Яндекс.Метрика
Home » Materials » ҒТАМР 03.19.00 ҚЫТАЙДАҒЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басы)

Г. Шапиева¹. ¹Абылай хан ат. Әлем тілдері университетінің 2 к. магистранты. Алматы қ., Қазақстан.

ҒТАМР 03.19.00 ҚЫТАЙДАҒЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басы)

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 2(22), 2020

Tags: әлемдік тәжірибе., Қытай, миграция, урбандалу, заң, қауіпсіздік, халық саны
Author:
Аңдатпа. Мақалада қалаға қарай шыққан село халқының миграциясы қала орталықтарының өсуіне маңызды роль атқарғанын, олардың әлеуметтік, экономикалық және демографиялық құрылымына айтарлықтай ықпал еткен үдерісте әлемнің дамып жатқан елдерінде, соның ішінде Қытай да бар деген міндет шешілді. Қытайға урбандалу деңгейінің үлкен территориялық дифференциация тән екені анықталып, урбандалудың жаңа тұжырымдамасына қарағанда кіші кәсіпкерлікті дамыту үшін түрлі әдістерді қолдану және ірі қалалардан еңбек мигранттарын тартуды мақсат еткені айқындалады. Автор Қытайдың миграциялық саясатының негізгі бағыты шетелден қажетті мамандарды алғызу, экономика мен қоғамды дамыту үшін жоғары деңгейдегі ғалымдарды әкелу қажеттігін Қытай билігі түсініп жатқанын көрсетеді. Бұл бағытта Қытай миграциялық саясатты әлемнің басқа елдері қалай жүргізіп жатқаны жөніндегі тәжірибемен санасатынын дәйектейді.
Text:

Кіріспе. Қытай Халық Республикасы экономикалық дамуының түрлі кезеңінде ішкі миграция мәселесін басқаруға түрліше тұрғыдан қарап, миграциялық толқындардың бағыты мен жариялылығында айтарлықтай өзгерістер болды. Экономикалық реформалардың басталуымен Қытай үкіметі миграция мәселесінен қауіптенді. 1982-2010 жж. айналымдағы тұрғындар 30 миллионнан 211 миллионға дейін өскен (Материалы переписи населения Китая, 2010). Айналымдағы тұрғын халыққа жарты жылдан астам уақыт тіркеудегі мекен-жайында тұрмағандар жатады. Бұл үдеріс 2015 жылда да жалғасты, мұндай тұрғындардың саны 247 миллионға жетті (Статистический ежегодник Китая, 2016). Жорамал бойынша 2025 ж. бұл тұрғындардың саны 300 миллионға жетпек (Понкратова, Тракова, 2018: 412).

Соңғы кезде Қытай үкіметі ішкі миграцияға баса назар аударуда, өйткені урбандалу үдерісі өсті, демографиялық жағдайда өзгерістер болды, ішкі сұраныс өсті. Осыған байланысты миграциялық толқындарды басқару ҚХР экономикасын тиімді дамытудың негізгі құралы, сонымен қатар аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын теңестірудің негізгі факторы болып табылады.

Қытай Қазақстанмен көрші жатқан мемлекет болғандықтан миграцияға қатысты мәселе өзекті болып табылады.

Материалдар мен әдістер. Зерттеу әдістерінен тарихи-динамикалық, салыстырмалы әдістер қолданылды. Тарихи-динамикалық әдістерді қолдану арқылы қолда бар қытай миграциясы туралы мәліметтерді фактілік материал ретінде жүйелеуге, Қытайдағы миграциялық үдерістердің эволюциясын анықтауға мүмкіндік береді. Салыстырмалы әдіс Қытайдағы миграциялық саясаттың түбегейлі өзгерісін анықтауға, оған тән белгілер мен ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.

Талдау. Қытайдағы миграциялық саясаттың ерекшеліктерін және оның кезеңдерін Қытайдың да, шетелдің де зерттеушілері қарастырды. Мысалы, Хуан Пин мен Фрэнк Н. Пик (Ping H., Pieke F.N.), Кам Вин Чан (Chan K.W.), Цзай Лян (Liang Z., Ma Z., 2004), ресейлік ғалымдардан А.С. Веремейчик (Веремейчик А.С., 2003), Е.С. Анохина мен Е.В. Савкович (Анохина Е.С., Савкович Е.В., 2015). Ал Л. Сжастад (Sjaastad L.A., 2019) зерттеулерінде миграция инвестицияның бір түрі ретінде адам капиталы тұрғысынан сипаттайды, өйткені ол болашақта табысты көбейтуге бағытталады.

Нәтижелер. Экономика мен урбанистикаға қатысты қытай мамандарының еңбектеріне қарағанда елдегі урбандалу уақытына қатысты екі көзқарасты байқауға болады. Бірінші көзқарас бұл 949 ж. Қытай халық республикасының құрылған жылы, екіншісі 1978 ж. (реформа мен ашық қоғамның бастамасы).

Бірінші көзқарасты жақтаушылар 1949-1960 жж. Қытайдағы урбандалудың бірінші кезеңі деп санайды (Ду Сяомин, Чэнь Цзеньбао, 2010). Бұл кезде қала халқының саны тез өсті. Село-қала халқының миграциясы тез өсті. Бұл көзқарасты жақтаушылар қатарында Ду Сяомин, Чнь Цзень бао болды. Олар өз еңбектерінде қала халқының өсуі бірден ҚХР құрылуымен басталды деп санайды. 1949-1960 жж. қала халқының саны 90% асып, 130 млн. адамды құрады, ал урбандалу деңгейі 19,75% болды (Ду Сяомин, Чэнь Цзеньбао, 2010).

Соғыстан кейінгі Қытайдағы күрделі экономикалық жағдай село халқын қалаға миграциялануына мәжбүр етті. Алайда соғыстан кейінгі қалаларға келген мигранттардың бәрін қала қабылдай алмады, нәтижесінде трущобтар пайда болды. Мұны білген ҚХР үкіметі, бір жағынан, селолық жерлердегі тұрғындардың өздерінде қалуына бағытталған шараларды қолға алса, екінші жағынан, қалаларда тұрақты түрде құрылыстар салу және еңбекке орналастыруға бақылау жасауды қолға алды. Сондықтан урбандалудың бірінші он жылдығы тұрақтану, төмендеумен сипатталады. 1978 ж. дейін Қытайдағы қала халқының саны 18%-дан жоғары болды.

1951 ж. бастап Қытайдағы негізгі әкімшілік тосқауылға халықты тіркеу жүйесін, жұмыссыздықты бақылауды, қаладағы құрылыстың шектеулігін, сонымен қатар орталықтағы селоларды игеру бағдарламасын айтуға болады (Ду Сяомин, Чэнь Цзеньбао, 2010: 20).

Екінші көзқарастың өкілі экономист Чэнь Юхуа. Өз еңбектерінде ол үздіксіз урбандалудың өсуі және әкімшіліктің кедергілерге жұмсақтығы тек 1978-1979 жж. басталды деп есептейді. Бұл жылдары реформалар басталып, нәтижесінде Қытай дүние жүзі бойынша қала халқының саны көп елге айналды (Чэнь Юхуа, 2010: 79).

Автор Қытайдағы қазіргі урбандалудың ерекшеліктерін көрсетеді. Ол кезеңдердің негізгі ерекшеліктерін былай сипаттайды:

1) ішкі еңбек миграциясының қарқындылығы – өзінің тұрақты тіркелген жерінен тыс жерде жарты жылдан артық тұрғандардың саны;

2) урбандалу мен қарқындылықтың өсу деңгейі;

3) әкімшілік кедергілер жүйесіндегі өзгерістер.

Нақ осы критерийлер Қытайдың қазіргі кездегі урбандалуының үш кезеңін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:

1-кезең. 1978-1989 жж. – реформалардың басталуы. Ауыл шаруашылық қалаларының өсуі. Осының нәтижесінде қала тұрғындарының саны 295 млн адамға жетті; ал урбандалу деңгейі 26% болды. Чжэцзян, Цзянсу, Гуандун провинциялары село-қала миграциялары осы кезеңге толық дәлел бола алады. Бұл кезеңнің соңында орталық повинциялардан Гуандун, Чжэцзян, Цзянсу провинцияларына миграция өте қарқынды болды (Чэнь Юхуа, 2010: 80).

1982-1985 ж. ҚХР үкіметінде бірқатар маңызды әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізілу нәтижесінде ҚХР азаматтары жеке кәсіпкерлікпен айналысуға, бірқатар ауыл шаруашылық тауарларына еркін баға қойылды, ауыл шаруашылық тұрғындарында тұрақты тіркелген жерінен басқа жерде жұмыс істеу мүмкіндігі туды. Реформаның салдары – шағын қалаларда жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Бұл үдеріс Янцзы өзенінің төменгі ағысындағы Чжэцзян, Цзянсу қалаларында көрініс тапты. Өндірістің дамуы қалаларда еңбек миграциясының өсуіне әкеліп, «жұмысшы мигранттар» деген ұғымды әкелді. 1982 ж. өзінің тұрақты тіркелген жерінен тыс жерде тұратындар есебінен 6,5 млн жұмысшы мигранттар болды. Бұл кезеңнің соңында олардың саны 21 млн-ға жетті (Китайский статистический ежегодник, 2013: 38). Дегенмен де халықтың тіркелу жүйесіндегі әкімшілік халықтың ішкі миграциясының өсуіне де кедергі жасады. Тіркелу жүйесінің мәні сонда адам туған жерінде тіркеледі және осы жерге қатысты оның әлеуметтік артықшылықтарға деген құқықтары белгілі болады. Мысалы, бір мекенде туған азаматтар басқа мекен-жайда медициналық қызмет, білім және әлеуметтік төлемдерді ала алмайды.

Қытай әлеуметтік ғылымдар академиясының мүшесі Лю Дэн өз зерттеуінде Қытайдағы тұрғындардың тіркелу жүйесінен нақты талдау жасаған. Шанхай мысалында тұрғындардың әлеуметтік құқығын түрлі тіркеулермен салыстырады. Шанхай қалалық тіркеуінде болғандардың айтарлықтай құқығы бар, ал село тұрғындарының ондай құқы төмен (Лю Дэн, Цзян Дун-шэн, 2009: 20).

ҚХР билігі демографиялық әлеуетті шетел капиталын алуға мүмкіндік беретін құнды ресурс деп санады. 1983 жылға қарай ҚХР келісім-шартпен жұмыс істеп жатқан мигранттары 31 000 адам болды, ал олардың жиынтық кірісі 13 млн АҚШ доллар болды. Он жылдан кейін келісім-шарт негізіндегі жұмысшыларға 173 мың когортаға жыл сайын бөлінетін қаржы көлемі 6,8 млрд АҚШ долларын құрады.

2-кезең (1990-2009 жж.) – ірі қалалардың дамуы. Бұл кезеңді «Ғажайып қытай экономикасы» деп атайды: бұл кезде жыл сайынғы ҚХР экономикасы 10-12% өсті. Нақ осы жылдары Қытай әлемнің басты экономикалық орталығы болды. Ішкі еңбек миграциясының ауқымы кең етек алды.1990 2000 жж. ішкі еңбек миграциясы 6 есе өсіп, 144 млн адамға, ал 2009 ж. қарай 240 млн. адамға жетті. Қала халқының саны 2009 жылға қарай 650 млн адамға жетсе, урбандалу деңгейі 48,34% құрады. Демек, Қытай қала тұрғындары көп елге ғана айналмай, миграцияланған халқы көп елге де айналды.

Экономика мен урбандалудың өсуі біркелкі болған жоқ, өсудің негізгі тіректері СЭЗ және елдің шығысындағы теңіз жағалауы қалалары болды. Қала халқының жылдық орташа өсімі 20 млн адамға жетті. Өсімі көп болған жерлер Янцзының төменгі ағысындағы провинциялар (Шанхай қ., Чжэцзян, Цзянсу провинциялары), Чжуцзян өзенінің дельтасы (Гуандун провинциясы), сонымен бірге Пекин-Тяньцзин агломерациясы. 2000 жылға қарай Пекин, Тяньцзин, Шанхай, Гуанчжоу, сонымен қатар өндіріс провинцияларының астаналары Қытайдың ірі қалаларына айналды (Кесте 1).

Кесте 1. 2012 ж. Қытайдың ірі қалаларындағы урбандалудың көрсеткіші (Лю Дэн, Цзян Дун-шэн, 2009: 20).

Қала

Халқының саны (млн адам)

Урбандалған қала халқы

Шамамен жұмысшы мигранттар саны

Чунцин

33

43,9

4

Шанхай

14,27

12,3

 3,3

Пекин

12,97

12,2

4

Шицзячжуан

10,05

6,6

1,8

Харбин

9,94

4,5

2

Тяньцзинь

9,94

4,3

2,5

Гуанчжоу

8,22

4,7

3

Ухань

8,22

6,1

2

Урбандалудың бұл кезеңінде халықтың ішкі еңбек миграциясы қалалардың тез өсуінде негізгі роль атқарды. Тұрғындар еңбекке еркін орналасуға мүмкіндік берген уақытша тіркелу құқығын алды. Уақытша және тұрақты тіркеуде адамдардың әлеуметтік құқында біраз айырмашылықтар болды. Тіркелу жүйесі еңбек миграциясын ұстай алған жоқ, қытай қоғамының теңсіздік пен әлеуметтік бөлінуінің элементі болды.

ҚХР Сауда министрлігінің мәліметі бойынша 2005 ж. аяғында шетелде 547 мың қытай жұмысшылары, 2006 ж. – 670 мың адам жұмыс істеді. 2007 ж. қаңтарға қарай жұмыс күшіне қатысты келісім шарттар 33,67 млрд. АҚШ долларын құрады (Анохина, 2012: 38). Еңбек миграциясының секірмелі өсуі қытай жұмысшыларының жүзден аса елдерде экстенсивті өсу есебінен ғана емес, 1991 ж. кейінгі Макао мен Гонконгтағы ірі инфрақұрылымдық жобалар есебінен болды. 40 000 аса еңбек мигранттары 1991 ж. екі ауданда шоғырланды. Олардың санының одан әрі тез өсуіне Гонконгте Че Лап Го атты жаңа аэропорттың салынуы жоғары еңбек сыйымдылығын берді. Еңбек миграциясының географиясы Жапония, Сингапур және Таяу Шығыс болды. Ресейлік Қиыр Шығыста 30 000 қытай азаматтары, негізінен Хэйлунцзян провинциясында еңбек етті.

3-кезең (2010 жылдан бастап қазіргі кезге дейін) – урбандалудың жаңа моделі: кіші және орташа қалалардың дамуы.

2010 ж. қала халқының саны іс жүзінде село халқымен теңесті және 2011 жылы халықтың 51% құрады (Китайский статистический ежегодник, 2013: 120). Елдің ірі қалаларына жұмысшы мигранттардың ағылып келуінің жалғасуы (халықпен 4 млн адамнан артық) «үлкен қалалардың мәселесін» тудырды. Оған ішінде транспорт және тұрғын үй инфрақұрылымының дұрыс болмауы, қоршаған ортаның нашарлауы, қоғамның әлеуметтік бөлінуі, өтірік урбандалудың дамуы жатты.

Ірі қалаларға еңбек мигранттарының ағылуын тоқтату мүмкіндіктері болмағандықтан ҚКП бесінші ұрпағы XVIII съезде жаңа әлеуметтік бағыттағы саясатты ұсынады. Оның мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту «Сяо- кан» орташалардың қоғамын аяқтау және кіші және орташа қалаларды жан-жақты дамыту (500 мың адамға дейін) болып табылды.

Реформа кезінен бастап, Қытайдың ішкі саяси мәселесінде жұмыссыздық деңгейі жоғары болумен сипатталады, бұл әлеуметтік тұрақтылыққа қауіп төндірді және ішкі сұраныстың өсуін тежеді. Үсті үстіне қоныстану экстенсивті моделден интенсивті моделге көшу қажеттігін тереңдетті. Осы бағытпен алғанда ішкі миграциялық саясаттың дамуы бес кезеңнен өткен (Козыкина, 2011: 69). Оны былай сипаттауға болады:

1. 1979 жылдан бастап 1983 жылға дейін еркін жүріп-тұруға тыйым салынды;

2. 1988 жылға дейін миграцияның біртіндеп шешілуі;

3. 1989-1998 жж. селодан қалаға қоныстанушыларды шектеу, оқтату саясаты;

4. 1999-2000 жж. еңбек миграциясын реттеу және шешу;

5 2000 ж. халықаралық еңбек миграциясының реттелуі (Migration Without Borders, 2007).

Фактілердің тұрақты жиынтығы, әсіресе, Конституция қытай азаматтарын қозғалыс еркіндігі құқын ескермеген, ал халықаралық келісімдер ішкі мемлекеттік қатынасты жанама түрде айтқан, миграцияны бақылаудың үш звенолы жүйесін көрсетті:

1) ішкі миграцияны «хукоу» тіркеу жүйесі негізінде бақылау жүйесі;

2) «Азаматтардың кіруін және шығуын бақылау туралы» ҚХР Заңы негізінде эмиграцияға бақылау жүйесі;

3) «Шетел азаматтарының кіруін және шығуын бақылау туралы» ҚХР Заңы, «ҚХР-дан шығу және шетел азаматтарының ҚХР-ға кіруін басқару туралы» Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің нұсқауы негізінде иммиграцияны бақылау жүйесі.

Ел ішінде қытай азаматтарының қозғалысына бақылау жасау шетелдіктерге бақылау жасаудан кем соқпайтынын байқауға болады.

ҚХР-дың миграциялық саясатына «шығыстық ерекшелік» тән. Оның мәнісі шетелге кетіп жатқан арзан қытай жұмыс күшімен қатар соңғы кезде Қытайдың өзі шетелден ғылым, техника, өндірістің түрлі саласында қолдану мақсатымен жоғары квалификациялы мамандарды тартуда (Чанхай, Коробеев, 2010: 77). Демографиялық жағдайы бір-біріне қарама-қайшы Ресеймен салыстырғанда тіпті интеллектуалды миграцияны реттеуде түрлі тәсілдерді байқауға болады. Ресейде шетел азаматтары үшін жылдық кірісі көп қарапайым миграциялық тәртіп бар. Қытайда қоныстанушы үміткерлердің квалификациясын тексеретін жүйе бар. Кәсіби жағынан қажет болса, монетарлық қана емес, әлеуметтік те жеңілдіктер береді. Бұл факт миграциялық бақылаудың бір ізді жүйесін көрсетеді, ол әлеуметтік-саяси және конституциялық құрылыспен ғана айырмашылығы емес, ұзақ уақыт бойы қалыптасқан және миграцияны (ішкіні де, сырқыны да) реттеу және бақылау саясаты ағымдағы және ұзақ уақытқа арналған ҚХРдың жалпы ұлттық мүддесіне сай басқарылады.

1998 жылдан бастап жұмыс күшін басқа елдерге жіберетін (соның ішінде техника мамандарын да) елдердің ішінде Қытай жетекші орында. 2001 ж. материктік Қытайдық эмигранттары 38 848 адамды құрады, ал олардың көпшілігі техника мамандары (Цзянь Хайшань, 2013: 30). Шетелден мамандарды тарту үшін қытай үкіметі екі жақты сипаттағы шараларды жасайды. Бір жағынан, Қытай шетелде оқыған азаматтарын белсенді түрде елге қайтуына шақырады. Қытайдың қоғамдық ғылымдар академиясы жүргізген зерттеулер 1978-2006 жж. бойы 1,06 млн қытай азаматтары шетелде оқығанын көрсетті, тек 275 мың адам ғана отанына қайтып келген, азаматтардың 70% жуығы басқа елдерде білім алған. Олардың көпшілігі шетелде тұрады (Цзянь Хайшань, 2013: 30).

Қытайдың өзінде оқыған жоғары технология мамандары да шетелге кеткендіктен Қытайда жоғары квалификациялы еңбек ресурсы жетіспейді. Сондықтан соңғы жылдары қытай үкіметі шетелден Қытайға еңбек мигранттарын жіберуге мүмкіндік беретін жеңілдік шараларының жүйесін жасады (шетелде оқыған қытай азаматтары үшін вакансия жасау, оларға Отанына қайтып келуімен байланысты шығынды өтеу үшін көмек беру, және т.б.).

Екінші жағынан, қытай үкіметі шетел мамандарын Қытайға иммиграцияға белсенді түрде ынталандырды. «Шетелдіктердің елге кіруі және елден шығуы туралы» Заңда Қытай заңдылығына сәйкес Қытайда инвестициясы болса немесе Қытайдың өндіріс орындарымен, шаруашылық ұйымдарымен экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени ынтымақтастық болса, онда ұзақ уақыт тұрақты тұруға рұқсат береді.

Шетел мамандарын тарту үшін 2002 ж. ҚКП ОК Кеңсесі мен Мемлекеттік Кеңес Кеңсесі «2002-2005 жж. мамандарды жоспарлау және дайындау» Бағдарламасын жасады, онда ақпараттық-техникалық, биология, материалды-техникалық, өндірістік-техникалық, авиакосмостық, т.б., сонымен қатар қаржы, заң, халықаралық сауда мен менеджмент сияқты зәру мамандарды тарту қажеттігі көрсетілді. Мұндай мигрант мамандарға жоғары еңбекақы мен Қытайда бар лабораториялар, ғылыми-техникалық базаларды қолдану құқы беріледі.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда «Шетелдіктердің елге кіруі және елден шығуы туралы» Заңның қабылдануы 2004 тамызға қарай үш мың шетелдіктердің Қытайда тұрақты тұрып, жұмыс істеуіне ықпал жасады (Еженедельник китайской новости, 2009).2004 жылы маман-мигранттарды кең түрде тарту үшін қытай үкіметі «Қытайда шетелдіктердің тұрақты мекендеуіне тәртіп, санкция және бақылау туралы ереже ережені» бүкіл халыққа жариялады. Бұл нормативті актінің енгізілуі Қытайға шетел мамандарының енуін күшейтті.

Қытайдағы миграциялық саясаттың тағы бір маңызды бағыты заңсыз миграциямен қатаң күрес болып табылады. Қолда бар статистикалық мәліметтерге қарағанда он жыл ішінде (1978-1988 жж.) жалпы шекаралық мекемелер мемлекеттік шекарадан жасырын өткен 58 мың адамды тіркеген; 1990 ж. 13 мың 1992 ж. – 20 мың мигранттар заңсыз келген. Орташа заңсыз түрде жыл сайын Қытайға келгендер 16,8% өсуде (Еженедельник китайской новости. 2009).  2002 жылы шекаралық бақылау мекемелері 4623 шекара бұзғандарды тапқан. 2004 ж. – 5773, 2007 ж. – 2772, 2008 ж. – 4783, 2009 ж. – 1624 заңсыз түрде келген мигранттар белгілі болған. Соңғы жылдары заңсыз мигранттармен жағдай нашарлады. Он жыл ішінде (1995-2005 жж.) қытай милициясы 63 мың заңсыз шетел иммигранттарын репатриациялады. 2006 ж. Қытайда 16 мың заңсыз келгендер табылып, репатриаланды (Изменение и применение Уголовного кодекса КНР, 1997). Заңсыз Қытайға келіп жатқан иммигранттар саны жыл сайын өсуде. Заңсыз келген мигранттардың көпшілігі КХДР келеді. 1983-2009 жж. Солтүстік Кореядан заңсыз түрде Қытайға 400 мың мигранттар келген. Сан жағынан екінші тұрған диаспора заңсыз келген мигранттар Африка елдерінен шыққандар. Қазіргі кезде тек қана Гуандун провинциясында олар 200 мың адамды құрайды. Осынша мигранттарды репатриациялау Қытай үшін маңызды проблема туғызады.

2004 жылы Вэньчжоу қаласында ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі заңсыз түрде келген мигранттардың құқық бұзуы, қылмыс жасауымен күрес жүргізу туралы пікірталас болды. Осы пікірталас барысында мигранттардың құқық бұзуы айтылып, іргелес елдермен заңсыз мигранттарға қарсы әрекет жасау бойынша ынтымақтасу туралы мәселе қарастырылды (Трудные задачи по предупреждению и борьбе с незаконной миграцией, 2004). Осыдан кейін үкімет бірқатар шараларды қолға алды. 1998 ж. Қытай мен АҚШ халықаралық қылмыспен күресу үшін ынтымақтасу туралы келісті. 2000 ж. Пекинде ҚХР мен АҚШ арасында қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету Шартына қол қойды, бұл екі ел арасындағы қылмыстық юстиция саласында ынтымақтасуды кеңейтті. 2003 ж. заңсыз миграциямен күрес бойынша қытай-американ ынтымақтастығы басталды. Заңсыз мигранттарды екі ел бір-біріне репатриациялайды. 2000 ж. АҚШ 4 мың иммигранттарды репатриациялады. ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің ақпараты бойынша 28 маусым 2006 жылы алғаш рет чартерлік самолетте 119 мың заңсыз иммигранттар АҚШ-қа репатриацияланды.

Қытай мен Россия мемлекет қайраткерлері де миграциялық мәселеге назар аударды. 26 наурыз 2007 жылы ҚХР Төағасы Ху Цзиньтао және РФ Президенті В. Путин Москвада миграциялық саясатта ынтамақтасу туралы екі ел арасындағы біріккен Декларацияға қол қойды. Осы Декларацияның 12 бабында миграция саласында Қытай мен Ресей ынтымақтастығы сенімді түрде дамып жатқаны айқындалған.

Қытайда миграцияға қатысты заңдылықты нығайту туралы шешім қабылданды. Көптеген елдерде миграциялық құқықтық қатынасты реттейтін заңдар қабылданып қойған. Бұл тәжірибені қытай заңгерлері қабылдаған жөн.

Жұмыс күшін экспорттау Қытайда 1977 ж. басталды да, басқа елдермен салыстырғанда тез дамыды. 1979-1988 жж. Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің мәліметіне қарағанда Қытайда жұмыс күшінің экспорты 47,1% болған. 1990 ж. аяғында реформа үдерістерінің жедел болуына байланысты жұмыс күшінің экспорты өсті.

Шетелдегі қытай азаматтарын бес категорияға бөлеміз.

- қытай үкіметі немесе қытай фирмалары арасында жасалған халықаралық еңбек шартына сәйкес шетелде жұмыс істейтіндер.

- халықаралық тендерлер негізінде қытайлық және шетелдік фирмалар арасында халықаралық жобаларды орындауға жасалған шарттарға сәйкес шетелде істейтін қызметшілер.

- Сарапшылар мен квалификациялы жұмысшылар: менеджерлер, техниктер, тәлімгерлер, Қытайдың шетелдегі фирмаларында істейтіндер.

- Қытай территориясында шетелдіктер жалдайтын қызметкерлер.

- Мемлекеттік агенттер көмегімен шетелде жұмыс істейтін жеке адамдар.

Сыртқы сауда және экономикалық ынтымақтастық министрлігі мәліметі бойынша жұмыс күштерін экспорттау шарттары 1995 ж. 17397 1998 ж. 23191 дейін өсті. Шарттардың жалпы сомасы 0,478 млрд долл 1990 ж. 2,007  млрд долл. 1995 ж. және 2,39 млрд.долл 1998 ж. (Тракова Е.В., 2018: 10).

Кесте 1. Халықаралық еңбек шарты бойынша шетелде жұмыс істейтін қытай азаматтары

Жылдар

Жұмысшылар саны

1982

23158

1983

17663

1984

27557

1985

24895

1987

31447

1988

39810

1989

41867

1990

36116

1991

68314

1998

290771

1999 (қыркүйектің аяғы)

303631

Шетелде жүрген Қытай азаматтарының мамандық бойынша келісімге сәйкес төлемі (млн долл)

1986

1987

1988

1990

Барлығы

Информатике және компьютер инженерлер

23

50

284

642

1121

Медицина қызметкерлері

40

170

115

865

1526

Техника мамандары

325

601

1261

726

3649

Моряктар

1411

1720

2829

8833

25885

Ауыл шаруашылық қызметкерлері

2767

754

255

974

5177

Аспаздар

505

721

1361

1587

4953

Құрылыс жұмысшылары

4101

5976

10404

16587

48683

Тігін жұмысшылары

1247

2476

2778

4218

16527

Құрылыс материал өндірісінің қызметкерлері

416

3943

1702

1178

11759

Машина құрылысшылары

1404

900

1287

3479

7452

Т.б.

4776

6771

13609

8276

39947

Барлығы:

17018

24073

35885

47815

167927

Жұмыс күшін экспорттауды кеңейту үшін және шетелде жұмыс істейтін қытай азаматтарына қазмет көрсетуге жетекшілікті нығайту үшін Мемлекеттік кеңес Экономика және сауда министрлігіне кооперация қызметін көрсетті, үкіметтік деңгейде байланысты орнатты және Еңбек министрлігіне заң бойынша қорғауды қолына алуды тапсырды.

14 қараша 1992 ж. Еңбек министрлігі «Шетелдегі жұмысшыларды басқару ережелерін» қабылдады.

Қытайдағы ішкі миграция ғажайып экономиканы қалыптастыруға үлес қосты. Қазіргі кезде ҚХР үкіметі ішкі миграцияны урбанизация есебінен ішкі тұтынудың өсу стратегиясын жүзеге асыруда экономиканың даму құралы ретінде ғана емес, экономиканың экспортқа бағытталған моделінен ішкі тұтынудың өсуіне бағытталған моделіне өтудің шарты деп қарастырады.

Сонымен қатар Қытайдағы ішкі аймақаралық миграцияның жағымсыз тұстары да бар. Мысалы, ірі қалалардағы миграцияның бақылауда болмауы, мигранттар мен тіркеуде бар қалалықтар арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің өсуі, мигранттардың маргиналдануы.

Қытайда тұрғындардың ішкі қозғалмалы жүйесінің негізі болған тіркеу (хукоу) жүйесі бар. Жалпы Қытайдағы тұрғындардың ішкі миграция ұғымы күрделі, құрамы да көп болып табылады және Қытайдағы тіркеу (хукоу) жүйесімен тығыз байланысты. Бұл жерде тіркеу дәрежесі (хукоу) және мекен-жайда тіркеу (хукоу) ұғымдарын ажыратқан жөн деп санаймыз. Оны мына кесте арқылы көрсетіп, ҚХР азаматтарының 6 категориясын бар екенін анықтаймыз.

Кесте 1. Тіркеу (хукоу) дәрежесіне қарай ҚХР азаматтарының түрлері

Қалалық мекендерде қала дәрежесі тіркеуіндегі тұрғындар (хукоу)

Селолық мекендерде қала дәрежесі тіркеуіндегі тұрғындар (хукоу)

Жалпы тіркеудегі тұрғындар (хукоу)

Қалалық мекендерде село дәрежесі тіркеуіндегі тұрғындар (хукоу)

Селолық мекендерде село дәрежесі тіркеуіндегі тұрғындар (хукоу)

Тіркеуді күтіп отырған тұрғындар (хукоу)

Ішкі миграцияның күрделілігі, оның қарама-қайшылығы мен біркелкі емес екені Қытайдағы ішкі мигранттардың саны көрсетеді. Оны түрлі зерттеушілер 20 млн 300 млн-ға дейін деп көрсетеді (Тракова, 2018: 12). Мигранттар категориясы мен олардың санын ажырату қиын, өйткені олар бір-бірімен қабысып жасатады, ішкі миграцияның барлық категориясының жалпы жүйесі соңына дейін қалыптаспады. Бұл жұмыста ҚХР қоғамдық қауіпсіздік министрлігі (уақытша тұруға және тұрғын ықтиярлығы берілген тіркеудің ресми ауысым саны) және ҚХР мемлекеттік статистикалық басқармасының мәліметтері (санақ, жыл сайынғы статистикалық жинақтар, мониторинг бойынша жыл сайынғы баяндамалар және селолық жұмыс күші миграциясының зерттеулері). Нәтижесінде, осы мәліметтерді салыстыруға талпыныс жасадық. Салыстыру үш деңгейде болды. Соңғы уақытқа дейін тіркеу дәрежесі селолық және қалалық болып екіге бөлінді. Бұл дәрежелердің айырмашылығы тіркеу дәрежесі тіркеу иесінің өзара қатынасын анықтады және мемлекеттік қамсыздандыру жүйесін қолдануды анықтады. Соңғы уақыттардағы реформаларға байланысты тіркеу жүйесі ҚХР тұрғындары үшін жалпы тіркеу дәрежесі қолданылуда.

Қытайдағы ішкі мигранттар категориясы: тіркеуді ауыстыру, ұзақ мерзімді тіркеу (6 айдан артық), қысқа мерзімді (6 айға дейін).

Ең күрделісі тіркелген мекен-жайды ауыстырмайтын ұзақ мерзімді миграция, оған өзара байланысты үш категорияны жатқыздық.

Мигранттардың бірінші категориясы «Тіркелген мекен-жайда тұратын тұрғындар (хукоу)». Бұл категорияға мигранттардың екі түрі жатады: тіркелген мекен-жайында тұратын тұрғындар (жэньху фэньлидэ жэнькоу) және айналыс тұрғындары (людун жэнькоу). 2016 ж. тіркеу мекенінде тұратындар саны 292 млн. адам болды, ал айналымдағылар тек 245 млн. адам болды.

Екінші категория «Селодағы жұмысшы мигранттар» (нунминьгун). Оған туған ауылынан шетте  алты айдан артық жүргендер, сонымен қатар туған жерінде ауыл шаруашылыққа жатпайтын жұмысты 6 айдан астам уақыт істеушілер жатады. 2016 ж. селолық мигранттардың саны 282 млн адам болды.

Үшінші категория «қалалық тіркеуі жоқ қала халқы». Олар қала тұрғындарына жатады, бірақ қалада тіркеуі жоқ. 2016 ж. қалалық тіркеуі жоқ қала халқының саны 224 млн болды.

Нәтижесінде ішкі миграцияны зерттеу үшін жоғарыдағы категориялырды бөліп қана қоймай, оларды жүйелі түрде қарастырған жөн деп есептейміз. Біз ішкі миграцияны мына белгілер бойынша сыныптадық:

Заңдық белгі бойынша Қытайдағы ішкі миграция тіркеу мекенін өзгерту және тіркеу мекенін өзгертпеу деп бөлінеді.

Ішкі әкімшілік шекаралардың қиылысу белгісі бойынша: аймақаралық миграция, провинцияаралық миграция, ішкі провинциялық және ішкі аймақтық миграция.

Ағын бағыты бойынша миграция былай болады: қалалық мекен пунктінен қалалыққа, ауылдан ауылға.

Мерзімі жағынан тіркеу тұрақты (тіркеуді өзгерту) және уақытша, ол ұзақ болуы мүмкін (жарты жылдан астам) және қысқа мерзімді (жарты жылға дейін).

2010 жылғы жалпы Қытай санағы материалына қарағанда миграция жұмыспен/бизнеспен (угун цзиншан) байланысты болады, бір жұмыстан басқа жұмысқа ауысып бару (гунцзо дяодун), оқумен (сюэси пэйсюнь), тәуелді адам миграциясы (суйцянь цзяшу), туған туыстарына бару(тоцинь каою), көшу (чайцнь баньцзя), тіркеудің ауысуы (цзигуа хукоу), некеге отыру (хуньинь цзяюй), т.б. себептер (цита).

Қорыта айтқанда, Қытайдағы қазіргі урбандалудың жоғарыда көрсетілген үш кезеңнің негізгі ерекшеліктері бар. Бірінші кезеңінде реформа басталып, кішкене ауыл шаруашылық қалалары дамыды. Екінші кезеңде қытай экономикасы қарқынды дамыды, урбандалу тез жүрді әрі жан-жақты бақыланбады. Үшінші кезеңде кішкене және орташа қалалар жоспарлы және жан-жақты дамыды.

Қытай өз ішінде заңсыз миграциямен күресіп қана қоймай, осы сала бойынша 40 елмен ынтымақтасуда, оның қатарында Еуропалық Одақ пен Россия да бар.

Қорытынды. Қытай миграциясы ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басындағы халықаралық миграциялық үдерістердің ерекше құбылысы болды. ХХ ғ. екінші жартысында қытай халқы санының тез өсуі ел ішінде демографиялық қысымды жасап қана қоймай, азаматтардың шетелге кетуінің алғы шарты болды. ХХ ғ. 70-жж. аяғында реформаның басталуымен елден кеткен 19 миллион адам шетел диаспорасының негізі болып қана қоймай, реципиен қоғамда қытайларға деген көзқарасты да өзгертті. Осының салдары ретінде шетел диаспорасының экономикалық, әлеуметтік және субэтникалық құрылымы өзгерді. Сонымен қатар этникалық қытайлар қай елде тұрса, сол елдің экономикасының түрлі саласына белсенді қатысты.

Біріншіден, қытай миграциясының ерекшелігі географиялық аумағы кең болды, миграциялық толқындардың экономикалық, әлеуметтік және демографиялық құрылымында өзгерістер болды. Жаңа технология мен жаһанды ұтқырлықтың өсуіне байланысты бірнеше елде бір уақытта тұратын қытай мигранттарының жаңа түрі пайда болды. Бұлардың азаматтығы Қытай болғандықтан оның экономикалық жетістігімен бекемделіп отырды. Уақыт өте келе қытай миграциясының өсуі шетелде Пекиннің жетекшілігімен қытайлық қауымдастықтың құрылуына әкелді. Олар келген елдерінде ҚХР туралы білім мен ақпаратты таратады, сонымен қатар Қытай халқы мен ұйымдарына сыртқы әлем туралы ақпараттың көзі болуда.

Екіншіден, миграция ел ішінде қордаланған мәселелерді, жұмыссыздықты және кедейшілікті шешуге мүдделі. Ауылды жерден қалаға ағылып келген қытайлықтардың көптігі жұмыссыздықты көбейтті.

Сонымен, миграция масштабының өсуі миграциялық әлеуетті ұтымды қолданумен және мигранттардың түрлі топтарының олар үшін жаңа социумға енуімен байланысты қытай қоғамы алдында жаңа мәселелерді қояды. Осының бәрі мигранттардың шоғырлануына ықпал ететін тиімді әлеуметтік технологияны жасауды талап етеді.

Әдебиеттер мен деректер тізімі:

Анохина Е.С., Савкович Е.В. (). Система регулирования миграции в КНР на современном этапе. – Томск: Издательство Томского университета, 2015. – 180 с.

Веремейчик А.С. Регулирование внутренней миграции в КНР (на примере Северо-Восточного региона) // Россия и АТР. – № 4.

Ду Сяомин, Чэнь Цзеньбао (). Миграции населенияе в Китае и их влияние на экономическое развитие страны // Издательство Китайской академии наук в Пекине. Серия: Демографические исследования. –2010. – № 5. – С. 77-87.

Еженедельник китайской новости. 17 августа, 2009.

Изменение и применение Уголовного кодекса КНР./ под ред. ГаоЦзянси. –1997. – 700 c.

Chan K.W. The Chinese hukou system at 50 // Eurasian Geography and Economics.–2009. – № 50 (2). – Р. 197-221.

Китайский статистический ежегодник.–Пекин, 2013. –967 с.

Козыкина Н.В. Движущие силы Китайской международной миграции // Вестник читинского государственного университета. –2011. –№1. – С.28-42.

Liang Z., Ma Z. China’s floating population: new evidence from the 2000 census // Population and Development Review. –2004. –№ 3.

Лю Дэн, Цзян Дун-шэн (). Исследование миграций в крупнейших городах Китая: на примере Пекинско-Тяньцзинской агломерации. –Тяньцзинь: Изд-во Нанканского университета, 2009. – 37 с.

Материалы переписи населения Китая 2010 года. Пекин. Stats.gov. [Электронныйресурс]. URL: http: //www.stats.gov.cn/english/Statisticaldata/CensusData.

Понкратова Л.А., Тракова Е.В. Миграционная политика в КНР и ее роль в формировании человеческого капитала // Креативная экономика. Т.12. – № 3. Март, 2018. – С. 411-427.

Ping H., Pieke F.N. China Migration Country Report. Sociology. – [Электронныйресурс]. –URL :http: //www. sociology. cass. net. cn/ shxs/ zlk/ huangping/ DFID_Web_Paper_3.pdf.

Статистический ежегодник Китая. Пекин. ГСУ КНР.

Sjaastad L.A. The Costs and Returns of Human Migration // Journal of Political Economy. –1962.– № 5.

Тракова Е.В. Внутренняя миграция населения в КНР в ходе экономических реформ (2000-2016 гг.). Автореф. дисс. к.э.н. – М.: 2018. – 27 с.

Трудные задачи по предупреждению и борьбе с незаконной миграцией, которые стоят перед Китаем. // Сайт Даиан. 22 октября,2004.

Чанхай Л., Коробеев А.И. Особенности миграционной политики современного Китая // Журнал российского права. –2010. – №9. – С.70-85.

Чэнь Юхуа. Миграции населения, урбанизация и деревни в городах // Издательство Китайской академии наук в провинции Цзянсу. Серия: Социальные исследования. –2010. – № 3. – С. 77-87.

Цзянь Хайшань. Влияние старения демографии на миграционную политику (на китайском языке). – Пекин, 2013.– 120 с.

References:

Аnohina Е.S., Savkovich Е.В. Sistema regulirovaniia migratsii v KNR na sovremennom etape [The system of regulation of migration in China at the present stage]. – Tomsk: Izdatelstvo Tomskogo universiteta. –2015. – 160 s. [in Russian].

Anohina E.S. Delovaia kitaiskaia migratsiia i mesto Rossii v ee strukture [Business Chinese migration and the place of Russia in its structure ] // Vestnik Tomskogo Gosudarstvennogo universiteta.–2012. –№1. – S. 35-48. [in Russian].

Chan K.W. The Chinese hukou system at 50 // Eurasian Geography and Economics, 2009. – № 50 (2). – Р. 197-221.

Chanhai L., Korobeev A.I. Osobennosti mıgratsionnoi politiki sovremennogo Kiaia [Features of the migration policy of modern China].// Jurnal rossiiskogo prava. – 2010. – №9. – S.70-85. [in Russian].

Chen Iihua. Mıgratsıı naselenııa, urbanızatsiia i derevni v gorodah [Migration, urbanization and villages in cities] // Izdatelstvo Kitaiskoiiakademii nauk v provintsii Tsziansu. Seriia: Sotsialnye issledovaniia. –2010. – № 3. – S. 77-87. [in Russian].

Du Sıaomın, Chen Tszenbao. Migratsii naseleniiae v Kitae I ih vliyanie na ekonomicheskoe razvitie strany [Migration of the population in China and their impact on the economic development of the country]. // Izdatelstvo Kıtaıskoi akademıı nauk v Pekine. Seria: Demografıcheskıe issledovaniia. –2010. – № 5. – S. 77-87. [in Russian].

Ejenedelnik kitaiskoi novosti[Chinese News Weekly]. 17 avgusta, 2009. [in Russian].

Ejednevnaia gazeta v Guanchjou[Guangzhou Daily Newspaper]. 13 dekabria, 2009.

Internal migration of the population in China in the course of economic reforms (2000-2016). Abstract of diss. – Moskva,2016. – 27 p.[in Russian].

Izmenenie i primenenie Ugolovnogo kodeksa KNR (1997) / pod red Gao Tsiyansi. – 700 p. [Amendment and application of the Criminal Code of the People's Republic of China (1997)]./ Ed. Gao Jiangxi. – 700 c. [in Russian].

Kozykina N.V. Dvijushie sily Kitaiskoi mejdunarodnoi migratsii [Drivers of China International Migration].// Vestnık chitinskogo gosudarstvennogo unıversiteta. –2011. – №1. – S. 28-42. [in Russian].

Kitaiskii statisticheskii ezhegidnik (2013). [Chinese Statistical Yearbook. 2013]. – Pekin, 2013. –967 s. [in Russian].

Liang Z., Ma Z. China’s floating population: new evidence from the 2000 census. // Population and Development Review. –2004. –№ 3. –P.28-43.

Liu Den, Tszian Dun-shen. Issledovanie migratsii v krupneishih gorodah Kitaia: na primere Pekinsko-Tiantszınskoı aglomeratsii. [The study of migration in the largest cities of China: the example of the Beijing-Tianjin agglomeration]. Izd-vo Nankanskogo ýnıversiteta. –Tiantszın, 2009. – 37 s. [in Russian].

Materialy perepisi naseleniia Kitaia 2010 goda. [China Census Materials. 2010.]. Pekin. Stats.gov. – [Elektronnyi resurs]. –URL: http: // www. stats. gov. cn/ english/ Statisticaldata/ CensusData. [in Russian].

Migration Without Borders. UNESCO Publishing, Paris and Berghahn Books. – New York: OxfordUniversity Press,2007.

Ping H., Pieke F.N. China Migration Country Report. Sociology. – [Elektronnyi resurs].–URL :http: //www. sociology. cass. net. cn/ shxs/ zlk/ huangping/ DFID_Web_Paper_3.pdf.

Ponkratova L.A., Trakova E.V. Mıgratsionnaia politika v KNR i ee rol v formirovanii chelovecheskogo kapitala // Kreativnaia ekonomika. –T.12. – № 3. Mart, 2018. – S. 411-427. [in Russian].

Sjaastad L.A. The Costs and Returns of Human Migration // Journal of Political Economy, 1962. –№ 5.

Statisticheskii ejegodnik Kitaia - 2016. [Statistical Yearbook of China - 2016.]. –Pekin, GSU KNR, 2016. [in Russian].

18. Tszian Haishan. Vliianie stareniia demografii na migratsıonnýıý politıký. (na kitaiskom iazyke) [The effect of aging demographics on migration policy]. – Pekin, 2013. – 120 s. [in Chinese].

Trakova E.V. Vnutrniya migratsia naseleniya v KNR v hode ekonomicheskih reform (2000-2016 gg.). Avtoref.diss.k.e.n. –Moskva, 2018. – 27 с. [in Russian].

Trudnye zadachi po preduprejdeniiui borbe s nezakonnoi migratsiei, kotorye stoiat pered ietaem [The Difficult Challenges to Prevent and Combat Illegal Migration China].// Sait Daian. 22 oktiabria, 2004. [in Russian].

Veremeichik А.S. Regulirpvanie vnutrnnei migracii v KNR (nа primere Severo-Vostochnogo regiona) [Regulation of internal migration in the PRC (on the example of the North-East region)]. // Russia I ATR. –2003. – № 4. [in Russian].

МРНТИ03.19.00

ОСОБЕННОСТИ МИГРАЦИОННЫХ ПРОЦЕССОВ В КИТАЕ

(конец ХХ – начало ХХІ вв.)

Шапиева Гаухар¹

¹Магистрант 2 курса Казахского университета мировых языков имени Абылайхана. г. Алматы, Казахстан.

Аннотация:В статье дается анализ на миграционные процессы в Китае, их влияние на социально-экономическую и демографическую структуру, при этом решена задача, что Китай берет пример из мировой практики. Для Китая характерна большая территориальная дифференциация урбанизации, на основе новой концепции урбанизации для развития малого предпринимательства используются различные методы и из больших городов мобилизуют трудовых мигрантов.

Автор приходит к выводу, что основное направление миграционной политики Китая взять необходимых зарубежных специалистов, для развития экономики и общества китайская власть понимает, что надо привозить зарубежных ученых. В этом направлении Китай ссылается на мировую практику.

Ключевые слова: Китай, миграция, урбанизация, закон, безопасность, численность населения, мировая практика.

IRSTI03.19.00

FEATURES OF MIGRATION PROCESSES IN CHINA

( late XX early XXI centuries)

Shapiyeva Gauhar¹

¹2 course Master’s Student of Kazakh Ablai khan University of International Relations and World Languages. Almaty, Kazakhstan

Abstract: The article provides an analysis of the migration processes in China, their impact on the socio-economic and demographic structure, and the author shows that China is taking an example from world practice. China is characterized by a large territorial differentiation of urbanization, based on the new concept of urbanization, various methods are used to develop small businesses and migrant workers are mobilized from large cities.

The author concludes that the main direction of China 's migration policy is to take the necessary foreign specialists, for the development of the economy and society the Chinese authorities understand that it is necessary to bring foreign scientists. In this direction, China refers to world practice.

Keywords: China, migration, urbanization, law, security, population size, world practice.

No comments

To leave comment you must enter or register