Яндекс.Метрика
Home » Materials » ӘОЖ. 292.53 (005.56) Орталық Азиядағы қазіргі мәдениетаралық байланыстардың дамуы

Қилыбаева П.Қ. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, т.ғ.к.

ӘОЖ. 292.53 (005.56) Орталық Азиядағы қазіргі мәдениетаралық байланыстардың дамуы

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 2(10), 2017

Tags: қазақстандық модель., тарихи-мәдени ынтымақтастық, мәдени мұра, мәдениетаралық байланыстар, мәдениеттер диалогы, мәдени құндылықтар
Author:
Орталық Азия аймағындағы мәдени байланыстардың қазіргі кезеңдегі даму барысы. Орталық Азияның тарихы мен мәдениетін, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және мәдени мұраны қорғау саласындағы бірлескен жұмыстар сараланады. Түйін сөздер: мәдени құндылықтар, мәдениеттер диалогы, мәдениетаралық байланыстар, мәдени мұра, тарихи-мәдени ынтымақтастық, қазақстандық модель.
Text:

Әртүрлі мәдениеттер мен өркениеттерге төзімді және объективті қатынастар жасауға дағдылану, олардың рухани мұраларын түсіну, мәдени, діни, нәсілдік және басқа айырмашылықтардың заңдылығын мойындау қазіргі кезеңдегі дамудың талаптары.

Бүгінде қалыптасқан мәселелерді объективті саралау үшін белгілі бір немесе басқа мәдениеттер мен өркениеттер өкілдерінің тарихи тәжірибесін біржақты түсіндіруге тосқауыл қою қажет.

Орталық Азия онда мекендейтін халықтардың тағдырына, географиялық жағдайына және жалпы мәдени заңдылықтарға байланысты  айтарлықтай тұтастық  және өзіндік  мәдени - тарихи кеңістікті білдіреді. Орталық Азия – бұл  бірегей ерекше аймақ, оның аумағында көп ғасырлық өркениеттер мен көптеген діндер мен наным – сенімдер, көшпелі және отырықшы мәдениет түйісті, және дәл осы жерден Жібек жолы өтті. Өзінің тарихи шығу тегіне  қарай бұл мемлекеттердің халқы екі – батыстық және шығыстық өркениеттің  түйісуінде  маңызды рөл атқарды. Қазіргі кезеңде  ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейінгі халықтардың тарихи – мәдени өзара байланысы мәселелерін, еуразиялық жақындастық пен өзіндік ерекшелігін  зерттеуде үлкен маңызға ие.  Орталық Азия тарихы мен мәдениеті бірнеше жүздеген жылдар бойына шығыс өркениетімен тығыз байланыста дамыды. Қытай, түрік, моңғол, иран және арабтық ерте және орта ғасырлық жазба ескерткіштер Орталық Азия  аймағындағы территориялардың мемлекеттілігі мен этносаяси  тарихын зерттеу үшін бағалы дерек көздері болды. Кеңбайтақ Еуразия аймағындағы орын алған және болып жатқан күрделі тарихи  үрдістерді объективтік тұрғыдан түсінуде  маңызы зор. Орталық Азияның әлемдік  өркениеттер тоғысында орналасу жағдайы оның өркениетаралық диалогтағы, мәдени құндылыықтармен алмасу, адамзат қоғамының, халықтар, мемлекеттер  дамуындағы бірегейлік рөлін анықтап берді. Аймақ бұл миссияны  ғасырлар мен мыңжылдықтар бойы орындап келеді, этникалық, мәдени, конфессионалық үрдістердің алуан түрлілігі оның тарихынан көрініс тапты [1].

Кейбір ғалымдардың Орталық Азияға геогафиялық тұрғыдан спаттама беруге тырысқан  пікірі бойынша,  этномәдени фактор бес мемлекеттен тұратын аймақтың егеменді тұтастығын сақтауда жетекші рөл атқаруда [2].

Аймақтағы бес мемлекет – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстанды  олардың тарихи, мәдени және әлеуметтік- саяси дамуындағы көптеген ортақтық біріктіреді. 1991 ж. тәуелсіздік алған сәттен  тарихи – мәдени  мұраны қорғау  Орталық Азия мемлекеттерінің  мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттының негізін қалаушы принциптерге айналды.  Тарихи – мәдени  мұраны қорғауды  жүйелі түрде жүзеге асыру аймақтағы жас мемлекеттердің қалыптасуы үшін маңыздылығын терең түсінуге байланысты.

Мәдениетті жан-жақты түсіндіру ортақ мәдени мұра ретінде  ашықтықпен  және төзімділікпен қарау – міне, осы қазіргі және келешектегі  аймақтың және тұтастай алғанда әлемнің жетекші императиві болуы  қажет.

Мәдениетаралық диалог тұтастай алғанда адамзат өркениетінің дамуындағы  басты аспектілердің бірі болып қалады. Мәдениеттер диалогы өзара түсіністік дегенді білдіреді. Ал өзара түсіністік дегеніміз бірлік, ұқсастық, үйлестік.  Мыңжылдықтар бойында Орталық Азияда мәдениеттің өзара толығуы жүрді, ал осыдан аймақтық өркениеттің  бірегей құбылысы қалыптасты.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің 2006 жылдың 18 наурыздағы  «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына Жолдауы [3]  аясында Қазақстан Үкіметі 2006-2008 жылдарға арналған этникааралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі бағдарламасын жетілдіру туралы шешім қабылдады [4].

Көп этникалық  және көп діндік  қоғамда гуманистік құндылықтар диалогы қамтамасыз етіледі деген қазақстандық тәжірибе өзінің бірегейлігін көрсетеді. Қазақстан үшін  айырықша өзіне тән және бірегей деп айтуға болатын бірігу құралы Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы.

 Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1995 жылғы 1 наурызындағы жарлығымен мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылды. Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы құру туралы идеясын алғашқы рет 1992 жылы тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының бірінші форумында жариялады. Мұндай институт саяси тұрғыдан жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтникалық және поликонфессиялық мемлекет үшін тұрақты дамудың кепілі еді.  Бұл бастама мәдениетаралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалады және этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі жаңа бағыт болды. Жиырма екі жылдық тарихында Халықтар Ассамблеясы қарқынды дамып, елеулі сапалы өзгерістерді бастан кешірді. Осы жылдар ішінде Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол – халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды.

Мәдениетаралық диалогтың тиімді тәжірибесі «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы үлгісінде де зерттелді.

Көрші елдер ғалымдарының мәдениет тарихы мәселелерінің ауқымды деректану базасын зерттеуді бірлесе жүргізуі өзекті және күрделі міндет болып табылады.  Тарих ғылымындағы сапалы маңызды өзгерістерге байланысты, мемлекеттілік, көшпенділер мәселесін зерттеу, көшпелі және отырықшылық мәдени байланыстар, Орталық Азиядағы тарихи – мәдени қарым – қатынастарды жаңа объективті  көзқарас негізінде  қарастыру көзделді. Шетел мұрағаттарынан, ғылыми мекемелері мен кітапханаларынан Қазақстан тарихына қатысты құнды құжаттарды іздестіру, көшірмелерін алу жұмыстары Қазақстан Республикасының «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында да қолға алынып, жалғасын тапты.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен міндеті айқындалып, кезең-кезеңмен 2004-2006, 2007-2008, 2009-2011 жылдары жүзеге асты.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 797 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында Мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мұрағаттарды және құжаттаманы басқару жөніндегі комитет төрағасының 2001 жылы 16 қарашадағы № 65 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы үшін тарихи және мәдени құндылығы бар шетел мұрағаттары мен ғылыми мекемелерінен Қазақстанның ХҮ-ХХ ғасырлар тарихы бойынша құжаттар көшірмелерін іздестіру және алу шараларының бағдарламасы» қабылданды.
[5].

Қазіргі кезде Р.Б. Сүлейменов атындағы шығыстану институты  ғылыми қызметкерлері  академиялық ориенталистика бағыттарының бірі – шығыс археографиясын қорғау және дамыту бойынша нақты жұмыстар жүргізуде. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазақстандық деректану базасын толтыру және кеңейту мүмкіндігін берді, нәтижесінде Қазақстандағы шығыстану ғылымының қайта дамуына, жандануына үлкен  демеу болды. Бұл бағдарламаның аясында  шығысты зерттеу археографиялық экспедициясы  құрылды және әртүрлі қолжазба сақтау орындары орталықтарына маршруттар ұйымдастырылды. Экспедицияның міндеті  Қазақстан аумағына және оның шегінен тысқары жерлерге  жоспарлы және жүйелі түрде зерттеу жүргізу болды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тұрғындар қолындағы шығыс қолжазбалары мен көне баспа кітаптары анықталды және сатып алынды,  кешенді зерттеу жүргізілді, негізінен Қазақстаннан тысқары жерлердегі  (Ресей, Орталық Азия, ҚХР, Моңғолия, Үндістан, Иран, Түркия, Египет, Ұлыбритания, Германия, Франция, Венгрия және басқа елдердегі) мұражайлар мен мұрағаттардағы  шығыстық жазба деректеріне ғылыми аударма және  талдау жасалынды.  Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Египет, Өзбекстан, Армения, сонымен қатар АҚШ пен Батыс Еуропада ұйымдастырылған ғылыми-зерттеу экспедициялар нәтижесінде 5 мыңнан астам құнды тарихқа, этнографияға, Қазақстан өнеріне байланысты мұрағаттық  құжаттар, қолжазбалар мен баспа басылымдары алынды.

Мәдени әртүрлілік және мәдениетаралық диалог жаһандық және ұлттық кеңістіктердегі тұрақты дамудың кепілі болып табылады. ЮНЕСКО –ның және оның мүшелерінің аталған мәселелер бойынша ұстанымы «Мәдени ортақтық туралы жалпыға бірдей декларациясында» бекітілген. Мұраларды сақтау  (материалдық және материалдық емес: мәдениет пен тарих ескерткіштері, оларды қоршаған орта, адамгершілік және эстетикалық идеалдар, нормалар мен  тіл, ұлттық салт –дәстүр, тарихи топонимдер, фольклор, көркемөнер кәсібі, қолөнер) оны пайдалануды  анықтау, қорғау мен регламенттеу болып табылады. Материалдық мұра  статусы  «Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау туралы халықаралық конвенция», ал материалдық емес мұраның статусы ЮНЕСКО – ның «материалдық емес мәдени мұраларды қорғау туралы» Конвенциясымен ұйғарылады. Жаһандану үдерісінің мәдениеттер, діндер мен өркениеттер  қақтығысына әкелетін оң және кері де бағыттары бар. Істің негізгі уәжі – мәдениетаралық диалогқа ықпал ету және  мәдени әртүрлілікті қолдау, көтермелеу, осының негізінде әр түрдегі материалдық және материалдық емес мәдени мұраларды  сақтау мен қорғауға елеулі түрде назар  бөлуде жатады.

Орталық Азия халықтарының тарихи – мәдени мұрасының  алуан түрлілігі бүгінде кеңінен құрметтелуде. ЮНЕСКО жетекші мекеме болған,  Халықаралық мәдени мұра жылы (2002 ж.)  бұл байланыстардың одан ары тереңдеуіне ықпал етті. Орталық Азия мемлекеттері ЮНЕСКО –ның мүшесі бола отырып, осы және тарихи – мәдени мұраны қорғау саласындағы ЮНЕСКО – ға әріптес басқа да халықаралық ұйымдар жасаған халықаралық актілерді орындауға ұмтылуда. ЮНЕСКО  Орталық-Азиялық аймақта қоғамдастың назарын қатысушы-мемлекеттерге аударып қана қоймай, аймақта мәдени ынтымақтастық  жаңа платформасын құруда. «Жібек жолы-диалогтар жолы» жобасының аясында, сондай-ақ, келесі жоба «Орталық Азиядағы мәдениетаралық диалог» жобасында Бішкекте, Ташкентте, Алматыда, Душанбеде, Улан-Баторда және Ыстықкөлде, әрбір тарап үшін де маңызды,  диалог тақырыптарына арналған  кездесулер өткізді.

1994 жылы Алматыда ЮНЕСКО-ның бюросы ашылды және ол төрт елді - Қазақстан, Қырғызстан,Тәжікстан мен Өзбекстан атынан  ЮНЕСКО-да өкілдік етеді. Аталған  БҰҰ-ның органы өз қызметін ЮНЕСКО   істері бойынша Ұлттық  комиссия  арқылы жүзеге асырады. Бюроның басты мақсаты мен міндеті білім, ғылым, мәдениет, коммуникация және ақпараттар  негізінде адам дамуы мен бейбітшілікті құруға үлес  қосу болды.

1995 ж. Өзбекстанның  сол кездегі Президенті И.А. Каримовтің бастамасы бойынша Самадқандта  ЮНЕСКО – ның Халықаралық  орталық - азиялық зерттеулер  институты (МИЦАИ) құрылды.  Оның негізгі мақсаты Орталық Азияның тарихы мен мәдениетін зерттеу бойынша халықаралық пәнаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту және қолдау. Қазіргі кездегі институттың мүше – елдері  Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Корея республикасы, Қытай, Пәкстан, Әзербайжан, Иран және Түркия.  Сондай – ақ, институттың ғылыми бағдарламаларына Жапония, Германия, Франция, Үндістан, Моңғолия, Ресей және Ұлыбритания ғалымдары қатынасады.

БҰҰ – ның Бас Ассамблеясының 2002 жылдың қарашасындағы  пленарлық отырысында қазақстандық делегация  БҰҰ –на таяудағы жылдардың бірін діндер мен мәдениеттер арасындағы  диалогтар жылы деп жариялауды ұсынды.

Қазақстанның 2013 жылдан 2022 жылдар аралығын мәдениеттерді  жақындастырудың халықаралық онжылдығы атау жөніндегі  бастамашылығын ЮНЕСКО –ныңқамқорлығыменілгері жылжытуы нақты үлес ретінде аталып өтілді.  

ЮНЕСКО-ның бас директоры И.Бокова Қазақстанның мәдениеттерді  жақындастырудың халықаралық онжылдығы идеясын алға жылжытудағы идеясын, Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің съезінің маңызды рөлін, Қазақстан жетекшілерінің бірқатар бағдарламаларды қаржыландыруы, сондай-ақ, елдің  ЮНЕСКО қызметіне белсенді қатысуы  Ұйымның потенциалын кеңейтуге көмегін атап өтті [6].

ЮНЕСКО-ның Бүкіәлемдік мұралары тізіміне 4 аталым: Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі (2003 ж.), Тамғалы археологиялық ландшафтының петорглифтері (2004 ж.), «Сары-Арқа – Солтүстік Қазақстанның далалары мен көлдері» аталымы аясында Қорғалжын және Наурызым қорықтары (2008 ж.), сондай-ақ «Жібек жолы: Чаньань-Тянь-Шань коридоры бағыттарының желісі» Қытай және Қырғыз Республикаларымен бірлескен сериялық траншекаралық аталым аясында сегіз қазақстандық объекті (Алматы облысындағы – Қаялық, Арқамерген, Талғар қалашықтары, Жамбыл облысындағы – Степнинское, Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек қалашықтары) кірген (2014 ж.). Жапонияның қаржылық қолдауымен көне Отырар қаласының сақтау жобасы жүзеге асырылды. 2014 ж. қыркүйекте қырғыз және өзбек тараптары бірлесе ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұра Орталығына «Батыс Тянь-шань» трансшекаралық аталымы жолданды [7].

Тәжікстандағы  ЮНЕСКО – ның бүкіләлемдік мұрасы нысандарының қатарында 2 аталым кірді. Біреуі  мәдениет және тағы біреуі табиғи өлшемдер бойынша.Саразм — Тәжікстандағы Бүкіләлемдік мұралар  қатарындағы ең бірінші  ескерткіш(2010). Бұл Зеравшан өзенінің сол жағалауында, Пенджикент аудан орталығынан батысқа қарай 15 км.  жерде орналасқан б.э.дейінгі IV—II ғғ.ежелгі елді мекен. Жақсы сақталған сарайлық және табынушылық ғимараттары, қоғамдық және тұрғылықты орындар  үлкен тарихи мәдени құндылықтарды құрайды. Екіншісі Тәжік ұлттық паркі (Памир таулары) (2013). 

Қырғызстанда  ЮНЕСКО – ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне  енген 3 аталымның біріншісі Сүлайман Тоо  (2009) Ош қаласындағы қасиетті тау, Ұлы Жібек жолы бойындағы Ұлы Жібек жолы: Чанъань-Тянь-Шань дәлізі. Суяб қалашығы (2014). Суяб немесе Ордукент Шу алқабындағы ерте ортағасырлық қала және  Орталық Азияның бес елінің де (Қырғызстан, Тәжікстан, Батыс Тянь-Шань (2016) - Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы, Қазақстан және Өзбекстан) территориясына орналасқан Тянь –Шань – тау жүйесі.

Ал Өзбекстанда 4 аталымы есепте бар. Ичан – Кала (1990)  – Өзбекстандағы Орта Азиядағы Бүкіләлемдік мұраның ең бірінші ескерткіші болған тарихи Хиваның (қала-қорық статусы 1968 ж.) мықты қабырғаларымен қоршалған ішкі қаласы. Бұхара (1993) – Орталық Азияның ең ежелгі қаласы, Бұхар облысының облыстық орталығы, Шахрисабз (2000) Қашқардария облысындағы қала,  Самарқандтан оңтүстікке қарай 80 км. орналасқан.  Чаткаль мемлекеттік биосфералық қорық (2001).

Түркменстанда  ЮНЕСКО – ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне  енген 3 аталым бар. Мерв (1999)  Орта Азиядағы Мургаб  өзенінің жағасында орналасқан белгілі ежелгі қала. Парсы сатрпатығының және Сельджуктер мемлекетінің астанасы.  Мервтің қираған үйіндісі –адамзаттың Бүкіләлемдік мұралар  ескерткіші.Кёнеургенч (2005) –  ескі Ургенч – ежелгі қала, Ашхабадтан батысқа қарай 18 км. Багир елді мекеніне жақын орналасқан-Ниса(2007).

2016 жылы Орталық Азияның алты жаңа элементтері  материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілді.

Орталық Азиядағы  этникалық, мәдени және рухани плюрализмді одан ары дамытуға бағытталған табысты шаралар топтамасы  өткізілді. Мәселен, Бішкекте 1999 жылы қыркүйекте өткізілген  «Орталық Азиядағы мәдениет және дін» тақырыбында халықаралық конференцияның оның барысында  Қырғыз – Ресей  славян университеті жанында  мәдениет пен дінді зерттеу бойынша ЮНЕСКО кафедрасы  құрылды. Бұның алдында 1996 жылдың 14 мамырында Қазақ мемлекеттік университеті мен ЮНЕСКО арасындағы өзара ынтымақтастық келісімі негізінде журналистика және коммуникация бойынша ЮНЕСКО кафедрасы,  ал жалпы  Қазақстанда БҰҰ ұйымдарының қолдауымен білім, ғылым, мәдениет, коммуникация және ақпарат бойынша бес кафеда құрылды. 2000 жылдың  14-16 қыркүйегінде Ташкентте « Әлемдік дінаралық диалог және мәдениет»  атты халықаралық форум және Бұхара қаласында осыған  байланысты суфизм бойынша семинар  өткізілді.  Ташкент университеті жанынан  «Әлемдік діндерді салыстырмалы зерттеу» ЮНЕСКО кафедрасы ашылды. Сонымен қатар,  ЮНЕСКО- ның Орталық Азиядағы мәдениетаралық диалог бойынша жобасы аясында 2003 жылдың 10 – 13 маусымында Душанбеде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және және Өзбекстан бойынша Алматыдағы ЮНЕСКО – ның Кластерлік  кеңсесімен бірге «Орталық  Азиядағы мәдениетаралық диалогтағы әйелдердің рөлі»  тақырыбында  халықаралық конференция өткізілді. Оның нәтижесінде Душанбедегі  Ресей – Тәжік университеті жанынан  «Қазіргі әлемдегі мәдениетаралық диалог» кафедрасы құрылды.

Түркі тілдес мемлекеттер мен Еуразия құрлығы халықтарының мәдениет саласындағы ынтымақтастығын, түркі мәдениеті мен өнерін бірлесіп нығайту мен дамыту да жолға қойылды. 1992 жылы бойына Баку мен  Стамбұлда өткен кездесулерде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан,  Әзербайжан  және Түркия елдерінің мәдениет министрлері бірлескен мәдени бағдарлама аясында ынтымақтасуға дайын екендігін білдірді. 1993 жылдың 12 шілдесінде қол қойылған келісім нәтижесінде Алматыда Түркі мәдениетін және өнерін ортақ дамыту халықаралық ұйымы құрылды. ТҮРКСОЙ келісіміне бақылаушы елдер ретінде Ресей Федерациясының құрамындағы Татарстан, Башқұртстан, Хакасия, Тува, Алтай, Саха-Якутия және Молдованың құрамындағы Гагауз елі қосылды. ТҮРКСОЙ-дың штаб-пәтері Түркияның астанасы – Анкарада орналасқан.

1996 жылы Түрксой мен ЮНЕСКО ресми ынтымақтастығы басталды.

2009 жылы Ұйым қазіргі  Халықаралық  түркі мәдениеті ұйымы, Түрксой атауына ие болды.  Түрксой 2009 жылдың 3 қарашасында  құрылған Түркі кеңесінің құрамына кірді.

– ЮНЕСКО-ның белсенді мүшесі ретінде біздің еліміз БҰҰ-ның мамандандырылған ұйымының мақсаттарына адалдығын білдіре отырып, көптеген жаһандық бастамаларды көтеріп келеді.

2008 жылдан  Еуропаның және басқа құрлықтар  халқына түркітілдес елдердің мәдени жетістіктерін таныстыруға ұмтылған Түрксойдың халықаралық қызметіның маңызы кеңейді. БҰҰ – ның Бас Ассамблеясы  2009 жылы Наурызды адамзаттың материалдық емес мұрасы қатарында  репрезентативті тізімге кіргізуімен 21 нурыз Халықаралық Наурыз күні деп жарияланды.

Осылайша, мемлекеттаралық диалогты  дамытуда ерекше маңызға ие  Түрксойдың  ЮНЕСКО – ның штаб пәтерінде 1999 Қорқыт ата кітабының 1300 – жылдығын, ал 2010 жылдан бастап  жыл сайын ЮНЕСКО аясында Наурызды мерекелеу шараларын ұйымдастыруы болды. 

2009 жылдың 3 қазанында Әзірбайжан Республикасының Нахчыван қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының IX саммитінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев түркі дүниесін зерттейтін халықаралық ғылыми орталық құру туралы ұсыныс жасады. 2010 жылдың 25 мамыры күні Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Түркі академиясы ашылды. Бірегей ғылыми-зерттеу орталықтың тұсаукесеріне ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Абдуллаһ Гүл сонымен қатар, Қазақстан, Түркия, АҚШ, Ресей (Татарстан, Башқұртстан, Чуваш, Якутия), Өзбекстан, Қырғызстан, Украина мемлекеттерінің көрнекті түрколог ғалымдары қатысты.  Түркі мәдениетін сақтап қалуды қамтамасыз ету үшін Бакуде Білім беру қорын құру, Астанада Түркі әлемін зерттейтін арнайы орталық пен Түркі халықтарының халықаралық академиясының құрылуы, ТҮРКСОЙ-дың Астананы түркі әлемінің 2012 жылғы астанасы етуді жариялауы

Қырғыз Республикасының астанасы Бішкекте 2012 жылдың 22-23 тамызы күндері өткен Түркі кеңесі ІІ саммитінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия Республикасының Президенті Абдуллаһ Гүл, Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев пен Әзербайжан Республикасының Премьер-министрі Артур Расизаде Түркі академиясына халықаралық мәртебе беру жөніндегі келісімге қол қойды. Келісімді құрушы елдер ратификациялағаннан кейін Қазақстанда 2010 жылы құрылып, жұмыс істеп тұрған Түркі академиясы 2014 жылдың 28 тамызынан бастап халықаралық мәртебеге ие болды. Осылайша түркітілдес төрт елдің ерікті түрде құрған бірегей халықаралық ғылыми ұйымы — «Халықаралық Түркі Академиясы» өз жұмысын бастады.Мақсаты: Көне дәуірден бүгінге дейінгі түркі әлемі тарихын, тілі мен әдебиетін және мәдениетін зерттеп түркі мемлекеттерінің әлемдік өркениеттегі орны мен ерекше үлесін төлтума деректер негізінде аша отырып жалпы түркі әлеміне қатысты ғылыми зерттеулерді үйлестіретін бірегей орталыққа айналу.

ТҮРКСОЙ ұйымы да түркі халықтарының материалдық және материалдық емес мәдени мұраларды қорғау бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Атап айтқанда, тарихи және мәдени ескерткіштерді жаңғырту бойынша жұмыстар, фольклор дәстүр және әдет-ғұрыптарды зерттеу, сондай-ақ түркі халықтарының тарихи-мәдени, архитектуралық және археологиялық ескерткіштерді қорғау бойынша жұмыстар жүргізіледі.

2016 жылғы 1-2 желтоқсанда ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттер Мәдениет министрлерінің 34-ші отырысы, сонымен қатар «Шеки – Түркі әлемінің 2016 жылғы астанасы» (Әзербайжан) шарасы өткізіліп, оның шеңберінде Түркістан қаласы 2017 жылғы түркі әлемінің астанасы болып таңдалды [8].

Орталық Азиядағы мәдениетаралық қатынастарға ғылыми мағына беру өткен ғасырдың 50-шы-60-шы жылдарынан, аталған аймақ халықтарының мәдени мұрасын мақсатты түрде зерттеуді ұйымдастырумен қатар  басталды.

Орталық Азия халықтары өзінің мәдени құндылықтарына ұқыптылықпен және сүйіспеншілікпен  қарайды, дәл осы құндылықтар орталықазиялық елдерді біріктіреді.

Әлемдегі және біздің ОА - дағы мәдениетаралық қызмет, қазіргі әлемде өткен ғасырдың 50-шы жылдарында қалыптасқан, тұрақты заңдық – құқықтық базаға негізделген. ОА елдерінде бұл заңдармен танысу және өзінің ұлттық мәдениетті заңдық – құқықтық базасын құруы тәуелсіздік жетістіктерімен қатар басталды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.  Назаров Р. Р.Традиции межэтнического и межконфессионального диалога: на примере Центральной Азии []. URL: www.idmedina.ru/books/materials/rmforum/4/nazarov.htm?

2.  Алимов Р. М. Проблемы формирования новой архитектуры региональной безопасности в условиях глобализации (на примере Центральной Азии) : автореф.  дис. …д-ра политолог. наук. – Т. : УМЭД. 2006. – С. 23.

3.  Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына Жолдауы http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K060002006_/links

4. Об утверждении Программы совершенствования казахстанской модели межэтнического и межконфессионального согласия на 2006-2008 годы. Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2006 года N 593 https://tengrinews.kz/zakon/pravitelstvo_respubliki_kazahstan_premer_ministr_rk/natsionalnaya_bezopasnost/id-P060000

5.  Қонысбаева Б.Б. «Мәдени мұра» бағдарламасы: жазба деректерді жинау және жариялау мәселелері kzhttp://e-history.kz/kz/contents/view/892 e-history.kz

6.Казахстан и ЮНЕСКО укрепляют сотрудничествоhttps://www.zakon.kz/4704108-kazakhstan-i-junesko-ukrepljajut.html

7.  Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі БҰҰ (ЮНЕСКО)www.mfa.kz/.../147-bilim-ylym-zh-ne-m-deniet-m-seleleri-z...

http://www.mfa.kz/index.php/kz/astana-calling/8-material-aza/147-bilim-ylym-zh-ne-m-deniet-m-seleleri-zh-nindegi-b-yunesko

8.  ТҮРКСОЙ http://mfa.greengo.kz/kz/content-view/tyurksoj

Список использованной литературы

1.  Назаров Р. Р.Традиции межэтнического и межконфессионального диалога: на примере Центральной Азии []. URL: www.idmedina.ru/books/materials/rmforum/4/nazarov.htm?

2.  Алимов Р. М. Проблемы формирования новой архитектуры региональной безопасности в условиях глобализации (на примере Центральной Азии) : автореф.  дис. …д-ра политолог. наук. – Т. : УМЭД. 2006. – С. 23.

3.  Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына Жолдауы http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K060002006_/links

4. Об утверждении Программы совершенствования казахстанской модели межэтнического и межконфессионального согласия на 2006-2008 годы. Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2006 года N 593 https://tengrinews.kz/zakon/pravitelstvo_respubliki_kazahstan_premer_ministr_rk/natsionalnaya_bezopasnost/id-P060000

5.  Қонысбаева Б.Б. «Мәдени мұра» бағдарламасы: жазба деректерді жинау және жариялау мәселелері kzhttp://e-history.kz/kz/contents/view/892 e-history.kz

6.Казахстан и ЮНЕСКО укрепляют сотрудничествоhttps://www.zakon.kz/4704108-kazakhstan-i-junesko-ukrepljajut.html

7.  Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі БҰҰ (ЮНЕСКО)www.mfa.kz/.../147-bilim-ylym-zh-ne-m-deniet-m-seleleri-z...

List of references

1. Nazarov R. R. Traditsii mezhetnicheskogo i mezhkonfessional'nogo dialoga: na primere Tsentral'noy Azii []. URL: www.idmedina.ru/books/materials/rmforum/4/nazarov.htm?
2. Alimov R. M. Problemy formirovaniya novoy arkhitektury regional'noy bezopasnosti v usloviyakh globalizatsii (na primere Tsentral'noy Azii) : avtoref. dis. …d-ra politolog. nauk. – T. : UMED. 2006. – S. 23.
3. Nazarbayev N.Ə. «Kazakhstannyn alemdegi basekege kabiletti 50 eldin kataryna kiru strategiyasy. Kazakhstan oz damuyndagy zhana serpilis zhasau karsanynda” atty Kazakhstan khalkyna Zholdauy http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K060002006_/links
4. Ob utverzhdenii Programmy sovershenstvovaniya kazakhstanskoy modeli mezhetnicheskogo i mezhkonfessional'nogo soglasiya na 2006-2008 gody. Postanovleniye Pravitel'stva Respubliki Kazakhstan ot 28 iyunya 2006 goda N 593 https://tengrinews.kz/zakon/pravitelstvo_respubliki_kazahstan_premer_ministr_rk/natsionalnaya_bezopasnost/id-P060000
5. Konysbayeva B.B. «Madeni mura» bagdarlamasysy: zhazba derekterdi zhinau zhəne zhariyalau maselelerí kzhttp://e-history.kz/kz/contents/view/892 e-history.kz
6.Kazakhstan i YUNESKO ukreplyayut sotrudnichestvo https://www.zakon.kz/4704108-kazakhstan-i-junesko-ukrepljajut.html
7. Bilim, ġylym zhane madeniyet maselelerí zhoinindegí – YUNESKO www.mfa.kz/.../147-bilim-ylym-zh-ne-m-deniet-m-seleleri-z...

Межкультурное развитие в Центральной Азии на современном этапе

Килыбаева П.К.

Евразийский Национальный Университет имени Л.Н.Гумилева

Аннотация. Процесс развития межкультурных связей регионе Центральной Азии. Анализируеются совместные работы в сфере истории и культуры, развития международных отношений, а также защиты культурного наследия.

Ключевые слова: кульутрные ценности, межкультурный диалог, межкультурные связи, культурное наследие, историческо*культурное сотрудничество, казахстанская модель.

Intercultural development in Central Asia at the present stage

Kilybayeva P.K.

L.N. Gumilyov Eurasian National University  

Annotation. There is studied developing process of intercultural relations in the Central Asian region. The joint work in the field of history and culture, the development of international relations, as well as the protection of cultural heritage are analyzed.

Key words: cultural values, intercultural dialogue, intercultural relations, cultural heritage, historical and cultural cooperation, Kazakhstani model.


No comments

To leave comment you must enter or register