Бұл мақала "Тәуекел ханның қазақ мемлекеті мен орыс елі арасындағы дипломатиялық байланыстарды нығайтудағы рөлі" деген мақаланың жалғасы болып табылады. Өйткені, бірінші мақалада біз ортағасырларда тарих сахнасына көтерілген Қазақ хандығының билеушісі әйгілі Шығай ханның баласы - Тәуекел ханның тұсындағы мемлекеттің ішкі саяси жағдайының өзгеруі мен көрші жатқан орыс елімен байланысы мен саяси, дипломатиялық көрегендігін қарастырсақ, бұл мақалада Орыс еліндегі немере інісі Ораз Мұхаммед сұлтанның өмірі, оның еліне қайтару әрекеттері мен Мәуреннахрдағы Шайбанилерге қарсы "от қару" алу мәселесі де тарихи құжаттар негізінде талданып, қарастырылады. Әсіресе, Мәскеу мемлекетімен болған алғашқы ресми дипломатиялық байланыстардың тарихы, екі ел үшін маңызы көрсетіліп, ХVI ғасырдың екінші жартысындағы орыс мемлекетімен дипломатиялық ресми қатынастарды шебер орнатқан, қазақ мемлекеттілінінің пайдасына шеше білген Тәуекел ханның сыртқы саясаты құжаттар негізінде талданады.
Кілт сөздер: хандық, мемлекеттілік, саяси, халықаралық, байланыстар, дипломатия.