Яндекс.Метрика
Home » Materials » Қызылорда облысы Жалағаш ауданына 1960-шы жылдары қоныс аударған отбасылар

Исламбекқызы Жазира - Абай атындағы ҚазҰПУ, «6М011400-тарих» мамандығының 2 курс магистранты, zh1305@mail.ru

Қызылорда облысы Жалағаш ауданына 1960-шы жылдары қоныс аударған отбасылар

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 2(10), 2017

Tags: Қызылорда облысы., мектеп, кеңес уақыты, ауыл өмірі, қоныс аудару, қоныс аударушылар, Жалағаш ауданы
Author:
Мақалада Жалағаш ауданына 1960 жылдары қоныс аударған отбасылардың жағдайы баяндалады. Автор бұл мәселені ашу үшін Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағат құжаттарын қолданған. Қоныс аударған отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілген көмек, балаларының мектепке орналасу, тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етілу мәселесі көрсетілген. Жалағаш ауданына көшіп келгендерді қабылдау, аудан көлемінде орналастыру шараларының нәтижесі айқындалған.
Text:

Кеңестік биліктің 1950 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қабылдауы Қазақстанға  жоспарлы қоныс аударудың жаңа толқынын туғызды. Әдеттегідей, 1954 жылы тың аймақтарына көшкендерге бірқатар жеңілдіктер берілді. Солардың қатарында,  бір мезгілдік төлемақылар төленді, тұрғын үй салуға және ірі қара мал сатып алуға несие берілді, ауыл шаруашылық салықтарынан 3-5 жылға босатылды.

1950-60-шы жылдар Қызылорда облысына да қоныс аударушылар легінің орын алғанын деректер көрсетеді. Негізінен, 1964-1965 жылдары Жалағаш ауданына Белоруссиядан және Қытайдан көшіп келген отбасылар туралы мәліметтер таптық. Қызылорда облыстық мұрағатынан табылған құжаттарда еңбекшілер депутаттарының Жалағаш аудандық кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары М.Абдрамановтың облыстық кеңес атқару комитетіне Жалағаш аудандық кеңесі атқару комитетіне ауданда қоныс аударушыларды қабылдау, орналастыру және оларға жағдай жасаудың барысы туралы берген ақпараты сақталған. Онда аудандық кеңесі атқару комитеті 1965 жылы 25 қаңтарда қоныс аударушыларды қабылдаудың жоспарын жасап, онда республикааралық 30, облысаралық 25 отбасын қабылдау жайлы қарар қабылдап, оларды ауылдарға орналастырудың шараларын бекіткен.

Ауданда 1964 жылы 8 отбасы, 1965 жылы 28 отбасы, барлығы 36 отбасы көшіп келіп орналастырылған. Жаңа-Талап ауылында 1964 жылы 7, 1965 жылы келгендерден 4, барлығы 11 отбасы тұрды. Олар елді-мекеннің үйлеріне орналасқан, 1 отбасы мемлекеттің жәрдемімен үй салып, 3 отбасыға ауыл әкімшілігі жаңадан үй салдырды. Еңбек ауылдық округінде 1964 жылдан 1, 1965 жылдан 11 отбасы тұрған. Мемлекеттік «ссуданы» пайдаланып 1 отбасы үй салған. Ауылға қоныс аударушылар үшін 6 стандартты үй салынып құрылысы әлі де жүріп жатқандығы айтылған. Он отбасы колхозшылардың үйлеріне орналастырылған. Төрт отбасы маусымды уақытқа сүтін пайдалану үшін кеңшардан 4 сиыр алып пайдаланған. «40 жылдық Қазақстан» ұжымшарында 5 отбасы жұмысқа орналастырылған. Оларға жаңадан каркастан стандартты 5 үй салып берілді. Мемлекеттік «ссудамен» 5 үй 5 сиыр алды.

Аққыр кеңшарында 1965 жылы келгендерден 8 үй бар, олар кеңшардан жаңадан салынған үйлеріне орналасқан, барлығы да жұмыс істейді. Қоныс аударушылар үшін мүмкіндігінше жәрдем беріп тұру мақсатында бірқатар жұмыстар ұйымдастырылған. Оқу жасындағы балалары Жалағаштағы мектеп жанындағы интернатқа орналастырылды.

Аудандық Кеңес атқару комитеті 1965 жылы 25 қаңтарда қоныс аударушыларды орналастыру жоспарын бекіту туралы, 1965 жылы 12 наурызда Жалағаш ауданына Белоруссиядан келгендердің оқу жасындағы балаларын орналастыру туралы, 27 сәуірде Аққыр, Жаңа-Талап кеңшарларында Белоруссиядан келген азаматтарды (қоныс аударушыларды) орналастыру жөнінде мәселелер қаралды [1].

Кесте 1. Белоруссиядан келген орыс сыныптарындағы оқушылардың тізімі [1, 3-б].

Аты-жөні

сыныбы

Мекен-жайы

1964 жыл

Курлович

Сенадский

Егорова

Егоров

Крюковская

Сергеев Николай

Кармина Жанна

Булыгин Василий

Маринова Люба

Маринова Надя

Маринова Люся

Обхочев Сергей Д

Обхочев Володя

Фамченков Саша

2

2

2

3

4

1

1

1

1

1

3

1

3

2

Жаңа-талап ауылы

1965 жыл

Баханович Света

Рыбчинская Рая

Рыбчинская Лида

Баханович Жанна

Манеева Тамара

Манеев Андрей

Сергеев Анатолий

Кондратенко Владимир

Рыбчинская Таня

Баханович Гена

Кондратенко

Сергеев Витали П

3

4

6

9

9

8

6

5

5

8

6

7

Аққыр ауылы

Бұл кестеден көріп отырғанымыздай, 1964-65 жылдар көшіп келген отбасыларында бастауыш және орта сынып оқушыларының саны басым болып отыр. Осының негізінде, бұл отбасылардың дені жас жанұялар болды деп ойлаймыз. Барлық колхоз, совхоздарға 1965 жылы 20 шілде айында қоныс аударушыларға мал алып беру туралы хат жазылды. Дегенмен қоныс аударушыларды орналастыруда көптеген кемшіліктер орын алған. Жалағаш кеңшарында 13 отбасы бар мүмкіншілікті пайдаланып орналастырылғанына қарамастан 4-5 ай тұрғаннан кейін кетіп қалған. Жаңа-Талап кеңшарынан 4, Аққыр кеңшарынан 3, Еңбек кеңшарынан 2, 40 жылдық Қазақстаннан 7 отбасы өздерінше көшіп кеткен. Ал қалған қоныс аударушылар ұжымшарларға, кеңшарларға түгелдей жұмысқа орналастырылған. [1]

Еңбекшілер депутаттарының аудандық кеңесі атқару комитетінің хатшысы Т. Әлімбетов аудандық кеңесі атқару комитетінің төрағасы С. Аманов жолдасқа 1965 жылдары барлығы 61 отбасы, оның қарамағында 253 отбасы мүшелері болғанын айтады. Бұл отбасыларды ұжымшар, кеңшарларға бөлді.

Кесте 2. 1965 жылы ауданға келген қоныс аударушыларды орналастыру

1965 жыл

Кеңшар

отбасы

жан саны

жұмыс

1. Жаңаталап

2. Жалагаш

3. Еңбек

4. 40 жылдық Қазақстан

5. Калинин атындағы

6. Аққыр

17

13

10

12

-

9

66

62

31

42

-

52

34

28

15

23

-

18

Барлығы:

61

253

118

 Ауданның Аққыр, Жаңаталап, Жалағаш кеңшарларына келген 39 отбасы түгелдей мемлекеттік үйлермен қамтамасыз етілген. Ал Еңбек, 40 жылдық Қазақстан, Калинин атындағы кеңшарларға келген 22 отбасы уақытша ауылдағылардың үйіне орналастырылған.

Еңбек және 40 жылдық Қазақстан ауылы кеңшараралық құрылыс мекемелерімен шартқа отырып, 22 үйге түгелдей жаңадан каркасты үйлерді салғызған [1, 36-37-б].

Ауданға келген 61 отбасында барлығы 118 жұмыс қолы болды. Олардың арасынан 21 механизатор, 4 жүргізуші, 1 комбайншы, 6 дәнекерлеуші, 3 ұста, 4 слесарь, 2 моторшы, 3 кеңшардағы сепараторда, 1 медбике, ал қалған 60 кісі құрылыс саласында және колхозшылар қатарында жұмысқа орналастырылған. Ал Еңбекте 2 әйел, Аққыр кеңшарында 5 әйел балалары балабақшаға  орналастырылмағандықтан жұмысқа қатыса алмаған.

Жалағаш ауданына қоныс тепкен 61 отбасының қарауында мектеп жасында барлығы 41 баласы: оның 17-сі бастауыш сыныптарға, 24 бала 5-6-7-8 сыныптарға берілген. Мұның ішінде 20-сы интернатқа орналастырылып, қалғандары өз үйлерінен қатынап оқыған. Ал мектеп жасына дейінгі 39 бала балабақшаларға орналастырылып, ата-аналарының жұмысқа қатысуына толық жағдайлар жасалған.

Аудан бойынша қоныс аударушыларға үй салып алу үшін және мал сатып алу үшін 1965 жылы мемлекет тарапынан бөлінген ссуда 17600 сомды құрады. Онан Аққыр совхозына мал сатып алу үшін 2700 сом, Еңбек колхозына үй сатып алу үшін 5500 сом ссуда берілді. Енді қалған ссуда 9400 сом. Бұл қалған қаржы қалған қоныс аударушыларға жетпейтіндіктен облыс тарапынан бұл салаға тағы 71100 сом мөлшерде ссуда бөліну керектігі айтылған [1, 4-б].

Сондай-ақ Қазақ КСР Министрлер кеңесінің 1965 жылғы 16 сәуірдегі өкімі бойынша Мемлекеттік банкке 1964-1965 жылдары арнайы органдардың бағыттамасынсыз Орта Азия республикаларынан Қызылорда облысына  келгендерге тұрғын үй құрылысына несие беруге рұқсат етті. Несие Еңбекшілер Депутаттары Аудандық кеңесі атқару комитеті ұсынған тізім бойынша берілетін болды [1, 1-б].

1965 жылы 16 сәуірде Аққыр кеңшарының бір топ қоныс аударушыларінен КПП аудандық комитетіне арыз түскен.Онда оларға жағдай жасалмағаны, магазинде түрлі шұжық, консерві, т.б. сондай азық-түлік түрлерінің жоқтығы, айлықтың уақытылы берілмейтіндігі туралы жазған. Бұл арызды ККП аудандық комитетінің хатшысы Н. Сермаханова тексергеннен кейін айлықтары берілген. Сауда жұмысындағы кемшіліктер жөнделген [1, 5-б].

1966 жылы халық шаруашылық жоспарында басқа республикадан көшіп келетін 40 отбасын қабылдауға дайындық жұмыстары іске асырылды.

Кесте 3. Аудан шаруашылықтарына келетін қоныс аударушыларды орналастыру мөлшері [2]

Шаруашылық

Келуге тиісті үй саны

Дайындауға тиісті үй саны

Коммунизм

10

10

Калинин

10

10

Жалағаш

10

10

Жаңадария

10

10

Алайда аталған шаруашылықтар Жалағаш ауданына келушілерді қабылдауға дайын болмады. Атап айтқанда, Жаңадария, Жалағаш кеңшары дайындауға тиісті 10 үйді дайындап, оны толық жөндеуден өткізген. Басқа да шаруашылықтардың қоныс аударушыларды қабылдауға дайындық барысы өте төмен болды. Ауылдарда тиісті үйлерге қажетті тұрғын үй тұрмыстық заттары жетіспеді. Бұл жұмысқа аудандық тұтыну одағы мен аудандық мәдениет бөлімдерінің де дайындығы жеткіліксіз еді. Осыған байланысты Еңбекшілер депутаттары аудандық кеңесі атқару комитеті қарар етті:

1.  Ауданның шаруашылығындағы 1966 жылы келетін қоныс аударушыларды қабылдауға дайындық жұмыстарының барысының қанағаттанғысыз дәрежеде жүргізіліп келе жатқандығын ескеріп, кеңшар директорларына ол жұмысты жақсарту;

2.  Ауданға келетін қоныс аударушыларды қабылдап, орналастыру үшін дайындалуға тиісті үйлерді 1966 жылдың наурыз айының 15-не дейін толық дайындау;

3.  Аудандық оқу бөліміне қоныс аударушылардың оқу жасындағы балаларын толық тізімге алып, оларды дер кезінде оқуға тарту, кейбір ерекшеліктеріне қарай бюджеттік интернатқа орналастыру;

4.  Аудандық тұтынушылар одағына уақытылы тұрғын үй, тұрмысқа қажетті және өнеркәсіп тауарларымен, азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету;

5.  Аудандық мәдениет бөліміне қоныс аударушылар арасында мәдени қызметті олардың өздерін қатыстыру арқылы жақсарту, және оларға тұрақты кино көрсетіп отыру;

6.  Мемлекеттік банктің аудандық бөлімшесіне мал сатып алуға мемлекеттен ұзақ мерзімге қарыз ақша берумен олардың орындалу барысын қадағалау;

7.  Аудандық ауруханаға келген қоныс аударушыларды мұқият медициналық тексеруден өткізіп, талапқа сай медициналық қызмет көрсету;

8.  Аудандық байланыс бөлімшесіне қоныс аударушылардің арасында кеңестік баспасөзді кеңінен насихаттап, хат, газет, журналмен тұрақты қамтамасыз ету тапсырылды [1, 6-7-б].

Кесте 4. Коммунизм кеңшарына ҚХР келген отбасылар тізімі [1, 9-б].

Аты-жөні, отбасы басшысы

Адам саны

Қолы

ересек адамдар

5-10 жас аралығын- дағы балалар

5 жасқа дейінгі балалар

барлығы

1.  Сидиров Маджит

2.  Садыров Машур

3.  Абдуллин Ахмет

4.  Бүйрекбаев Рысжан

5.  Чибиженко Петр Иванович

6.  Кулбаев Дастан

7.  Искаков Шияздан

8.  Садыров Раим Асанович

9.  Хафизова Мадина

Умаровна

10

3

7

3

5

6

8

9

6

4

1

4

3

4

5

3

2

2

3

1

-

1

2

1

5

3

1

17

5

11

7

17

12

16

14

9

Барлығы

57

28

17

102

Халықтардың Қазақстанға қоныс аударуы республика халқының ұлттық құрылымын қалыптастыруда орасан зор рөл атқарды. Бұрынғы Кеңес Одағының түрлі жерлерінен қоныс аударушылар легі Қазақстан халқының санын көбейтіп, тіпті түпкіргі жерлердің өзінде жергілікті емес халықтар топтарының пайда болуына әкелді. Көшіп келген отбасыларында жастар саны көп болды. Мұның бәрі қазақ қоғамының әлеуметтік-демографиялық және мәдение өміріне әсер етті. Жаңа тұрғын үйлер салынды. Мәдениет және денсаулық ғимараттары тұрғызылды, ауыл инфрақұрылымы жетілді. Қазақстанға қоныс аударған әрбір отбасы түгелдей осы жерде өзінің екінші отанын, өзінің ешқандай қысымсыз және шектеусіз, толық қанды рухани және әлеуметтік өмірін таба білді.

Сілтемелер:

1.  Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағаты. 541-қ., 1-т, 44-іс, 45-46-п

2.  ҚОММ. 671-қ., 1-т., 2-іс, 232-п

Резюме

Переселенцы в Джалагашский район Кызылординской области в 1960 годах

Исламбеккызы Ж. –магистрантка 2 курса по специальности «6М011400-история» КазНПУ имени Абая, zh1305@mail.ru

В статье рассматривается  вопрос о семьях, которые переселились в Джалагашский район в 1960 годах. Для раскрытия этой проблемы были использованы материалы фонда Государственного архива Кызылординской области. Выявлены проблемы об оказанном государственном помоще, об устройстве детей в школы и обеспечение занятости переселенцев. Приведены результаты мероприятий в рамках приема и устройства переселенцев в Джалагашский район.

Ключевые слова: Джалагашский район, переселенцы, переселение, сельская жизнь, советское время, школа, Кызылординская область

Summary

Settlers in the Dzhalagash region of the Kyzylorda in the 1960th years

Islambekkyzy Zh.–Abai Kazakh National Pedagogical University, 2th course master specialty of History,zh1305@mail.ru

The article examines the problem of families moved to the Dzhalagash region in the 1960th years. The funds of State Archive of Kyzylorda region were used for the disclosure.

Problems are revealed about the rendered state aid, about the placement of children in schools and the provision of employment for migrants. The results of activities in the framework of the reception and placement of settlers in the Zhalagash region are presented.
Keywords: Dzhalagash district, immigrants, migration, school, Kyzylorda Region, rural life


No comments

To leave comment you must enter or register