Яндекс.Метрика
Home » Materials » ҒТАМР 03.20.00 АҚТӨБЕ (БАЛАСАҒҰН) ҚАЛАСЫН ЗЕРТТЕУ КЕЗIНДЕГI ТАБЫЛҒАН ДЕРЕКТЕРГЕ ШОЛУ

М.У. Шалекенов¹, А.Е. Ерғабылов². ¹Т.ғ.д., профессор. ²Оқытушы. Әл-Фараби ат. ҚазҰУ археология, этнология және музеология кафедрасы.

ҒТАМР 03.20.00 АҚТӨБЕ (БАЛАСАҒҰН) ҚАЛАСЫН ЗЕРТТЕУ КЕЗIНДЕГI ТАБЫЛҒАН ДЕРЕКТЕРГЕ ШОЛУ

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 4 (24), 2020

Tags: Ақтөбе, археология, цитадель, шахристан, рабад.
Author:
Аңдатпа. Ғылыми мақалада авторлар Ортағасырлық Ақтөбе (Баласағұн) қаласын алғаш зерттеген ғалымның еңбектерімен таныстырып отыр. Алғашқы археологиялық қазба салу барысында аталған ескерткіштен табылған құнды деректер жөнінде ақпарат береді. Табылған материалдарға талдау жүргізу негізінде Ақтөбе (Баласағұн) қаласының шамамен өмір сүрген уақыты жөнінде айтылады. Қаладан табылған ескерткіштерге сүйене отырып, сол аймақта өмір сүрген халықтардың шаруашылығы туралы осы мәліметтер келтірілген. Мақала негізінде қала тұрғындарында қолөнер кәсібі кеңінен дамығандығы туралы көз жеткізуге болады. Ортағасырлық Ақтөбе (Баласағұн) шаһарын алғаш зерттеген, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген әл-Фараби атындағы Қазақтың мемлекеттiк ұлттық университетiнiң археологиялық экспедициясы (УАЭ, жетекшiсi профессор У.Х. Шәлекенов) болды. Ширек ғасырға жуық орындалған зерттеулердiң нәтижесiнде ортағасырлық қаланың тарихи-топографиялық құрылымы анықталып, оның әр түрлi бөлiктерiнде археологиялық қазба жүргiзiлдi. 1976-1990 жж. аралығында қаланың цитаделiнде үш стратиграфиялық кесiк және 8 қазба жүргiзiлiп, оның VI-ХIII ғ. бас кезiнде өмiр сүргенi анықталып, үш хронологиялық кезеңде (VI-VIII ғғ. бiрiншi жартысы; VIII ғ. екiншi жартысы – Х ғ; ХI-ХIII ғғ. басы) салынған бекiнiс (замок), қамалдар, мұнаралар, салтанатты сарай кешенi, алаңдар, қақпа, монша т.б. құрылыс қалдықтары ашылды» (Елеуов, 1995: 123). Осы мақала негізінде зерттеушілер көптеген тың материалдарға қол жеткізе алады.
Text:

Кіріспе. Ақтөбеден табылған археологиялық деректер, өз алдына «Ортағасырдағы Баласағұн мәдениетi» атты альбом негізінде Анкарадан 2002 ж. басылып шықты. Бiрiншi мың жылдықтың орталарында Батыс Түрiк қағанатының жерiндегi тұрғындардың арасында өзара феодалдық қатынастар пайда болып, олардың экономикасы мен мәдениеттерiнде алға iлгерушiлiк болғаны байқалады. Сондай-ақ, Түркі сахарасындағы қалаларында, соның iшiнде Ақтөбеде қолөнер кәсiбi дамыған. Бұл қалада көзешiлер, темiршiлер, тоқымашылар және тас пен сүйектi өңдеушiлер жасап, солардан тұрмысқа қажеттi бұйымдарды шығарған. Ақтөбенiң V-IХ ғасырлар кезеңiн сәулелендiретiн қыштан жасалған бұйымдардың басым көпшiлiгi ертеден келе жатқан тәжiрибе бойынша қолмен жапсыру арқылы жасалып, онан кейiн күйдiрiлген. Бұйымдар қолмен қалыпқа салып шыққаннан кейiн, оларды кептiрiп онан соң арнайы соғылған пештерге күйдiрiлген. Бұндай пештер цитадельдiң солтүстiк-шығысында шахристаннан екi пеш, батысынан рабадтан бiр пеш ашылды. Бұл жер қыш бұйым жасаушылардың қолөнер орталығы болған.

Материалдар мен әдістер. Ақтөбе қаласында жүргізілген қазба жұмыстары кезiнде осы жерден екi құдық шықты және адамдардың жұмыс iстейтiн, демалатын бөлмелерi ашылды. 1954 жылы П.Н. Кожемяко Ақтөбе қонысын зерттеп, оған Степнин қалашығы (Ақтөбе) деп ат берген. Степнин деген Ақтөбенiң батыс түстiгiндегi, Қырғызстанға қарайтын орыс селосының аты. Бұл қонысты өте үлкен ортағасырлық қаланың орны екенiн, ол бекiнiспен қоршалғанын автор нақты көрсеткен (Кожемяко, 1959: 113).Осы жерден хұмдар, қазандар, тандырлар, қыш дастархандар, құмыралар, шырақтар, ұршықтың бастары, есеп-шоттың тастары және т.б. Олардың көпшiлiгi Ақтөбе қаласының төменгi қабатынан табылды. Ақтөбенi өздерiнiң астанасы еткен тұрiктер, осы қалада өздерiнiң ақшасын шығарған. Тарихта белгiлi, бiздiң заманымыздың V-VI ғасырларында Жетiсу, Шу, Талас өңiрлерiнде Тұргеш (Сарыүйсiн) қағанаты жасаған (Шалекенов, 198: 16). Түргеш (Сары үйсiн) қағанатының, кейiн олардың орнына келген Қарлұқтардың тұрғындары болса керек. Цитадельден, шахрыстаннан тұргештердiң ортасында төрт бұрышты тесiктi теңгелерi табылды. Бұл кезең Батыс Түрiктердiң экономикасы өрлеп, қалаларда қолөнер кәсiбiнiң мейлiнше дамығанын көремiз. «Қалалар санының артуы, олардың аумағының кеңеюi, қала халқының өсуi қолөнер мен сауданың әрi дамуына игi әсерiн тигiздi. Қолөнер өнiмiн тұтынушылар құрамы өзгердi, егер бұрын, VII-VIII ғасырларда олар бай көпестер мен диқандар болса, ендi қатардағы тұрғындар да өнiмдi негiзгi тұтынушыларға айналды» (Қазақстан тарихы. Т. 1, 1996: 467). Дегенмен, П.Н. Кожемяко Ақтөбенiң цитаделi мен шахристаны жоқ, Ақтөбе деп аталатын биiк төбе феодалдардың мекенi және әскери бекiнiсi болса керек деген пiкiрдi айтқан (Кожемяко, 1959: 118). Қала және ауыл тұрғындарының қолөнер кәсiбiнен шыққан өнiмдерге қажеттiгi күшейе түскендiктен, үлкен қалаларда қолөнершiлер жеке мамандықтарына сай орналасқан: қыш-құмыра жасаушы кәсiпшiлер, темiршiлер,зергерлер, ағаш ұсталары т.б. Олардың өздерiне лайықты шеберханалары болған. Ақтөбедегi жүргiзiлген археологиялық зерттеулердiң барысында, шахристаннан қыш құмырашылардың шеберханасы цитадельдiң солтүстiк-шығысынан ашылды. Бұл жерде ертедегi шеберхананың кеңейiп, Х-ХIII ғасырлардың қолөнер кәсiбiнiң талабына жауап беретiн қыш бұйымдарды күйдiретiн бiрнеше камерлi (бөлiмшелер) үлкен пеш ашылды. Бұл пеште сол кездiң хұмдарын, үлкен құмыраларды, құмғандар, су құбырларын өте жоғарғы ыстықта күйдiрiлгенi байқалды. Цитадельдiң батысында Рабадтан да қатарынан салынған қыш-құмыраларды, күйдiрiлген кiрпiштердi шығаратын пештер ашылды. Соған қарағанда, қыш бұйымдарды дайындайтын, кiрпiш күйдiретiн қолөнер кәсiпорындары Ақтөбе қаласында бiрнеше жерлерде болған көрiнедi.

Талдау. Тарихтың осы кезеңiне жататын қыштан жасалған бұйымдардың тұрлерi де, сапасы да бұрынғыға қарағанда айтарлықтай алға iлгерiлгенiн көремiз. V-IХ ғасырларда жапсырып жасалған қыш ыдыстар басым болса, ендi Х-ХIII ғасырларда қыш қолөнер кәсiбiнде құмыршаның ұршық сияқты айналатын (қыш станок) құралын кең пайдаланып, үлкендi-кiшiлi қыш ыдыстарды, су құбырларды шығарған. Мұндай жолмен жасалған қыш бұйымдар өте әдемi және сапалы дәрежеде болған. Бұл кезде, жапсыру тәсiлiмен жасалған қыш ыдыстар бiрте-бiрте тұрмыстан шығып қалған. (Сурет 6.).

980f0f278789260b9b3d0a7c96a1d6aa.png

Сурет 6. Қазан

Қыш бұйымдардың барлығы дерлiк жоғарғы сапалы тұрде қызуда күйдiрiлген. Олар сол кезде сексеуiл Шу өңiрiнде көп болған. Сол отынды жағып, оның көмiрiмен пештердi қыздырған. Сексеуiлдiң көмiрiнiң үлкен қызу беретiнi соншалық, күйдiрiлген кiрпiштер ерiп, шылаққа айналғанын жиi-жиi кездестiрдiк. Бұл қаладан табылған көк түстi шылақтарды еш нәрсемен сындыруға болмайды, сондай қатты. Қолөнершiлердiң бұндай жоғары дәрежеде қыздыра ала бiлуi – өндiрiстiң өрлеп өскенiнiң айғағы. (Сурет 7.).

cc23d3d75f693d235519aa0da3bce658.jpg

Сурет 7. Құмыра (V-IX)

Көркем өрнектi қыш бұйымдарды жасау қолөнер кәсiбiнде кең орын алған. «Оңтүстiк Қазақстан мен Отырарға жылтыратылған қыш бұйымдар IХ-ХIII ғасырлардың басында Орта Азия, Таяу Шығыс, Қазақстан арасындағы мәдени-экономикалық байланыстардың дамуы қыш бұйымдардың жаңа көркем туындыларының сәндiлiгiн ғана емес, жетiлдiрiлген технологиялық тәсiлдерiнiң де тез таралуына барынша әсерiн тигiздi. Осы дәуiрдiң көркем қыш бұйымдары ортағасырлардағы қоғамның өзiндiк талап-тiлегiне сай болды» (Ортағасырдағы Отырар керамикасы, 1991: 10).

Нәтижелер. Келтiрiлген бұл пiкiр бойынша, жақын және алыстағы көршiлер ерте заманнан бiр-бiрiмен қарым-қатынаста болып, бiрiнiң жетiстiктерi екiншiсiне қолайлы әсерiн тигiзгенi анық. Ол өмiрдiң заңдылығы. Солай болса да, жылтыратылған, өрнектелген қыш бұйымдар IХ-ХIII ғасырларда Қазақстанға Орта Азиядан таралды деген пiкiр шындыққа сай емес. Себебi, бұрынғы Орта Азия деп келген аймақ Орталық Азияның бiр бөлiгi болып, ежелден Батыс тұрiктердiң кiр жуып, кiндiк кескен жерi емес пе? Самарканд, Бұхара, Ташкент сияқты қалаларды тұрiктер тұрғызғаны белгiлi ғой. Орталық Азия тұрiктерi бiр - бiрiмен тығыз байланыста болған. Сондықтан да, көркем қыш бұйымдар Батыс тұрiктерде бiр уақытта келiп шыққан болуы тиiс. Әр аймақтың тұрiк шеберлерiнiң өзара ерекшiлiктерi болып отырған. Оның негiзгi себептерi, сол аймақтың табиғи-жағрафиялық өзгешiлектерiнен туындаған. (Сурет 8.).

9c4ed919d17432236a7dd1a5c9fa2c5f.jpg

Сурет 8. Хум (IХ-ХII )

Жылтыр өрнекпен сырланған қыш бұйымдар ретiнде - сапты аяқ, табақ, тостаған, құмыралар, шырақтар, оның тұғырлары берiлген. Олардың сапасы және сыртқы көрiнiсiнiң түсiне қарай бiрнеше тұрге бөлiнедi. Әсiресе, балқыған қорғасын түстес қыш бұйымдары ақ ангобпен әшекейлеу тұрi кеңiнен тараған. Бұл бұйымдардың өте ертедегi тұрлерiне қара, қызыл, қоңыр түстi жылтыр ойық жазбаларымен көмкерiлгендерi жатады. Ақтөбеден табылған жылтыр өрнектi көркем ыдыстардың iшiнде қызғалдақ гүлiнiң суретi салынған ыдыс-аяқтар кездеседi.Кейбiр сон-дай ыдыс-аяқтардың iшiнде араб жазуымен әшекейленген дерi де бар. Сондай-ақ қыштан жасалған көркем шырақтар көптеп табылады.

Ақтөбе қаласындағы қазба жұмыс кезiнде көбiрек ұшырасқан үлкендi-кiшiлi тандырлар. Олардың көпшiлiлгi бiр-бiрiне ұқсас (стандарт тұрде). Соған қарағанда, тандыр дайындайтын арнайы шеберлер болып, сол жерден тұрғындарға таратып отырған сияқты. Ашылған бөлмелердiң iшiнде тандырсыздары жоқ. Соған қарағанда, халқы қалың орналасқан мекендерде нанды тандырларға пiсiрген көрiнедi. Көпшiлiк  тандырлардың сыртында ою-өрнектер, таңбалар кездеседi. Тандырға байланысты қол диiрмендердiң бiрнеше тұрлерi рабадта орналасқан «Төрткөл» төбеден табылды. Бұл қоныстың өз алдына ерекшiлiгi бар. Төртбұрышты үлкен қоныс, төңiрегi қоршалған. Оның дарбазасы шығысқа қараған. Iшiнде бiрнеше тұрақ жайлармен бiрге оның солтүстiк-шығыс бөлiгiнен шығыстан-батысқа созылған бес бөлме ашылды. Диуалдары пахсадан салынған. Еденiне Қарахан дәуiрiнiң күйген қыш кiрпiшi төселген. Диуалдарына үлкен-үлкен хумдарды орналастырған. Бөлмелерге жарық төбесiнен түсетiн болған. Ол бөлмелердiң алдында қатар-қатар салынған тандырлар, ошақтар. Соған қарағанда, «Төрткөл төбе» бiздiңше, Ақтөбе қаласының ұландарының орналасқан жерi (казармасы) сияқты. Дарбазаны ашқанда, оның диуалдарына кiрiп қалған садақтардың ұштары көп кездестi. Соған қарағанда, бұл жерде  қырғын соғыс болып, қоныс өртенгенге ұқсайды. Себебi, бөлмелердiң iшiне түскен күйген ағаштар қалдығы көптеп табылды.

59bbe8486999974ea0d3816f063c490b.jpg

Сурет 9. Шарап құмырасы

53e6613c36b6f51d4acafa8c7e68b0d6.jpg

Сурет 10. Өрнектi табақтар (IХ-ХII )

Ақтөбеден шыққан өте көркем (Суреттер 9,10) әрi құнды қыштан жапсырылған және қыш ұршық сияқты айналдыратын құрал (станок) табылған. Оны пайдалану арқылы жасалған қыш бұйымдардың сол кездегi Орталық Азия қалаларынан шыққан бұйымдарға ұқсастықтары бар. Ол өмiрдiң заңдылығы. Орталық Азияны мекендеген тұрiктер ежелден бiр-бiрiмен тығыз қарым-қытынаста болып, өздерiнiң заттай және рухани мәдениеттерiн жасаған.

Олар кең байтақ жердiң иесi болғандықтан әр аймақтағы, жан-жағындағы көршiлерiне де әсерлерi тиген. Мысалы, оңтүстiк түрiктерге Таяу Азия, Үндiстан елдерi жақын болса, шығыс түрiктер Қытай және сол сияқты көршiлермен қойын-қолтық өмiр сүрген. Сондай-ақ, өздерiнiң көршiлерiне түрiктер де өз әсерiн тигiзген. Бұндай этникалық қарым-қатынастар олардың заттай мәдениетiнде өрнектелген. Осындай өзара байланыссыз бiрде-бiр халық өмiр сүрмеген.

Цитадель мен шахристанда жүргiзiлген қазба жұмыстардың барысында әртұрлi мыстан, темiрден жасалған бұйымдар табылды: мыс, күмiс теңгелер, тұрлi-түстi ыдыстар, бiлезiктер, сығалар, садақтың ұштары және сол сияқты тұрмысқа керектi бұйымдар табылды (Шәлекенов, 1992: 110). Қазба барысында жоғарыда аталған қала бөліктерінен, күмістен соғылған, шашылып жатқан ақшалар табылған. Солардың 35 данасын Қазақстанның белгiлi археолог-нумизматист (теңгелердi) зерттеушi Р.З.Бурнашева ғылыми тұрғыдан жазып, сипаттады (Бурнашева, 1986:  71-87).Бұл темiрден соғылған бұйымдардың көпшiлiгi Цитадельдiң оңтүстiгiндегi шахристан 1-3 қазбадан: мыстан жасалған шырақтар, 400-дей Қарахан әулеттерiнiң кезiнде соғылған мыс теңгелер, оған басатын мөр (печать), темiр кетпен, болат, семсер, шот-балта, шойын қазан, пышақ және т.б. шықты. Бұндай темiр бұйымдардың шахристан-2-ден шығуы, бұл жер темiршi қолөнер кәсiбiнiң орналасқан жерi болып, темiршiлер, зергершiлер осы жерде еңбек еткен. Ақтөбешiлер темiр рудаларын Бақыртау (қазiргi Жайсан) тауынан алғанға ұқсайды. Қаладағы темiршiлердiң тәжiрибесiнiң өскендiгi соншалық, үлкен дәрежелi ыссылыққа қол жеткерiп, шойын, болат сияқты темiрлердi игерiп, олардан үй тұрмысына қажеттi бұйымдарды, құрал жабдықтарды шығарған.

Қорытынды. Ақтөбедегi археологиялық зерттеу кезiнде табылған археологиялық деректер, ертедегi ортағасырда Батыс түрiк қағанатының тұрғындарының жалпы мәдениетiнiң, соның iшiнде заттай мәдениетiнiң өркендеу дәрежесiнiң жоғары болғанына дәлел. Ертеден жалғасын тауып жатқан қыштан жасалатын бұйымдардың тұрлерi көбейiп, олардың сапасының артқанын көремiз. Бұрынғы қолмен жапсырып жасалатын қыш бұйымдар қолөнер кәсiбiнен ығыстырылып, оның орнына ұршықтай айналмалы (станок) құралдарды пайдаланып шығарған әдемi бұйымдар кең орын алған.Оның жоғарғы дәрежеде дамуының арқасында, нақышталған ою-өрнектi ыдыстарды шығаруға қол жеткiзген және оларды өсiмдiктiң гүлiмен безеген. Өсiмдiктердiң жапырағы мен гүлiмен бұйымдарды безеу, сол халықтардың мәдениетiнiң өркендеу дәуiрiне жеткенiн дәлелдейтiн дерек. Бұл кездерде тұрiктер түстi және қара темiрлердi де кең түрде пайдаланып, олардан үй тұрмысына керектi заттарды даярлаумен қатар, соғыс құралдарынан семсер, қылыш, садақтың ұшы, теңгелердi және зергерлiк бұйымдарды шығарған (Суреттер 11, 12,13, 14). Әсiресе, түрiктердiң қолөнер кәсiбi, мәдениетi Қарахан әулеттерiнiң басқарып тұрған кезiнде тамаша өскен. Сондықтан да, Қарахандар кезеңi түрiк әлемiнiң өркениеттi заманы деуге толық болады.

0438272878bcd5205d00927b8b753ebe.jpg

Сурет 11. Болат қылыш (Семсер) (IХ-ХII)

3a3576cdcc150c329a7f4e321db66d6a.jpg

Сурет 12. Мыс шырақтар

29530da43277fcdad3f0fbc2c4e9a7e9.jpg

Сурет 13. Мыс теңгелер

6fcb6c9abdc046701cba57b9fe5d03e7.jpg

Сурет 14. Түргеш мыс теңгесi

Әдебиеттер мен деректер тізімі:

Бурнашева Р.З. Манетные находки о городище Актобе (Чуйская долина)// Средневековые города Южного Казахстана.–Алматы, 1986. –Б. 71-87бб.

Елеуов М. Шу мен Талас өңiрлерiнiң ортағасырлық қалалары (VI-ХIII ғ. басы). – Алматы, 1998. – Б. 123.

Кожемяко П.Н. Ранне-средевековые городища и поселения Чуйской долины. –Фрунзе, 1959. –Б. 113.

Қазақстан тарихы. Т. 1. – Алматы, 1996. – Б. 467.

Ортағасырдағы Отырар керамикасы. – Алматы, 1991. – Б. 10.

Шалекенов У.Х. О раскопках на городище Актобе (1979-1983 гг.)// Средевоковые города Южного Казахстана. –Алматы, 1986.– 16 б.

Шәлекенов У.Х. Құм басқан қала. – Алматы, 1992. – 110 б.

References:

Burnasheva R. Z. Manatee discoveries on the site of Aktobe (Chui valley) // Medieval cities of southern Kazakhstan. –Almaty, 1986. –71-87 p.

Yeleuov M. Shu men Talas RL ortaasya allary (VI-XIII à. bass). –Almaty, 1998. –P. 123.

Kozhemyako P. N. Early-middle-century settlements and settlements of the Chui valley. –Frunze, 1959. –P. 113.

Kazakhstan tarihi. Vol. 1. – Almaty, 1996. –P. 467.

Ortagasyrlyk Otyrar ceramicasy. Almaty, 1991. P. 10.

Shalekenov U. Kh. on excavations at the Aktobe settlement (1979-1983) / / Sredevokovye cities of southern Kazakhstan. –Almaty, 1986. –16 p.

Shalekenov U. Kh. Kum Baskan Kala. –Almaty, 1992. – 110 p.

МРНТИ03.20.00

ОБЗОР ОБНАРУЖЕННЫХ ДАННЫХ ПРИ ИССЛЕДОВАНИИ

Г. АКТОБЕ (БАЛАСАГУН)

М.У. Шалекенов¹, А.Е. Ерғабылов²

¹Д.и.н., профессор КазНУ имени аль-Фараби

²Преподаватель КазНУ имени аль-Фараби

Аннотация. В этой научной статье авторы знакомят с трудами первого исследователя средневекового городище Актобе (Баласагун). В ходе первых археологических раскопок городище будут освещены ценные материалы, найденные на данном памятнике. На основе анализа обнаруженных материалов, освещается ориентировочное время существования города Актобе (Баласагун). На основании этой статьи можно убедиться в том, что ремесло развивалось у горожан, опираясь на материалы, найденные в городе, в данной статье приводятся сведения о том, как было хозяйство народов, живших в данном регионе. Археологическая экспедиция Казахского национального университета им.Аль-Фараби (УАЭ, руководитель профессор У.Х. Шалекенов), впервые исследовал средневековый город Актобе (Баласагун), проводивший археологические раскопки. В результате исследований, проведенных около четверти века, была выявлена историко-топографическая структура средневекового города, в различных его частях проводились археологические раскопки. 1976-1990 гг. в около цитадели города были проведены три стратиграфических разреза и 8 раскопок, и была определена датировка памятника (VI-XIII вв). в начале было установлено существование в три хронологических периода (VI-VIII вв.). вторая половина VIII в. - Х в.; XI-ХІІІ вв. (замок), крепости, башни, парадный дворцовый комплекс, площадки, ворота, баня и др. остатки строительства»(Елеуов, 1998: 123). В основе этой статьи исследователи смогут получить доступ к многочисленным новым материалам.

Ключевые слова:Актобе,археология, цитадель, шахристан, рабад.

IRSTI03.20.00

REVIEW OFTHE DISCOVERED DATA INTHERESEARCHOF AKTOBE (BALASAGUN)

M.Y. Shalekenov¹, A.E. Ergabylov²

¹Professor at al-Farabi Kazakh National University

²Lecturer at al-Farabi Kazakh National University

Abstract.In this research article, the authors introduce the works of the first researcher of the medieval settlement of Aktobe (Balasagun). During the first archaeological excavations of the settlement, valuable materials found on this monument will be highlighted. Based on the analysis of the discovered materials, the approximate time of existence of the city of Aktobe (Balasagun) is highlighted. Based on this article, you can make sure that the craft developed among the citizens Based on the materials found in the city.this article provides information about how the economy of the peoples who lived in this region. The archaeological expedition of the al-Farabi Kazakh national University (UAE, headed by Professor U. H. Shalekenov), first explored the medieval city of Aktobe (Balasagun), which conducted archaeological excavations. As a result of research conducted for about a quarter of a century, the historical and topographical structure of the medieval city was revealed, and archaeological excavations were carried out in various parts of it. In 1976-1990, three stratigraphic sections and 8 excavations were carried out in the citadel of the city, including the VI-XIII centuries. in the beginning, it was established to exist in three chronological periods (VI-VIII centuries). the second half of the VIII century - X century; XI-XIII centuries (castle), fortresses, towers, Grand Palace complex, platforms, gates, bathhouse, etc. remains of construction" (Yeleuov, 1998: 123). Based on this article, researchers will be able to access numerous new materials.

Key words: Aktobe, archeology, citadel, shahristan, rabad.


No comments

To leave comment you must enter or register

Views: 2212

No reviews

Download files

Category

Interdisciplinary studies Methodological works Macro- and Microhistory History of the Homeland. New research methods Research works of  young scientists Review. Comment

Related articles

УДК 930.2 «1887-1917»+94(574) Отражение истории кочевых народов Центральной Азии в «Трудах» Оренбургской ученой архивной комиссии. АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕГІ «АЛАШ ОРДА» ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ (Ақтөбе облыстық мемлекеттік архиві материалдары бойынша) УДК 902 «63» (574.13) О ПАМЯТНИКАХ КАМЕННОГО ВЕКА МЕСТНОСТИ ОЙСЫЛКАРА (АКТЮБИНСКАЯ ОБЛ.): ПРЕДВАРИТЕЛЬНОЕ СООБЩЕНИЕ ҒТАМР 03.39.15 ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ САКРАЛЬДЫ ТОПОГРАФИЯСЫ ҒТАМР 03.20.00 АҚТӨБЕ (БАЛАСАҒҰН) ҚАЛАСЫН ЗЕРТТЕУ КЕЗIНДЕГI ТАБЫЛҒАН ДЕРЕКТЕРГЕ ШОЛУ ҒТАМР 03.41.91 DOI 10.51943/2710_3994_2021_2_1 ОРТАҒАСЫРЛЫҚ АСПАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ОСТЕОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРЫ

Author's articles

ҒТАМР 03.20.00 АҚТӨБЕ (БАЛАСАҒҰН) ҚАЛАСЫН ЗЕРТТЕУ КЕЗIНДЕГI ТАБЫЛҒАН ДЕРЕКТЕРГЕ ШОЛУ