "Түркістанға саяхат" еңбегіне қысқаша шолу" ӘОЖ 316.344.55:39(574) Қазақтардың дәстүрлі құқығы туралы революцияға дейінгі жазылған еңбектер ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР: ФОРМАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТТІК ҚҰБЫЛЫС РЕТІНДЕ (ТАРИХИ-САЯСИ АСПЕКТІ) ӘОЖ 940.2 (574) ТҮРКІСТАН КОМИТЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ (1917 жыл) ӘОЖ 940.2 (574) ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОҒАН РЕСЕЙЛІК ТҮРІК-МҰСЫЛМАНДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ ТИГІЗГЕН ЫҚПАЛЫ ҒТАМР 03.20:03.09.55 КЕҢЕСТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘКІМШІЛІК-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ (ХХ ғ. бас. Солт. Қазақстан өңірі мысалында)

Author's articles

"Рафаэль Пампеллидің "Түркістанға саяхат" еңбегіне қысқаша шолу"