Яндекс.Метрика
Главная » Материалы

Материалы

Т.Я. Сәтбай¹, С.Т. Тайман², Л.И. Калжанова³. ¹Т.ғ.д., қауымд. профессор. ²Т.ғ.к. ³Магистрант. Қорқыт ата ат. Қызылорда университеті.
ҒТАМР 03.20 + 13.81.29 ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ М. ШОҚАЙ ИДЕЯЛАРЫ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

ХХ ғасырдың басында Орталық Азияның түркі халықтары Ресей империясы мен Қытай мемлекетінің құрамында отарлық жағдайда болды. Қазақ, өзбек, қырғыз, түрікмен және т.б. түркі халықтарынан шыққан еуропалық үлгідегі зиялыларды түркістан халықтарының болашағы толғандырды. Олардың ішінде Мұстафа Шоқайдың ойлары ерекшелігімен көзге түседі. Көптеген зиялылар түркі халықтарының дербес ұлттық автономиясы идеясын қолдады. Алаш зиялылысы бұл ауқымнан шығып, түркістан халықтарының конфедерациясын қолдады. Мақалада Мұстафа Шоқайдың «Түркістан ұлты», «Түркістан бірлігі» тұжырымдамасының қалыптасуы барысы және бүгінгі саяси реалдылықтар жағдайындағы өзектілігі талданады. Авторлар түркістан халықтарының саяси-мәдени жақындасуының нақты мүмкіндіктеріне сүйенеді. Әсіресе қазақ, өзбек, қырғыз халықтарының мәдени тұрмыстық тұрғыдан алғанда «төменнен» жақындасуына, өзара ықпалдастығына қатысты пайдаланылмай жатқан ресурстарға назар аударады. Сөйтіп, жаһандасу жағдайындағы М. Шоқай идеялары жаңғыруының, жүзеге асыруылының нақты аспектілері көрсетіледі. Зерттеу жұмысы ҚР БҒМ Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруымен AP09259892 «Мұстафа Шоқай мұрасындағы қолжазбалардың тарихи-деректілік құндылығы» атты жоба аясында жүргізілді.

МРНТИ: 03.20.00 НЕКОТОРЫЕ АСПЕКТЫ РАЗВИТИЯ СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА В КАЗАХСТАНЕ В ПОСЛЕВОЕННОЕ ВРЕМЯ: ДИРЕКТИВНЫЙ СТИЛЬ
Д. Касымова¹, Б. Құдайбергенұлы². ¹К.и.н., ВНС. ²К.и.н., зам. директора по научной работе ИИиЭ им. Ч.Ч. Валиханова. Казахстан, Алматы қ.

В статье ставится задача рассмотреть, как руководство Казахской ССР выполняло директивные указания И. Сталина о выправлении ситуации в сельском хозяйстве, что привело к голоду после войны. Засуха, подчинение ресурсов сельского хозяйства укреплению военно-промышленного комплекса и необходимость решать ряд таких внешнеполитических задач, как расширение сферы советского военно-политического влияния в Европе и Азии, пополнение золотовалютных запасов, привели к истощению зерновых запасов в стране. В официальных советских партийных документах и исследованиях до горбачевской перестройки, о голоде 1946-1947 гг. не упоминается. Историки считают, что основная причина этого была в том, что голод был вызван политическими и идеологическими факторами, которые наложились на природные катаклизмы (засуха) и систему организации хлебозаготовок. Какие причины указывались в качестве факторов голода в республике, и к каким практикам прибегало партийное руководство Казахской ССР для выправления ситации в сельском хозяйстве?

Г.Б. Тлеубекова¹. ¹Т.ғ.к., қауымд., проф. м.а. І. Жансүгіров ат. Жетысу мемлекеттік университеті. Қазақстан, Талдықорған қ.
ЖЕТІСУ ӨЛКЕСІНІҢ ҚОНЫС АУДАРУ ТАРИХЫНА ҚАТЫСТЫ ДЕРЕКТЕР (ХІХ Ғ. ІІ ЖАРТЫСЫ МЕН ХХ Ғ. БАСЫ)

ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Ресей империясы Қазақстан аумағын толық отарлаған соң, үлкен өлкені басқару мақсатында өзінің әкімшілік жүйесін енгізген болатын. Сол кезеңде, Жетісу өңірі отар аймақ ретінде экономикалық және саяси жағынан елеулі рөл атқарды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өлкеге орыс шаруаларының легі ағылып келді. Патша өкіметі қазақ жеріне келімсектерді қоныстандыру саясатын тез қарқынмен жүзеге асыру үшін, 1904-1905 жылдары Қазақстан территориясын бес қоныс аудару ауданына бөлді: Торғай-Орал, Ақмола, Семей, Сырдария және Жетісу. Бұл облыстарда Жерге орналастыру және егіншілік бас басқармасына қарасты арнайы Қоныс аудару мекемелері ашылды. Отаршылдық негізде құрылған Қоныс аудару басқармалары жергілікті халықтың пайдалануындағы «артық» жерлерді тартып алып, қоныс аудару телімдерін дайындады. Патшалық Ресей кезеңіндегі қоныс аудару мәселесі деректанулық тұрғыдан терең әрі объективті зерттеуді қажет етеді. Сондықтан, ХХ ғасырдың басында құрылған Жетісу қоныс аудару басқармасының іс-жүргізу құжаттары өлкенің қоныс аудару тарихына қатысты негізгі деректер тобын құрайды. Сонымен қатар, өлкедегі қоныс аудару тарихына қатысты деректерді Ресей империясының ХІХ ғ. ІІ жартысы мен ХХ ғ. басындағы заңдары, Жетісу қоныс аудару басқармасы шенеуніктерінің және осы кезеңдегі зерттеушілердің еңбектері құрайды. Мақалада Жетісу өлкесінің ХІХ ғ. ІІ жартысын мен ХХ ғ. басындағы қоныс аудару тарихына қатысты архив құжаттарына және сол кезде жарыққа шыққан еңбектерге деректанулық талдау жасалады. Аталған деректер арқылы Ресей империясы кезіндегі отарлау саясатының барысы, бағыттары және нәтижелері айқындалған. Түйін сөздер: дерек, архив, құжат, қоныс аудару, Жетісу өлкесі, отарлау, Жетісу қоныс аудару басқармасы.

С.Н. Апашева¹. ¹Т.ғ.к., «Сырдария» университетінің доценті. Қазақстан, Жетісай қ.
ҒТАМР 03.20.00 ЖЕТІСУ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ 1916 ЖЫЛЫ БОСҚЫНШЫЛЫҒЫ: СЕБЕПТЕРІ МЕН САЛДАРЫ

Аталмыш мақалада 1916 жылы қазақтардың Қытай жеріне босып баруы талданып, олардың Шығыс Түркістандағы жағдайы баяндалып, 1917 жылғы ақпан революциясынан кейін босқындардың оралу себептері ашылып көрсетіледі. 1916 жылы Жетісуда орын алған көтерілісті басу үшін патша өкіметі жазалаушы отрядтарды атандырды. Облыс аумағында бірнеше ондаған қазақ және қырғыз ауылдары жермен-жексен етілді. Бейбіт тұрғындар аяусыз қуғын-сүргінге ұшырады. Жетісудың жергілікті 300 мыңға жуық қазақтары мен қырғыздары патша өкіметінің қысымымен Қытай аумағына өтіп кетуге мәжбүр болды. 1916 жылғы көтерілісті басуды отарлық билік өңірде жер мәселесін түпкілікті шешудің мүмкіндігі ретінде қарады. Түркістан өлкесінің мұсылман тұрғындарының билікке ізгі ниетте болмауы жергілікті қазақтар мен қырғыздардың босқыншылықа түсуі империялық пиғылға тиімді болды. Мұндай жағдай отарлық билікке мол мүмкіндік беретін. Сондықтан да қазақ зиялылары сол кезде қарулы қарсылыққа бармай, билікпен ымыраға келуге халықты үндеген болатын. Оның себебі, ресейлік әкімшілікке қазақтарды өз жерінен ығыстырып шығып, орыс қоныс аударушыларына кең жол ашып беруге болмайды дегенге келетін. Мақалада Шығыс Түркістанға өтіп кеткен қазақ босқындарының 1917 жылғы революциядан кейін Жетісуға қайта оралу жайы баяндалып, нақтылы деректермен негізделеді. Дерек көзі ретінде мақалада Қазақстан Республикасының орталық мемлекетік архивінің және Өзбекстан Республикасының орталық мемлекеттік архиві қорларының мәліметтері пайдаланылды. Түйін сөздер: Ұлт-азаттық көтеріліс, революция, аштық, босқыншылық, репатриация.

А.Қ. Аққали¹, Ғ.А. Шотанова², Ф.А. Қозыбақова³
ҒТАМР 03.20.00 МӘЛІМ ДЕ БЕЙМӘЛІМ МҰХАММЕД-САЛЫҚ БАБАЖАНОВ

Аталған мақалада архив қорларында сақталған құжаттар негізінде Орыс географиялық қоғамының үлкен күміс медалімен марапатталған тұңғыш қазақ ғалымы Мұхамедсалық Бабажановтың (1835-1871) өмір деректері, әр жылдардағы қызметі, ғылыми-этнографиялық зерттеу жұмыстары туралы қарастырылады. Сол кезеңде этнографиялық зерттеулерде М-С. Бабажановтың мақалалары елеулі рөл атқарды. Зерттеулердің нысанасы қазақтардың тарихы мен шаруашылығы, кәсіпшілігі болды. Оның этнографиялық еңбектерін алдыңғы қатарлы орыс ғалымдары және өлкетану қоғамдары жоғары бағалады. Сонымен бірге мақалада этнограф М-С. Бабажанов аңшылық, атбегілік туралы, қазақ қоғамындағы ең күрделі мәселелердің бірі – жер мәселесі туралы ой толғамдары қарастырылады. Зерттеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру жобасы (IRN жобасы: AR08855800) шеңберінде жүргізілді. Түйін сөздер: М-С. Бабажанов, Россия, кадет корпусы, хорунжий, этнограф, ғалым, тарих, журналдар, газеттер, архив.