Яндекс.Метрика
Home » Materials

Materials

Жұматаева А.Н. ҚР БҒМ ҒК М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Абайтану және әдебиет тарихы» бөлімінің ғылыми қызметкері, гум
АБАЙ ЛИРИКАЛАРЫНДАҒЫ АҚЫН ТҰЛҒАСЫ

Бұл мақалада қазақ әдебиетінің алып бәйтерегі Абай Құнанбайұлы дискурсындағы ақындық «меннің» көріну сипаттары сөз болады. Ойшыл ақынның өз жайынан сыр шертер лирикалық өлеңдері идеялық тұрғыдан талданып, автор тұлғасының сан қырлы болмысы ашылады. Сонымен қатар Абай өлеңдеріндегі «жұмбақ адам» поэтикалық тіркесі мен жалғыздық феноменіне назар аударылып, ақын шығармашылығындағы философиялық дүниетаным, авторлық эмоция мәселелері қарастырылады. Сондай-ақ ақын өмір сүрген заман тынысы мен дәуір шындығы, сол тұстағы тарихи-әлеуметтік жағдайдың хакім Абай шығармашылығына тигізген ықпалы сөз болады. Автор аталған мақалада данышпан Абайдың авторлық тұлғасы барынша айқын көрінетін бірнеше лирикалық өлеңдерін идеялық, теориялық тұрғыда талдай отырып, Абайдың ақындық кредосының мәніне үңіледі. Кілт сөздер: лирика, дискурс, ақындық «мен», монодиалог, жалғыздық, эстетика, «жұмбақ адам».

Базарбаева Г.А., Джумабекова Г.С., ведущие научные сотрудники Института археологии им. А. Маргулана
902.2(574) ИЗ ИСТОРИИ АРХЕОЛОГИЧЕСКОГО ИЗУЧЕНИЯ ТУРГАЯ: К СОСТАВЛЕНИЮ ИСТОРИОГРАФИЧЕСКОГО ОБЗОРА ПО ЭПОХЕ БРОНЗЫ

В статье рассматриваются некоторые аспекты по истории археологического изучения региона эпохи бронзы. Исследование имеющихся материалов по бронзоведению позволяет сформировать представление о населении Тургая, обитавшего в период, предшествовавший раннему железному веку. Первые систематические археологические исследования в Казахском Притоболье совпали с изучением памятников эпохи бронзы в целом в Казахстане. В настоящее время большую актуальность приобретают вопросы охраны памятников бронзового века Костанайской области.

Н.А. Тасилова, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к., Е-mail: tasnaz@mail.ru Қазақстан, қ. Алматы
930.2:94(574) ҚАСЫМ ХАННЫҢ БИЛІГІ ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ КҮШЕЮІ

Бұл мақалада ортағасырларда тарих сахнасына көтерілген Қазақ хандығының билеушісі әйгілі Қасым ханның тұсындағы мемлекеттің ішкі саяси жағдайы мен көрші жатқан Моғолстан, Мәуреннахрдағы Шайбанилер әулеті, орыс елі арасындағы саяси-дипломатиялық, әскери, сауда-экономикалық байланыстарының тарихы жазба деректер мен тарихнамалық еңбектердің негізінде зерделенген. Әсіресе, көшпелілер мен отырықшылар арасындағы саяси қатынастары, олардың өзара тиімді байланыстары қарастырылған. Екі жақтың саяси қатынастары үшін Сыр бойындағы қалалардың маңызы көрсетіліп, ХVI ғасырдың басындағы ел билеушілері тарапынан тыйым салудың көрші елдердің байланысына бөгет бола алмайтындығы анықталды. Кілт сөздер: мемлекеттілік, хандық, түп төркіні, саяси, халықаралық, байланыстар, дипломатия.

ГАЛИЕВ А.А., д.и.н., профессор Казахский университет международных отношений и мировых языков им.Абылайхана agaliev@hotmail.com
94(=512.1):32 МИФОЛОГИЗИРОВАННАЯ ИСТОРИЯ КАК НЕНАУЧНАЯ ФОРМА ИСТОРИОГРАФИИ

Статья посвящена рассмотрению мифологизированной истории как ненаучной формы историографии. Показаны основные характеристики мифологизации прошлого. Раскрываются основные функции вымышленной истории. Рассматривается такая форма знания как этнический миф и его значение для понимания мира. Автор уделяет внимание пониманию такогй формы знания как национальная версия истории. Проводятся различия между исторической наукой и мифами. Анализируются основные работы написанные в жанре мифологизированной истории. Ключевые слова: мифологизированная история, историография, этногенетический миф, апроприация, конструктивизм, примордиализм, нациестроительство, коллективная память.

Қарасаев Ғ.М., т.ғ.д., Мемлекет тарихы институты, Қазақстан, Астана
ҒТАМР 03.20 ЕЛБАСЫ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ «ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ» АТТЫ КІТАБЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШЕКАРА МӘСЕЛЕСІ

Мақалада автор Қазақстан Республикасының 26 жылдығына орай 2017 жылы жарыққа шыққан Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабына ғылыми шолу жасайды. Сондай-ақ осы еңбекте қарастырылған мемлекетіміздің шекарасы мәселелеріне тоқталады. Түйін сөздер: Қазақстан, Елбасы, Н.Ә. Назарбаев, тәуелсіздік, мемлекеттілік, дәуір, шекара.
Previous 1 ... 93 94 95 ... 200 Next