Яндекс.Метрика
Home » Materials » ҒТАМР 03.41.91 DOI 10.51943/2710_3994_2021_2_1 ОРТАҒАСЫРЛЫҚ АСПАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ОСТЕОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРЫ

Е.Ш. Ақымбек¹, М.С. Шағырбаев². ¹PhD доктор, ЖҒҚ. ²Ғылыми қызметкер, Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институты. Қазақстан, Алматы қ.

ҒТАМР 03.41.91 DOI 10.51943/2710_3994_2021_2_1 ОРТАҒАСЫРЛЫҚ АСПАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ОСТЕОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРЫ

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 2(26), 2021

Tags: Шу өңірі, орта ғасыр, Аспара қаласы, шахристан, археология, мәдени қабат, остеология, фауна, мал шаруашылығы, археозоология
Author:
Мақалада 2014 жылы ортағасырлық Аспара қаласының орталық бөлігінің шығыс жағында (шахристан) К.М. Байпақовтың жетекшілігімен ОҚКАЭ-сы (мүшелері: Е.Ш. Ақымбек, М.С. Шагирбаев) жүргізілген қазба жұмыстарынан ашылған құрылыс орындарынан табылған остеологиялық материалдар қарастырылады. Көлемі 13х10 м қазба 0,5-1 м тереңдетілгенде астыңғы мәдени қабаттың үстіне салынған ХІV–ХV ғғ. жататын бөлме орындарынан жануарлардың сүйектері әртүрлі деңгейден, құрылыстың барлық жерінен анықталады. Остеологиялық материалдардың жалпы саны – 453 дана, оның ішінде 341 данасы нақты жануар түрлеріне қарай ажыратылады. 112 дана сүйектер сүтқоректілер класына тиесілі болғанымен, жануар түрі анықталмады. Сүйек материалдардың ішінде ит пен есек сүйегінен басқасы «ас үй қалдығы» болып табылады. Мұны сүйектердің 82% бөлшектенгенінен көруге болады. Бүтін сүйектерге тек көлемі кішкене, «куб» тәріздес қаңқа элементтері тиесілі. Зерттеу барысында 10 жануар түрі анықталып, олардың қаңқа элементтері мен жас ерекшеліктері сипатталып, жыныстық диморфизміне талдау жасалады. Қала тұрғындарының шаруашылығы мен тағам рационында төрт түлік мал кеңінен қолданылған. Оның ішінде уақ мал саны басымдық танытады. Жабайы жануарлар саны материалдардың ішінде 1% ғана құрайды. Үй жануарларын пайдаланудың негізгі мақсаты ет өнімін алумен байланысты. Мұны жануарлардың жас ерекшеліктеріне орай жүргізілген зерттеулер растайды. Сүт өнімін алуда ірі қарамен қатар, ешкіні де көбірек пайдаланған тәрізді. Остеометриялық зерттеулер Аспара қаласының тұрғындарының шаруашылығында ірі тұқымды жылқылар пайдаланғанын көрсетіп отыр.
Text:

Кіріспе. Қазақстан аумағындағы тарихи қалалардың үздіксіз дамып, өмір сүріп келе жатқандары санаулы. Олардың тағдыры негізінен Қазақстан аумағындағы саяси оқиғаларға байланысты өрбиді. Ел аумағында болған саяси-экономикалық жағдайларға байланысты пайда болды, дамыды және жойылды немесе өсіп келеді. Дегенмен, ежелгі дәуірден бастап тоқтаусыз өмір сүріп келе жатқандары некен-саяқ. Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы көптеген ортағасырлық қалалар Түрік қағанаттары және Қарахан мен Оғыз мемлекеттерінің тұсында пайда болып дамыды. Қидандардың (қарақытайлардың) жорығы мен Моңғол шапқыншылығынан кейін көптеген қалалар өмір сүруін тоқтатты. Дегенмен, Сырдария бойындағы жекелеген, Шу мен Талас өңіріндегі санаулы қалалар ғана өмір сүруін жалғастырады. Бұл қалалар моңғол-темір кезеңін басынан өткізген болатын. Қазақстан археологиясында моңғол-темір уақытында өмір сүрген қалалардың қалалық мәдениеті туралы мәліметтер аз, себебі осы уақытта өмір сүрген қалалардың ішінде біршама жақсы зерттелген қала қатарына Отырарды жатқызуға болады. Себебі, өткен ғасырдың 60-жылдары осы мәселе қолға алынғандықтан, бірқатар қалаларға зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сондай зерттеу жұмыстары жүргізілген қалалардың бірі – Аспара. ХV ғ. жазба деректерде Аспара Ақсақ Темірдің Моғолстанға қарсы күресте тұрғызған қамалы ретінде айтылады (Волин, 1960: 91-92).

Алғашқы жүргізілген зерттеулердің көбі ашылған қалалық құрылыстарды, табылған қыш, металл және шыны бұйымдарды ғылыми айналымға енгізумен байланысты болды. Пәнаралық зерттеулер жеткілікті дәрежеде жүргізілмеді. Ал, ауыл шаруашылығында егіншілік біршама қарастырылғанымен, мал шаруашылығы жете қарастырылмады. Мал шаруашылығы мен аңшылықты анықтайтын остеологиялық материалдар өңделмеді. Мал шаруашылығында қандай жануарлар өсірілгендігі көбінде жалпылама түрінде жазылып қана қойылды.

Қалалардың дамыған орта ғасырлардағы мәдени қабаттарынан алынған остеологиялық материалдар біршама қарастырылғанымен, моңғол-темір уақытына жататын мәдени қабаттарынан табылған остеологиялық материалдар жан-жақты зерттелмеді. Осы мәселеге, жалпы Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлардағы мал шаруашылығы мен аңшылығын зерттеуге соңғы жылдары ғана ерекше мән беріліп келеді. Сондықтан да, Аспара қаласына жүргізілген қазба жұмыстарының ішінде 2014 ж. ашылған құрылыс орындарынан алынған остеологиялық материалдар зерттеуге тартылды.

Ескерткіштің сипаттамасы. Жамбыл облысы Меркі ауданы Андас батыр (бұрынғы Нововоскресеновка) ауылының ортасында, Абай және Гоголь көшелерінің аралығында, өзі аттас өзенінің сол жағалауынан 1,8 км жерде орналасқан (Сур. 1). Өзенді қазақтар «Аспара» десе, қырғыздар «Ашмара» деп атайды. Бір кездері өзен ескерткіш арқылы ағып өткенге ұқсайды. Бүгінде оны орны үлкен арна болып жатыр. Дегенмен бүгінде қаланың биік келген тек орталық бөлігі ғана сақталған. Шаруашылық аймағына (рабад) кеңестік кезеңде ауыл түсіп кеткен. Қабырғалары әлемнің шартарабына бағытталған қаланың төртбұрышты келген орталық төбесінің көлемі 350х260 м (Сур.  2). Сыртың бір кездері қабырға қоршап жатқан, қазіргі уақытта оның орындары жал болып тұрған орталық бөлігі әртүрлі биіктіктегі үш алаңға бөлініп жатыр. Барлық шығыс, орталығының жарты бөлігін алып жатқан бөлігінің көлемі – 260х140 м. Бұл алаңның сыртын ені 10-12 м, биіктігі 2-4 м жал қоршаған. Осы жалдың шығыс бөлігінің ортасында сыртқа қарай шығып тұрған үлкен мұнараның ізі сақталған. Сонымен бірге жалдың қаланың ең биік алаңының солтүстік орта тұсына жалғасқан жерінде де жартылай дөңгеленген, мұнара орны болуы мүмкін төбе келіп жалғасқан. Ал биік келген батыс, сыртын ені 5-6 м, биіктігі 1-2 м жал қоршаған бөлігінде биік екі алаң бар. Оның оңтүстігіндегісінің көлемі 150х70 м және солтүстігіндегісі – 170х160 м. Олар да өзара жалмен бөлініп жатыр. Шығыс және батыс алаңдардың арасын ені 10 м, түбіндегі ені 4 м, тереңдігі 3 м-ге бейінгі ор бөліп жатыр (Археологическая карта.., 1960: 298, №4144; Алипчиев, Байбосынов, 1982: 120, №282; Байпаков, 2002: 221-222, №507; 2011: 135-138, №82; 2016: 157-158).

Сур. 1. Қазақстан картасы. Ортағасырлық Аспара қаласы орналасқан жер

Қаланың орталық бөлігін үш жағынан қазіргі уақытта ені 10 м, түбіндегі ені 3 м, тереңдігі 2 м-ге дейін баратын ор қоршап жатса, ал батыс бөлігін бұлақ суы ағып өтетін, қамыс өскен батпақ алып жатыр. Орталық бөліктің, яғни ордың сыртында басқа да ортағасырлық қалалардікі сияқты, көптеген құрылыс орындары қала орталығын айнала 150-200 м диаметрге дейін сақталған. Үй орны болған төбешіктер өзен арнасының екі жағалауында да кездеседі. Құрылыс орындарының сыртын жал қоршап жатыр. Жалдың сақталуы әртүрлі, көп жері бұзылып кеткен. Сақталған бөліктерінің ені 10-12 м, биіктіктері 0,5-3 м. Жалдың кей жерлерінен сыртқа шығып тұрған мұнара іздері байқалады. Жалпы аталған аумаққа бүгінде тұрғын үй құрылыстары және көкөніс телімдері түскендіктен бұзылып кеткен. Дегенмен көп жерлерінен төбешіктердің қалдықтары байқалады және қыш бұйымдардың сынықтары мен басқа да заттардың бөлшектері барлық жерінен кездеседі.

Сур. 2. Ортағасырлық Аспара қаласы. Орталық бөлігі. Ғарыштан түсірілген суреті

Материал және зерттеу әдістері. Остеологиялық материалдар 2014 ж. жүргізілген қазба жұмыстары барысында анықталады (Байпаков, 2014: 21). Жануар сүйектерінің жалпы саны 453 дана, оның ішінде 75% нақты жануар түрлеріне қарай ажыратылады (Кесте 1). Сүйек қалдықтардың қаңқа элементтері мен симметриялық орналасу ерекшеліктері бойынша талдауда, кемінде 24 жануардан тарайтыны анықталып отыр[*].

Жануар түрі

Сүйек саны

Сүйек саны (%)

Жануар саны

1

Ірі қара – Bos taurus L.

118

26,0

5

2

Жылқы – Equus caballus L.

77

16,9

3

3

Уақ мал (Ovis et Capra)

63

13,9

27,7

4

13

4

Қой – Ovis aries L.

46

10,1

7

5

Ешкі– Capra hircus L.

17

3,7

2

6

Түйе – Camelus bactrianus L.

12

2,6

2

7

Есек – Equus asinus L.

1

0,2

8

Құлан – Equus hemionus P.

4

0,8

1

9

Ит – Canis familiaris L.

2

0,4

1

10

Ақбөкен – Saiga tatarica L.

1

0,2

1

11

Сүтқоректілер – Mammalia indet.

112

24,7

-

ЖИЫНЫ

453

100,0

24

Кесте 1. Ортағасырлық Аспара қаласынан табылған жануар сүйектерінің түр бойынша құрамы

Жануар сүйектерін талдау археозоологиялық зерттеулердің стандартты әдістеріне сай жүргізіліп, остеологиялық материалдар жануар түрлеріне, қаңқа элементтеріне, жас ерекшеліктеріне қарай топталады. Сүйектер бөлшектенуі бойынша «бүтін» және «фрагмент» деп екіге бөлінді. Бүтін сүйектерге – тістер (dentes), омыртқа (vertebra), асық (talus), өкше сүйектері (ossa carpi) және фалангалар (Ph 1-3) жатқызылады. Фрагменттерге – барлық сынған сүйектер, жеке эпифиздер (epiphysis), диафиздер (diaphysis) және т.б. жатқызылады. Сүйектерді жануар түрлеріне қарай ажыратуда А.И. Акаевскийдің жануарлар анатомиясына арналған әдістемелік еңбегі (Акаевский и др. 2005: 103-124), жеке қаңқа элементтерін сипаттауда К. Жаңабеков және Е. Мақашевтің жануарлар анатомиясына арналған еңбегі (Жаңабеков, Мақашев, 1996: 18-58) басшылыққа алынады. Ірі қараның сүйектеріндегі синостоз (эпифиздердің диафиздермен бірігуі) жағдайын анықтауда және жануар жасына қатысты тұжырым жасауда В.И. Цалкиннің зерттеулері (Цалкин, 1967: 3) қолданылады. Уақ малдың омыртқасында кездескен сүйек ауруының себептерін анықтауда В.А. Лукьяновскийдің жануар сүйектерінің ауруларын емдеуге қатысты еңбегі пайдаланылады (Лyкьянoвский, 1984: 123-124). Уақ мал сүйектерін қой және ешкі түрлеріне қарай ажыратуда В. Громованың сүйектерді анықтауға арналған нұсқаулығы пайдаланылады (Громова, 1953: 7-93). Сүйектердің остеометриялық өлшемдерін алып, басқа ескерткіш материалдарымен салыстырмалы талдауда А.В. Дриштің әдіснамалық еңбегі қолданылады (Driesch, 1976: 96-101).

Талқылау. Қаланы алғашқы зерттеушілердің бірі, 1893–1894 жж. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу арқылы сапар жасаған В.В. Бартольд болды. Ол жазба деректерде кездесетін Аспара-Ашпара қаласы туралы көптеген мәліметтерді келтіріп, Шу өңіріндегі Аспара (Асбара) қаласына келетіндігін атап өтеді (Бартольд, 1964: 58, 70, 71, 80, 95, 106, 107, 282, 283).

А.Н. Бернштам Аспара қаласының қиранды орнын ескі атауын сақтап қалған Ашпара шатқалының қарсы алдындағы төбемен теңестіреді. Жергілікті тұрғындардың арасында «Асран-Тобе» атымен де белгілі екендігін айтады (Бернштам, 1941: 69). Ақсақ Темір уақытында қалпына келтірілген қалалар қатарына Ашпараны да жатқызады (Бернштам, 1950: 148; Бернштам, 1946: 117).

1941 ж. Жамбыл археологиялық пункті (Г.И. Пацевич) Шу өзенінің орта ағысы бағытында жасаған зерттеу жұмыстары кезінде Ново-Воскресеновка ауылы шетіндегі қаланың толық сипаттамасын алып, жер бетіндегі керамикаларын жинастырып, жоспарын түсіреді (Пацевич, 1941: 3-7, рис. 1) (Сур. 3).

Сур. 3. Ортағасырлық Аспара қаласы. Жоспары. Г.И. Пацевич түсірген

Ә.Х. Марғұлан 1950 ж. шыққан өзінің еңбегінде ежелгі жазба деректердегі мәліметтерді қиранды күйінде жатқан көптеген қалалар дәлелдей түсетінін айта келе, осы ескерткіштердің қатарында көлемі үлкен бірнеше қалалардың ішінде Меркі мен Ашпараны ерекше атап өтеді (Маргулан, 1950: 33).

1954–1955 жж. Қырғыз КСР ҒА Тарихи музейінің П.Н. Кожемяко басқарған археологиялық-этнографиялық экспедициясы Ашпара қаласының толық сипаттамасын беріп, схемалық жоспарын түсіріп, үстіндегі материалдарын жинастырады. Сыртын қоршап жатқан жал мен орталық төбенің айналасындағы құрылыс орындарынан қалған төбешіктерді де атап өтеді (Кожемяко, 1959: 84-88, рис. 6); (Сур. 4).

Сур. 4. Ортағасырлық Аспара қаласы. Жоспары. П.Н. Кожемяко түсірген

Аспара қаласындағы алғашқы археологиялық қазба жұмыстарын өткен ғасырдың ортасында ҚазКСР-і ҒА Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының Археология бөлімі жүргізеді. 1964–1965 жж. Семиреченск археологиялық экспедициясы Аспара қаласын арнайы зерттеуге кіріседі. Л.Б. Ерзакович бастаған топ қаланың орталық бөлігіне қазба жұмыстарын жүргізіп, XIII-XIV және XV-XVI ғғ. жататын, екі құрылыс кезеңінен тұратын құрылыс орнын ашады (Ерзакович, 1965: 81-91; Ерзакович, 1968: 85-97). 1964 ж. зерттеу барысында ашылған бөлмелерден остеологиялық материалдар өте көп анықталған. Солардың ішінде бір бөлменің ішінен екі бетінде де арабша әріппен жазылған жазуы бар сиырдың жауырыны табылады. Жауырында қайтыс болған адамдардың есімі, олардың өлімі туралы қайғы-қасірет берілген (Муратов, Ерзакович, 1967: 71-79).

2012–2014 жж. Аспара қаласындағы зерттеу жұмыстары ҚР БҒМ ҒК гранттық қаржыландыру жобасының «ХIII-XV ғғ. Қазақстанның ортағасырлық қалалық мәдениеті, жазбаша деректер, археологиялық зерттеулер мен нумизматикалық материалдар мәліметі бойынша» (жетекшісі: К.М. Байпақов) атты тақырыбы бойынша жалғастырылып, қаланың бірнеше жеріне қазба жұмыстары жүргізіледі.

2012–2013 жж. жоғарыда аталған тақырып бойынша Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ОҚКАЭ-сы (К.М. Байпақов, А.Ә. Нұржанов, Е.Ш. Ақымбек) орталық бөлігінің батыс жағындағы ең биік жеріне зерттеу жұмыстарын жүргізіліп, ХІV–ХV ғғ. жататын бірнеше бөлмелердің орнын ашады (Байпаков, Ақымбек, 2014: 384-405).

2014 ж. далалық археологиялық қазба жұмыстары қалада жалғасын тапты. Зерттеу жұмыстары орталық төбенің шығыс бөлігінің солтүстік қабырғасынан 15 м оңтүстіктегі ойпаңдау жердегі сай мен шұңқырдың шығысына жүргізілді. Көлемі 13х10 м қазба 0,5-1 м тереңдетілгенде астыңғы мәдени қабаттың үстіне салынған ХІV–ХV ғғ. жататын бөлме орындары анықталады (Сур. 5-6). Ашылған бөлмелердің іргетассыз қаланған қабырғаларының қалыңдығы 0,5-1 м, сақталған биіктіктері 0,1-0,7 м. Қабырғалар өлшемі 28х18х5; 28х22,5х?; 25х26х?; 24х15х6; 30х15х6 см қам кірпіштерден тұрғызылған. Ал кейбір жерлеріне қаланған қыш кірпіштердің өлшемдері: 30х?х5; 28х?х5-6; 24х24х5; 22х?х6; 18х?х5 см. Анықталған, батыс қабырғасы бұзылып кеткен, қабырғалары әлемнің төрт тарабына бағытталған үлкен бөлменің көлемі 7х6,5 м (Байпаков, 2014: 12-21). Бөлменің оңтүстік және шығыс қабырғалары шамасы құрылыс кешенінің негізгі қабырғалары болғанға ұқсайды. Себебі бөлменің осы жақтарына бірнеше бөлме жапсарласа салынған. Бөлмеге кіретін есік сақталмаған. Осы үлкен бөлменің айналасында бірнеше шағын құрылыс қалдықтары әртүрлі дәрежеде сақталған. Бөлмелердің қандай қызмет атқарғандығын анықтау мүмкін болмады.

Қазба жұмыстары барысында ретсіз жатқан құрылыс материалдары, қыш ыдыс-аяқтың сынықтары мен малдың сүйектері көптеп анықталады.

Сур. 5. Аспара. 2014 ж. қазбадан ашылған құрылыс орындары. Солтүстік-шығыстан көрінісі (Е.Ш. Ақымбек түсірген фотосурет)

Сур. 6. Аспара. Құрылыс қалдықтарының жоспары (Е.Ш. Ақымбек түсірген)

Зерттеу нәтижелері. Фауналық талдау. Ірі қараBos taurus L.

Қазба барысында ірі қараға тиесілі жалпы 118 дана сүйек қалдықтары табылады. Қаңқа элементтеріне жүргізілген зерттеулер, сүйектердің 18 данасының бүтін, 100 данасының бөлшектенгенін көрсетіп отыр. Сүйектердің барлығы да ас үй қалдықтары болып табылады.

Бас сүйек элементтері (cranium, dentes, maxilla, mandibula). Ірі қараға тиесілі бес дана бас сүйек сынықтары анықталады. Оның ішінде екі данасы маңдай (os frontale), бір данасы таңдай (procеssus palatinus) және желке өсіндісінен (proc. jugularis) тұрады. Ірі қараға тиесілі тістердің біреуі бүтін (m3) және қалған екі дана тістер аздап бөлшектенген, әрі екеуі де жасы үлкен жануарға тиесілі. Жоғарғы жақ сүйектер (maxilla) екі дана, оның біреуінде азу (m1) тіс бар. Екінші жақтың тек тұмсық жағында альвеолярлық жиегі (margo interalveolaris) ғана сақталған. Төменгі жақ сүйек (mandibula) 10 дана және барлығы да бөлшектенген.

Кеуде бөлігінің элементтері (vertebra, costae). Кеуде омыртқаларының (vertebrae thoracicae) саны үш дана және барлығы да бөлшектенген. Қабырғалар (costae) саны басқа жануарларға қараған ең көп табылып отыр (40 дана). Бұл жерде қабырғалардың ұзын және кемікті (губчатый) болып келуі, аталған сүйектің тез сынуына және бір данасының бірнеше бөліктерге бөлініп кетуіне әсер етеді. Осы себептен, археозоологиялық материалдардан жануар санын шығаруда мұндай сүйектер негізге алынбайды. Қабырғалардың үшеуінің қабырға басы (caput costae) мен қабырға төмпешігі (tuberculum costae) өсіп жетілмеген. Төрт дана қабырғаның қабырға бастары (caput costae) ас дайындау мақсатында ұрып сындырылған. Үш дана қабырғада жыртқыш жануардың (ит?) мүжуінен қалған тіс іздері сақталған.

Проксимальды тірек-қимыл элементтері (scapula, humerus, radius, ulna, os coxae, femur, patella, tibia). Аталған сүйектер жануардың негізгі етті бөліктерін құрайтындықтан, бұл элементтердің маңызы зор. Кейбір зерттеулерде қаңқаның осы элементтерін негізге алып, пайдаланылған еттің көлемін (мөлшерін) анықтау мысалдары кездеседі (Гайдученко, 2013: 217). Жауырын сүйегінің тоқпан жіліктің ұршық басымен байланысатын буын ойысы (cavitas glenoidalis) сақталып, жауырын мойыны (colluma scalulae) тұсынан сындырылған. Тоқпан жіліктің дистальды эпифизінен тек шығыршығы (trochlea humeri) сақталып, диафиздің орта тұсынан сындырылған. Кәрі жіліктің екі данасының проксимальды бөліктері сақталған, ал үш жіліктің екеуі жасы үлкен сиырға тиесілі (эпифиздері сақталған) және біреуі бұзауға тиесілі. Осы бұзауға тиесілі кәрі жілік вентра-дорсальды бағытта тесіліп, өңдеуге түскен. Ірі қараға тиесілі шынтақ сүйегінің (ulna) өсіндісінің (olecranon) төмпегі (tuber olecrani) толық аяқталмаған. Сан жіліктердің (femur) үшеуінің шар тәріздес бастары (caput ossis femoris) толық жетілмей, түсіп қалған. Бұл аталған сүйектер жасы үлкен емес сиырларға тиесілі екендігін білдіреді. Бұл тұжырымды шынтақ сүйегінің төмпегі жетілмеген элементіне де қатысты екендігін ескертеміз. Бірқатар сан жіліктердің диафиздері тігінен, вертикальды бағытта сындырылуымен ерекшеленеді. Жалпы археозоологиялық зерттеулерде суға қайнатылған (пісіру) сүйектердің, шикі сүйектерге қарағанда сыну (бөлшектену) үдерісі басқаша болатыны туралы пікір бар. Мысалы, суда қайнатылған сүйектер мен қайнатылмаған сүйектердің сыну үдерістерін анықтауда тәжірибе жүргізіліп, айырмашылық болатыны анықталған[†].

Дистальды тірек-қимыл элементтері – жалпы материалдардың 30% жуығын құрайды. Мұның ішінде тұсамыс (ph 1), топай (ph 2) және тұяқ (ph 3) сүйектері бүтін сақталған. Бір дана өкше сүйегінің (calcaneus),өкше төмпегі (tuber calcanei) толық жетілмеген. Әдетте, өкше төмпегі (tuber calcanei) өкше сүйегімен бірігуі, жануар 3 жастан асқан кезде толық аяқталады (Цалкин, 1967: 3). Бұл жануардың үш жасқа дейін-ақ сойылғанын растайды. Ірі қара метаподияларының (8 дана) барлығының да дистальды эпифиздері диафизбен бірігу үдерісі аяқталған. Бұл үдеріс сиырдың жасы 24-28 ай болғанда аяқталады. Яғни, метаподиялар жасы үлкен сиырларға тиесілі. Жалпы эпифиздер бойынша ірі қаралардың жасына талдау жасайтын болсақ, онда жануарлардың сойылу ерекшеліктері белгілі бір жастарға негізделмегенін байқаймыз. Мысалы, ірі қара сүйектерінің жеті данасының эпифиздері түсіп қалған болса, нақты анықталған сегіз метаподияның төменгі эпифиздері жетілген (бірқатар түтікшелі сүйектердің тек диафиздері ғана сақталғандықтан, олар есепке алынған жоқ). Ал ірі қараның төменгі жақ сүйектері мен жеке тістеріне жүргізілген талдаулар, жануарлардың басым бөлігінің 2,5 жастан асқан соң сойылғанын көрсетіп отыр. 6 айында сойылған жануардың саны – 2 (жеке бұзау сүйегінің де табылғанын ескертеміз). Сонымен, Аспара қаласынан табылған ірі қаралардың басым бөлігі (65%) 2,5-3 жастан асқанда (одан да үлкен болуы ықтимал) сойылған. Қала тұрғындары сиырды ет өнімін (бұзаудан бастап, жасы үлкен сиырға дейін) алумен қатар, сүт өнімін алу мақсатында да пайдаланғанымен, бірінші кезекте етті сиырларға басымдық берілгені байқалады. Ірі қараның қаңқа бөліктерінің ішінде «етті бөлімі» болып табылатын кеуде және аяқтың жоғарғы бөліктерінің сүйектері 52% құрайды.

Жануарлардың жыныстық деморфизмін (аталық-аналық / ұрғашы-еркек) анықтау мақсатында, бірқатар бүтін элементтерге остеометриялық өлшемдер жүргізілді. Жыныстық деморфизм – жануарлардың аталық немесе аналық екендігін интерьер (ішкі ағза құрылымы) және экстерьерлік (сыртқы пішіні) сипатына қарай ажыратылуы. Ескерте кететін мәселе, жануарлардың жыныстық деморфизмін анықтау үшін, әдетте көп мөлшерде іріктеу материалдары қажет. Біздің мысалымызда іріктеулер саны аз болғанымен, өлшемдері өзара айырмашылықтарға ие сүйектердің болуына байланысты зерттеуге алынып отыр. Мұны тұсамыс (Ph1) және тұяқтардан (Ph2) көруге болады. Тұсамыс сүйектерінің екі данасы алдыңғы (anterior), төрт данасы (posterior) артқы аяқтарға тиесілі. Оның ішінде алдыңғы аяқтарға тиесілі бір дана, артқы аяқтарға тиесілі бір дана тұсамыс сүйектерінің өлшемдері (GLpe)(Сур. 7) – (артқы тұсамыс) – 64,2 мм, алдыңғы тұсамыс – 58,4 мм. Сәйкесінше аталған элементтер еркек жануарға (бұқа) тиесілі.

Сур. 7. Тұсамыс сүйегін (Ph-1) өлшеу әдісі (А. Дриш бойынша).

Ал басқа тұсамыстарда бұл өлшемдер (алдыңғы тұсамыс) – 50,8 мм, артқы тұсамыс өлшемдері – Lim=53,9 – 55,7 мм (Сур. 8). Яғни, бұл сүйектер салыстырмалы түрде аналық сиырларға тиесілі. Осы тұжырымды ірі қараның тұяқтарына қатысты да айтамыз. Суретте көрсетілгендей, көлемі ірі екі тұяқ бұқаға, қалған екеуі сиырға тиесілі (Сур. 8). Әрине бұл жерде ірі қаралардың тұқымдық ерекшеліктері, жануардың арық, не семіздігі және жас ерекшеліктерінің әсерін естен шығармаған дұрыс. Егер зерттеу барысында іріктеулер саны көп болса, жоғарыдағы тұжырымдар шындыққа жақын болып шығады.

Сур. 8. Ірі қараның қаңқа элементтері

1-алдыңғы сирақ (Mc III-IV); 2-артқы сирақ (Mt III-IV); 3-алдың тұсамыс (Ph-1 anterior); 4-артқы тұсамыс (Ph-1 posterior); 5-топай сүйектері (Ph-2),; 6-тұяқ сүйектері (Ph-3)

Ірі қара сүйектеріне жүргізілген зерттеулерге жалпы қорытынды жасайтын болсақ, ортағасырлық Аспара қаласының тұрғындары шаруашылықта ірі қараға көбірек мән берген. Ірі қара сүйектері басқа жануарларға қарағанда ең көп табылуы (уақ малдан кейін екінші) да осының дәлелі. Шаруашылықта сиырмен қатар, бұқаларды да пайдаланған. Сиырларды бірінші кезекте ет үшін пайдаланған тәрізді. Себебі жануарлардың жас ерекшеліктерін анықтауда (жақ сүйектердегі азу тістер, эпифиздердің жетілуі) көбіне 2,5-3 жастағы сиырлар сойылғаны анықталып отыр (Кесте 2).

Төменгі жақ сүйектегі азу тістердің сақталу жағдайы

Жануардың жасы,

ай бойынша

Жақ сүйектердің

саны

М1 жоқ

6 – айға дейін

-

М1 бар, М2 жоқ

6 – 18 ай

2

М2 бар, М3 жоқ

18 – 28 ай

1

М3 бар

28 – айдан жоғары

4

Кесте 2. Ірі қараның төменгі жақ сүйегі негізіндегі жас мөлшері

Ірі қара сүйектерінің ішінде бұзауға тиесілі элементтердің анықталуы, қала тұрғындарының тағам рационының әмбебап екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, бұзауға тиесілі түтікшелі сүйектер (кәрі жілік, алдыңғы сирақ) дорса-вентральды бағытта тесіліп, өңдеуге түскен. Бірақ шаруашылықта қандай мақсатта пайдалану үшін дайындалғаны әзірге белгісіз (Сур. 9).

Сур. 9. Бұзаудың (Bos taurus L. juv.) өңделген алдыңғы сирағы (Mc III-IV) мен кәрі жілігі (Radius).

Ірі қараға тиесілі тоқпан жіліктің диафизінен (тоқпан жіліктің каудальды беті өңделген) жасалған сүйек қапсырма да ерекше назар аудартады. Пішінінде ромб тәріздес болғанымен, екі жағы сатыланып барып аяқталған. Екі ұшында үш-үштен, ал екі бүйірінде бір-бірден бірінің ішіне бірі сызылған ортасы нүкте шеңберлер қатты затпен сызылып түсірілген. Екі ұшы жағында бекітуге арналған тойтарма шегелердің қалдықтары сақталған. Сүйек қапсырманың ұзындығы 5,3 см, ені 2,9 см,ғ қалыңдығы 0,7 см (Байпаков, 2014: 21, 74), (Сур. 10).

Сур. 10. Сүйек қапсырма. Ірі қараның тоқпан жілігінің диафизінен жасалған

Ірі қараның жақ сүйектерінің кейбіреулерінде тістердің біркелкі егелмеуі (қажалу) байқалады (Сур. 11). Бұл жағдай, кейде ірі қараларда қорегінде белгілі минералдардың жетіспеуінен (тіс эмальіндегі гиипоплазия) де болатыны белгілі.

Сур. 11. Сиырдың төменгі жақ сүйегіндегі P3-M4 тістерінің егелу ерекшеліктері

ЖылқыEquus caballus L.

Жылқыға тиесілі – 77 дана сүйек қалдықтар анықталды. Қаңқа элементтері кемінде үш жануарға тиесілі[‡]. Сүйектердің сақталу біркелкі емес, 33% – бүтін, 77% – бөлшектенген. Қаңқа элементтерінің ішінде бүтін сақталғандары көбіне жеке тістер (dentes), тізе (ossa carpi), тілерсек (ossa tarsi) және сирақтың дистальды бөліктері (ossa digitorum manus-pedis), асық (talus), өкше (calcaneus) сүйектері болып табылады (Сур. 12).

Сур. 12. Жылқының қаңқа элементтері (ерекшеленген топай (Ph-2) өңдеуге түскен)

Қаңқа бөліктерінің ішінде «етті бөлім» болып есептелетін кеуде (34%) мен аяқтың жоғарғы бөліктерінің (30%) элементтері басым (Кесте 3). Жылқының түтікшелі сүйектерінің эпифиздері (18/12) мен өкше сүйектерінің (calcaneus) төмпегінің (tuber calcanei) толық жетілуіне қарап (3/3), көбіне ересек жылқылардың сойылғанын байқауға болады. Жылқы тістерінің жас ерекшеліктеріне орай негізінен жасы үлкен жануарға тиесілі тістер басымдық көрсетіп отыр. Жасы үлкен жануарлардың көптігі, өз кезегінде қала тұрғындарының жылқыны мініс көлігі мен шаруашылық жұмыстарда көбірек пайдаланғанын растайды. Жылқы сүйектерінің арасында жыртқыш аңдардың (ит) мүжуінен қалған іздер өте сирек (1%). Өртенген сүйектер де осы мөлшерге жақын.

Қаңқа бөлігі

Ірі қара

Жылқы

Қой

Ешкі

Уақ мал

Түйе

Жиыны

Бас сүйек

15,2

1,2

41,3

35,2

6,3

16,6

15,1

Тістер

2,5

11,6

2,1

0

12,6

0

6,3

Кеуде (омыртқа, қабырға)

37,2

33,7

2,1

17,6

31,7

0

28,2

Аяқтың жоғары бөліктері

15,2

29,8

47,8

47,0

38,0

58,3

30,6

Аяқтың төменгі бөліктері

29,6

23,3

6,5

0

11,1

4,7

19,8

ЖИЫНЫ

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

Кесте 3. Төрт түліктің қаңқа бөліктер қатынасы (%%)

Жылқы сүйектеріне жүргізілген биометриялық өлшемдер келесі нәтижелерді көрсетіп отыр. Артқы сирақтың (Mt III) дистальды ені 51,3-52,3 мм. Өкше сүйегінің (calcaneus) жалпы ұзындығы (max-min) – 113,8-117,4 мм. Топай сүйектерінің (Ph-2(n-5) проксимальды ені (max-min) – 54,1-60,6 мм. Диафизінің ең кіші ені (max-min) – 47,7-52,9 мм. Ең үлкен ұзындығы (max-min) – 50,6-54,6 мм. Дистальды бөліктің ені (max-min) – 52,3-56,7 мм. Аспара жылқыларының топайларының өлшемдері салыстырмалы түрде ірі және жуан болып келуімен ерекшеленеді. Мысалы ортағасырлық Ақыртас төрткүлінен табылған жылқы топайларында аталған өлшемдердің көрсеткіштері төмен (Bp (М) – 50,8 мм; SD (М) – 45,3 мм; Gl (М) – 43,2 мм)[§]. Жылқыға тиесілі топай сүйектерінің бір данасының пальмарлы (артқы жағы) беті егеліп, тегістелген (Сур. 13).

Сур. 13. Плантарлы беті егелген жылқы топайы (Ph-2)

Өңдеуге түскен сүйектің нақты функциясын айту қиын. Бірақ, тегістеу үдерісі сүйектің тұтас бетін қамтығанымен, дистальды бұрыштарының көбірек қажалғанына қарап, бұйымды тегістеу не қыру мақсатында пайдаланған деп болжам жасауға болатын секілді.

Остеологиялық материалдардың сандық және сапалық құрамына қарап, ортағасырлық Аспара қаласы тұрғындарының шаруашылығында жылқы маңызды болғанын байқауға болады. Жылқыны қала тұрғындары шаруашылықта пайдаланған, оны жылқы сүйектерінің басым бөлігінің жасы үлкен жануарларға тиесілі болуы растайды. Қаңқа элементтерінің барлық бөліктерінің табылуына қарап, жылқылардың қала аумағында сойылғанын байқаймыз. Остеометриялық зерттеулер салыстырмалы түрде «Аспара жылқыларының» ірі тұқымды болғанын көрсетіп отыр. Жылқы сүйектері саны жағынан уақ мал мен ірі қарадан кейін үшінші орында. Дегенмен бұл жерде ескеретін мәселе, остеологиялық материалдар тек бір қазбаның негізінде қарастырылғандықтан, үй жануарларының санында ауытқушылықтар орын алуы заңды. Сол себепті жылқының шаруашылықтағы сандық мөлшеріне қатысты нақты тұжырым жасау ерте. Өкінішке орай, жылқыға тиесілі метаподиялардың (алдыңғы және артқы сирақ) болмауы, жануардың экстерьерлік пішіні туралы мәліметтер алуға мүмкін бермеді.

Уақ мал (Ovis et Capra).

Археозоологиялық зерттеулерде қой мен ешкі сүйектерін ажырату біршама қиын және күрделі. Әдетте зерттеушілер сүйектерінің анатомиялық құрылымы, пішіні мен көлемі ұқсас екі жануарды ұсақталып кеткен элементтеріне қарай ажыратуға талпына бермейді. Дегенмен, зоология ғылымында аталған екі жануардың сүйектерін ажыратуға арналған әдістемелер бар (Громова, 1953. 7-93). Өкінішке орай археологиялық қазба барысында табылатын қой мен ешкі сүйектерінің барлығы да ас үй қалдықтары болғандықтан (жеке ғұрыптық мысалдарды есептемегенде – авт.), екі жануарды өзара ажырату тек бүтін сүйектер мен нақты белгілері бар элементтеріне орай жүргізіледі. Зерттеу барысында нақты анықталған қой және ешкі сүйектерінен бөлек, жануар түрі ажыратылмаған сүйектерді ортақ «уақ мал» деп қарастырдық. Остеологиялық материалдардың ішінде қой мен ешкі сүйегіне ажыратылмаған уақ мал сүйектері – 63 дана. Қаңқа бөліктері бойынша кеуде (32%) және аяқтың жоғары бөліктері (38%) яғни «етті бөлігі» басым. Төменгі жақ сүйектердегі тұрақты азу тістердің өсу ерекшеліктеріне қарап, екі жастан асқан жануарды сойғанын көреміз. Дегенмен, тағам рационында үш айлық қозылардан (лақ) бастап, бір жасқа дейінгі тоқтылар (шыбыш) да болған (Кесте 4).

Төменгі жақ сүйектегі азу тістердің өсу үдерісі

Жануардың жасы,

 ай бойынша

Жақ сүйектердің

саны

М1 жоқ

3 – айға дейін

1

М1 бар, М2 жоқ

3 – 12 ай

3

М2 бар, М3 жоқ

12 – 24 ай

10

М3 бар

24 – айдан жоғары

11

Кесте 4. Уақ малдың төменгі жақ сүйегі негізіндегі жас мөлшері

ҚойOvis aries L.

Нақты анықталған қойға тиесілі сүйектер саны – 46 дана, яғни жалпы сүйектердің 10% құрайды. Қойдың қаңқа бөліктері қатынасында бірқатар өзгешеліктер байқалады. Әдетте жиі байқалатын аяқтың жоғарғы бөліктерімен қатар (48%), бас сүйектің бөліктері (жақ сүйек) басымдыққа ие (41%). Түтікшелі сүйектердің (сан жілік, асықты жілік) тек диафиздері сақталғандықтан, эпифиздердің өсу үдерісі туралы нақты тұжырым жасау қиын. Жақ сүйектердегі тұрақты тістердің өсу үдерісіне қарап, көбіне 1-2 жас аралығындағы қойлардың сойылғанын көреміз. Бір дана қойға тиесілі бел омыртқада (vertebrae lumbales) артроз ауруы байқалады (Сур. 14). Буын және шеміршекте жиі кездесетін артроз ауруының нақты себептерін айту қиын. Дегенмен ветеринарияда аталған аурудың бірнеше себептері бар екені анықталған. Оның ішінде жиі кездесетіні дәрумендер мен минералдың жетіспеушілігі (Лyкьянoвский,1984: 123-124).

Сур. 14. Артрозбен ауырған қойдың бел омыртқасы (vertebrae lumbales).

Қойға тиесілі остеологиялық материалдардың арасында өңделген сүйектер кездесті.

Шүмек – қойдың асықты жілігінен (tibia) жасалған. Шүмектің жоғарғы тесігі асықты жіліктің каудальды бетіне түсірілген. Тесіктің пішіні аздап сопақша келген. Төменгі тесігі әдетте жиі кездесетін асықты жіліктің дистальды эпифизінен дорсальды бағытта тігінен тесілмей, каудальды бетінен жоғарғы тесікпен параллель түскен (Сур. 15, №1). Асықты жіліктің екі эпифизі де толық жетілген. Бұл сүйектің 3 жастан асқан қойға тиесілі екендігін толық растайды.

Алдыңғы сирақ (Мс 3 – Мс4) – қойдың алдыңғы, сол аяғына тиесілі. Сирақтың проксимальды эпифизі дорса-вентральды бағытта тесілген (Сур. 15, №2). Сүйектің қандай мақсатта өңделгені белгісіз.

Тұсамыс сүйек (Рh 1) – оң аяққа тиесілі. Медиальды қыры тесілген. Сүйектің қандай мақсатта өңделгені белгісіз (Сур. 15, №3).

Сур. 15. Өңделген қой сүйектері.

Ешкі Capra hircus L.

Жоғарыда атап өткеніміздей, уақ малдың сүйек қалдықтары арасынан ешкіге тиесілі сүйектерді нақты ажыратып алу қиын. Арнайы әдістемелік еңбектер болғанымен, бұл жерде жеке зерттеушінің тәжірибесі де әсер етеді. Остеологиялық материалдарды талдау барысында ешкіге тиесілі 17 дана қаңқа элементтері анықталды. Қаңқа бөліктерінің қатынасында аяқтың жоғарғы бөлігі (етті бөлімі) көп екендігі байқалады. Сүйектердің барлығы да бөлшектенген, фрагмент түрінде кездеседі (Сур. 16). Бір дана сан жіліктің төменгі және жоғарғы эпифиздері түсіп қалған (жас жануар), басқа түтікшелі сүйектерде эпифиздердің сақталуына қарап, ешкілердің басым бөлігі 2-2,5 жастан асқан соң ғана етке пайдаланғанын көреміз.

Сур. 16. Ешкінің қаңқа элементтері

Ортағасырлық Аспара қаласының тұрғындарының шаруашылығында уақ малдың құрамында ешкіні пайдаланған және саны жағынан қойдан аса үлкен айырмашылыққа ие емес екендігі байқалады. Әдетте, ортағасырлық қоныс немесе қаладан табылған уақ мал сүйектерінің құрамында ешкі сүйектері 10%-дан аспайтын көрсеткішті көрсетеді. Бірақ ортағасырлық Аспара қаласының тұрғындарының шаруашылығында ешкіге, қоймен қатар мән берілгенге ұқсайды. Жас ерекшеліктеріне қарай, көбіне үлкен ешкілердің сойылуы, аталған жануарды сүт өнімін алу мақсатында қолға ұстауы мүмкін екендігін растайды.

ТүйеCamelus bactrianus L.

Қазба барысында табылған сүйек материалдардың ішінде түйе сүйектері көп емес. Жалпы материалдарға шаққанда 2,6% құрайды (12 дана). Қаңқа бөліктерінің ішінде аяқтың жоғарғы, яғни «етті бөлігі» 60% құрайды. Бір дана шынтақ сүйегінің төмпегі толық өсіп жетілмеген және жыртқыш жануардың мүжуінен қалған іздер сақталған. Басқа сүйектер қатты бөлшектеніп кеткендіктен, аталған жануардың жас ерекшеліктері туралы нақты тұжырым жасау қиын (Кесте 5).

ҚАҢҚА ЭЛЕМЕНТТЕРІ

Ірі қара

Уақ мал

Қой 

Ешкі

Жылқы

Түйе

Ф

Б

Ф

Б

Ф

Ф

Б

Ф

Ф

Cornu

0

1

0

0

0

1

2

0

0

0

Cranium

0

5

0

0

0

1

0

0

1

2

Dents 

1

2

7

1

0

1

0

6

3

0

Maxilla

0

2

0

0

0

4

0

0

0

0

Mandibula

0

10

0

4

0

13

4

0

0

0

Atlas

0

1

0

0

0

1

1

2

0

0

Axis 

0

0

0

0

0

0

2

0

0

0

Vertebra

0

3

4

6

0

0

0

0

12

0

Sacrum

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

Sternum

0

0

0

10

0

0

0

0

0

0

Costae

0

40

0

0

0

0

0

0

12

0

Scapula

0

1

0

6

0

4

3

0

2

0

Humerus

0

1

0

3

0

3

2

0

5

0

Radius 

0

5

0

4

0

0

0

0

3

3

Ulna 

0

1

0

1

0

0

0

0

3

0

Carpus 

1

3

0

0

0

0

0

1

0

0

Metacarpus

0

6

0

5

0

0

0

0

0

0

Os coxae

0

0

0

0

0

9

1

0

4

0

Femur

0

7

0

3

0

6

2

0

0

3

Patella

1

0

0

0

0

0

0

1

0

0

Tibia 

0

2

0

7

0

0

0

0

5

1

Calcaneus

0

0

0

0

0

0

0

3

0

0

Talus

0

1

0

0

0

0

0

1

0

1

Tarsus

1

0

0

0

0

0

0

2

0

0

Metatarsus

0

2

0

2

0

0

0

0

1

0

Metapodium

0

8

0

0

0

0

0

2

0

0

Ossa sesamoidea

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

Mc-Mt: 2-4

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

Ph 1

5

1

0

0

2

0

0

1

0

2

Ph 2

5

0

0

0

0

0

0

5

0

0

Ph 3

4

0

0

0

1

0

0

2

0

0

ЖИЫНЫ

18

100

11

52

3

43

17

26

51

12

118

63

46

17

77

12

333

Сүтқоректілер

(Mammalia)

Ірі жануарлар

80

Ұсақ жануарлар

32

БАРЛЫҒЫ

445

*Ескерту: Б – бүтін; Ф - фрагмент

Кесте 5. Ортағасырлық Аспара қаласынан табылған үй жануарларының қаңқа элементтері

ИтCanis familiaris L.

Итке тиесілі екі дана бүтін сүйектер анықталды – алдыңғы сирақ (Mc 4?) және сан жілік (femur) (Сур. 17). Эпифиздері толық жетілген сан жіліктің жалпы ұзындығы (GL) – 185 мм.

Сур. 17. Итке тиесілі сүйектердің қаңқа топографиясындағы орны

Итке тиесілі сүйектер ортағасырлық ескерткіштерден жиі кездесетін құбылыс. Кейбір энеолит және қола дәуіріне тән қоныстардан итке тиесілі сүйектердің өте көп кездесуіне байланысты, иттің етін тағам ретінде қолданылу дәстүрі болған деген тұжырымдар кездеседі (Секерская, 2010: 149). Бірақ, орта ғасырларда шаруашылықта тұяқты үй жануарларының көбеюі, итті үй жануары ретінде қолда ұстағанымен, тағам ретінде пайдаланбаған.

ЕсекEquus asinus L.

Есекке тиесілі бір дана асық (talus) анықталады (Сур. 18-19). Суреттен байқалғандай, есекке тиесілі асық (суретте - №1) салыстырмалы түрде жылқы асықтарынан (суретте - №2-3) екі есе кіші болып келеді. Егер асықты есекке емес, жас жылқыға яғни тайға тиесілі деген ой айтылса, бұл жерде сүйектің құрылымы маңызды рөл ойнайтынын ескеру керек. Мәселен, асық куб тәріздес, тығыз сүйек. Жас жануарға (тай, құлын) тиесілі болғанда, кеуекті сүйек бірден анықталады. Мұнда сүйектің анатомиялық тұрғыдан әбден жетілген үлкен жануарға (есекке) тиесілі екендігін байқау қиын емес және сүйек суда қайнатылмаған (ас ретінде қолданылмаған). Бұл аталған сүйектің есекке тиесілі екендігін қосымша растай түседі.

Сур. 18. Есектің асығы №1 (talus).

GH – 50,1 мм; LmT – 48,6 мм; GB – 53,0 мм, BFd – 38,5 мм

Сур. 19. Есекке тиесілі асықтың негізгі өлшемдері

(Өлшемдердің аббревиатурасы А. Дриш еңбегіне сәйкес)

ҚұланEquus hemionus P.

Құланға тиесілі сүйектер саны – 4 дана. Бірақ осы жерде бір ескере кететін жағдай, құлан, есек және жылқының анатомиялық құрылымы өзара ұқсас. Айырмашылықтары тек сыртқы көлеміне және аса сирек байқалатын белгілеріне қарап қана ажыратылады. Археозоологиялық зерттеулерде құлан сүйегін көбіне сыртқы көлеміне қарап ажырату жиі кездесетін құбылыс. Құланға тиесілі қаңқа элементтері – тістер (dentes), жауырын (scapula), тізе сүйегі (ossa carpi radiale) болып табылады. Тістердің екеуі де тұрақты азулар – М3 Жауырынның тоқпан жілікпен байланысатын буын ойысы (cavitas glenoidalis) сынып, жоғалған.

АқбөкенSaiga tatarica L. Ақбөкенге бір дана мүйіздің түбірі тиесілі. Ақбөкен мүйізінен қандай да бір өңдеу белгілері байқалмайды (Кесте 6).

ҚАҢҚА ЭЛЕМЕНТТЕРІ

Құлан

Equus hemionus P.

Ақбөкен

 Saiga tatarica L.

Ит

Canis familiaris L.

Б*

Ф

Б

Б

Cornu

0

0

1

0

Dents 

2

0

0

0

Sacrum

0

1

0

0

Carpus 

1

0

0

0

Metacarpus

0

0

0

1

Os coxae

0

0

0

0

Femur

0

0

0

1

Talus

1

0

0

0

ЖИЫНЫ

4

1

1

2

5

1

2

8

*Ескерту: Б – бүтін; Ф - фрагмент

Кесте 6. Ортағасырлық Аспара қаласынан табылған жабайы жануарлар мен иттің қаңқа элементтері

Қорытынды. Анықталған сүйектердің 74,1% үй жануарларына тиесілі. Үй жануарларының ішінде бірінші уақ мал сүйектері (27,7%), екінші орында ірі қара (26%), үшінші орында жылқы (17%) сүйектері басым. Дегенмен бұл сандар тек бір қазбаның көлемінде ғана алынып отырғандықтан, жалпы ескерткіш тұрғындарының тағам рационындағы пайыздық мөлшерді көрсете алмайды. Зерттеу жұмысы үшін жануар түрлері мен олардың жас ерекшеліктері бойынша алынған мәліметтер құнды болып табылады. Қала тұрғындары уақ малдың ішінде ешкіні көбіне сүт өнімдері үшін пайдаланған тәрізді. Себебі сүйектерге жүргізілген талдаулар, ешкілердің көбіне 2,5-3 жастан асқан соң ғана сойылғанын көрсетіп отыр. Бұл жерде ешкілер нақты 3 жасында сойылды деген түсінік тумау керек. Әдетте уақ малдың жақ сүйегіндегі тұрақты азу тістер 24 айға дейін толық шығып болады. Зоологияда белгілі, ешкілердің өмір сүру ұзақтығы орташа 9-10 (сирек жағдайда 17-18) жыл деп есептесек, шаруашылықта пайдалану кезеңі орташа 7-8 жылды құрайды. Яғни 3 жастан асқан ешкілерді сүт өнімін алу мақсатында тағы 3-4 жыл шаруашылықта ұстау мүмкіндігі жоғары. Зерттелініп отырған ешкі сүйектерінің ішінде кәрі жануарға тиесілі сүйектердің болмауы, аталған жануарды шаруашылықта бірнеше жыл пайдаланған соң, ет өнімін алу мақсатында сойған тәрізді. Ешкілердің сүйектерінің аздығы жануардың жыныстық диморфизмін анықтауға кедергі келтіріп отыр. Ал қой сүйектерінің ішінде жануардың сойылуында мұндай ерекшелік байқалмайды. Мысалы остеологиялық материалдардың ішінде 3 айдан асқан қозылардан бастап, 24 айдан асқан ересек қойларға тиесілі сүйектер кездесіп отыр. Уақ мал сүйектерінің арасында сүйекте кездесетін аурулардың болғаны байқалды. Ірі қараны қала тұрғындары ет өнімін алуда көбірек пайдаланған тәрізді. Жыныстық диморфизмінде аналық сиырлармен қатар, бұқаға тиесілі сүйектер де кездеседі. Бірақ аталған жануарлардың жас мөлшері біркелкі емес. Мысалы 6 айдан асқан бұзау сүйектері мен 28 айдан асқан бұқа сүйектері кездесіп отыр. Түйе шаруашылығы басқа жануарларға қарағанда аса қатты дамымаған секілді. Тағам рационында қолданылу мөлшері 2,6% құрайды. Жабайы жануарлар саны салыстырмалы түрде өте аз, жалпы материалдарға шаққанда – 1% аспайды. Бұл қала тұрғындарының үй жануарларына көбірек мән беруімен қатар, аңшылықтың негізгі тамақ өнімін алудағы рөлінің азайғанын білдіреді. Жануар сүйектерінің қаңқа элементтеріне жүргізілген талдаулар, әдетте ортағасырлық қоныстар мен қалаларда жиі кездесетін мөлшерден алшақ еместігін көрсетіп отыр. Жануардың «етті бөлігі» болып табылатын аяқтарының жоғары бөлігі мен кеуде сүйектері жалпы материалдардың ішінде шамамен 60% құрайды. Қой сүйектерінің арасында «бас сүйекке» тиесілі элементтер көп кездесіп отыр (41%). Бұл тұрғындардың ас ішу дәстүрінде қойдың басын қолданудың жиі орын алғанын байқататын секілді. Керісінше, жылқының бас сүйегіне тиесілі элементтер өте аз кездесті (1%). Бұл көрсеткіш ірі қарада 15% құрайды. Жануар сүйектеріне жүргізілген өлшемдер, Аспара қаласының тұрғындары ірі тұқымды жылқыны пайдаланғанын байқатады. Салыстырмалы түрде, Талас өңірінің ортағасырлық ескерткіштерінен табылған жылқы сүйектерімен қатар зерттеуде, бұл пікіріміздің растығына көзіміз жетіп отыр. Салыстырмалы материалдар Талас өңіріндегі Х–ХІІІ ғасырларда өмір сүрген Ақыртас төрткүлінен анықталған. Аспара қаласындағы қазба жүргізілген нысаннан табылған материалдар XIV–XV ғасырларға жатады. Біздің ойымызша, бірнеше ғасыр көлемінде Шу-Талас өңіріндегі жылқы шаруашылығында тұқымды асылдандыру шаралары немесе сол кезеңдегі саяси-экономикалық жағдайлармен байланысты, көршілес аймақтардан келген жылқы тұқымдары болуы да мүмкін. Дегенмен, остеологиялық материалдар тек бір қазбаның ғана көлемінде қарастырылып отырғандықтан, жылқы тұқымдарының ірілігіне қатысты пікіріміз болжам ретінде айтылып отырғанын ескертеміз.

Ескерткіштен табылған остеологиялық материалдардың археозоологиялық тұрғыдан зерттелуі тұңғыш рет ғылыми айналымға еніп отырғандықтан, мақалада көрсетілген сүйектердің сандық, сапалық, түр бойынша құрамы және бірқатар биометриялық өлшемдердің нәтижелері осы бағыттағы басқа да зерттеулер үшін, құнды салыстырмалы мағлұмат боларына сеніміміз мол.

Әдебиеттер мен деректер тізімі:

Волин С. (1960.). Сведения арабских источников ІХ–ХVІ вв. о долине реки Талас и смежных районах // Труды ИИАЭ АН КазССР. – Т. 8. – С. 72-92.

Археологическая карта Казахстана. Реестр. (1960.). – Алма-Ата: Изд-во АН КазССР. – 449 с.

Алипчиев С., Байбосынов К. (1982.). Свод памятников истории и культуры Джамбулской области. – Джамбул: Джамбулский областной историко-краеведческий музей. – 209 с.

Байпаков К.М. (2002). Городища Аспара // Свод памятников истории и культуры Республики Казахстан. Жамбылская область. – Алматы: РГП «НИПИ ПМК». – Т. 2. – 350 с.

Байпаков К.М. (2011). Крепость Аспара // Свод памятников истории и культуры Жамбылской области. Меркенский район. – Алматы. – 256 с.

Байпаков К.М. (2016). Древняя и средневековая урбанизация Казахстана. Книга ІІІ, часть 1. – Алматы: Институт археологии им. А.Х. Маргулана. – 596 с.

Бартольд В.В. (1964). Сочинения. Том 2. Часть 2. Работы по отдельным проблемам истории Средней Азии. – М.: Наука. – 661 с.

Бернштам А.Н. (1941). Археологический очерк Северной Киргизии. – Фрунзе: Изд. Комитет наук при СНК Киргизской ССР. – 112 с.

Труды Семиреченской археологической экспедиции «Чуйская долина». (1950). Сост. под рук. А.Н. Бернштама / МИА №14. – М.-Л.: Изд-во АН СССР. – 160 с. + XCV табл.

Бернштам А.Н. (1946). Некоторые итоги археологических работ в Семиречье // Краткие сообщения Института истории материальной культуры. – М-Л. – Вып. 13. – С. 110-118.

Пацевич Г.И. (1941). Археологические памятники района среднего течения реки Чу // Архив Института археологии ми. А.Х. Маргулана. – Джамбыл. – Опись 2, папка 134. – 49 с.

Маргулан А.Х. (1950). Из истории городов и строительного искусства древнкго Казахстана. – Алма-Ата: Изд-во АН КазСССР. – 122 с.

Кожемяко П.Н. (1959). Раннесредневековые города и поселения Чуйской долины. – Фрунзе : Акад. наук Киргиз. ССР. – 186 с.

Ерзакович Л.Б. (1965). Городище Аспара в послемонгольское время (Чуйская долина) // Известия АН КазССР. Серия общественных наук. – №3. – С. 81-91.

Ерзакович Л.Б. (1968). О позднесредневековом городище Аспара // Новое в археологии Казахстана. – Алма-Ата: Изд-во «Наука» КазССР. – С. 85-97.

Муратов С.Н., Ерзакович Л.Б. (1967). Лопатка коровы с тюркскими письменами на арабском алфавите из городища Аспара (Чуйская долина) // Эпиграфика Востока. – Вып. 18. – С. 71-79.

Байпаков К.М., Ақымбек Е.Ш. (2014). 2013 жылы Аспара қаласында жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесі // Восхождение к вершинам археологии: Сборник материалов международной научной конференции «Древние и средневековые государства на территории Казахстана», посвященной 90-летию со дня рождения К.А. Акишева. – Алматы. – С.384-405.

Байпаков К.М. (2014). Средневековая городская культура Казахстана в XII-XV вв. по сведениям письменных источников, археологическим исследованиям и нумизматическим материалам // Отчет о научно-исследовательской работе. – Архив Института археологии им. А.Х. Маргулана КН МОН РК. – Алматы. Оп. 2, д. 3178. – 77 с.

Aкaeвский A.И., Юдичeв Ю.Ф., Ceлeзнeв C.Б. (2005). Aнaтoмия домашних живoтных. – Mосква,  ООО «Аквариум-Принт». – 640 c.: ил.

Жаңабеков К., Мақашев Е. (1996). Жануарлар анатомиясы. – Алматы, Білім. – 336 б.

Цалкин В.И. (1967). Домашние животные Золотой Орды // Бюллетень московского общества испытателей природы. Отдел биологии, Т. 72 (1). С. 114-129.

Лyкьянoвский B.A. и дp. (1984). Бoлeзни кoстнoй системы животных . – Москва, Колос. – 254 с.

Громова В. (1953). Остеологические отличия родов capra (козлы) и ovis (бараны). Руководство для определния ископаемых остатков // Труды комиссии по изучению четвертичного периода. Издательство АН СССР. – Москва. – 125 с.

Driesch A.V. (1976). A Guide to the measurement of animal bones from archeological sites // Preabody Museum of Archeology and Ethnology Harvard University. Bulletin 1. 136 р.

Гайдученко Л.Л., Кирбшин К.Ю. (2013). Остеологический комплекс раннеэнеолитического поселения Новоильинка-6 в Кулунде // Труды филиала Института археологии им. А.Х. Маргулана в г. Астана. – Астана: Издательская группа ФИА им. А.Х. Маргулана в г. Астана, Т.2. – С. 212-220.

Секерская Е.П. (2010). Особенности палеоэкономической стратегии населения Нижнего Дуная в эпоху позднего энеолита – ранней бронзы // Культурное пространство между Балканами и Великой степью в эпоху камня – бронзы. Материалы по археологии Северного Причерноморья. Вып. 11. Одесса, «СМИЛ». С. 141-162.

References:

Volın S. (1960). Svedenıa arabskıh ıstochnıkov ІХ–ХVІ vv. o dolıne rekı Talas ı smejnyh raıonah [Information from Arab sources of the IX-XV centuries. about the Talas River valley and adjacent areas] // Trýdy IIAE AN KazSSR. – T. 8. – S. 72-92. [in Russian].

Arheologıcheskaıa karta Kazahstana. Reestr. (1960). [Archaeological map of Kazakhstan. Registry]. – Alma-Ata: Izd-vo AN KazSSR. – 449 s. [in Russian].

Alıpchıev S., Baıbosynov K. (1982). Svod památnıkov ıstorıı ı kúltýry Djambýlskoı oblastı [Collection of historical and cultural monuments of the Republic of Kazakhstan. Zhambyl region]. – Djambýl: Djambýlskı oblastnoı ıstorıko-kraevedcheskı mýzeı. – 209 s. [in Russian].

Baıpakov K.M. (2002). Gorodısha Aspara [Medieval settlement of Aspara] // Svod památnıkov ıstorıı ı kúltýry Respýblıkı Kazahstan. Jambylskaıa oblast. – Almaty: RGP «NIPI PMK». – T. 2. – 350 s. [in Russian].

Baıpakov K.M. (2011). Krepost Aspara [Aspara Fortress] // Svod památnıkov ıstorıı ı kúltýry Jambylskoı oblastı. Merkenskı raıon. – Almaty. – 256 s. [in Russian].

Baıpakov K.M. (2016). Drevnáá ı srednevekovaıa ýrbanızasıa Kazahstana [Ancient and medieval urbanisation of Kazakhstan]. Knıga İİİ, chast 1. – Almaty: Instıtýt arheologıı ım. A.H. Margýlana. – 596 s. [in Russian].

Bartold V.V. (1964). Sochınenıa. Tom 2. Chast 2. Raboty po otdelnym problemam ıstorıı Sredneı Azıı [Works on certain problems of the history of Central Asia]. – M.: Naýka. — 661 s. [in Russian].

Bernshtam A.N. (1941). Arheologıcheskı ocherk Severnoı Kırgızıı [Archaeological sketch of Northern Kyrgyzstan]. – Frýnze: Izd. Komıtet naýk prı SNK Kırgızskoı SSR. – 112 s. [in Russian].

Trýdy Semırechenskoı arheologıcheskoı ekspedısıı «Chýıskaıa dolına» (1950). [Proceedings of the Semirechensk archaeological expedition «Chui valley»]. Sost. pod rýk. A.N. Bernshtama / MIA №14. – M.-L.: Izd-vo AN SSSR. – 160 s. + XCV tabl. [in Russian].

Bernshtam A.N. (1946). Nekotorye ıtogı arheologıcheskıh rabot v Semıreche [Some results of archaeological work in Semirechye] // Kratkıe soobshenıa Instıtýta ıstorıı materıalnoı kúltýry. – M-L. – Vyp. 13. – S. 110-118. [in Russian].

Pasevıch G.I. (1941). Arheologıcheskıe památnıkı raıona srednego techenıa rekı Chý [Archaeological sites of the Middle Chu River area] // Arhıv Instıtýta arheologıı mı. A.H. Margýlana. – Djambyl. – Opıs 2, papka 134. – 49 s. [in Russian].

Margýlan A.H. (1950). Iz ıstorıı gorodov ı stroıtelnogo ıskýsstva drevnkgo Kazahstana [From the history of cities and construction art of ancient Kazakhstan]. – Alma-Ata: Izd-vo AN KazSSSR. – 122 s. [in Russian].

Kojemáko P.N. (1959). Rannesrednevekovye goroda ı poselenıa Chýıskoı dolıny [Early Medieval towns and settlements of the Chui Valley]. –- Frýnze : Akad. naýk Kırgız. SSR. – 186 s. [in Russian].

Erzakovıch L.B. (1965). Gorodıshe Aspara v poslemongolskoe vremá (Chýıskaıa dolına) [Aspara settlement in the post-Mongol period (Chui Valley)] // Izvestıa AN KazSSR. Serıa obshestvennyh naýk. – №3. – S. 81-91. [in Russian].

Erzakovıch L.B. (1968). O pozdnesrednevekovom gorodıshe Aspara [About the late medieval settlement of Aspara] // Novoe v arheologıı Kazahstana. – Alma-Ata: Izd-vo «Naýka» KazSSR. – S. 85-97. [in Russian].

Mýratov S.N., Erzakovıch L.B. (1967). Lopatka korovy s túrkskımı pısmenamı na arabskom alfavıte ız gorodısha Aspara (Chýıskaıa dolına) [A cow's shoulder blade with Turkic characters in the Arabic alphabet from the Aspara settlement (Chui Valley)] // Epıgrafıka Vostoka. – Vyp. 18. – S. 71-79. [in Russian].

Baıpakov K.M., Aqymbek E.Sh. (2014). 2013 jyly Aspara qalasynda júrgizilgen arheologıalyq zertteý jumystarynyń nátıjesi [Results of archaeological research conducted in Aspara in 2013] // Voshojdenıe k vershınam arheologıı: Sbornık materıalov mejdýnarodnoı naýchnoı konferensıı «Drevnıe ı srednevekovye gosýdarstva na terrıtorıı Kazahstana», posváshennoı 90-letıý so dná rojdenıa K.A. Akısheva. – Almaty. – S.384-405. [in Kazakh].

Baıpakov K.M. (2014). Srednevekovaıa gorodskaıa kúltýra Kazahstana v XII-XV vv. po svedenıam pısmennyh ıstochnıkov, arheologıcheskım ıssledovanıam ı nýmızmatıcheskım materıalam [Medieval urban culture of Kazakhstan in the XII-XV centuries. according to written sources, archaeological research and numismatic materials] // Ochet o naýchno-ıssledovatelskoı rabote. – Arhıv Instıtýta arheologıı ım. A.H. Margulan KN MON RK. – Almaty. Op. 2, d. 3178. – 77 s. [in Russian].

Akaevskı A.I., Iýdıchev Iý.F., Celeznev C.B. (2005). Anatomıa domashnıh jıvotnyh [Anatomy of pets]. – Moskva, OOO «Akvarıým-Prınt». – 640 c.: ıl. [in Russian].

Jańabekov K., Maqashev E. (1996). Janýarlar anatomıasy [Animal anatomy]. – Almaty, Bilim. – 336 b. [in Kazakh].

Salkın V.I. (1967). Domashnıe jıvotnye Zolotoı Ordy [Pets of the Golden Horde] // Búleten moskovskogo obshestva ıspytateleı prırody. Otdel bıologıı, T. 72 (1). S. 114-129. [in Russian].

Lykánovskı B.A. ı dp. (1984). Boleznı kostnoı sıstemy jıvotnyh [Diseases of the animal bone system]. – Moskva, Kolos. – 254 s. [in Russian].

Gromova V. (1953). Osteologıcheskıe otlıchıa rodov capra (kozly) i ovis (barany). Rýkovodstvo dlá opredelnıa ıskopaemyh ostatkov [Osteological differences between the genera capra (goats) and ovis (sheep). Guide to the identification of fossils] // Trýdy komıssıı po ızýchenıý chetvertıchnogo perıoda. Izdatelstvo AN SSSR. – Moskva. – 125 s. [in Russian].

Driesch A.V. (1976). A Guide to the measurement of animal bones from archeological sites // Preabody Museum of Archeology and Ethnology Harvard University. Bulletin 1. 136 r. [in English].

Gaıdýchenko L.L., Kırbshın K.Iý. (2013). Osteologıcheskı kompleks ranneeneolıtıcheskogo poselenıa Novoılınka-6 v Kýlýnde [Osteological complex of the Early Neolithic settlement of Novoilinka-6 in Kulunda] // Trýdy fılıala Instıtýta arheologıı ım. A.H. Margýlana v g. Astana. – Astana: Izdatelskaıa grýppa FIA ım. A.H. Margýlana v g. Astana, T.2. – S. 212-220.[in Russian].

Sekerskaıa E.P. (2010). Osobennostı paleoekonomıcheskoı strategıı naselenıa Nıjnego Dýnaıa v epohý pozdnego eneolıta – ranneı bronzy [Features of the paleoeconomical strategy of the population of the Lower Danube in the Late Eneolithic – Early Bronze Age] // Kúltýrnoe prostranstvo mejdý Balkanamı ı Velıkoı stepú v epohý kamná – bronzy. Materıaly po arheologıı Severnogo Prıchernomorá. Vyp. 11. Odessa, «SMIL». S. 141-162.[in Russian].



[*]Ескертку: сүйектердің санынан – жануар санын шығаруда симметриялы сүйектердің ішінде ең көп табылған элемент (төменгі жақ сүйек) басшылыққа алынды.

[†]Аталған тәжірибе туралы Екатеринбург қаласы, РҒА, Орал бөлімі, Жануарлар және өсімдіктер экологиясы иснтитуты, «Палеоэкология» зертханасының маманы, б.ғ.к. археозоолог Д.О. Гимранов ауызша хабарлаған.

[‡]Археозоологияда сүйектердің санына орай, жануардың санын шығару нақты нәтиже ретінде қабылдауға келмейді.  Сол себепті жануар саны «минимальды» түрде көрсетіледі.

[§]Ескерту: n – өлшем жүргізу үшін іріктеулер саны.max-min – өлшем бойынша ең жоғарғы және төменгі көрсеткіш. М – бірнеше өлшемнің орташа арифметикалық мөлшері. (Bp, SD, Gl және т.б.) – А.В. Дриш әдістемесіндегі өлшемдердерің атаулары. Мысалы: Bd – breadth of the distal end(ширина дистального конца).

МРНТИ 03.41.91

ОСТЕОЛОГИЧЕСКИЕ МАТЕРИАЛЫ СРЕДНЕВЕКОВОГО ГОРОДИЩА АСПАРА

(по материалам раскопок 2014 г.)

Е.Ш. Акымбек¹, М.С. Шагирбаев²

¹PhD доктор, ВНС Института археологии

им. А.Х. Маргулана. Казахстан, г. Алматы.

²НС Института археологии им. А.Х. Маргулана. Казахстан, г. Алматы.

Аннотация.В статье рассматриваются остеологические материалы, обнаруженные в 2014 году на раскопе, выполненном в восточной части центрального возвышения (шахристан) средневекового городище Аспара под руководством К.М. Байпакова ЮККАЭ (члены: Е.Ш. Акымбек, М.С. Шагирбаев). Костные останки животных были обнаружены и собраны при углублении раскопа размером 13х10 м на 0,5-1 м во вскрываемых помещениях ХІV-ХV вв., построенных над нижним культурным слоем, с разных уровней, по всему сооружению Общее количество остеологических материалов составило 453 экз., среди них 341экз. определены до вида. 112 костей видовому определению не подлежит, определены как млекопитающие. Все костные материалы, кроме костей осла и собаки, являются «кухонными остатками». Это видно по раздробленности (82%) костей. К целым костям относятся только мелкие по размеру, «кубовидные» элементы скелета. В ходе исследования были выявлены 10 видов животных, описаны их скелетные элементы и возрастные особенности, проведен анализ полового диморфизма. В хозяйстве и рационе питания древних жителей, широко использовалось домашние копытные. Среди костей домашних животных, преобладают кости мелкого рогатого скота. Численность диких животных составляет всего 1%. Основная цель использования домашних животных связана с получением мясной продукции. Это подтверждают исследования, проведенные с учетом возрастных особенностей животных. По-видимому, в получении молочной продукции наряду с крупным рогатым скотом больше употребляли коз. Остеометрические исследования показывают, что в хозяйстве жителей средневекового городища Аспара использовались лошади крупных пород.

Ключевые слова:Чуйская долина, средневековье, городища Аспара, шахристан, археология, культурный слой, остеология, фауна, археозоология, животноводство.

IRSTI 03.41.91

OSTEOLOGICAL DATA FROM THE MEDIEVAL SITE OF ASPARA

(based on 2014 season excavation materials)

E.Sh. Akymbek¹, M.S. Shagirbaev²

¹PhD, Leading Researcher of the A.Kh. MarghulanInstitute of Archaeology. Kazakhstan, Almaty.

²Researcher of the A.Kh. Marghulan Institute ofArchaeology,

Kazakhstan, Almaty.

Abstract. The article considers osteological materials discovered in 2014 at an excavation carried out in the eastern part of the central hillock (shahristan) of the medieval site of Aspara under the leadership of K.M. Baipakov South Kazakhstan Complex Archaeological Expedition (members: Y.Sh. Akymbek, M.S. Shagirbaev). The bone remains of animals were discovered and collected during the deepening of the excavation with a size of 13x10 m in depth by 0.5-1 m in the open rooms of the XIV-XV centuries, built above the lower cultural layer, from different levels, throughout the structure. The total number of osteological materials consists of 453 pieces, among them 341 pieces have been identified as specific species of animals. 112 bones are not subject to species definition, defined as mammals. All bone materials except donkey bones and dogs, are kitchen remains. This is evident from the fragmentation (in total 82%) of the bones. Whole bones include only small, "cuboid" elements of the skeleton. There are 10 species of animals were identified, their skeletal elements and age features were described, and sexual dimorphism was analyzed during the study. In the economy and diet of the ancient inhabitants, domestic ungulates were widely used. Among the bones of domestic animals, the bones of small cattle prevail. The number of wild animals is only 1%. The main purpose of domestic animal’s use was to produce meat products. This is confirmed by studies conducted taking into account the age characteristics of animals. Apparently, goat was more consumed in the production of dairy products along with cattle. Osteometric studies show that horses of large breeds were used in the economy of the inhabitants of the medieval site of Aspara.

Key words: Chui valley, Middle Ages, Aspara site, shahristan, archeology, cultural layer, osteology, fauna, archeozoology, livestock production.

Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы бойынша № AP09260358 «Талас өңірінің ортағасырлық төрткүлдері және мәдени ландшафты» жобасы аясында орындалды.

No comments

To leave comment you must enter or register