Яндекс.Метрика
Home » Materials

Materials

Ш.Н. Нагимов¹, Л.Б. Бердыгужин², Э. Жумабаева3, С.К. Молдашева4 ¹К.п.н., ²д.и.н., 3ст. препод.,4 препод., магистр истории.
МРНТИ 39.21.02 СЛАВНЫЙ ПУТЬ ПЕДАГОГОВ АТЫРАУСКОГО КРАЯ: ОТ ШКОЛ ЛИКБЕЗА ДО СРЕДНИХ ШКОЛ

Аннотация. В статье рассматриваются вопросы истории народного образования Атырауской области в 1920-1930 годов. В 1920-е годы материальные условия большинства школ Прикаспия оставались тяжелыми. Многие дети не посещали школы. Главным препятствием на пути расширения школьного образования являлось отсутствие подготовленных учительских кадров: из 7 тыс. учителей, работавших в республике в 1926-27 учебном году, лишь 37 % имели среднее образование. В аулах и селах просвещением занимались учителя, сами едва умевшие читать и писать. Огромный энтузиазм в овладении знаниями проявляли сами народные массы. С большой заинтересованностью они участвовали в возведении школ, интернатов, обеспечении учащихся учебно-письменными принадлежностями, в социально-бытовом устройстве учительской интеллигенции. На примере жизненных путей три известных учителя Атырауского края Хамидолла Наубетова, Тухфат Абишева и Тульжан Жумабаева прослеживается история борьбы с неграмотностью и становления школьного стройтельство в Прикаспий.

С.К. Рүстемов¹, Р.Е. Оразов². ¹Т.ғ.к., доцент. ²Гуманитарлық ғылымдар магистрі. Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты. Қазақстан,
ҒТАМР 03.20.00 МҰСЫЛМАНДЫҚ ҚОЗҒАЛЫС ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАР

Аңдатпа. Аталмыш мақала тоталитарлық идеологияның үстемдігі тұсында бұрмаланып, Қазақстан тарихының «ақтаңдақ» беттерінің біріне айналған мәселеге арналған. Мақалада ХХ ғасыр басындағы мұсылмандық қозғалыстың Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі рөлі қарастырылып, бірінші орыс революциясы тұсында қазақ интеллигенциясы өкілдерінің «Ресей мұсылмандары одағы» («Иттифақ-ул-муслимин») ұйымына және бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысуы шынайы тұрғыда талданады. Бұл істе Орынбор діни басқармасында қызмет атқарған саяси күрескер, татар азаматы А.Ибрагимов ерекше көзге түсті. Ол 1893 жылы діни қызметін тастап, Түркияға кетті. А.Ибрагимов Түркияда жүріп шетелдік басылымдар арқылы патша өкіметінің отаршылдық саясатын сынға алып, әлем жұртшылығының назарын Ресей мұсылмандарына бұруда елеулі еңбек сіңірді. Ресей мұсылмандарының саяси өміріне ХХ ғасыр басындағы тарихи оқиғалар да әсер етпей қоймайды. Зерттеуде дерек көздері ретінде архив құжаттары (Ресей Федерациясының мемлекеттік архиві, Татарстан Республикасының ұлттық архиві), ХХ ғасыр басында татар және орыс тілдерінде жарияланған газеттердің мақалалары және мұсылмандық қозғалысқа атсалысқан қайраткерлердің еңбектері пайдаланылды. Ресей мұсылмандары арасында отаршылыққа қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу бірінші орыс революциясы қарсаңында өрістей түсті.

Е.И. Стамшалов¹. ¹Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының 2-курс магистранты. Қазақстан, Алматы қ.
ҒТАМР 03.20.00 АРАЛТӨБЕ КӨТЕРІЛІСІ: ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ

Аңдатпа. Мақалада кеңестік ауыл шаруашылығын жетілдіру саясатына алғашқы ұйымдасқан халық қарсылығы көріністерінің бірі – 1928 жылдың сәуір айының 19-ынан 24-іне дейінгі аралықта болған Жетісу губерниясы Талдықорған уезінің Қоғалы болыстығына қарасты Аралтөбе селосындағы көтеріліс тарихы баяндалады. Ғылыми әдебиетте бұған дейін зерттелмеген Аралтөбе көтерілісі 1928 жылы Жетісу губерниясының кейбір аудандарында орын алған аштық көріністерінен советтік азық-түлік дайындау науқанының салдарынан ұйымдасқан бас көтеру болды. Негізінен орыс шаруалары қатысқан көтерілістің басты мақсаты, туып келе жатқан аштық жағдайында астық дайындау науқаны бойынша жиналған астық қорын Аралтөбе аумағынан шығаруға кедергі болып, оны керісінше, ашыққан халыққа таратып беру болды. Осы мақсатта көтерілісшілер Астық тарату комиссиясын құрып, коммунистер мен советтік қызметкерлерді биліктен шеттетіп, олардың үйлерін тінтіп, өздерін қарулы бақылауға алды. Өз кезінде ҚАССР көлемінде үлкен дүрлігу туғызған Аралтөбе көтерілісі ОГПУ тарапынан басып жаншылып, оған қатысушыларға қарсы сот процесі өңір шаруаларына дөңайбат көрсету мақсатында ашық, көрнекі түрде өткізілді. ОГПУ мен Қазақстан өлкелік, губерниялық партия органдары көтерілістің шығуына түрткі болған негізгі себептерді советтік аграрлық саясаттың солақайлығынан іздемей, «кулактардың арандатуы» ретінде бағалады.

Л.А.Бисембаева¹. ¹PhD доктор, аға оқытушы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті. Қазақстан, Алматы қ.
ҒТАМР 03.20.00 ТАУАР-АҚША ҚАТЫНАСТАРЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ ҚАЗАҚТАРЫ (ХІХ ғасырдың ІІ жартысы – ХХ ғасырдың басы)

Аңдатпа. Мақала ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың басында Жетісу облысында сауда байланыстарының дамуы және оның өңір қазақтарының күнделікті тұрмыс-тіршілігіне әсері мәселесіне арналған. Облыс жерінің Қытай мемлекетімен және Орта Азия хандықтарымен шектесіп жатуы патша үкіметіне экономикалық тұрғыдан тиімді болып, сауданың дамуына ықпал еткендігі, оның өз кезегінде жергілікті халықтардың дәстүрлі шаруашылығы мен тұрмысына, облыс тұрғындарының өзара қарым-қатынасына әсері қарастырылады. Сауданың дамуы қазақтардың байырғы кәсіптерін дамытып, табыс көзіне айналдыруына ықпал етті. Малдың айырбас құралы ретінде құны артып, қолда ұсталатын мал түрлері де өзгере бастады. Тауар-ақша қатынастарының дамуы халықтың әлеуметтік теңсіздігін одан әрі арттыра түсті. Сауда өсімқорлық арқылы жүргізілді. Ресейлік, ортаазиялық саудагерлермен қоса жергілікті қазақ байлары да өсімқорлық саудамен айналысты. Қазақтар екі жақты қыспаққа, кіріптарлыққа түсті. Сауда қатынастарының дамуы халыққа экономикалық жағынан қиындықтар туғызғанымен өмірлерінде оң өзгерістер орын ала бастады. Тұрмысқа жаңа бұйымдар еніп, киімдер сапалы, күнделікті тұрмысқа ыңғайлы маталардан, жаңаша сәнмен тігіле бастады. Ішіп-жейтін тағам түрлері өзгерді. Жетісу қазақтарының күнделікті тұрмыс-тіршілігі мен қоғамдық санасы сапалы жаққа бет бұрып, жаңа қоғамдық қатынастарға бейімделе бастады. Мақалада осы және басқа да мәселелер туралы айтылады.

Н.М. Абдукадыров¹, А.П. Акынова². ¹Ph.D. әл-Фараби ат. ҚазҰУ. Ph.D. ²Абай ат. ҚазҰПУ. Қазақстан, Алматы қ.
ҒТАМР 03.09.31 ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДА БАТЫРЛАР ИНСТИТУТЫ ЖӘНЕ ОСМАН ИМПЕРИЯСЫНДА ЯНЫЧАРЛАР ӘСКЕРИ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ (XV-XVIII ғғ.)

Аңдатпа. Әлемдік өркениетте түркі халықтарының тарихы мен қалыптастырған сан ғасырлық бай мәдениеті ерекше орын иеленеді. Еуразия төскейінде далалық әскери өнерді ерте кезден жетік меңгеріп, Ұлы Далада орын алған аса ірі саяси-тарихи процестердің басталуына ықпал еткен түркілердің осы саладағы жетістіктері ауқымды тарихты құрайды. Орта ғасырларда Еуразияда ірі саяси процестердің бастамашысы болған түркі мемлекеттері Қазақ хандығы мен Осман империясының дамуына олардың әскери қуатының жоғары деңгейде болғаны ықпал етті. Екі мемлекеттің де әскери қуаты мықты болып, ол кейіннен осы салаларда белгілі бір орталықтанған жүйе мен институт қалыптастырды. Қазақ хандығында көшпелі өмірге негізделген әскери саланың өзіндік ерекшеліктері болып, ол қазақ қоғамында Батырлар институтының қызметімен сипатталды. Ал, Осман мемлекетінде бірқатар әскери жасақтар болып, оның ішінде Янычарлар әскери жүйесінің қызметі күшті болды. Ұсынылып отырған ғылыми мақалада, Осман империясында әскери салада янычарлардың қызметі мен қазақ қоғамында батырлар институтының саяси-әскери, қоғамдық және әлеуметтік қызметі тарихи-салыстырмалы түрде қарастырылады. Қазақ қоғамындағы әскери жүйе мен түріктердің әскери саладағы ерекшеліктері зерттеледі және тақырыпқа қатысты ғылыми мәселелер талдауға түседі.
Previous 1 ... 23 24 25 ... 199 Next