Мақалада революцияға дейінгі Семей қаласындағы негізі қаланған қыздар прогимназиясы мен гимназиясының (1856-1917ж.ж.) құрылу тарихы қарастырылады. Автор қыздар прогимназиясы мен гимназиясындағы оқу үрдісі, материалдық базасы педагогикалық ұжымы, оқушылардың ұлттық құрамы, әлеуметтік тегі және діни-нанымы, гимназистердің оқу көрсеткішінің үлгерім деңгейі, гимназияның сыртқы және ішкі тәртібі, оқу бағдарламасы мен оған қатысты оқу құралдары да мақалада талданады.
Мақалада саналы ғұмырын ХХ ғасырдың отызыншы жылдары елде орын алған саяси ахуалға орай әкесі Шәкәрім Құдайбердіұлының қудалануына байланысты елден сыртта өткізуге мәжбүр болған Зият Шәкәрімұлының ақын, драматург және ұстаз ретінде қалыптасуына ықпал еткен факторлар талданады. Сондай-ақ оның Қытай қазақтары арасында Абай мен Шәкәрімнің, Алаш қайраткерлерінің шығармашылығын насихаттау мен сақтаудағы еңбегі туралы шәкірттерінің естеліктері негізінде сипаттама беріледі.
В данной статье приводится историографический обзор по проблеме депортации народов в Казахстан, на основе книг автора Ермекбаева Ж.А., который знакомит читателей с чеченцами и ингушами, исторические судьбы которых вот уже свыше семидесяти лет связаны с Казахстаном. А также исследователь осветил историю депортации и расселения спецпереселенцев чеченской и ингушской национальностей в Казахстане. Кроме данного труда, в статье описываются сборники документов по истории депортаций в Казахстан, коллективный труд АП РК и ЦГА РК. Магистрант попытается сравнительно анализировать документы собранные в сборнике о депортациях периода коллективизации, о насильственном переселении народов в Казахстан в 1935-1939 гг., именуемом в научной литературе социально-этническими и этническими депортациями.
Мақалада «Моңғол құпия шежіресінің» жазылған нақты уақыты жайлы шетелдік Қытай, Корей, Ресей, Жапон т.б. шетелдік ғалымдардың 1901-2007 жылдар аралығындағы зерттеулері, болжамдары және алуан түрлі пікірлеріне назар аударылған.
Тақырыпқа байланысты зерттеу жүргізген ғалымдардың ішінде Австралиялық ұлттық университетінің профессоры Игорь де Рахевильц және Индиана университетінің доценті, Орталық Азия зерттеулері Адъюнкт доценті Кристофер П. Этфуудтың көлемді жұмысы қарастырылған.
Мақалада Қазақстандағы балқар және қарашай этносының саны мен орналасуы қарастырылады. Автор қарашай-балқарлардың өсу динамикасын санақ материалдарын пайдалана отырып әртүрлі кестелермен көрсеткен. Арнайы деректер мен статистикалық мәліметтер берілді.