Яндекс.Метрика
Home » Materials

Materials

Қилыбаева П.Қ. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, т.ғ.к.
ӘОЖ. 292.53 (005.56) Орталық Азиядағы қазіргі мәдениетаралық байланыстардың дамуы

Орталық Азия аймағындағы мәдени байланыстардың қазіргі кезеңдегі даму барысы. Орталық Азияның тарихы мен мәдениетін, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және мәдени мұраны қорғау саласындағы бірлескен жұмыстар сараланады. Түйін сөздер: мәдени құндылықтар, мәдениеттер диалогы, мәдениетаралық байланыстар, мәдени мұра, тарихи-мәдени ынтымақтастық, қазақстандық модель.

Қилыбаева П.Қ., Нұрсұлтанова Л.Н. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
ӘОЖ 338.484.(574). Орталық Азия аймағындағы су мәселесі: саяси-экономикалық аспектілері

Мақалада Орталық Азия аймағы елдерінің Арал теңізі бассейні трансшекаралық су ресурстарын басқару, қорғау және дамытудың ұйымдастыру құрылымын нығайту және тиімді пайдалану мәселелері қарастырылады. Түйін сөздер: су мәселесі, трансшекаралық сулар, су қоры, суды пайдалану, су ынтымақтастығы, су ресурстарын басқару, Халықаралық Аралды құтқару қоры.

Айсұлу Хайрулдаева, әлеуметтік ғылымдар магистрі ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының PhD докторанты
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың Хиуа және Қоқан хандықтарымен қарым-қатынастары туралы жыраулар шығармашылығында

Мақалада ақын-жыраулар шығармашылығындағы XVIII ғ.-XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның ортазиялық елдермен қарым-қатынастары қарастырылған. Жанқожа батыр көтерілісіне арналған тарихи жырлардан кейбір мәліметтер келтірілген. Мақала авторы берілген мағлұматтардың ерекшеліктері олардың біртұтас емес, үзінділер түрінде кездесетінідігін айтып кетеді.

Исламбекқызы Жазира - Абай атындағы ҚазҰПУ, «6М011400-тарих» мамандығының 2 курс магистранты, zh1305@mail.ru
Қызылорда облысы Жалағаш ауданына 1960-шы жылдары қоныс аударған отбасылар

Мақалада Жалағаш ауданына 1960 жылдары қоныс аударған отбасылардың жағдайы баяндалады. Автор бұл мәселені ашу үшін Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағат құжаттарын қолданған. Қоныс аударған отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілген көмек, балаларының мектепке орналасу, тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етілу мәселесі көрсетілген. Жалағаш ауданына көшіп келгендерді қабылдау, аудан көлемінде орналастыру шараларының нәтижесі айқындалған.

ШАЛАГИН А.В. магистрант I курса, Казахского Национального университета имени Аль–Фараби факультет истории, археологии и этнологии
УДК 2+27(574/575) Исторические источники по вопросу проникновения христианства в Центральную Азию и в Казахстан в IV-XII веках (поздняя антика, средние ве

Христианство как мировая авраамическая религия зародилась на территории Палестины и Иудеи еще в начале I века и связана она с ее основателем мессией Иисусом из Назарета и его учениками миссионерами (апостолами). Она начало свое распространение в первых веках нашей эры и стала господствующей религией во всем мире к X веку, о чем свидетельствуют письменные и вещественные исторические источники. Систематизация, классификация и поиск исторических источников по раннему периоду средневековья Казахстана и Средней Азии поможет открыть новые страницы в истории духовности и религиозной системы кочевников, доселе неизвестных отношений между Западом и Востоком. Применен историческо-хронологический и логические методы исследования.