Яндекс.Метрика
Home » Materials

Materials

Г.Т. Каженова¹. ¹К.и.н., ЕНУ имени Л. Н. Гумилева. Казахстан, Нур-Султан.
МРНТИ 03.20.55 ГОЛОД 1921-1922 ГОДОВ В АКМОЛИНСКОЙ ГУБЕРНИИ

Аннотация. Статья посвящена исследованию голода в Акмолинской губернии. Анализируется экономическая и политическая обстановка в регионе в 1921-1922 годы. Показано, что причины, приведшие к кризису сельскохозяйственного производства, а затем к голоду, накапливались в течение ряда лет. В период гражданской войны регион являлся ареной военных действий. Ослабленные годами бедствий и разорений земледельческие и скотоводческие хозяйства не могли противостоять засухе и неурожаю. Однако основной причиной разразившегося голода стали политико-экономические мероприятия большевиков, связанные с экспроприацией сельхозпродукции у населения. Завышенные нормы продразверстки и сменившего ее продналога привели к разорению крестьянского хозяйства и казахского аула и явились главным фактором развития голода в Северном Казахстане. Ситуация усугублялась неконтролируемым притоком беженцев из голодающих районов Поволжья, эпидемическими заболеваниями. Несмотря на донесения в центральные органы власти о катастрофическом положении населения, Акмолинская губерния официально так и не была признана голодающей. Местные органы власти с запозданием оценили размеры бедствия.

М.У. Шалекенов¹, А.Е. Ерғабылов². ¹Т.ғ.д., профессор. ²Оқытушы. Әл-Фараби ат. ҚазҰУ археология, этнология және музеология кафедрасы.
ҒТАМР 03.20.00 АҚТӨБЕ (БАЛАСАҒҰН) ҚАЛАСЫН ЗЕРТТЕУ КЕЗIНДЕГI ТАБЫЛҒАН ДЕРЕКТЕРГЕ ШОЛУ

Аңдатпа. Ғылыми мақалада авторлар Ортағасырлық Ақтөбе (Баласағұн) қаласын алғаш зерттеген ғалымның еңбектерімен таныстырып отыр. Алғашқы археологиялық қазба салу барысында аталған ескерткіштен табылған құнды деректер жөнінде ақпарат береді. Табылған материалдарға талдау жүргізу негізінде Ақтөбе (Баласағұн) қаласының шамамен өмір сүрген уақыты жөнінде айтылады. Қаладан табылған ескерткіштерге сүйене отырып, сол аймақта өмір сүрген халықтардың шаруашылығы туралы осы мәліметтер келтірілген. Мақала негізінде қала тұрғындарында қолөнер кәсібі кеңінен дамығандығы туралы көз жеткізуге болады. Ортағасырлық Ақтөбе (Баласағұн) шаһарын алғаш зерттеген, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген әл-Фараби атындағы Қазақтың мемлекеттiк ұлттық университетiнiң археологиялық экспедициясы (УАЭ, жетекшiсi профессор У.Х. Шәлекенов) болды. Ширек ғасырға жуық орындалған зерттеулердiң нәтижесiнде ортағасырлық қаланың тарихи-топографиялық құрылымы анықталып, оның әр түрлi бөлiктерiнде археологиялық қазба жүргiзiлдi. 1976-1990 жж. аралығында қаланың цитаделiнде үш стратиграфиялық кесiк және 8 қазба жүргiзiлiп, оның VI-ХIII ғ. бас кезiнде өмiр сүргенi анықталып, үш хронологиялық кезеңде (VI-VIII ғғ. бiрiншi жартысы; VIII ғ. екiншi жартысы – Х ғ; ХI-ХIII ғғ. басы) салынған бекiнiс (замок), қамалдар, мұнаралар, салтанатты сарай кешенi, алаңдар, қақпа, монша т.б. құрылыс қалдықтары ашылды» (Елеуов, 1995: 123). Осы мақала негізінде зерттеушілер көптеген тың материалдарға қол жеткізе алады.

З.Н. Хибина¹. ¹Т.ғ.к., Қ. Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті. Қазақстан, Ақтөбе қ.
ҒТАМР 03.09.31 ГЕНРИ БОЛИНГБРОКТЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АҒЫЛШЫН АҒАРТУШЫЛЫҒЫНА ӘСЕРІ

Аңдатпа. Бұл мақала Генри Болингброктың (1678-1751) ғылыми көзқарастарын талдау мысалында ағылшын ағартушылығының ерекшеліктерін зерттеуге арналады. Ағылшын ағартушылығы өзінің ғылыми өзектілігіне қарамастан, тарихнамада, соның ішінде кеңестік ғылымда аз зерттелді. Ол қоғамдық ойдың дамуындағы маңызды, мәнді кезеңдердің бірі ғана емес, сонымен қатар рухани салада жаңа идеологияның қалыптасу үдерісін көрсетеді. Франция материалындағы еуропалық ағартушылықты зерттеу түсінікті болғанмен, оның дамуын қадағалай отырып, тарихи бастауларына, атап айтқанда, ағылшын ағартушылығына көз жеткізуге болады. Бұл тұрғыда Генри Болингброктың жеке басы және қызметі олқылықтардың қатарын толтырады. Г. Болингброктың мұрасын қарастыра отырып, оның идеяларын француз ағартушылары, әсіресе Вольтер қаншалықты дәрежеде қабылдағанын білуге болады. Вольтер тарихының әдіснамасы саласындағы идеялары мен философиялық ойлары Г. Болингброктың көзқарастарына негізделеді. Сондықтан да Болингброктың саяси-тарихи идеяларын зерттеу ағылшын Ағартушылығы ғана емес, жалпы еуропалық Ағартушылық ойдың маңызды мәселелеріне ғылыми тұрғыдан талдау жасауға мүмкіндік береді. Ағартушылық заманының ойшылдары әдеби түрде көп қырлы және терең мазмұндағы еңбектерді жаза білді. Солардың ішінде, Генри Болингброктың «Хаттары» қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар ойшылдың көзқарасы арқылы жалпы Ағартушылық, оның ішінде ағылшын ағартушылары көзқарастарының ерекшелігін көруге болады.

Н.Н. Қоңқабаева¹. ¹PhD доктор. Әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық Университеті. Қазақстан, Алматы қ.
ҒТАМР 03.09.25 ОРТАҒАСЫРЛЫҚ АТ-ТУХФА ҚОЛЖАЗБАСЫНА ТАРИХИ-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМА

Аңдатпа. Мақалада XV ғасырда жазылған ортағасырлық ескерткіш түпнұсқада қарастырылады. Мәмлүктер билігі тұсында құрастырылған ортағасырлық ескерткіштің жазылу тарихы мен сипаттамасы берілген. Мысыр елінде мәмлүктердің үстем билігі күшті болғаны соншалықты, арабтар түркі тілін яғни қыпшақ тілін үйрене бастаған еді. Осы үрдіске дәлел бола алатын «Ат-Тухфатуз закийату фил луғатит туркийати» қолжазбасын айтуға болады. Ат-Тухфа қолжазбасы – араб халқына қыпшақ тілін үйренуге арналған оқулық. Аталмыш ескерткіш Ат-Тухфа араб сөздік жазу дәстүріне сай жазылғанымен, ортағасырлық түркі халқының айналысқан сенімі, танымы, кәсібі, дәстүрі, салты, шаруашылығы туралы мәлімет бере алады. Ортағасырлық ескерткіште түркі халқы туралы баламасы жоқ лексикалық бірліктер этнографизмдер де берілген. Бұл да өз кезегінде ескерткіштің ортағасырлық қолжазбалар арасында алатын орны ерекше екендігін көрсетеді. Себебі, ғылымда «Диуани лұғат ит-түрк» ортағасырлық қолжазбасынан басқа қолжазбалар танымал емес те, түпнұсқада зерттеу жеткілікті деңгейде қарастырылмаған еді. Қолжазбаға палеографиялық талдау жасалынған. Ат-Тухфа ескерткішінің авторы, жазылған уақыты мен мекені де белгісіз. Автор өз тарапынан жазылған уақыты мен мекені туралы зерттеп, тарихи дәйектемелер келтірген. Қолжазбаның құрылымы мен ерекшеліктеріне сипаттама берілген.

Т.Ә. Әпендиев¹. ¹PhD, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Қазақстан, Алматы қ.
ҒТАМР 05.601.91 1945-1955 жж. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ САНДЫҚ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР

Аңдатпа. ХХ ғасырда кеңестік Қазақстанда адам капиталын дамытудың, оның ішінде жұмысшылар мен ауыл тұрғындары санының артуына мемлекеттік саясат ерекше ықпал етті. Кеңес Одағында құрылғаннан бастап қалыптасқан осындай мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі демографиялық процестермен де байланысты еді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін тарихи оқиғаларды бағалауға деген көзқарас түбірімен өзгерді. Адамзаттың өткен тарихын өркениеттік, халықтық, ұлттық тұрғыда зерттеуге ден қойылып, Қазақстан халқының, оның ішінде ауыл халқының демографиялық дамуының саяси-тарихи үдерістермен тығыз байланыстылығы жаңа теориялық ұстанымдар негізінде қайта қарала бастады. Көші-қон үдерістерін тарихи демографиялық аспектіде зерттеу қазіргі Қазақстан тарих ғылымының ішкі өзгерістерімен қатар, тарихи білімді жаңарту үдерісін басынан өткізіп жатқан тарих ғылымындағы өзгерістерге қатысты жүзеге асырылуда. Осындай жағдайда ұлттық тарихты оқшауламай, ұлттық тарихтың шындығын қайта жаза отырып, зерттеуде қолданылатын методологиялық принциптердің ғылымдағы ортақтығына көңіл бөлеміз. Мақалада 1945-1955 жылдар аралығындағы Қазақстандағы ауыл тұрғындарының демографиялық процестері мен тарихы зерттеледі. Аталған кезеңдегі ауыл халқының демографиясын, тұрмысын және оған ықпал еткен көші-қон процесін зерттеу – мақаланың басты міндеті болып табылады.
Previous 1 ... 25 26 27 ... 199 Next