Яндекс.Метрика
Главная » Материалы

Материалы

Г.К. Асанова¹. ¹К.и.н., доцент. Карагандинский университет Казпотребсоюза. Казахстан, Караганда.
МРНТИ 03.20.00 DOI 10.51943/2710_3994_2021_2_1 НАУЧНОЕ НАСЛЕДИЕ А.И. ЛЕВШИНА КАК ПЕРВОКЛАССНЫЙ ИСТОЧНИК ПО ИСТОРИИ КАЗАХСКОЙ ГОСУДАРСТВЕННОСТИ

Аннотация. В данной статье рассматривается научное наследие выдающегося русского ученого первой половины XIX в. Алексея Ираклиевича Левшина (1797–1879). Наиболее ценным в научном смысле, является сформулированная им концепция исследования истории народа: «Первые два вопроса, которые рождаются при имени малоизвестного народа, суть следующие: «Где он живет и как он многочислен?», и собранный с этих позиций А.И. Левшиным колоссальный фактический материал, огромное количество сведений, имеющие фундаментальное значение для современных исследователей государственности Казахстана. Собранные им исторические сведения подтверждают наличие в Казахском ханстве общих признаков, присущим всем государствам: территория, население, власть, что делает данное исследование ценным источником по истории казахской государственности. Данная статья представляет собой опыт изучения и осмысления творческого наследия А.И. Левшина как первоклассного, оригинального источника по истории казахского государства, применения этого материала в контексте других источников наших знаний о Казахстане и казахах с целью создания более объемной и объективной исторической картины.

А.А. Мақсұтова¹, Б.Е. Көмеков². ¹Т.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі. ²PhD докторант. Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ. Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.
ҒТАМР 03.20.00 МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ ЕҢБЕГІ «ТАРИХ-И РАШИДИГЕ» ТАРИХНАМАЛЫҚ ТАЛДАУ

Аңдатпа. Мақалада Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих- и Рашиди» еңбегі тарихнамалық тұрғыдан талданған. Бұл дерек Орта Азия елдеріне байланысты парсы тілінде жазылған. Яғни, XIV-XVI ғасырларды қамтитын құнды мәлімет. Соның ішінде Орта Азия елдерінің әсіресе Қазақ елінің саяси, тарихи этникалық, географиялық, әдеби, мәдени мәліметтері қарастырылған. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегі 14 ғасырдан XVI ғасырдың орта кезеңіне дейін яғни, бірнеше ғасырларды қамтитын энциклопедиялық сипаттағы еңбек. Осы деректің жазылу мәдениеті, ғылыми маңызы, тың әрі бізге беймәлім деректерінің молдығы, этнографиялық, этникалық, географиялық, археологиялық мәліметтерінің сонылығы, тарихи оқиғаларды нақты әрі айқын баяндауы оқырманды да, зерттеушіні де тәнті етеді. Дулати өзіне дейін Тұраннан шыққан тарихи тұлғаларды толық дерлік қамтыған. «Тарих-и Рашиди» ақындық қуат, жазушылық шеберлікпен, көркем де айшықты тілмен жазылған мемуарлық туынды.

М.Т. Морякова¹. ¹ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов ат. ТЭИ-ның ғылыми қызметкері, 1 курс докторанты. Қазақстан, Алматы қ.
ҒТАМР 03.61.91 ЭТНОГРАФ А.Л. МЕЛКОВТЫҢ 1920-жж. ҚАЗАҚСТАНДЫ (ҚАЗАҚ ӨЛКЕСІН) ЗЕРТТЕУ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ ЖӨНІНДЕ

Аңдатпа. Бұл мақала Қазақ (Қырғыз) өлкесін зерттеу қоғамының құрылу тарихына, сонымен қатар этнограф, суретші, осы қоғамның этнографиялық бөлімінің мүшесі Александр Лаврентьевич Мелковтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Қазақ (Қырғыз) өлкесін зерттеу қоғамының мүшелері 1922 жылы құрылған Орталық өлкетану бюросында Қазақстан атынан кірген өкілдері ретінде саналған. А.Л. Мелков Қазақстанды зерттеу қоғамының белсенді мүшелерінің бірі бола отырып, Мәскеуде жергілікті аймақты зерттеген ғылыми қоғамдардың бірінші Бүкілресейлік конференциясына қатысқан, сонымен қатар Орталық өлкетану бюросының құрамына сайланған. Сол бюроның этнографиялық секциясының төрағасы болып тағайындалды. Дегенмен, бұл мақалада А.Л. Мелковтың 1920 жылдардағы ғылыми қызметі мен оның нәтижелері сипатталады. Оның жинаған барлық материалдары мен еңбектері қазақтар мен қарақалпақтардың өмірімен танысу үшін сирек кездесетін кешенді дереккөзі болып табылады.

Zakarya Rakhmetolla¹. ¹PhD student. Junior researcher, Institute of History and ethnology named after Ch.Ch. Valikhanov.
IRSTI 03.09.55 ACTIVITIES OF THE INTERNATIONAL ORGANIZATION FOR ASSISTANCE TO FIGHTERS OF THE REVOLUTION IN RELATION TO EUROPEAN EMIGRANTS

The international charitable organization IRA (Red Aid) was established at the end of 1922 by the decision of the 4th Congress of the Communist international as a Communist counterpart to the current Red Cross in order to "protect workers from the white terror and help its victims". Being a non-partisan organization and having branches (sections) in dozens of countries around the world, it provided material (mainly monetary), legal, and moral support to political prisoners, political emigrants and their families, as well as to the families of dead revolutionaries. The broad powers of the IOAFR can be judged even by the fact that until 1924 only it gave permission to enter the USSR. In ten years, 6,935 political emigrants arrived in the USSR, most of them were granted political asylum. They received assistance in the amount of 5,000,100 rubles. 11 The International Organization for Assistance to the Fighters of the Revolution spread its influence not only within the USSR, but also in many other countries of the world.

М.А. Жолсейтова¹. ¹Т.ғ.к., доцент. Қ.А. Ясауи ат. Халықаралық қазақ-түрік университеті. Қазақстан, Түркістан қ.
ҒТАМР 03.20.00 «ТӘРЖІМАН» ГАЗЕТІ: ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ РУХАНИ ДҮНИЕСІНДЕГІ ОРНЫ МЕН РӨЛІ

Мақалада «Тәржіман» газетінің шығу тарихы, газеттің көтерген мәселелері талданып, оның түркі халықтарының рухани өміріндегі орны мен рөлі қарастырылады. ХІХ ғасырдың соңына қарай«Тәржіман» газеті Қырым қаларында және басқа өңірлерге тарады. Басылымға жазылу Ресей империясының барлық губернияларында және ірі қаларында жүргізілді. Газет беттеріндегі мақалалар Ресей империясының барлық дерлік ірі қалаларында оқылып, талқыланды. «Тарджиман» газетінің тілшілері империяны толықтай қамтыды деуге болады. Тілшілер берген ақпараттарға ауқымына қарап, басылымның Ресей империясы аумағында жалпытүркілік рөл атқарған деуге болады. Ақпарат беру ісіне тартылған журналистер қатарында есімдері көпшілікке танымал мұғалімдер, байлар, мырзалар, дінбасылары және т.б. болды. Мұның өзі И. Гаспыралы шығарған аталмыш басылымның корреспонденттері қатарында түркі-мұсылман халықтарының өкілдерімен қатар, ислам дінін ұстанған басқада халықтар болды деуге негіз қалайды. Олардың қатарында қырымдықтармен қатар, Еділ бойы татарлары, башқұрттар, өзбектер, қазақтар, қырғыздар, азербайжандар, түркімендер болды. Бұл жәйт «Тәржіман» газетінің түркі халықтарының рухани өміріндегі алар орнын зерттеу қажеттігін аңғартады.