Яндекс.Метрика
Басты бет » Материалдар » ӘӨЖ 930.25(574 )ҚАЗАҚСТАНДА МҰРАҒАТ ІСІН БАСҚАРУ

Еркенова Айгерім Қанатқызы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих, археология және этнология факультетінің 2 курс магистранты, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.E-mail: erkenova.aygerim@mail.ru

ӘӨЖ 930.25(574 )ҚАЗАҚСТАНДА МҰРАҒАТ ІСІН БАСҚАРУ

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 1(09)

Автор:
Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы экономикалық дамуы ол тікелей елбасымыздың ұстанған жаңа бағыттағы саясаты десек болады. Мінекей, осындай жаңа бағыттағы саяси, экономикалық мәдени жүйеде елдің ел болып қалуына тікелей оның мәдени құндылықтарына байланысты. Ал мәдени, тарихи құндылықтың қайнар көзі мұрағаттарда екені мәлім. Ендеше мәдени байлықтарымыздың сақталуын, пайдалануын ұйымдастыру қызметін жүзеге асыратын, мұрағаттарды басқару органдары. Яғни мұрағаттардың және оларды басқару органдарын зерттеу біздің сол құндылықтарымызға көзқарасымызды көрсетсе керек. Мұрағат ісін басқару жүйесі мұрағат ісінің қызметін ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұрағаттық қызметі мәдениет пен ғылымда, халықтың тарихи санасының қалыптасуында маңызды орын алады. Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етіп, оны одан әрі толықтыру, сақтау мен мұрағат құжаттарын пайдалануды бүгінгі күн талабына сай жүргізуді ұйымдастыру бағытында толыққанды қызмет етуде. Кілт сөздер: Қазақстан Республикасы, мұрағат ісі, мұрағат ісін басқару, ұйымдастыру.
Мазмұны:

Қазақстан Республикасында архив ісін басқару бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Кеңестік кезеңде Үкімет құра­мында «Бас Архив басқармасы» деген мемлекеттік орган бар бола­тын. Ол еліміздегі барлық мемлекет­тік архивтердің жұмысын реттеп, белгілі бір стратегия­мен басқаруды қам­тамасыз етіп отыратын. 1990 жыл­дардағы оңтайландыру ісі қол­ға алынған кезде, архив саласы ең соңғы кезекке ысырылып, тіпті, басқа салалардың мәселесімен ай­на­лысып жүргенде, архив жұ­мысы ұмытылып кетті. Қолда­ныстағы заңның өзінде «сол сая­сатты кім жүргізуі керек» деген мәселенің өзінің басы ашылып, анықталмаған. «Архив туралы» заңның бастапқы нұсқа­сында «өкілетті орган» деп анық көрсетілген еді, кейін өзгеріс ен­гізген кезде «өкілетті орган­ның» мемлекеттік саясатты қалыптас­ты­рып жүргізуге міндетті екендігі заң мәтінінен түсіп қалған. Орындаушы органдар бар, ал саясатты жасап, іске асыратын орган көрсетілмеген [1].

Кеңес үкметінің басшылары архив құжаттарының мемлекет үшін аса маңыздылығын түсінді. Елде болып жатқан азамат соғысының зардаптары архив құжаттарының сақталуына кері әсерін тигізбей қоймады. Үкіметтік заң актілерді сақтау қажеттігі Халық комиссарлар кеңесінің қызмет ете бастауының бірінші айларында-ақ байқалған болатын. 1918 жылы 30 қаңтарда (12 ақпан) В.И. Лениннің қол қоюымен декрет жарияланды. Бұл декретте үкметтің барлық заңдық актілерін редакциялау, жариялау және сақтау мәселелері жазылған. Декретте актілердің түпнұсқалары архив мекемелеріне қосарласып тапсырылады деліген. Алайда бұл уақытқа дейін әлі де орталық мемлекеттік мұрағат құрылмаған болатын [5]. Бұл уақытта мемлекеттің алдында бірінші кезекте мемлекеттік архив желісін айқындау қажеттігі тұрды.

1918 жылдың наурыз айының соңында [1] Петроградтық еңбек коммунасының уәкілетті жоғары білімді тарихшы Д.Б. Рязановтың бастамасымен жаңа қоғамдық ұйым – орталық ахив ісін басқару комитеті (ОАБК) құрылды. Оның құрамына ғылым академиясының, Петроград университетінің өкілдері және петроградтағы ірі архив мекемелерінің басшылары кірді. Бұл комитеттің өклеттілігі тек Петроград архивтерін басқараруға ғана өклеттілігі болғандықтан, осындай басқару органын мемлекеттік деңгейде де құру қажеттігі туды [9.

Орталықтанған архив ісін басқару мекемесін құру ұсынысы халық комиссарлар кеңесінің жиналысында 1918 жылы 26 сәуірде ұсынылып А.В. Лунечарскийдің архив құжаттарын және кітапханаларды қорғауға алу туралы баяндама хаты қаралған болатын. Соған сәйкес мемлекеттік орталық арихив ісін басқару комитетін құру жобасы жасала бастады. [6] Ал нақты жобаның қорытындысы 1918 жылдың 27-28 мамырда қабылданған. Бұл қаулы «Бас мұрағат ісін басқару» туралы қаулы болды, және осы қаулы 1918 жылы 1 мамырда қабылданған лениннің «Архив ісін қайта құру және орталықтандыру» декретіне негіз болды. Бұндай ісшаралаға негіз болған мұрағат ісін мемлекеттік басқару орнатуға бастау болды, құжаттарды қатаң есепке алып, мемлекеттің бақлауында болатын елдегі барлық мұрағат мұрасы негізінде біріңғай мемлекеттік мұрағат қорының пайда болғандығын жариялады. «Мұрағат ісінің Бас басқармасының жазбаша рұқсатынсыз қандай да бір істерді, хат алмасуларды, басқа да қағаздарды жоюға » елдегі ешбір кеңесті немесе басқа да мекемелердің құқығы болмады. Қазақстанда мұрағат ісін ұймдастырудың жаңа принциптірін өмірге әкелу жұмыстары жерімізді контрреволциялық құрамалардан азат еткеннен кейн басталды.[3]

Бірыңғай мұрағат қорын құру үшін жергілікті жерлердегі бөлімшелер жүйесімен арнайы мемлекеттік ведомстволар құрылды, олардың алдында мұрағатты жойылудан сақтау ғана емес, сонымен қатар құжаттарды мемлекеттің, қоғамның, азаматтардың мүддесі үшін пайдаланудың ғылыми негізделген жүйесін ұйымдастыру міндеті тұрды.

Архив ісі өзінің өмір сүру тарихында әр кезеңде әр түрлі министрліктерге бағынды. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігіне қол жеткізген күннен бастап өзінің ұлттық архив қорын қалыптастыра бастады. Кеңес үкметі кезеңімен салыстырғанда архивтердің қызметі мен құрылымында аса үлкен өзгерістер бола қойған жоқ. Архив ісі 1989-1991 жж. Қазақ КСР-ның Министрлар Кеңесі жанындағы бас мұрағат басқармасының құрамында болды, ал 1991 ж. 10 желтоқсанда мемлекет өз тәуелсіздігін алуына байланысты Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанында Мұрағат Бас басқармасы құрылды. 1993 ж. 17 мамырында Қазақстан Республикасы Мұрағаттар мен құжаттама бас басқармасы болып қайта қалыптастырылды.  1996 ж. 29 қазанында Басқарма таратылды. Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатына жүктелді.  ҚР Президентінің 1996 жылдың 29 қазанынан бастап №3168 «Орталық атқару органдарын жетілдіру және мемлекеттік органдарды қысқарту» жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының мұрағат ісін және құжаттаманы басқару қызметтері мен функциялары ҚР Орталық Мемлекеттік мұрағатына жүктелді [10]

Қазақстан Республикасының үкметінің қаулысына сәйкес 1997 жылдың 28 сәуірінде №672 «Қазақстан Республикасының орталық мұрағаты туралы» заң жарыққа шықты. Жоғарыда аталған заң негізінде ҚР Орталық Мемлекеттік мұрағатына толығымен орталық атқару органдарының функциялары мен өкілеттіктері және Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты туралы ереже бекітіліп, оның құрылымы анықталған  болатын. Заңмен бекітілген нормативтік-актіге сәйкес ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты келесі функцияларды жүзеге асырды:

1.  Қазақстан Республикасының архив ісі мен құжаттама саласында Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мемлекеттің басты құжат материалдарын сақтау қоймасы қызметін жүзеге асыру, архив саласын басқару, сонымен қатар заңға сәйкес салааралық координацияны жүзеге асыру;

2.  Қазақстан Республикасының архив қорларын қалыптастыру, Қазақстан халықтарының тарихына байланысты шет мемлекеттердесақталған құжаттардың түпнұсқалары мен архив құжаттарының көшірмелерін іздеп табу, сатып алу;

3.  Архив қоймаларындағы құжаттардың сақталуын қамтамассыз ету;

4.  Құнды құжаттардың, қорлардың көшірме сақтандыру қорларын жасау;

5.  Құжаттарды мемлекеттік есепке алу;

6.  Құжаттарға мемлекеттік құндылығын анықтау сараптамасын жүргізу;

7.  Қорларды толықтыру жұмыстарын жүргізу

8.  Құжаттарды жан-жақты пайдалануын қамтамассыз ету және архив құжаттарын жариялау

9.  Республиканың архивтік қор құжаттарының ғылыми-анықтамалық аппаратын жан-жақты жетілдіру;

10.  Ведомстволық құжаттардың жағдайын қадағалау және архивтердің ұйымдастырушылық-әдістемелік басқаруын қамтамассыз ету;

11.  Құжаттардың уақытылы жергілікті немесе орталық архивтерге жинақталуын іске асыру ісшараларын жүзеге асыру;

12.  Қазақстан Республикасының архив қорына кіретін мекемелер мен ұйымдардың тізімдемесін жасау;

13.  Республикада мемлекеттік архив ісін және құжаттама саласын реттеп отыру; [2]

1997-1998 жылдары архив мекемелерінің функциялары мен қызметтері өзегрмеді. Мұрағат саласының мемлекеттегі орны мен рөлін, оның құзырлық, функциялық міндеттерін және өзге салалармен байланыс аясын нақтылайтын  1998 жылы 22 желтоқсанда қабылданған «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» заңы. Бұл Заң мұрағат ісінің мемлекеттік қызметтегі дербес сала болуын заңдастырады.

Қазақстан Республикасы Үкметінің 1999 ж. 29 сәуірдегі №499 қаулысымен мұрағат ісі мен құжаттама саласы бойынша арнаулы атқару және бақылау функцияларын Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің құзреті шегінде Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті жүргізе бастады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 13 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» № 1189 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкметінің «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің мәселелері туралы» № 477 қаулысымен мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің құрылымына енді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығымен қайта ұйымдастырылған мемлекеттік басқару жүйесінде архивтер мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің, 2005 ж. Мәдениет және ақпарат министрлігінің, 2010-2011 жж. Байланыс және ақпарат министрлігінің, 2012 ж. Қаңтарынан Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомствосы қарамағында болды, бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия қызметі, мұрағат ісі және құжаттама саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, оның іске асырылуын бақылау мен қадағалау міндеттерін жүзеге асыра бастады.

Қазақстан Республикасында архив ісін басқару мен реттеу жұмыстары 1998 жылы 22 желтоқсанда қабылданған «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңның 5-тарауы, 18 бабына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл заң Қазақстан Республикасында архив ісін заңдық түрде жеке сала ретінде бекіткен алғашқы заң. Аталмыш заңға сәйкес Қазақстан архивтерін басқаратын арнайы уәкілетті орган белгіленген. Бүгінгі таңда 6 мемлекеттік архив мәдениет және спорт министрлігінің, мұрағат ісі және құжаттану департаментінің бақылауында.заңға сәйкес уәкілетті органдар архив қорларының  толықтырылуын, пайдалануын және сақтауын жүзеге асыруды бақылап мемлекеттік есепті жүзеге асырып отырады.

 Архив iсiн мемлекеттiк басқаруды уәкiлеттi органмен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілiктi атқарушы органдарыжүзеге асырады. Қазақстанның архив желісін: Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивтері, республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасының орталық мемлекеттік архивтері, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік архивтері мен олардың филиалдары құрайды. Архив ісін басқару мен жүргізу органдарын қаржыландыру және материалдық-техникалықжағынан қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Еліміздегі мемлекеттік мұрағат қызметінің құрамына 2013 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша 14 Архивтер мен құжаттама басқармалары, 220 мемлекеттік архив мекемелері, оның ішінде – 7 республикалық мұрағаттық мекемелер, 14 облыстық, 27 қалалық, 4 жеке құрам бойынша, 172 облыстық филиалдар мен аудандық мемлекеттік мұрағаттар жұмыс жасауда.

Еліміздің мемлекеттік архивтерінде Қазақстан тарихына байланысты құжаттар XVIII ғ. Бірінші жартсынан бастап бүгінгі күнге дейін сақталған. Қазақстан Республикасы Ұлттық Мұрағат қоры мен жеке құрам бойынша құжаттардың жалпы көлемі 2013 ж. 1 қаңтарындағы есеп бойынша 22009038 сақт.бірл. құрайды (ҚР ҰМҚ  - 14720843сақт.бірл.; жеке құрам бойынша – 7288195 сақт.бірл.; ғылыми-техникалық құжаттама – 258682 сақтау бірл.; кинофотофоноқұжаттар - 678949 сақт.бірл.; жеке тектік құжаттар – 53837 сақт.бірл.) .

Архивтерде 7 млн. Астам жеке құрам бойынша құжаттар сақталған, олардың негізінде азаматтардың, оның ішінде шетелден түскен еңбек өтілі, мүліктік, әлеуметтік, басқа да құқықтарына байланысты жылына 141892 сұранысқа жауап беріледі. Мемлекеттік сақтауға барлық меншік иелеріндегі мекеме, ұйымдардан басқа, қоғам, мемлекет қайраткерлерінің, ғылым, әдебиет, өнерге еңбегі сіңген қайраткерлердің жеке мұрағаттары ұдайы түсіде [7]

Құжаттарды ғылыми, мәдени, басқа да мақсаттарға кеңінен қолдануға жағдай жасалған. Республика мұрағаттары құжаттық жинақтар, мемлекеттік мұрағат қорлары бойынша анықтамалықтар, құжаттық көрмелер ұйымдастырады, мақала, радиотелехабарлар әзірленеді. Жеке тұлғалар мен мекемелердің тақырыптық сұраныстар орындалып, анықтамалар беріледі. Республикамыздың мемлекеттік мұрағаттарында 2500 мұрағатшы қызмет етеді, олардың басым бөлігі жоғары білімді.

Бүгінгі күні Қазақстанның архив ісін басқаратын мемлекттік мекеме ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, мұрағаттық іс және құжаттама департаменті. Мұрағат ісінің қызметін ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады, мұрағат ісінің жұмыстарын реттейтін заңдық актілер мен қаулыларды дайындайды. Мемлекеттік мұрағат мекемелерімен және мұрағат ісінің мамандарын даярлайтын жоғарғы оқу орындарымен тығыз байланыс орнату арқылы архив ісіндегі өзекті мәселелерді шешуді қолға алған. Қазақстанда архив ісінің өзекті мәселелер тізіміне архив ісінің мамандарын даярлау, құжаттардың цифрлік көшірмесін жасау, электрондық мұрағат құру, құжаттарды қайта қалпына келтірудің замануй тәсілдерін игеру, мұрағатқорларындағы құжаттарды сақтау, пайдалану және толықтыру мәселелері.  

  2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысымен Бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережесінде мұрағат ісі және құжаттама саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру мәселелрі қарастырылған. Бүгінгі таңда бұл министрлік төрағасы А. Мұхамедиұлы, мұрағат ісі және құжаттама департаменті вице-министр Ғ. Ахмедьяровтың басқару құрылымына кіреді, мұрағат ісі және құжаттама департаментінің директоры Мұстафина Әлия Хұсайнқызы. Мұрағат ісі және құжаттама департаментінің құрылымы екі басқармадан тұрады:

- Мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік саясат басқармасы;

- Ақпараттық қызмет және мемлекеттік бақылау басқармасы;

Аталмыш ведомствоның қарауына кіретін 6 мемлекеттік мұрағат мекемесі бар:

- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты»;

- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік мұрағат»;

- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалар мұрағаты»;

- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты»;

- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ұлттық археография және деректану орталығы» ;

- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мемлекеттік мұрағаттардың деректі материалдарын шағын фотокөшіру және қайта жаңарту орталық зертханасы»;

- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Құжаттану және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» [9]

Қорыта келгенде бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұрағат қызметі мәдениет пен ғылымда, халықтың тарихи санасының қалыптасуында маңызды орын алады. Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүргізуді қамтамассыз етіп, оны одан әрі толықтыру, сақтау мен мұрағат құжаттарын пайдалануды бүгінгі күн талабына сай жүргізуді ұйымдастыру бағытында толыққанды қызмет етуде.

Қазақстанда мұрағат ісін және құжаттаманы ғылыми-зерттеу институтын құру қажеттілігі тууда. Мұрағат ісі және құжаттамада нормативтік-заңдық актілерді жетілдіру, қайта құрастыру, бүгінгі таңда өзекті электрондық құжатайналымды ұйымдастыру, жалпымемлекеттік құжаттаманы және мұрағат ісін басқаратын жүйені құру, архив ісінің қаржылық жағдайын шешу, яғни мұрағат ісінің менеджментін жолға қою.

Әдебиеттер тізімі:

1.  Жаппаров Б.А.«Архив – мемлекет тарихының сақтаушысы» (сұхбат) // Егеменді Қазақстан. 2013. - 3 б.

2.  Архив құжаттары: - Ф. 544. - Оп. 1. - Д 1. - Лл 6-8

3.  Сариева Р.Х.  «Очерки по истории организаций архивного дела в Казахстане» (1918-1945 гг.). - Арыс., 2006.

4.  «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» заң. -  1998 ж. - 22 желтоқсан. 

5.  Прокопенко Н.Р. ЦГАОР СССР – 50 лет. // Советские архивы. - 1970. - №5. - С. 3.

6.  Максаков В.В. История и организация архивного дела в СССР. (1917-1945). -  М., 1969. - С. 46.

7.  Қазақстан мұрағаттары: анықтама, - Алматы, 2013 ж.

8.  В.И. Вяликов Управление государственными архивами СССР под. Ред В.В. Максаков

9.  Сайт: Министерства культуры и спорта

10.   Собрание актов Президента Республики Казахстан и Правительства Республики Казахстан. - Алматы, 1996. -  №43. -  60-62 стр.

ЕРКЕНОВА Ә.Қ.

УПРАВЛЕНИЕ АРХИВНЫМ ДЕЛОМ В КАЗАХСТАНЕ

Развитие экономики Казахстана на прямую связана со стратегией нашего главы государства. Новая стратегия основана на сохранении культурного наследия страны. Главным хранителем культурного наследия страны является Национальный Архивный Фонд Казахстана. Исследование архивов и их руководящих органов показывает наше мировоззрение на ценности. В данной статье рассматриваются вопросы об управлении архивным делом в Казахстане, точнее ее история и структура.

Управление архивным делом занимает важную роль в организаций работы архива. В настоящее время Государственная архивная служба Республики Казахстан занимает важное место в сферах культуры и науки, в деле формирования исторического самосознания народа, обеспечивая ведение работ по формированию Национального архивного фонда, его дальнейшему пополнению, сохранению и организации широкого использования его документов.

Ключевые слова: Республика Казахстан, архивное дело, управление архивным делом, организация архивног дела.

ERKENOVA A.K.

MANAGEMENT OF ARCHIVAL BUSINESS IN KAZAKHSTAN

The development of Kazakhstan's economy are directly linked to the strategy of our head of state. The new strategy is based on the preservation of the cultural heritage of the country. The main guardian of cultural heritage of the country is the National Archive Fund of Kazakhstan. The study of archives and their governing bodies shows our outlook on values. This article deals with the management of archival business in Kazakhstan, more precisely, its history and structure.

Manage archival business takes an important role in the archives of organizations. Currently, the State Archival Service of the Republic of Kazakhstan plays an important role in the fields of culture and science in the formation of the historical consciousness of the people, ensuring the maintenance work on the formation of the National Archival Fund, its further replenishment, preservation and organization of the widespread use of its documents.

Key words: Republic of Kazakhstan, archival business, control of archival business, organization, archive.



[1] Бүгінгі Санк-Петербург қаласы.


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз