Яндекс.Метрика
Home » Materials » ҒТАМР 16.00.00 ЛАТЫН ӘЛІПБИЛІ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХИ ТАҒЫЛЫМЫ: ШЕТТІЛДІК СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ (1929-40 жж. )

Н.С. Әміржанова¹. ¹Ф.ғ.к., А. Байтұрсынұлы ат. Тіл білімі институты. Қазақстан, Алматы қ.

ҒТАМР 16.00.00 ЛАТЫН ӘЛІПБИЛІ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХИ ТАҒЫЛЫМЫ: ШЕТТІЛДІК СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ (1929-40 жж. )

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 2(22), 2020

Tags: орыс тілі., ұлттық тіл, әліпби, емле, жазу, латын әліпбиі, тіл, жазба мәдениет
Author:
Аңдатпа. Елбасы Н. Назарбаев жұртшылыққа зор ой салған «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық еңбегінде қоғам мүшелерінің екі қағидатты түсініп, байыбына барудың қажеттігін атап айтқан еді: «Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек». Қоғамда ерекше серпіліс, болашаққа деген зор сенім тудырған бұл бағдарламада қазіргі жаһандану заманындағы сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдай отырып, ішкі руханият үшін айрықша мәнді ұлттық болмыс пен ұлттық ентаңбаны (кодты) сақтаудың дара жолының ең маңыздысы – қазақ әліпбиіне реформа жасау керектігі аталды. Осыған байланысты латын негізгі қазақ әліпбиі қабылданды. Жаңа әліпбиге негізделіп қазақ тілінің емле ережелері дайындалу үстінде. Осыған байланысты мақалада 1929-1940 жылдары қолданылған латын графикасына негізделген қазақ жазуы бойынша таңбаланған шеттілдік сөздердің орфографиясы сөз болады. 1929 жылғы латынға көшу процесінде орыс тілі арқылы енген сөздердің жазылу механизмі қарастырылып, сол жылдары қабылданған емле тарихы сарапталады. Латын графикасына негізделген шеттілдік сөздердің жазылуына байланысты шешілген теориялық негіздемелер анықталды.
Text:

Кіріспе. Тіл – тек қана қарым-қатынас құралы ғана емес, мемлекетті, ұлтты танытушы негізгі әрі басты құндылықтардың бірі. Тіл қоғамда әсіресе өркениетті қоғамда ауызша және жазбаша екі формада қызмет етеді.  Әдетте ұлттық тілдің жазба мәдениетінің қалыптасуы тарихы мен әр кезеңдегі даму деңгейлерін қарастыру, жазба тілдің әліпбиін, графикасын, орфографиясын қарастыру, осы аталған іргелі категориялардың қоғам талабына сай болуы мен қолдану үлгілерін зерттеу таза лингвистикалық аспектілермен қатар саясатпен, әлеуметтанумен, қоғамның жалпы мәдениетімен, ағарту білім беру мәселелерімен тікелей байланысты екені белгілі. Білгілі бір ұлт тілінің графикалық жүйесі жазудың ұлттық кезеңінде негізгі дыбыстарды (фонемаларды) белгілеуді арқау етеді. Негізгі дыбыстарды таңбалайтын графема арқылы жазу қалыптасады, сөйтіп жазудың да өзіндік жүйелі түрдегі таңбалану ерекшеліктері болады. Қазақ жазуы, кейбір жағдайлардағы ауытқуларды еске алмағанда, төте жазудан бастап негізінен басты дыбыстарды (фонемалардың негізгі дыбыстық түрлерін) белгілеу бағытын қағидат етіп ұстанғаны байқалады.

Қазіргі таңда қазақ орфографиясы нормасындағы динамизм жазу тәжірибесіндегі (практикасында) қарама-қайшылықтардың шешімін тауып, бір ретке келтіру мәселесін күн тәртібіне қойып отыр. Бұл жайт – қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне сай қоғамдағы қызметіне қатысты шешімін табуы тиіс қазақ тілтанымының өзекті мәселелерінің бірі. Бүгінгі таңдағы қазақ тілінің мәдени-әлеуметтік, ұлт тұтастырушылық және бірегейлендірушілік мәніне орай қазіргі қазақ жазуының қоғам дамуының талаптарына, заманауи лайықты болуы жалпы қазақстандықтар үшін маңызды елдік, мемлекеттік деңгейдегі проблемаға айналды. Осыған орай 1929-40 жылдардағы латын графикасына негізделген жазуының тарихи тағылымын ескеру, сол кезеңнің жазу тәжірибесіндегі пайдалы, ұтымды жақтарын, ізденістерін, қайшылықтарын, жазба тілдің даму деңгейіне оң және теріс әсер ететін тілдік емес (экстралингвистикалық) жайттарды анықтау, олардың шешімін табу сияқты мәселелер өзекті болып отыр.

Материалдар мен әдістер. Зерттеу материалдары ретінде 1930-жылдары «Еңбекші қазақ», «Социалды Қазақстан», «Жаршы», «Халық мұғалімі» сияқты  газет-журналдарда жарияланған мақалалар негізге алынды.

Тарихи-диахрондық талдау әдістері арқылы латын және кирил әліпбилер өзара салыстырылады. Жекелеген сөздердің орфографиясы бойынша талдау-жинақтау әдістері қолданылды. Тарихи хронологиялық топтастыру әдістері тұрғысынан әртүрлі көзқарастарға талдау жасалды.

Талдау. 1930 жылдары тiлiмiзде қарқынды қалыптаса бастаған оқу-ағарту, мәдениет, баспасөз салаларының тiлi болды. Ғылым, қоғам дамуына байланысты түрлi салада терминдiк атаулар, варваризмдер, жаңа мағына беретiн сөздер етене кірді. Бұл кезде қазақ зиялы қауым өкілдері арасында кірме сөздердi қандай заңдылықтар бойынша жазамыз, қандай принципке негіздейміз деген күрделі мәселелер күн тәртібінен түскен емес. Кірме сөздерді халық тіліне икемдеу, қалыптастыру бағытында А. Байтұрсынұлы (Байтұрсынұлы, 1992), Х. Досмұхамедұлы (Досмұхамедұлы, 1998), Н. Төреқұлов (Төреқұлов, 2007), Т. Шонанұлы (Шонанұлы, 1927) сияқты қазақ зиялыларының орны ерекше болғандығын айту қажет. Алаш зиялыларының бастаған ісін М. Балақаев (Балақаев, 1987), І. Кеңесбаев (Кеңесбаев, 1954), Р. Сыздықова (Сыздықова, 1964), Ғ. Айдаров (Айдаров, 1986), Т. Құрышжанов (Құрышжанов, 2001), М. Томанов (Томанов, 1992), Т. Қордабаев (Қордабаев, 1975), Н. Оралбаева (Оралбаева, 1955), С. Хасанова (Хасанова, 2007) жалғастырып, С. Мырзабеков (Мырзабеков, 1999), Н. Уәлиев (Уәлиев, 2007), Ә. Жүнісбеков (Джунисбеков, 1987), Ш. Мәжітаева (Мәжітаева, 1999), Қ. Күдеринова (Күдеринова, 2006) т.б. ғалымдар кең ауқымдағы зерттеу еңбектерімен осы салаға сүбелі үлес қосып, сөздіктер құрастырып, қазақ тіл білімінің әдеби тілінің нормалау, кодификациялау негіздерін жасап келеді.

Зерттеу нәтижелері. А. Байтұрсынұлы кірме сөздер ана тілдің бар мүмкіндігін барынша пайдалануы тиіс және қазақ тілі жаңа ұғымды белгілеу үшін қажетті атау сөздерді алудан қашпау керек дейді. Осы мәселе жайында А. Байтұрсынов 1926 жылы Бакуде өткен Бүкілодақтық І Түркологиялық құрылтайда кірме сөздердің орфографиясын нақтылау – күн тәртібінің негізгі мәселесі ретінде қаралды. Конференцияда А. Байтұрсынұлы орыс тілінен енген және интернационалдық терминдердің жазылуына байланысты мынадай пікір айтады: «Общеупотребительные мировые термины могут приниматься, но с соответствующими природе казахского языка изменениями. Все неказахские слова, не согласующиеся с природой казахского языка, точно должны подтвергаться изменениям соответственно казахскому говору. Это значит, во-первых, что во всех неказахских словах, с чуждыми казахскому языку звуками, последние заменяются соответственно нужными звуками, во-вторых, суффиксы в неказахских словах заменяются казахскими, в третьих, двойные звуки принимаются в ординарном виде, в-четвертых, чуждые казахскому языку окончания должны измениться в пределах требуемого языком удобства произношения, например, Оренбург – Орынбор, Самара – Самар, пуховой – бөкебай, покров – боқырау, Адамовский – Адамау и т.п.». Сонымен ғалымның пікірінше, интернационалдық терминдер қазақ тілінің фонетикалық заңына сәйкес игеріліп таңбалануы тиіс деп көрсетеді (Всесоюзный тюркологический съезд, 1926: 182). Әзірбайжандық Зифельдт Симумяги А. Байтұрсынұлының сөзіне қосыла отырып, кірме сөздер түркі халықтар тіліне мынадай жолдармен икемделуі керек деп көрсетеді: «1. Заимствуемые слово не должно выходить из границы определенных звуков, свойственных заимствующему языку (например: не должно заключать в себе аффриката ц). 2. В заимствуемых словах могут быть лишь такие сочетание и чередования звуков, которые свойственны заимствующему языку (например, слово не должно начинаться согласным дифтонгом). 3. Заимствуемое слово должно укладываться в правило сингармонии. 4. необходимо строго сохранить общий стиль языка в интересах психо-физической экономии слов говорящего. В заимствуемых словах, если ударение стоит не там где палагается, то его нужно переставить на последний слог. Затем нужно его сингармонизовать. Если это слово не соответствует сингармонии, то требуется соответствующая переделка» (Всесоюзный тюркологический съезд, 1926: 189).

Кірме сөздердің жазылуына байланысты «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» деген мақаласында Х. Досмұхамедұлының да арнайы тоқталып, көптеген ғылыми тұжырымдар жасағаны мәлім. Ғалым көптеген терминдерді жасаған және терминдерді қабылдаудың бір жолы халықаралық сөздерді қазақ тілінің табиғатына сәйкестендіріп алу қажет деп түсінеді және ол ойын былай білдіреді: «Бұл сөздер біздің тілімізге соншама сіңіп кеткен, қазақ-қырғыз халқы бұлардың жат екендігін сезбейді. Қай жағынан қарағанда да бұларды жат сөздер деп айтуға болмайды, бұларды жат сөздер десек ел көнбейді. Бұларды жат деген адамның өзін ел өзіне жат санайды. Сондықтан бұл сөздердің бәрі қазақ-қырғыз сөзі деп айтуға тура келеді». Осындай тұжырым айта отырып, Х. Досмұхамедұлы жат сөздерден қашпай, тілдің дыбыстық ерекшеліктеріне икемдеп алу керектігін сөз етеді. Бұл пікірдің дұрыс екенін әрі бұдан кейін де қолдана беру қажеттігін қазіргі уақытта көптеген ғалымдар мойындап отыр (Досмұхамедұлы, 1998: 146).

Н. Төреқұловтың «Жат сөздер туралы» деп аталатын еңбегінде (1926 жылы Мәскеу қаласында жарық көрген) араб-парсы тілінен енген сөздер және еуропа тілінен енген сөздер тілдің заңдылығына бағыну тиіс деп белгілейді (Төреқұлов, 2007: 118).

Е. Омаров та шет тілдерден етене еніп жатқан интернационалдық сөздерді жазу мәселесін талқылаудан шет қалмады. Ол түбір сөздермен ғана шектелмей, кірме қосымшалардың да төл жұрнақтармен алмастыру қажеттігін айтады. «Жаңа сөзді түбірге жат жұрнақ жалғап шығарғаннан өз жұртымызбен шығарған артық» – деп жазды ғалым (Омаров, 1929: 8). Сонымен алаш зиялылары кірме терминдерді жазу мәселесіне ерекше мән беріп, кірме сөздерді қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтарына, яғни үндестік заңы арқылы дыбыстардың тіркесімін сақтай отырып жазу қажет деп санады.

1927 жылы «Еңбекші Қазақ» газетінде «Шет сөздердің емлесі жайында» атты Т. Шонанұлының мақаласы жарық көреді. Мұнда автор кірме сөздерді қазақ тіліне икемдеудің бірнеше заңдылығын көрсетеді:

- шет сөздердегі ф дыбысының орнына п әрпін жазу: фильма – пилма, физика – пизик;

- еуропа немесе орыс тілінен енген сөздердегі сөз басындағы г дыбысын ж дыбысына алмастыру: Георгий – Жагор, Гаврил – жебрел, география – жағырапиа т.б. Ал грек тәрізді сөздерді қазақ тіліне крек түрінде, яғни г-ны к-ға алмастыру;

- кірме сөздердің бірінші буынындағы о-ны өзгертпеу, сотсиал, комунес түрінде таңбалау;

- орыс сөздеріндегі сөз аяғындағы г дыбысын түсіріп жазу: Оренбург – Орынбор, Гамбург – кембір;

- орыс тілі сөздеріндегі х дыбысын қазақ тіліндегі сөздерде к, қ-ға алмастыру: мұхтар – мұқтар, хайр – қайыр;

- офицер, станция тәрізді сөздерде келетін ц дыбысын с әрпімен таңбалау: аписер, станса;

- я дыбысын ж әрпіне алмастырып, таңбалау: ящик – жәшік, ямбы – жамбы, Яков – Жақып, яр – жар;

- щ, ч дыбыстарын ш әрпіне алмастырып игеру арқылы беру: чай – шай, начальник – нәшендік;

- у, и дыбыстарын бір таңбамен беру: кино (кійно емес), брошур (брошұур емес), литр (лійтр емес);

- физика, ботаника, смета тәрізді сөздерді пизик, ботаник, смет түрінде таңбалау;

- сөздің аяғындағы а дыбысына екпін түспеген жағдайда ы, і әрпіне алмастыру: касса – кассы;

- сөздің аяғындағы а-ға екпін түскенде а, е-ге алмастыру: сумма – сома, тюрма – түрме;

- географиялық атауларда келетін а-ны ы, і-ге алмастырып таңбалау: Америка – Амерік, Африка – әпрік, Еуропа – Ауропы. Тек Азиа сөзі ғана өзгермейді;

- орыс тіліндегі географиялық атауларда кездесетін -ия қосымшасын түсіріп қолдану: Германия – Гермен, Испания – Испан т.б.;

- орыс тілі сөздеріндегі -иат (пролетариат, комесариат) қосымшасын қазақ тіліне сол күйінше енгізу;

- ция қосымшасын -са, -се түрінде игеру: концелярия – кеңсе;

- орыс тіліндегі буфет, бюджет, банкет тәрізді сөздердің аяғындағы -ет қосымшасы қазақ тіліндегі жендет, белет, сүндет тәрізді сөздерде кездесетіндіктен -ет қосымшасына өзгеріс енгізбеу;

- директор, трактор тәрізді сөздерде кездесетін -тор қосымшасын қазақ тілінің заңдылығына орай -тұр, -түр түрінде игеру: директүр, трактұр т.б.

- орыс тіліндегі -щина, -изм, -ист қосымшасын қазақ тілінде -шы (-шіл), -шыл (шіл), -шылдық (-шілдік) жұрнақтарымен алмастыру;

- граф, -лог қосымшаларын -шы (-ші)-ге алмастыру:

- ческий (технический) қосымшасын түсіріп таңбалау;

- кірме сөздердегі негізгі түбірдің аяғындағы дауыссыз дыбыстарды бұзбай таңбалау (тек г, д, ф, в, х-дан басқа). Мысалы, волт, мекрескоп, телескоп т.б.

- орыс тіліндегі сөздің аяғында келетін -ия қосымшасын -а немесе –е әрпіне алмастыру: губерния – губерне;

- орыс тіліндегі -ий қосымшасын алмау: пролетарий – пролетар т.б.;

- тр-ға аяқталған театр, литр, метр тәрізді сөздерді өзгертпей қолдану;

- иум жалғауын сол күйінде алу. Мысалы, консиум, натриум т.б [Шонанұлы, 1927: 3-5).

Бұл жоба 1929 жылы конференцияда талқыланып, жобаның кейбір тұстарына байланысты ғалымдар әртүрлі ұсыныстарын білдіреді. Мысалы, Юдахин адамның аты-жөнi, елдің, жердiң аты бұзылмай, түпнұсқамен жазылу керектігін баса айтып, ғалым былай дейді: «Шетелдiң адам аттары бұзылмай түбiрiндегiдей жазылу керек. Шетел аттары өзгертiлмей жазылсын дегенiмде, өз атым түзу жазылсын деген ойым емес. Қазақ тiлiнiң заңы бойынша judaqьjn деген ат ςudaqьn болуы керек. Бұл анық нәрсе. Кiсi аты мен терминдердi ия басқа сөздердi теңгеруге болмайды. Терминдер қазақ тiлiне кiрген соң өзгеруi керек. Басына тұмақ киiп, қолына асық, жiлiк ұстап, қазақ болып кету керек. Кiсi атын бұзып жазғаннан екi адамның аты шатасуы да мүмкiн. Шетел адамының атын бұзбай жазу керек деген заң шығармасақ та, бұзбай жазуымыз керек» (Стенографический отчет, 1929: 45). Осы отырыста Юдахиннің кісі аттарына байланысты тұжырымдамасына Елдес Омарұлы, Әлібайұлы, Иса Тоқтыбайұлы және тағы басқа ғалымдар қарсы пікірлерін білдіреді. Сондай-ақ конференцияда орыс тілінен енген метр, литр, проект, метрия сияқты сөздердің жазылуы қазақ тілінің үндестік заңына бағындырылуы керек деп, яғни екі дауыссыз дыбыстардың арасына дәнекер ретінде ы, і дыбысын қосып жазуды ұсынады (Стенографический отчет, 1929: 82-83).

Конференцияға қатысушылардың көпшілігі кірме сөздерді фонетикалық принцип бойынша жазу керектігін айтып, орфографияда қолданылып жүрген үш принциптi де жақтамай, жалғамалы тiл болғандықтан, оған ерекше төртiншi принцип ойлап шығарып, осы принципті ұстанушылар да табылды. Бұлардың айтуынша, жалғамалы тiлдер түбiр үшiн фонетикалық принцип, қосымша үшiн араб әлiпбиiнiң емлесiндегi дыбыстардың белгiленбеу принциптерiн қолдануды және қосымшалардың дыбыстық вариацияларын ескермей, бiр ғана формасын жазуды ұсынды. Мысалы, көптiк жалғауларын «лр» формасында қолдануды, сол сияқты қосымшаларды да осылай жазуды ұсынды. Конференцияда көп таластан соң емленiң негiзгi принципi – фонетикалық принцип болып қабылданады. Фонетикалық принцип болғандықтан, термин сөздердi естiлуiнше жазу. Осы жылы 29 маусымда қазақ тiлiнiң жаңа емлесi, яғни латын графикасы негізіндегі қазақ әлiпбиiне көшуге байланысты жаңа емле ережесінде кірме сөздердің жазылуына байланысты 18 ереже қабылданды.

Алдыңғы көрсетілген жобадан қаулы болып бекітілген ереженің ерекшелігі – орыс тіліндегі қосымшалардың берілуі біршама редакцияланған. Мысалы, орыс сөздеріндегі -тор қосымшасы қазақ тілінің дыбыс үндестігі бойынша -тыр, -тір түрінде алынды, сонымен қатар ғылым, ілім аттары немесе мекеме, кәсіпорындарының аттарында кездесетін -графия, -логия қосымшасы -ғырапы, -лоғы түрінде алынды.

Бекітілген ережеде кірме сөздердің емлесі дыбыс жүйесінше жазылуы (фонетикалық) керектігі және сөздің аяғы қазақтың сөз жүйесіне көнуі, сонымен қатар орынсыз шет сөздердің түбірін бұзуға болмайтыны ескертіледі (Стенографический отчет, 1929: 102).

Емленің негізгі принципі фонетикалық болғандықтан кірме сөздерді әркім өзінше естіп, өзінше таңбалады. Сондықтан мерзімді басылымдарда кірме сөздер екі-үш, кейде одан да көп нұсқада жазылды. Мысалы, Sodan kejin Gart qaltasьnan paperosьn alьp demin sonь men aldьrqandai вolьp //Содан кейін Қарт паперосын алып демін соны мен алдырғандай болып. Qaһarman papьjros tartьp otьrdь/ Қаһарман парыйрос тартып отырды. Sьвolьc “kәlвijt” qazaq meniŋ papьrosьmdь sen urladьŋ dep, ςerde ςatqan multaq qajьŋ men Qaһarmandь salьp өtti //Сыболыш «кәлбійт» қазақ менің папыросымды сен ұрладың деп, жерде жатқан мұлтақ қайың мен Қаһарманды салып өтті . Tek dьjnamьjt dуris etken cьrt ujqь cьradai acьldь // Тек дыйнамыйт дүріс еткен шырт ұйқы шырадай ашылды. Dіjnәmіttь Qаһarmannьŋ qasьna qojadь// Дыйнамытты Қаһарманның қасына қойады. Ьja Duvnajьp mьna sizderge alьp kele ςatqan qarςь, kәnвertti almaq вolьp ajqasqan вatьr dep kәnвertti nacalnikke вerdi // ыйа Дұунаеп мына сіздерге алып келе жатқан қаржы, кәнбетті алмақ болып айқасқан батыр деп кәнбертті нашалникке берді (С.Камалұлы 7-б.). Ujat вolqan eken! – dep necalnik вәdik вolьp alaqtadь// Ұйат болған екен! - деп нешалник бәдік болып алақтады. Бұл сөйлемнен папирос сөзі 3 (paperosьn/ papьjros/ papьros) түрлі нұсқада қолданылғанын, ал динамит (dьjnamьjt/ dіjnәmіt), начальник (nacalnik/ necalnik) сөздері 2 нұсқада қолданылғанын байқаймыз.

Сонымен, орыс тілі арқылы енген кірме сөздердің дыбыстық жамылғысы көптеген өзгерістерді басынан өткізген тарихи құбылыс. 1929-1938 жылдар аралығында орыс тілінен енген сөздердің көпшілігі қазақ тілінің айтылымы бойынша жазылды. Аталған кезеңде ауызша каналдың функциясының басымырақ болуы негізгі фактор болып, сөздердің дыбыстық жағынан өзгерген түрлері молынан қолданылды. Кірме сөздер қазақ тілінің фонетикалық заңдарына бағынып, грамматикалық нормаларына сәйкестеліп, сөз жасау формаларына икемделді. Тілдік базадағы материалдардан байқағанымыз, 1938 жылға дейін кірме сөздер қазақ тілінің заңдылықтарына толықтай бағындырылды. 1929-1938 жылдар аралығында кірме сөздер дыбыстық құрамы мен тұлғасы өзгеріп, сындырылды («қазақшаланды»). Жалпы алғанда аталған кезеңде «кірме» дыбыстар ұлттық орфографиялық жүйеге сәйкестендірілді.

Орыс тілі – жылжымалы екпінді тіл. Орыс тілінде екпін сөз түбіріне, сөздегі қосымшаларға да түсуі мүмкін. Орыс тілінде екпін белгілі бір грамматикалық форма көрсеткіші ретінде қызмет атқарады, ал қазақ тілінде негізгі екпін сөз түбірінің соңғы буынына түседі, сондықтан қазақ тілінде екпін – грамматикалық мағына білдірудің өнімді тәсілі емес. Орыс тілінен енген сөздерде дауыссыз дыбыстарға қарағанда дауысты дыбыстардың өзгеруінде айырмашылық байқалады. Дауысты дыбыстардағы айырмашылық тікелей орыс тіліндегі екпінге байланысты деуге болады. Осыған орай П.М. Мелиоранский кірме сөздердің қазақ тіліне дыбыстық жағынан игерілуі туралы былай дейді: «При заимствовании слов из русского языка киргизы переделывают обыкновенно гласные данного слова, сообразуясь с гласной того слова, на котором в русском языке приходится ударение. Что-же касается согласных, то звуки и звуковые комплексы, несвойственные киргизкому языку, заменяются другими подобно тому, как это делается в арабских и персидских словах, напр: мошенник – масандык» (Мелиоранский, 1894:11). Ғалым орыс тілі сөздеріндегі екпін түскен жағдайда дауысты дыбыстар өзгеруге бейім екенін, яғни орыс тілінде дауысты дыбыстың дыбысталуы тікелей екпінге байланысты дейді. Ал орыс тіліндегі кейбір дауыссыз дыбыстар қазақ тілінде ұқсас дыбыстарға алмастырылып игерілгендігін айтқан. П.М. Мелиоранскийдің осы тұжырымдамасына сәйкес орыс тілінен енген сөздер қазақ тілінің акцентті жүйесінде игерілгендігін дауысты дыбыстар арқылы байқауға болады.

В.А. Богородицкий де дауысты дыбыстардың өзгеруі екпінге байланысты екенін айтқан болатын, бірақ ол бұл жердегі екпіннің үндесу (сингармонизм) сипатын анықтайтын қасиеті болуы керектігін ескертеді (Богородицкий, 1953:  204). Дегенмен, бұл ережені жалпыға ортақ деп, яғни барлық кірме сөздерге қатысты деп түсінуге болмайды. Мысалы, бочка, булка, пуховый, повозка, залог деген сөздерде екпін жуан дауысты дыбыстарға түсіп тұр, сондықтан қалған дауысты дыбыстар қазақ тіліндегі сингармонизм заңы бойынша жуан дауысты болуы тиіс секілді. Ал қазақ тіліне кірме сөз ретінде енгенде бұл сөздердегі дауысты дыбыстар жіңішкеріп қабылданады, сөздер толықтай жіңішке айтыла бастайды: бөшке, бөлке, бөкебай, пәуеске, зәлөк. Осыдан барып мынадай қорытынды шығаруға болады: бұл сөздер өн бойында өзге дыбыстық заңдылықтың ықпалын сіңірген және кірме сөздің екпін түскен дауысты дыбысы басқа дауыстылардың сапасына, яғни өзгеруіне барлық жағдайда негізгі ықпал ете алмайды. Бұған қоса оның өзі, келтірілген мысалда көрсетілгендей, өн бойындағы дыбысқа күшті фонетикалық әсер беру арқылы сапасын өзгертуі мүмкін. Бақылау нәтижесі бойынша бұл құбылыстар қазақ тіліндегі дауыссыз [к] және [г] дыбыстарының ерекшеліктеріне байланысты (дыбыстардың өзгеруін айқын көрсету үшін біз қазақ тіліндегі жуан және жіңішкелік белгілерін ь, ъ пайдаландық).

Қазақ тілінде қ – к, ғ – г жұп дыбыстарынан басқа дауыссыз дыбыстардың барлығы жуан немесе жіңішке болуы мүмкін. Әрине бұл буын жасаушы дауысты дыбыстың жіңішке немесе жуан болып келуіне байланысты. Бірақ артикуляциялық қатынаста олар бір-бірінен еш ажыратылмайды, айырмашылықтары болмайды. Яғни сөздің жуан немесе жіңішке айтылуы сөз мағынасына еш кедергі келтірмейді, мағына өзгермейді. Қазақ тіліндегі қ-к және ғ-г дыбыстарының сапасы дауыстылардың сапасымен сәйкес келмейді, бірдей сипатталмайды. к-г дыбыстары алдыңғы буындағы дауыстылармен ғана үйлеседі. Қазақ тіліндегі тіл арты дыбыстары жеке тұрып фонематикалық мәнділікке ие және тек жуан дауыстылармен ғана буын құрайды. Орыс тілінде к – г дыбыстарының къ – гъ сияқты қатаң-жуан жұп түрлері бар, ал қазақ тілінде бұл дыбыстардың ондай эквиваленті жоқ. Осыған орай қазақ тіліндегі тіл ортасы К дыбысы орыс тіліндегі тіл арты қатаң – жуан къ дыбысының орнына қолданылса, оның төңірегіндегі дауыстылар жіңішкелену (палаталдану) құбылысына ұшырайды.

К дыбысы өзі тұрған буынды түгелдей жіңішкелендіріп қана қоймай (мысалы, болыскей сөзі (польский), сондай-ақ жанындағы буындарды да, тіпті бүкіл сөзді де жіңішкелендіреді. Мысалы, пәуеске (повозка); бөтелке (бутылка), т.б. счеты және щетка сөздерінің қазақшаға кірігуі осы құбылысқа негізделеді. Себебі, екпін айқынды түрде бір дыбысқа түседі. Счеты қазақ тілінде шот деп, ал щетка– шөтке деп таңбаланды.

К дыбысының кірме сөздерді жіңішкелетуге ықпал ететінін В.А.Богородицкий де айтып өткен болатын. Бірақ ол жуан буынды сөздерде кездесетін жіңішке (палаталь) типті к дыбысы бастапқы позицияда-ақ өз әсерін білдіреді деп түсінді (Богородицкий, 1953: 213). Бұған қоса жіңішке буынның жіңішке емес буынға ауысуы сөздегі жіңішкеленбеген буынның ықпалы негізінде жүзеге асатынын атап өтеді (Богородицкий, 1953: 212). Бұл тұжырымдардан буынның жіңішкеру құбылысы алдыңғы буындарда көрініс табатынын байқауға болады. Дегенмен, ғалымның өзі былай қорытынды жасайды: кірме сөздердегі сингармонизм регрессивті және прогрессивті екі бағытта да байқалады. В.А. Богородицкийдің талдауынша, «идеалды немесе қалыпты жағдайдағы» сингармонизм үлгілері қазақ тілінде шексіз көп кездеседі, бірақ оның барлығы тек бірінші буынның сапасына негізделмеген (Богородицкий, 1953: 213).

Қырғыз тілінде [ә] дыбысының болмауы къ мен гъ дыбыстарын қ және ғ дыбыстарына кірігіп кетуіне үлкен мүмкіндік болып саналады (Богородицкий, 1953: 38). Қазақ тілінде бұндай шарттылықтар шектелген.

Қ және ғ дыбыстары – қазақ тілінің өзіне тән арнайы дыбыстары. Орналасу, буын құрау ерекшеліктеріне қарай олар тіл арты дыбыстарының қатарына жатады. Қ дыбысы қъ дыбысына қарағанда хъ дыбысына жақын келеді (Қ дыбысы тіл арқасының артқы бөлігінің таңдайдың артқы жиегіне келіп жымдасуы арқылы жасалады). Дегенмен, саңылау-желбезекті хъ дыбысына қарағанда қ – шұғыл дыбыс.

Қазақ тіліндегі қ және ғ дыбыстарының осындай өзіндік ерекшеліктерінің күші арқасында кірме сөздердің айтылуы күрт өзгеріске ұшырайды (әсіресе орыс тіліндегі къ мен гъ дыбыстарын ауыстырған жағдайда). Осындай артикуляциялық айырмашылықтар орыс тіліндегі тіл арты къ мен гъ дыбыстарын қазақ тіліндегі қ және ғ дыбыстарына ауыстырғанда қиындық тудырады. Мұндай ауыстырулар мынадай жағдайда ғана көрініс табады: къ мен гъ дыбыстарын жіңішке (палаталды) к және г дыбыстарымен кіріктіру (ауыстыру) мүлде мүмкін болмаған жағдайда, яғни олар екпін түскен жуан буында тұрса және қатысқан барлық дыбыстар (дауысты болсын, дауыссыз болсын) жуан болса, бірінің-бірі орын ауыстыра алмайды. Мысалы, покрыв – боқырау; Фекла – Шоқла; карта – қарта; шкаф – ышқап; вокзал – бағзал, т.б. Осы шарттардың біреуі орындалмаса, къ мен гъ дыбыстарын к мен г дыбыстарының орнына ауыстырып қолдануға әбден болады, ондай жағдайда сөздің да айтылуы өзгереді. Дегенмен, орыс тіліндегі жіңішке къ мен гъ дыбыстарымен сәйкес келе отырып, қазақ тіліндегі қ мен ғ дыбыстарынан гөрі бәрі бір артикуляциялық және акустикалық жағынан къ мен гъ-ға жақын дыбысталады.

Қ мен ғ дыбыстары 30-жылдары орыс тілінен кіріккен дыбыстарды ауыстыруда кеңінен қолданылды. Олар орыс тіліндегі шұғыл жуан (қатаң) къ мен гъ дыбыстарының субституты орнына жұмсалды. Мысалы, кондуктор, фотография, т.б. Сөздің осылайша емлеленуі алуан түрлілікті тудырды. Мысалы, педагог және кондуктор сөздері жазба тілде педагоғы, қандоқтыр деп, ал ауызекі тілде доктор сөзі дөгдір (сондай-ақ дөктір), конфеты сөзі кәмпійт; оглобля сөзі әглөп деп қабылданды, оның доқтыр, қампыйт, ағлоп деген варианттары туындай бастады.

Кейбір фонетикалық заңдылықтар барлық түркі тілдері үшін ортақ болып табылады. Сондықтан қазақ тіліндегі кірме сөздердің фонетикалық негізі басқа түркі тілдеріндегі заңдылықтар жағынан ортақ сәйкестіктерге ие болады. Бұған қоса өзге түркі тілдерінен қазақ тілін ажыратып көрсететін фонетикалық ерекшеліктер де кездесіп отырады.

Әсіресе орыс тіліндегі дыбыстардың өзгеруі, ауысуы көп жағдайда дауысты дыбыстардан байқалады. Бұл құбылыс, біріншіден, үндестік заңы бар екенімен түсіндіріледі, екіншіден, орыс және қазақ тілдеріндегі дауысты дыбыстар арасындағы айырмашылықтардың болуымен түсіндіріледі, үшіншіден, фонетикалық шарттылықтарға қарағанда орыс тіліндегі дауыстылардың қызметтік сапасы басым екендігімен айқындалады.

Салыстырылатын дыбыстарға жеке сипаттама бермей-ақ, белгілі бір дыбыстық өзгерістердің сипатын білдіретін негізгі фонетикалық факторларға тоқталсақ: [а] дыбысының жазылуы. Бірінші, екінші, үшінші, төртінші буындарда [а] дыбысына екпін түскен жағдайда, сөздің жуан немесе жіңішкелік қасиетіне байланысты [а], [ә] арқылы игерілді және таңбаланды. Бірінші буында: [á]вгуст – aвgys//agus//aquvs, ст[á]нция – stansa, ф[á]брика – pәвirig, тр[á]ктор – tiraktьr//tirәktir, м[á]стер – mәstir, [á]дрес – әdiris. Екінші буында: букв[á]рь – вykiвar, комб[á]йн – kamвajьn, тир[á]ж – tijraç, февр[á]ль – peвьral, плак[á]т – pulakat. Үшінші буында, төртінші буында: матем[á]тика – matematjike// mәtemәtjike, партиз[á]н – partьjzan// pәrtijzәn, матери[á]л – materьjel// materьjаl// mәterіjеl т.б.

І.Кеңесбаев орыс тілінің [а] дыбысы қазақ тіліндегіден гөрі жіңішкелеу естіледі дейді, ғалым факт, акт, пассив тәрізді сөздердегі [к] және [и] фонемаларының әсерінен [а] дыбысы қазақ тілінде ә-ге жуықтау айтылады дейді. Сонымен қатар ғалым негізгі морфемада келетін [а] дыбысы кейде [ә] дыбысымен ауыстырылатындығын көрсеткен (Кеңесбаев, 1962: 235). Ал Н.Уәлиұлы [а] дыбысының акустикалық белгілері жағынан ұқсас жіңішке вариациясы бар екендігін, яғни [а] инвариант фонеманың әлсіз позицияда [ә] варианты және [ä] вариациясы бар екендігін айтады (Уәли, 2007: 167). Авторлардың пікірлеріне қосыла отырып, фабрика, трактор, мастер сияқты сөздердің pәвirig, tiraktьr, mәstir сияқтыөзгеруіне [а] дыбысының әлсіз жағдайдағы [ä] вариациясының болуына байланысты деп ойлаймыз.

[а] дыбысының екпін алдында және екпіннен кейін тұрғанда жазылуы. Екпіннің алдында бірінші буындағы [а] дыбысы сөздің жуан немесе жіңішкелік қасиетіне байланысты [а], [ә] түрінде игерілді және таңбаланды: плак[á]тpulakat, матери[á]л – materьjel// materьjаl// mәterіjеl, анк[é]та – әnket, арт[é]ль – әrtel, тар[é]лка – tәrelke, бальз[á]м – вәlzәm.

Екпіннен кейін келген дауысты [а] дыбысы сөздің жуан немесе жіңішкелік қасиетіне байланысты және екі дауыссыздан кейін келген жағдайда қысаң ы, і немесе е дыбыстарына алмастырылды және солай таңбаланды: т[ó]нна – tonnь, в[а]нна – вannь, б[á]нда – вandь. Сөздердің бұлайша жазылуы алғашқы буындарға түсетін екпін қазақ тіліне қабылданып естілуінде, яғни сөздің соңындағы [а] дыбысы екпін түспегендіктен және көмескі естілгендіктен [ы], [і] алмастырылды. Осыған байланысты 1929 жылы Қызылорда қаласында өткен орфографиялық конференцияның қорытындысы бойынша мынадай Ереже қабылданған: «Орысша «а»-ның алдында дауыссыз қос дыбыс келген – касса, тонна, фильма, ванна сықылды еуропы сөздері айағында екпін жоқ кезде «е» иа «ы» жазылады».Ережеге сәйкес екі дауыссыз дыбыстан кейін келген [а] дыбысы түсіріліп, қысаң [ы], [і] фонемалар таңбаланды.

1929 жылы қабылданған ереженің 19 тармағында сөздің аяғында келетін [а] дыбысының жазылуына байланысты мынадай шешім қабылданған: «Орыс тілінде соңғы екі буыны ашық, жана соңғы «а» да екпіні жоқ фабрика, палата, смета, аптека сықылды сөздердің айағындағы а дыбысы жазылмайды». Сөздің аяғында келетін [а] дыбысына екпін түспеген жағдайда [а] дыбысы түсіріліп жазылды: газет[а]– kәzet//gәzet. [а] дыбысына аяқталатын сөздердің жазылуындағы мұндай ерекшелік орыс тілінің екпіннің бәсең айтылып, естілгенде [а] дыбысының түсіп қалуына байланысты. Ал сөздің аяғындағы [а] дыбысына екпін түскен жағдайда [а] дыбысы [е] дыбысына алмастырылды: сумк[á] – symke, щетк[а ]– cөtke т.б.

Орыс тіліндегі [е] дыбысының жазылуы. Бірінші, екінші буындарға [е] дыбысына екпін түскенде мына түрде жазылды: т[é]хника – teqnijke, пл[é]нум – pilenym, кр[é]дит – kiredijt. Екінші буындағы [е] дыбысына екпін түскен жағдайда [е] жазылды: дер[é]вняdereвine// derepne, пион[é]р - pijener , газ[é]та – kәzet//gәzet, анк[é]та – әnket, арт[é]ль –әrtel, конгр[é]сс – konіgіres. Үшінші буында екпін түскен жағдайда [е] дыбысы өзгермей жазылды: комит[é]т – kәmijtet// кamijtet, континг[é]нтkөntijngenit. Екпіннен кейін келген [е] дыбысының жазылуы: дв[ú]гатель – diвijgatel, м[ó]дель – model//mәdel. Екпіннің алдында [е] дыбысы өзгертілмей жазылды: декр[é]т – dekiret, регр[é]сс – regires//regres, телеф[ó]н – telepon, телегр[á]ф – telegirap, рем[ó]нт – remont, респ[ý]блика – respyвilijke, през[ú]диум – pirezijdym, дер[é]вня – derepne, февр[á]ль – peвiral, матем[á]тика – matematijke, металл[ý]ргия – metallorgije. Орыс тіліндегі иотталған [е] дыбысы сөздің жуан немесе жіңішке болуына байланысты ие, йа түрінде жазылды: съезд – sьjaz т.б.

[о] дыбысының жазылуы. Қазақ тілі төл сөздерінде тек бас буындарда ұшырайды. Ал орыс тілінде [о] дыбысы барлық буындарда келеді. [о] дыбысының әртүрлі позицияда келетін варианттарын екпін түскен жағдайға байланысты былайша көрсетуге болады:

1) екпін түскен сөздің басында жуан дауыссыз дыбыстың алдында келетін [о] дауысты дыбысы: омут, опыт;

2) екпін түскен сөздің қатаң дауыссыз дыбыстың ортасында келетін [о] дауысты дыбысы: сон, том, толк, волос.

3) екпін түскен сөздің қатаң дауыссыз дыбыстың аяғында келетін [о] дыбысы: волокно, окно, бревно. Бұл [о] дыбысының күшті позицияда жұмсалуы. Қалған барлық жағдайда [о] әртүрлі вариантта қолданылады, яғни [о]-ның естілуі, дыбысталуы күшті позициядағыдай емес, ілеспелі дыбыспен бірігіп айтылады.

Жіңішке дауыссыздан кейін, екпін түскен сөзге [о] дыбысының алдына ілеспелі дыбыспен естіледі, шартты түрде бұл дыбысты [ү] түрінде алуға болады: [н'үос], [с'үола] және тағы басқа.

Бірінші буындағы [о] дыбысына екпін түскен кезде [а] дыбысына ұқсас: в[а]да, хор[а]шо, х[а]лодный т.б.

[о] дыбысы сөздің басында екпін түспесе де [а] дыбысы арқылы естіледі: [а]быскать, [а]тдавать, [а]живать т.б.

Екпін түспейтін жағдайда [о] дыбысы әлсіз, қысқа, көмескі естіледі: в[ъ]лноваться, х[ъ]рошо, м[ъ]локо т.б.

Сонымен, орыс тіліндегі [о] дыбысының әлсіз жағдайда бір фонеманың бірнеше реңкте көрінетіндігі айтылды. Ал қазақ тіл білімінде [о] дыбысы сөздің абсолют басында ілеспелі дыбыспен естіледі. Бұл жөнінде академик Р. Сыздықова, Ә. Жүнісбек, Н. Уәлиұлы, Қ. Неталиева, М. Дүйсебаева және тағы басқа ғалымдар ауызша тілдің кодификацияланған нормасы ретінде көрсетеді. Жазба тілде қосамжар дыбыс таңбаланбай, тек негізгі фонема ғана таңбаланады.

1929 жылы баспасөз беттеріндегі мысалдардан орыс тіліндегі сөзге екпін түскенде, бірінші және екінші буындарда буындағы [о] дыбысы сөздің жуан немесе жіңішкелік қасиетіне байланысты о, ө ауыстырылып жазылғандығын көруге болады: к[ó]нкурс – kөnkiris// konkyris, к[ó]рпус – kөrpis//kөrpys, т[ó]нна – tonnь. Екінші буында: рем[ó]нт – remont, нал[ó]г – nalog, кил[ó] - kelo, ваг[ó]н – вagon//вөgөn //вөgen. Үшінші буында: прокур[ó]р – purkorol, комсом[ó]л – kamsamol//kemsamol//kәmsamol.

Екпіннің алдында және екпіннен кейін [о] дыбысы сөздің жуан немесе жіңішкелік қасиетіне байланысты [а], [ә], [о] фонемаларына алмастырылды. Екпіннің алдында: комб[á]йн – kamвaiьn, конфиск[á]ция – kәnpeske, про[é]кт – puroekit, прокур[ó]р – purkorol, комсом[ó]л – kamsamol. Конфискация сөзінің [ә] жіңішке фонемамен берілу себебі әлсіз позициядағы [к] жіңішке түрі бар екендігі.

1929 жылы ережеде директор, сектор, сеператор, кондуктор, доктор, трактор тәрізді сөздердің аяғында келетін -тор қосымшасы -тыр, -тір түрінде игерілді және таңбаланды (Стенографический отчет, 1929: 108).

[ы] дыбысының жазылуы. Қазақ тілінде жүрдек, әрі көп кездесетін дыбыстардың бірі болып табылады. Бірнеше дауыссыз дыбыстардан басталатын немесе бірнеше дауыссыздан аяқталатын интернационалдық сөздерде басында немесе ортасында кездесетін жағдайда дәнекер ретінде жұмсалады.

І. Кеңесбаев орыс тілінің [ы] дыбысына қарағанда қазақ тіліндегі [ы] тілдің азын-аулақ кейін жиырылуынан пайда болғандықтан, жуанырақ естіледі дей отырып, ғалым орыс тіліндегі рынок сөзі қазақ тілінде ринок түріне айтылады дейді (Кеңесбаев, 1962: 237].

 Орыс тілінде [ы] дыбысы көбіне қатаң дауыссыздан кейін келеді: выговор – вьgayar, выписка – вьjpьjske, выставка – вьstәpke//вьjstapka. Мысалдардан байқағанымыздай, [ы] дыбысы өзгертілмей жазылды. Почтовый сияқты сөздерде келетін сын есім сөздердегі [ы] дыбысы -ый қосымшасы -ай (poctaвaj) қосымшасы арқылы түрленіп игерілді.

Екінші буындағы сөзге екпіннің ықпалымен [ы] дыбысы [е] дыбысы арқылы игеріліп жазылды: бут[ы]лка – вөtelke. Орыс тілінен енген географиялық атауларда кездесетін, көптік мәнінде жұмсалатын -ы қосымшасы түсіріліп, таңбаланды.Мысалы, Karpat (Карпаты), Alip (Альпы) т.б.

 [и], [у] дыбысының жазылуы. Орыс тілінен енген сөздерде [и] дыбысы қосар таңба арқылы таңбаланды. Бірінші, екінші, үшінші буындарда, екпіннің ықпалы арқылы және екпіннен кейін немесе екпіннің алдында келетін [и] дыбысы сөздің жуан немесе жіңішкелік қасиетіне байланысты ьj (ый), ij (ій) түрінде игерілді және таңбаланды: дв[ú]гатель – diвijgatel, баз[ú]с – вazijs, мин[ú]стр –mijnijstir, м[ú]нимум – mijnijmuvm.

Сөздің басында [и] дыбысынан кейін келетін фонема дауысты дыбыс болса, [і] дыбысы арқылы таңбаланды, ал [и] дыбысынан кейін келетін фонема дауыссыз дыбыс болса [іj] қосар таңба арқылы жазылды: идея –ijdea, иерархия – ierarqija, импорт – ijmporьt, импульс – ijmpulis, идеология – ijdeolөqije т.б.

Бригадир, командир сияқты сөздердің аяғында келетін -дир қосымшасы -дір түрінде өзгертіліп таңбаланды: вirijgәdir, kәmәndir және т.б.

Орыс тіліндегі [и] дыбысы соңғы буында көптік жалғау ретінде танылатын сутки, ботинки сияқты сөздерде келетін [и] дыбысы [е] арқылы игеріліп вәtiŋke (бәтіңке), sөtke (сөтке) түрінде жазылды. Орыс тілінде [и] дыбысы сөздің басында немесе сөзге екпіннің ықпалы арқылы қазақ тілінде [е] дыбысымен ауыстырылып жазылды: П[ú]сарь – pesir; б[ú]лет – вelet т.б.

Орыс тіліндегі [у] дыбысының жазылуы. [у] дыбысы сөздің басында және ортасында [о], [ө], [ү] фонемалары арқылы игерілді және жазылды: Урал – Oral, уезд – yiez/оiаz, участка – ycәсkе т.б. Бірінші буында [у] дыбысы сөздің жуан немесе жіңішкелік қасиетіне байланысты [о], [ұ], [ө] фонемалары арқылы таңбаланды: пулемет – pөlеmеt, консультатция – kаnsоltatsije, апортун – аpartvyn, суд – sоt, пуд – put, бутылка – вөtelke. Кейде екінші буында [у] дыбысы қысаң езуліктері арқылы алмастырылып жазылды: округ – оkіrіk//өкіrіg, конкурс – konkiris//kөnkuris. Екінші буындағы [у] дыбысы екпіннен кейін [о], [ө] дыбыстары арқылы игерілді және жазылды: закуска – zakoske (закоске), капуста – kәpөste/ kаpоstе .

Кірме дыбыстардың жазылуы. Орыс тілінің х, в, ф, ц, ч, ё дауыссыз дыбыстары қазақ тілінің артикуляциялық базасында болмағандықтан, қазақ тілінің фонетикалық жүйесінде бар ұқсас дыбыстарға алмастырылып таңбаланды.

[х] дыбысының жазылуы. Қазақ тіліне орыс тілі мен кітаби тілден енген дыбыстардың ішіндегі тағы бір кең тарағаны х дауыссыз дыбысы. Кірме х дауыссыз дыбысының қазақ, орыс тілдеріндегі артикуляциялық белгілеріне келер болсақ, қазақ тілінде х дыбысы тілшік, тоғысыңқы, қатаң, ал орыс тілінде тіл арты, жуысыңқы, қатаң. Бұдан екеуінің арасында екі айырым белгі және бір ортақ белгісі бар екенін көреміз.

1929 жылы бұл әріп әліпби құрамынан мүлде шығарылған болатын. Ал орыс тіліндегі химия, арахис, хром, хоккей тәрізді сөздер сөздің жуан, жіңішкелігіне байланысты қ, к әріптеріне алмастырылды. Осыған байланысты 1929 жылы мынадай ереже қабылданады: «Еуропаның сһ-сы, орыстың «х»-сы, арап-парсының қ-сы жуан айтылатын сөздерде қ, жіңішке айтылатын сөздерде к арқылы жазылады» (Стенографический отчет, 1929: 106).

Баспасөз беттерінде орыс тілінен енген сөздерде кездесетін х дауыссыз дыбысы қазақ тілінде қ және к дыбыстарымен игерілді. Мысалы, Кәлійнін ауданының орталығы Кәскелең рәсөлкесінде «Қазағыстан 10 жылдығы» атты ірі қалқоз бар (Сатсыйалды құрылыс», 1932). Дүнійе пұролетарыйатының көсемі Сталин жолдас алдымызға ұлы міндет қойып отыр, ол міндет теқнійкеге жетіліп алұу (Лениншіл жас, 1938: 4); Жақын арада меқ-зауыттың шойын құйатын сеқының бір жұмысының баласы нан алұуға барса кәртішкесінен 6 күннен қыйып нанды 5 күнге берген (Лениншіл жас, 1938: 4). Мұнай өзінің пезійкелік құрлыс пішіні жеке қыймійелік білім тексерүу лабараторыйасын жүргізуүді қорытты (Сатсыйалды құрылыс», 1933).

Орыс тіліндегі э дыбысының жазылуы. 1940 жылға дейін сөздің барлық позициясында орыс тіліндегі э әрпі қазақ тіліндегі е әрпіне алмастырылды: эбонит – eвonijt, экран – ekran, эксперимент – eksperijment, элемент – element, электр – elektir, экономика – ekonomijke, экватор – ekвator, коэффициент – koepijsijent т.б.

Біз металшылдарды, көміршілдерді, теміржолшылдарды, електр шаруашылығында істейтіндерді, тоқымашыларды – еліміздің барлық жас патриоттарын бүкіл совет қалқының үлкен жана қуанышты мерекесі болатын – еңбекшілер депутаттарын жергілікті Советтерді сайлау... (Лениншіл жас, 1938). Ауа райының бұлтты, жауын-шашынды болуы екскурсиашылдардың көрмеге ағылып келуіне бөгет жасай алмады (Лениншіл жас, 1938).

Орыс тіліндегі [я] дыбысының жазылуы. Орыс тілінен енген кейбір сөздерде дауыссыз дыбыстардан кейін келген я әрпінің орына ә әрпі дауысты дыбыстан кейін және сөз басында келген й+а қосар әріппен жазылған.

1929 жылы қабылданған емледе я әрпінің жазылуына байланысты бір ғана ереже болды: «еуропа, арап-парсы сөздерінің басында келетін иот қазақша «ж» арқылы жазылады. Ал енді ю – иу, я –иа түрінде жазылады. Сөз басындағы я – ж болады. Ямбы-жамбы, яков – жақып» (Стенографический отчет, 1929: 107).

Сөздің аяққы позициясында [я] дыбысы [е] дыбысына алмастырылды: физиология – pizijologije+ler (пизиологійе); фамилияpәmelije+ler (пәмелійелер). -я дауыссыз дыбысына аяқталған орыс тілінен енген термин сөздер түгелдей «қазақыланып» қолданылды.

Сөз басында [я] дыбысы ғ әрпіне алмастырылды. Мысалы, Ƣьjnuvar ajьnan bastap kjrjstj (Сатсыйалды Қазақстан, 1932).Сөз ортасында [ә] дыбысына алмастырып таңбаланды: sentәbir, оktәbirn т.б.

Орыс тіліндегі [ф] дыбысының жазылуы. Орыс тіліндегі [в] дыбысының бір варианты ф. В.А.Богородинскийдің ойынша, орыс тілінде сөздің басында [ф] дыбысы жоқ, дауыссыз [в]-ның қысыммен айтқанда ғана пайда болады дейді. Ғалым лов, новь, в том, всегда, сияқты сөздерді тыңдаушы лоф, ноф, фтом, ф'с'äгда түрін естіп, бірақ [ф] дыбысын емес [в] дыбысын таңдайды дейді (Богородинский, 1953). Ал қазақ тілінде ызың дауыссыз [ф] дыбысы, қазақ тілінің шұғыл дауыссыз [п] дыбысына артикуляциялық жағынан жақындау болғандықтан, сөздің барлық позициясында п әрпі таңбаланған (фаза – paza, факт – pakt, философия– pijlosopija, фонд – pond, фабрика – pәвirig). Кей жағдайда сөздің басында к, қ әріптеріне алмастырылғанын да көреміз (Федор – Қодар, фуфайка – күпәйке).

Ал 1929 жылы емле ережесінде [ф] дыбысының жазылуына байланысты мынадай ереже қабылданған: шеттен кірген сөздерде «ф» орнына «п» жазылады: фильма – пійлме, физика – пійзіке (Стенографический отчет, 1929: 107).

Орыс тіліндегі [ë] дыбысының жазылуы. Орыс тілінің «ë» дыбысы сөздің басында және дауысты дыбыстан соң «и+о» қосындысы арқылы берілді: iolka, zaiom т.б.

«ë» дыбысы «е» дыбысынан басқа дауыссыз дыбыстан соң келсе, «ө» әрпімен берілген: aktөr, mantөr, pulemөt, katөl, pөlөmkin, вudөnni т.б.

Орыс тіліндегі [ц] дыбысының жазылуы. Тжәне с элементтерінен құралғандықтан аффрикат дауыссыз дыбыс деп аталады. Аталған кезеңде ц дыбысы сөз басында негізінен с әрпімен берілді: центрsentir (сентір), цивилизацияsiвijlijzatsija (сибійлійзатсійа), центнерsentiner (сентінер). Сөздің аяғында келетін кварц, жрец сияқты сөздердің аяғындағы ц – тс арқылы берілгенін көреміз: Жрец – çirets (жіретс), кварц – kвarts (кбартс), терция – tertsija (тертсійа) т.б.

Тек шіркеу (церковь) сөзінің қазақ тіліне кіру процесі күрделі болып табылады. Ғалымдардың пікірінше, шіркеу сөзі бірінші татар тілінен барып, кейін қазақ тіліне ауысқанын айтады. Мысалы: церковь – чиркау, чиркяу, шіркеу.

Орыс тіліндегі [ч], [щ] дыбыстарының жазылуы. Ч – т, шь элементтерінен құрылған, тіл алды, қатаң аффрикат фонема болып табылады. Орыс тілінде [ч] дыбысы [в], [й], [к], [л], [м], [н] дыбыстарынан кейін немесе алдында келеді: почва, чья, очки, член, ночной, чмокать т.б. Қазақ тілінде [ч] дыбысы кірме болып саналады. Аффрикат [ч] дыбысы қазақ тіліне орыс тілі сөздері арқылы енді. Орыс тіліндегі ч, щ әріптері, қазақ тілінде ш әрпіне алмастырылды: чертеж – certeç (шертеж), участка – yvcaske (үушаске), щетка – cөtke (шөтке).

Орыс тіліндегі [ю] дыбысының жазылуы. Ю әрпіне байланысты 1929 жылы қабылданған ережеде [ю] дыбысын и+у арқылы таңбалау керектігі ескерілген. Ал жазу практикасында ү+у түрінде игеріліп жазылған түрлері де кездеседі. Л сонар дыбысынан кейін келетін [ю] дыбысы қосар yv (үу) түрінде таңбаланды: револютция – reвolyvtsie, абсалют – aвsolyvt. Ал [о] дауысты дыбысынан кейін келген жағдайда ju (иу) арқылы таңбаланған: союз – sojuz т.б.

1929-1938 жылдары қолданылған орыс тілінен енген сөздер қазақ тілінің заңдылығына бағындырылды. Жуан және жіңішкелік принципі қатаң сақталды. Жалпы бұл кезеңдегі қазақ жазуы жүйесі ұлттық сипатта болды деп айта аламыз. Бірақ орыс тілінен енген кірме сөздер немесе интернационалдық сөздердің жазылуы бірнеше нұсқалықты құрады, бұл бірінші кемшілік болса, екінші кемшілік, кірме сөздерді таңбалауда тек қана фонетикалық принциптің басшылыққа алынуы. Осындай кемшіліктерге байланысты 1933 жылдан бастап, мерзімді басылым беттерінде Қ. Жұбановтың, Қ. Басымовтың, С. Жиенбаевтың, С. Аманжоловтардың бірнеше ұсыныстары жарияланады.

Қорытынды. ХVІІІ ғасырдың басында кирил әліпбиінің негізінде Петр патша арнайы жасаған және орыс тілін жазуда беру үшін өте тиімді икемделген орыс әліпбиі өзге жүйедегі қазақ тілінің (кеңірек айтқанда – түркі тілдерінің) дыбыстық жүйесін беруде үлкен қиындықтар туындатып отыр. Шешілуі қиын болып отырған кедергілер аз емес деуге болады – орфографияның күрделенгендігінде сөз жоқ, ал күрделі орфография орфоэпияға, айтылымға кері әсерін тигізеді. Ә. Жүнісбек қазіргі әліпбиімізді «қазақ әліпбиі» деп атаудың еш реті жоқ дейді. Өйткені ол «қазақ әліпбиі» емес, «қазақ-орыс әліпбиі», тіптен ақиқатын айтып, «орыс-қазақ әліпбиі» десе де болады деген еді (Жүнісбеков, 2007). Қазіргі кездегі қазақ тілі қолданылып отырған ортадағы өзгеріске ұшыраған тілдік ахуалды ескерген жөн. Егер 40-50 жыл бұрын қазақтар өздерінің ана тілдерін жетік біле отырып, орыс тілін меңгерсе, кейінгі онжылдықта қазақтардың басым бөлігі балаларын орыс мектерінде оқытқан жағдайларда, енді орыс тілі арқылы ана тіліне қайту үрдісі бел алып отыр. Әрине, осындай жағдайдағы әліпбилердің ұқсастығынан қазақ тілінің нағыз табиғи айтылым нормаларын жетік меңгере қою аса қиын шаруа. Сондықтан да әліпбиді жетілдіру мәселесі, ең алдымен, тілдің қазіргі кездегі жағдайына қамқорлық таныта отырып, тілді дамыту перспективасын және оны сақтау шараларын қамтиды. Сөзімізді түйіндей келе, мынадай қорытынды шығаруға болады: туыстығы әр басқа екі семиотикалық жүйеге қызмет ететін таңбаларды (орыс және қазақ тілі) біріктіруге болмайды.

Әдебиеттер мен деректер тізімі

Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. – Алматы: Мектеп,1986. – 180 б.

Әбілқасымов Б. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби тілі. – Алматы, 1982. – 220 б.

Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992.

Балақаев М. Қазақ әдеби тілі. – Алматы: Ғылым, 1987. – 272 б.

Богородицкий В.А. О Заимствованных словах в татарском языке. Введение в татарское языкознание. – Изд.2. – Казань, 1953. – 310 б.

Джунисбеков А. Просодика слова в казахском языке. – Алматы, 1987. –115 с.

Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 384 б.

Жүнісбеков Ә. Әліпби ауыстыруды жазу реформасына айналдыру керек. – Орал, 2007. – 32 бет.

Кеңесбаев І. Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. – Алматы, 1962. – 260 б.

Кеңесбаев І. Фонетика // Қазіргі қазақ тілі. 1954. – 283 б.

Күдеринова Қ. Қазақ жазуының онтогенездік дамуы. – Алматы, 2006. – 330 б.

Қордабаев Т., Томанов М. Тарихи грамматика мәселелері. –Алматы: Мектеп, 1975. –176 б.

Құрышжанұлы Ә. Ескі түркі жазба ескерткіштері. – Алматы: Қайнар, 2001. – 472 б.

Мәжітаева Ш.М. ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдеби тілі. – Алматы, 1999. – 129 б.

Мелиоранский П. Краткая грамматика казак-киргизского языка. – Часть І. –Фонетика и этимология. – Санкт-Петербург, 1894. – 72 с.

Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. – Алматы: Сөздік-Словарь, 1999.–200 б.

Омаров Е. Емле туралы. // Еңбекші қазақ. 7 мамыр, 1929.

Оралбаева Н. Ұлы Октябрь революциясынан кейінгі қазақ жазуының тарихы: фил. ғыл. канд. ...диссертация. – Алматы, 1955. – 211 б.

Стенографический отчет научно-орфографической комиссии созванной 2-4.06. 1929 г. научно-методическим советом НКП и ЦКИКА. – Кызылорда, 1930.–482с.

Cыздықова Р. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш. – Алматы: Мектеп, 1964.

Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 192 б.

Төреқұлов Н. Шығармаларының көп томдық жинағы. –Алматы, 2007. – 3-том. – 288 б.

Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері: фил. ғыл. д-ры диссертация: 10.02.02. – Алматы, 2007. – 330 б.

Хасанова С. Қазақ жазуы мен оқуының бастаулары (көне, түркі, араб, латын жазбалары). Оқу құралы. – Алматы: Арда, 2007. – 264 б.

Шонанұлы Т. Шет сөздердің емлесі жайында. // Еңбекші қазақ. 2 ақпан,1927.

References:

Ajdarov G. Kone turkі zhazba eskertkіshterіnіn tіlі. – Almaty: Mektep,1986. – 180 b. [in Kazakh]

Abіlqasymov B. ХІХ gasyrdyn ekіnshі zhartysyndagy qazaq adebi tіlі. – Almaty, 1982. – 220 b. [in Kazakh]

Bajtursynov A. Tіl tagylymy. – Almaty: Ana tіlі, 1992. [in Kazakh]

Balaqaev M. Qazaq adebi tіlі. – Almaty: Gylym, 1987. – 272 b.[in Kazakh]

Bogorodickij V.A. O Zaimstvovannyh slovah v tatarskom yazyke. Vvedenie v tatarskoe yazykoznanie. – Izd.2. – Kazan', 1953. – 310 s. [In Russian]

Dzhunisbekov A. Prosodika slova v kazahskom yazyke. – Almaty, 1987. – 115 s.[In Russian]

Dosmuhameduly H. Tandamaly. – Almaty: Ana tіlі, 1998. – 384 b.[in Kazakh]

Zhunіsbekov A. Alіpbi auystyrudy zhazu reformasyna ajnaldyru kerek. – Oral, 2007. – 32 b.[in Kazakh]

Kenesbaev І. Qazіrgі qazaq tіlі. Leksika.Fonetika. – Almaty, 1962. – 260 b.[in Kazakh]

Kenesbaev І. Fonetika. // Qazіrgі qazaq tіlі. 1954. – 283 b.[in Kazakh]

Kuderinova Q. Qazaq zhazuynyn ontogenezdіk damuy. – Almaty, 2006. – 330 b.[in Kazakh]

Kuderinova K. Kazak zhazuynyn ontogenezdіk damuy. – Almaty, 2006. – 330 b.[in Kazakh]

Kordabaev T., Tomanov M. Tarihi grammatika maselelerі. – Almaty: Mektep, 1975. –176 b.[in Kazakh]

Kuryshzhanuly A. Eskі turkі zhazba eskertkіshterі. – Almaty: Kajnar, 2001. – 472 b. [in Kazakh]

Mazhіtaeva SH.M. ХХ gasyrdyn І zhartysyndagy kazak adebi tіlі. – Almaty, 1999. – 129 b. [in Kazakh]

Melioranskij P. Kratkaya grammatika kazak-kirgizskogo yazyka. –Chast І. –Fonetika i etimologiya. –Sankt-Peterburg, 1894. –72 s. [In Russian]

Myrzabekov S. Kazak tіlіnіn dybys zhujesі. – Almaty: Sozdіk-Slovar, 1999. –200 b. [in Kazakh]

Omarov E. Emle turaly// Enbekshі Kazak. 7mamyr,1929. [in Kazakh]

Oralbaeva N. Uly Oktyabr revoluciyasynan kejіngі kazak zhazuynyn tarihy: fil. gyl. kand. ...dissertaciya. –Almaty, 1955. –211 b. [in Kazakh]

Stenograficheskij otchet nauchno-orfograficheskoj komissii sozvannoj 2-4. 06. 1929 g. nauchno-metodicheskim sovetom NKP i CKIKA. –Kzylorda, 1930. – 482 s. [In Russian]

Cyzdykova R. Kazak orfografiyasy men punktuaciyasy zhajynda anyktagysh. –Almaty: Mektep, 1964. [in Kazakh]

Tomanov M. Turkі tіlderіnіn salystyrmaly fonetikasy. –Almaty: Kazak universitetі, 1992. –192 b. [in Kazakh]

Torekulov N. Shygarmalarynyn kop tomdyk zhinagy. –Almaty, 2007. – 3-tom. –288 b. [in Kazakh]

Uali N. Kazak soz madenietіnіn teoriyalyk negіzderі: fil. gyl. d-ry dissertaciya: 10.02.02. – Almaty, 2007. – 330 b. [in Kazakh]

Hasanova S. Kazak zhazuy men okuynyn bastaulary (kone, turkі, arab, latyn zhazbalary). Oku Kuraly. –Almaty: Arda, 2007. –264 b. [in Kazakh]

Shonanuly T. Shet sozderdіn emlesі zhajynda. // Enbekshі kazak. 2 akpan, 1927. [in Kazakh]

МРНТИ16.00.00

ИСТОРИЯ КАЗАХСКОЙ ПИСЬМЕННОСТИ НА ОСНОВЕ ЛАТИНСКОЙ ГРАФИКИ: НАПИСАНИЕ ИНОЯЗЫЧНЫХ СЛОВ (1929-1940 гг.)

Амиржанова Назира Сериковна¹

¹Кандидат филологических наук, Институт языкознания им. А. Байтурсынова. г. Алматы, Казахстан.

Аннотация: Лидер нации Н.Назарбаев отметил своем программном статье «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» основные необходимыепринципы: «Первое условие модернизации нового типа – это сохранение своей культуры, собственного национального кода. Без этого модернизация превратится в пустой звук. Но это не значит консервацию всего в национальном самосознании – и того, что дает нам уверенность в будущем, и того, что ведет нас назад». Эти слова вызвала особый прорыв в обществе и огромное доверие в будущее. В статье была отмечена необходимость реформировать казахский алфавит. В переходе на латинскую письменность есть глубокая логика, в связи с этим был принят латинский казахский алфавит. На основе нового алфавита разрабатываются орфографические правила казахского языка. Рассматривается написание слов вошедший в эти года и изучается орфографическая история казахского языка.

Ключевые слова: алфавит, орфография, написание, латинский алфавит, язык, письменная культура, национальный язык, русский язык.

IRSTI 16.00.00

HISTORY OF KAZAKH WRITING BASED ON THE LATIN ALPHABET: THE WRITING OF FOREIGN WORDS (1929-1940s)

Amirzhanova Nazira Serikovna¹

¹Candidate of Philological Sciences, A. Baitursynov Institute of Linguistics. Almaty, Kazakhstan.

Abstract:The Leader of the Nation N.A. Nazarbayev noted in his program article «Looking to the future: modernization of public consciousness» the main necessary principles: the First condition for a new type of modernization is the preservation of our own culture, our national code. Without this, modernization will become an empty sound. But this does not mean preserving everything in the national consciousness – both what gives us confidence in the future, and what leads us back. These words caused a special breakthrough in society and great confidence in the future. The article noted the need to reform the Kazakh alphabet. The transition to the Latin script has a deep logic, in this regard, the Latin Kazakh alphabet was adopted. Based on the new alphabet, spelling rules of the Kazakh language are being developed. The spelling of words included in these years is considered and the spelling history of the Kazakh language is studied.

Keywords: alphabet, spelling, spelling, Latin alphabet, language, written culture, national language, Russian language.

No comments

To leave comment you must enter or register