Яндекс.Метрика
Басты бет » Материалдар » ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ӨЗБЕК - ҚЫРҒЫЗ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

НУРСУЛТАНОВА Л.Н., МАРМОНТОВА Т.В.

ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ӨЗБЕК - ҚЫРҒЫЗ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 3(07), 2016

Тегтер: оқиғасы, Әндіжан, жанжалдар, этносаралық, анклав, Ұйымы, Сауда, Дүниежүзілік, шиеленіс, Шекаралық, каскады, еркін, аймағы, сауда, өзбек, Баткент, оқиғасы, Қамбарата, диаспорасы, Ферғана, алқабы
Автор:
Бұл мақалада тәуелсіздігін жариялағаннан кейін екі мемлекет арасындағы саяси дипломатиялық, сауда экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелер талданады. Қырғыз өзбек үкіметаралық комиссиясы түрлі кең ауқымды мәселелерді қарастырады. Сауда экономикалық қарым қатынастың дамуында айқындаушы рөлді шекара маңындағы сауда атқарады. Екі мемлекет арасындағы өзекті мәселелерге энергетика, шекара және миграция бойынша сұрақтарды жатқызуға болады. Екі мемлекеттің Ресми биліктерінің азаматтардың қауіпсіздігін арттыру және шекара саудасын жақсарту мәселелерін қарастыруы бұл этносаралық шиеленісін төмендетіп Ферғана алқабы тұрғындары үшін бітімгершілік құралы ретінде маңызы зор.
Мазмұны:

Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы өзара түсіністікті, тұрақты және құрметті қатынастарды сақтау және нығайту, өзара тиімді ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыру екі ел халықтарының бірдей мүддесі болып табылады.

Өзбекстан Республикасы және Қырғызстан Республикасы арасындағы дипломатикалық қатынастар 1993 жылы 16 ақпанда орнатылды.

Екі жақты қатынастардың құқықтық негіздері келесі құжаттарда көрсетілген:

-  әрекет етуші шарттар - 78, оның ішінде 45-і мемлекетаралық пен үкіметаралық және 53-і ведомствоаралық;

-  әрекетін тоқтатқан шарттар - 16, оның ішінде 9-ы мемлекетаралық пен үкіметаралық және 7-і ведомствоаралық;

-  мемлекетішілік рәсімдерді орындамауына байланысты күшіне енбеген шарттар - 4;

-  қосымша талқылау мен келісуді қажет ететін шарттар - 23; оның ішінде 15-і мемлекетаралық пен үкіметаралық және 8-і ведомствоаралық;

-  халықаралық келісім мәртебесі жоқ 21 халықаралық-құқықтық құжаттар (келісімдер, жұмыс кездесулер хаттамалары, коммюнике, ынтымақтастық бағдарламалары, бірлескен мәлімдемелер) [1].

Өзбекстан Республикасы және Қырғызстан Республикасы арасындағы екіжақты шарттар

Күні

Құжат атауы

24 желтоқсан 1996 жыл

Өзбекстан Республикасы және Қырғызстан Республикасы арасындағы мәңгі достық туралы келісім

24 желтоқсан 1996 жыл

Өзбекстан Республикасы үкіметі және Қырғызстан Республикасы үкіметі арасындағы еркін сауда туралы келісім

3 қазан 2006 жыл

2007-2011 жылдарға арналған Қырғызстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы экономикалық, ғылыми-технологиялық және гуманитарлық ынтымақтастық туралы шарт

3 қазан 2006 жыл

Қырғызстан Республикасы үкіметі және Өзбекстан Республикасы үкіметі арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісім

Өзбекстан бірқатар саяси және экономикалық мәселелер бойынша Қырғызстан үшін маңызды рөл атқарды.

Жоғары деңгейдегі өзбек-қырғыз сапарларының тізімі

Күні

Оқиғалар

Қыркүйек 1992 жыл

Қырғызстан Республикасы Президентінің Өзбекстан Республикасына ресми сапары

Қаңтар 1994 жыл

Өзбекстан Республикасы Президентінің Бішкекке ресми сапары

Желтоқсан 1996 жыл

Қырғызстан Республикасы Президентінің Өзбекстан Республикасына ресми сапары

Қараша 1998 жыл

Қырғызстан Республикасы Президентінің Өзбекстан Республикасына ресми сапары

Қыркүйек 2000 жыл

Өзбекстан Республикасы Президентінің Бішкекке ресми сапары

Қазан 2006 жыл

Қырғызстан Республикасы Президентінің Өзбекстан Республикасына ресми сапары

Екі ел басшыларының петербургтік (2005 жылы қазанда) және мәскеулік (2006 жылы шілдеде) кездесулерінің сындарлы сипаты екіжақты саяси қатынастарды жандандыруға ықпал етті.

Екіжақты ынтымақтастық бойынша қырғыз-өзбек үкіметаралық комиссиясының бірлескен жұмысы екіжақты қатынастардағы маңызды тетіктерінің бірі. Комиссия отырысы шеңберінде сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық және басқа салаларда екіжақты ынтымақтастық мәселелерінің кең аясы қарастырылды.

Алайда, қырғыз-өзбек қатынастарының күн тәртібінде бірққатар проблемалық сипаттағы мәселелер бар, олардың ішінде мемлекеттік шекара делимитация үдерісінің аяқталмауы, өзбек жағымен қойылған мина алаңдарының бар болуы, Нарын-Сырдария өзені бассейнінің су-энергетикалық қорларын пайдалану мәселесінің реттелмегені, мұнай-газ кен орындарында меншік мәселесінің шешілмеуі, Қырғызстан Республикасының территориясында орналасқан және Өзбекстан Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілерімен пайдаланылатын су шаруашылығы нысандары мен пансионаттары.

2010 жылы сәуірде Өзбекстан СІМ-і 2010 жылғы 7 сәуірден бастап Қырғызстан Республикасымен мемлекеттік шекара учаскесіндегі өткізу бекеттерінде тұлғалар мен автокөлік құралдарының жүріп өтуіне уақытша шектеулер енгізілгенін ресми мәлімдеді. Сонымен бірге, өзбек жағы шекараны ашу туралы шешім Қырғызстандағы болашақ жағдайға тәуелді болады деп хабарлады.

Өзара кеңестен кейін, өзбек жағы Әндіжан облысындағы "Маданият" шекаралық бекеті арқылы "Майлуу-Суу электр-шам зауыты" АҚ-ның автокөлігін өткізуге рұқсат берді.

2010 жылғы 1 қарашадан бастап ӨР билігі шекараны өтуге құқығы бар тұлғалар санаттарын әуерейстерге транзитті жолаушылар мен үшінші ел азаматтарына дейін қысқартып, қырғыз-өзбек шекарасы арқылы өткізу шарттарын күшейтті [2].

2013 жылдың соңында екі тарап өздерінің шекара қызметінің лауазымды тұлғалары арасындағы, мақсаты екіжақты территориялық дауларды шешуге бағытталған жүйелі кездесулер басының бастамашылары болды. Дегенмен, бұл келіссөздер тұйыққа тірелді. Қырғызстан өкілдері осы мәселелер бойынша одан әрі ілгерілеуге қол жеткізу үшін, жоғары деңгейдегі үкіметаралық келіссөздер жүргізу қажет екендігін айтты. 2014 жылы 16 шілдеде Бішкекте Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловтың Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесуі өтті, оның барысында Қырғызстан президенті екі ел арасындағы бар мәселелерді шешу және неғұрлым жақын екіжақты қатынастарды дамыту керектігін астын сызып көрсетті. Екінші кездесу 2014 жылы 31 шілдеде, ШЫҰ-ның отырысы кезінде, Душанбе қаласында Өзбекстанның және Қырғызстанның сыртқы істер министрлері Абдулазиз Камилов пен Ерлан Абдылдаев арасында өтті; бірақ мәселені шешуде айтарлықтай ілгерілеу болған жоқ.

Соңғы жылдардағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кеңеюіне қарамастан, жалпы көрсеткіштер екі тарапты қаңағаттандырмайды. Өзбекстан мен Қырғызстан Республикасында табиғи кен орындарды игеру, құрылыс материалдарын өндіру бойынша бірлескен кәсіпорындарды құру үшін біршама мүмкіндіктері бар. Көлік коммуникациялары мен гидроэнергетика саласындағы бар қорлар пайдаланылмаған. Сауда-экономикалық қатынастардың дамуында анықтаушы рөлді шекаралық сауда алады.

2010 жылдан бастап, ӨР тарапынан мемлекеттік шекара арқылы өту тәртібін күшейту нәтижесінде мемлекеттер арасындағы ресми сауда айналым 90%-ға төмендеді және 2011 жылы 20,8 млн. АҚШ долларын құрады. 2012 жылы қарашада екі ел басшылығы 15 өткізу бекеттерінің 6-уын ашу туралы келісімге келді, нәтижесінде 2012 жылғы сауда айналым 144,5 млн. АҚШ долларын құрады.

2014 жылғы қорытындыларға сәйкес, екіжақты сауда айналым көлемі 101,7 млн. АҚШ долларын құрады, ал 2015 жылдың 5 айы бойынша өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сауда айналым 51,3%-ға қысқарды және 51,1 млн. АҚШ долларын құрады.

Сарапшылардың пікірінше, қазіргі уақытта оқшаулану шаралары, қырғыз және өзбек басшылары әрекеттерінің келіспеушілігі, сонымен қатар екі елдің жетілдірілмеген заңнамасы шекараны қауіпіз кесіп өту, капиталдар қозғалысы мәселелеріне қол жеткізу үшін кедергі жасайды, барлық аймақ шеңберінде ортақ еңбек нарығына нұқсан келтіреді. Бұл әлеуметтік-экономикалық дамудың әркелкілігін күшейтеді, аймақтағы кедейшілік пен тұрақсыздықты арттырады [3].

Негізгі мәселелердің бірі - шекараны демаркациялау және делимитациялау мәселесі. Мәселенің қиындығы бірінші кезекте, делимитация қандай құжаттар негізінде жасалу тиіс туралы келісімге келе алмауымен байланысты. Солайша, қырғыз тарапы 1955 жылғы Қырғыз КСР және Өзбек КСР үкіметтерінің бірлескен комиссиясы құжаттарына сүйенеді, ал өзбек тарапы 1924-1927 жж. ұлттық-территоиалдық ажырату мәліметтерін негізге алады.

2010 жылға дейін делимитация және демаркация бойынша қырғыз-өзбек комиссиясы өзара бірқатар шегіністер арқылы бар 1295 км-ден 1050 км туралы келісті. Дегенмен, 2010 жылғы сәуірден кейін комиссия жұмысы әлсіреді және қалған 58 даулы жер учаскілеріне меншік мәселесі бойынша және Қырғызстан Республикасы территориясындағы Сох (ауданы 325 шаршы км., халқы 52 мың адам) және Шахимардан (ауданы 90 шаршы км., халқы 5 мың адамнан астам) өзбек анклавтарына, сондай-ақ, Өзбекстан территориясындағы Барак (ауданы 4 шаршы км., халқы шамамен 1 мың адам) қырғыз анклавына кіру тәртібі туралы келіссөздер тоқтатылды [4].

Қырғыз тарапының пікірінше, өзбек тарапы шекаралық шұңқырлар мен қоршаулар құру үдерісін жалғастыруда, ал шекаралық аумақтың ауқымды бөлігінде әлі де миналар бар. Сонымен қатар, өзбек тарапы қырғыз тарапының мүдделеріне қайшы келетін, өз қалауы бойынша даулы аудандарда мемлекеттік шекара сызығын өткізеді.

Өзбек тарапы өз әрекеттерін Қырғызстан Республикасының оңтүстік өңірінде кең желісі бар және Өзбекстанда өз ықпалын кеңейтуге ұмтылатын, радикалды экстремистік және лаңкестік ұйымдардың мүшелерін Өзбекстан Республикасына енуден қорғау ұмтылысымен ақтайды.

Өзбек тарапының 2010 жылғы маусым оқиғаларына, Қырғызстанның оңтүстік облыстары аумақтарындағы басқа да қылмыстарға қатысты күдіктілерді іздеуге кедергі келтіруіне сәйкес, өзара қарым-қатынастағы үйлесімсіздікті күшейтетін қосымша факторлар Қырғызстанның ресми тұлғалары жағынан түсетін үздіксіз айыптар болды. Сарапшылардың пікірінше, бұндай шешім ішкі саяси қақтығыстармен айтылған және популистік болып келеді. Дегенмен, соған қарамастан, өзбек тарапы қырғыздардың осындай ниетін теріс қабылдады, бұл да тату көршілестік қатынастарды қалпына келтіру жайлы үмітті іс жүзінде жойды.

Өзбекстанмен шекара бойындағы даулы аудандармен шиеленіскен жағдай орнады. 1 мың 308 км созылған шегі Қырғызстанның Жалал-Абад және Ош облыстарында, біртіндеп Өзбекстанның ықпалы астына түсіп келе жатқан, шамамен 75 даулы аудандардың пайда болуына алып келді. Қырғызстанның Өзбекстанмен шекарасының жалпы ұзындығы 1 375 км, оның 200 км талқылану сатысында.

Өзбек-қырғыз қақтығысы жергілікті биліктің жеке құрылыс үшін ауылдан қалаға көшкен өзбек халқы басым жер аудандарын (Ош, Жалал-Абад, Үзген) қырғыздарға беру шешімінен кейін, 1990 жылғы маусым айындағы Ош оқиғаларынан басталды.

Баткен оқиғалары - 1999 жылы Өзбекстан ислам қозғалысының (ӨИҚ) және Қырғыз Республикасының қарулы күштерінің жауынгерлері арасындағы қарулы қақтығыс. Мәселелер ӨИҚ жауынгерлерінің Қырғызстан аумағы арқылы Тәжікстаннан Өзбекстан территориясына ену әрекетінен туындады. 1999 жылы тамызда ӨИҚ жасақтары Солтүстік Тәжікстан территориясынан Қырғызстанның оңтүстік аймақтарына басып кірді. Сол жылдың қазан айында қозғалыс жасақтары республика аумағынан кетті.

2010 жылы 7 сәуірде кезекті төңкеріс кезінде Құрманбек Бакиевтің орнынан құлатылуы елдің оңтүстігінде қырғыздар мен өзбектер арасындағы ұлтаралық қақтығыстың жаңа айналымын ішінара тудырды, оның барысында 200-ден астам адам қаза тапты, ал жүздеген мың өзбек елден қашып кетті.

2010 ж. қырғыздар мен өзбектер арасындағы қақтығыстар жылнамасы.

Күні

Оқиға

4 сәуір 2010 жыл

Жалал-Абадта Бакиевтің қырғыз жақтастары мен өзбек қоғамдастығының көшбасшысы Қадыржан Батыровтың жақтастары арасында жанжал болды.

30 сәуірден 1 мамырға қараған түн, 2010 жыл

Қырғыз және өзбек топтары арасында жаппай төбелес болды.

13 мамыр 2010 жыл

Бакиевтің жақтастары Ош, Жалал-Абад және Баткендегі облыстық әкімшілік ғимараттарды басып алды, өз губернаторларын тағайындады және 25 мың адамды Бішкекке жіберіп, уақытша үкіметті құлату ниетін білдірді.

14 мамыр 2010  жыл

Қырғызстанның оңтүстігінде қатаң қақтығыстар болып жатты, әсіресе Жалал-Абадта

19 мамыр 2010 жыл

Ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін жауапкершілікке тартуды талап етіп, өзбек диаспорасының көшбасшысы Қадыржан Бакиевке қарсы Жалал-Абадта митинг өтті. Көтерілісшілер Бакиевтер отбасына тиісілі үйлерді жақты, сондай-ақ, 14 мамырда қару қолданды деп оның сарбаздарына айып тақты.

26 мамыр 2010 жыл

Өзбек анклавы Сохта өзбектер тобы кырғыздарды ұрып-соқты. Даулы жайылым себебінен шиеленіс туды.

10 маусым 2010 жыл

Кешке "24 сағат" ойын залында қырғыз және өзбек ұлты ер азаматтарының арасында ұрыс болды. Төбелес арашаланды. Қалаға қосымша әскери күштер жаяу әскердің әскери машиналары (БМП) енгізілді, ал әуеде алты әскери тікұшақтар тосқауылдады. Қаланың ең қызу аймағы Фуркат ауылы мен "Черемушки" ауданы болды.

11 маусым 2010  жыл

Ош қаласының оңтүстік облыс орталығында жаппай тәртіпсіздіктер орын алды. Келесі күні олар көрші Жалал-Абад облысына өтті. Қақтығыс аймағында төтенше жағдай жарияланды және коменданттық сағат енгізілді.Ош қаласында қалалық құрылыстардың шамамен 70% өртенді, Жалал-Абадта инфрақұрылымдық объектілердің 20% зақымданды. Шамамен 260 адам қарсылық құрбандары болды.

12 маусым 2010 жыл

Тәртіпсіздік Жалал-Абад облысына таралды, Жалал-Абад қаласында К.Батыров атындағы қырғыз-өзбек университеті өртенді. Уақытша үкіметтің төрағасы Роза Отунбаева Ресейден көмек сұрады. Босқындар үшін Өзбекстанмен шекара ашық болды. Қырғызстанда ішінара мобилизациялау басталды, Жалал-Абад облысының барлық аумағына төтенше жағдай және коменданттық сағат енгізілді

13 маусым 2010 жыл

Оштағы жағдай әлі де күрделі, дегенмен ресми билік зорлық ағыны бәсеңдеді деп мәлімдейді. Қырғызстаннан көрші Өзбекстанға 450 мыңға жуық адам қашты.

14 маусым2010 жыл

Арандатушылар, мергендер және қаруы бар автокөліктердің ұсталғаны туралы хабарламалар пайда болды.

15 маусым 2010 жыл

Уақытша үкіметтің нұсқасы бойынша, Ош қаласында қалыпты жағдай орнады.

Қырғызстан үшін мұнай-газ кен орындарына меншік ету мәселесін шешу қажеттілігі өзекті болып табылады. 2011 жылы мамырда Қырғызстан парламенті "Солтүстік Сох", "Чонгар-Галча" газ қоймаларын бақылауды Қырғызстанға беруді талап ететін қаулы жобасын қабылдады. Сарапшылардың санауынша, "Солтүстік Сох" газ қоймасы арқылы жылына шамамен 4 миллиард текше метр газ тартылады және жалгерлік ақы жылына шамамен 900 мың долларды құрауы мүмкін еді [5].

Өзбек тарапымен "Чонгар-Галча" газ кен орнын, сондай-ақ Урсатьев-Ферғана газ торабын пайдалану да заңсыз болып танылды. Сарапшылардың бағалауы бойынша, Қырғызстан аумағы арқылы өтетін барлық газ құбырлары бойынша газ транзиті үшін өзбек тарапының төлемақы сомасы жылына шамамен 4 млн долларды құрауы мүмкін еді.

2012 жылы маусым айында Баткент облысындағы газ қоймаларына қатысты мәселе қайта күрт жаңдану алды. Біріншіден, қорғаныс және қауіпсіздік парламенттік комитетінің жабық отырысында, сондай-ақ, кейіннен Жогорку Кенеші парламент депутаттарының жалпы отырысында Қырғызстан Республикасының аумағында орналасқанын негіздеп, Солтүстік Сох газ газ қоймасын пайдалануды бастау Қырғызстан үкіметіне тапсыру шешілді.

Қырғызстан Қамбарата СЭС-ымен үлкен үміт байланыстырады. 1990 жылдан 2001 жылға дейін Қамбарата-2 СЭС нысанасында іс жүзінде құрылыс-монтаждық жұмыстар жүргізілмеді, бірақ табиғи-климаттық әсерлерден СЭС-тың гидротехникалық құрылыстарын қолдау және сақтау бойынша жұмыстар іске асырылып отырды. 2003 жылы құрылыс қайта жаңартылды. СЭС каскады Нарын өзенінің гидроэнергетикалық әлеуетін игерудің келесі кезеңі болып табылады. Каскадтың жалпы қуаты - 2260 МВт, ол Тоқтағұл су қоймасынан жоғары орналасқан. Екі СЭС-ті пайдалануға беру жыл сайын қосымша 6,2 млрд кВт-сағат электр энергиясын өндіруді қамтамасыз етеді. Жобаның жалпы құны - 2,2 млрд доллар. Каскад құрылысының аяқталуы жыл сайынғы электр энергиясының экспортын ағымдағы 2,4 млрд кВт-сағаттан 6 млрд кВт-сағатқа дейін арттыруы мүмкін. Қамбаратаа 1 және 2 құрылысы Қырғызстандағы энергетикалық баланс, қырғыз электр энергиясын Өзбекстан және Қазақстанға ғана емес, сонымен қатар Ауғанстан, Пәкістан және Үндістанға экспорттау мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Солайша, саяси оқиғалардан болған қазалар, мемлекеттік бюджетке қатысты шекараны жабу, ең алдымен жеңілдетілген салық салу жүйесі арқылы өнімдерді импорттау және өткізумен айналысатын кәсіпкерлік субъектілерден түскен салық және кедендік кірістер мәселесін қозғады деген қорытынды жасауға болады.

Қазіргі уақытта оқшаулау шаралары, Өзбекстан мен Қырғызстан биліктері әрекеттерінің үйлесімсіздігі, сондай-ақ екі елдің жетілдірілмеген заңнамасы азаматтардың шекарадан қауіпсіз өтуіне, капитал, еңбек және тауар қозғалысына кедергі жасайды, жергілікті дәстүрлі трансшекаралық нарықтарды бұзады, ортақ еңбек нарығына нұқсан келтіреді, бүкіл өңірдегі жеке кәсіпкерліктің дамуын қиындатады. Бұл әлеуметтік-экономикалық дамудың әркелкілігін күшейтеді және аймақтағы кедейлік пен тұрақсыздықты арттырады. Сауда айналымның көп бөлігі көлеңкелі, еңбек және сауда көші-қонының негізгі ағыны заңсыз болды. Шекаралық сауда сыбайлас жемқорлықтың таралуын ынталандыратын, көлеңкелі капитал іс-қимылының аймағына айналды. Ресми қатынастарда пайда болған вакуум заңсыз сауданы және шекараны заңсыз кесіп өтуді реттеу бойынша жасырын келісімдермен толтырылады. Құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қылмыстық құрылымдармен жедел бірігу жүріп жатыр.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы, жағдайдың түзелуін және азаматтардың шекараны қауіпсіз кесіп өтуін, адам құқығының қарапайым сақталуын қамтамасыз етуде шұғыл шараларды анықтау үшін, Қырғызстан және Өзбекстан үкіметі арасындағы келіссөздер үдерісін жаңдандыруды қажет етеді.

Екі мемлекет ресми билігінің Ферғана алқабы тұрғындары үшін, бітімгершілік құрал және ұлтаралық шиеленісті төмендетуге әсер ететін фактор ретінде, азаматтардың қауіпсіздігін жоғарлату және шекаралық сауданы жақсарту мәселелерін талқылауы маңызды.

Қазіргі кезде, су және шекаралар бойынша даулы мәселелер үшін Қырғызстан және Өзбекстан арасындағы қатынастар тұйыққа тірелген сияқты, дегенмен, екі тарапты бөлетін емес, ал, керісінше, біріктіретін едәуір салалар саны бар. Осы көріністер шеңберінде, өзара мүдделеріне нұқсан келтірмей, жемісті және өзара тиімді негізде екі ел байланыстарын дамытуға және нығайтуға болады, бірақ бұл Бішкек пен Ташкент осыған қаншалықты дайын екендігіне тәуелді. Бір біріне қарай қозғалмай бұл мәселелер шешілмей қала береді және одан әрі өсе түседі.

Қырғызстан және Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық бағыттарының бар әралуандылығы ішінен, 2015 жылы ынтымақтастықты жетілдірудің ең шынайы бағыты және салыстырмалы тез практикалық серпуі ретінде екі бағытты көрсетуге болады.

Ауыл шаруашылық секторындағы даму келесі бағыттарда болуы мүмкін:

- суландыру-сусіңгіш инфроқұрылымды пайдалануды жақсарту, суды пайдалану жоспарын құрудың заманауи әдістерін дамыту және суландыру техникасын жақсарту үшін шетелдік инвестицияларды тарту бағдарламаларын дайындау және алға жылжыту;

- суарма және ауыз суды жеткізу қамтамасыз ететін сорғы станциялары мен сорғылар үшін электр энергиясына тарифтерді төмендету;

- ауыл шаруашылық өнімдері, техникалары және тыңайтқыштарының шекаралық көтерме сауда нарығын құру;

- ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеу бойынша кәсіпорындарды дамыту [6].

  Бейресми еңбек көші-қон ауқымын анықтау қиын. Еңбек көші-қонының негізгі бөлігі заңсыз және жанама - қонақ визасы, туризм, саяхат және т.б. тәсілдер арқылы жүзеге асады. Халықтың еңбек көші-қоны екі елге, сондай-ақ, оның азаматтарына да экономикалық тиімді. Оның көмегімен валюта ағыны қамтамасыз етіледі және еңбек нарығында, әсіресе халық тығыз қоныстанған аймақтарда шиеленіс төмендейді. Сондықтан, жұмыс күші экспортын қолдаудағы ортақ ұстаным ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі бола алады.

  Мәжбүрлі көші-қон мәселесі күрделі мәселе болып табылады. Берілген мәселенің ерекше өзектенуі Ферғана алқабы аумағына радикалды исламның жақтастары енуінің өсу қауіпімен байланысты. БАҚ-тың бағалауынша, тек бір ғана Сирияда 2 мыңнан 4 мыңға дейін Өзбекстан тумалары соғысуда. Операциялар арасындағы үзіліс кезінде және олар аяқталғаннан кейін, осы адамдар қайда және қанша уақытқа тұрақтанады деген сұрақ туады? Ферғана алқабында халифат құру идеясын, азаматтық алудың либералдық тәртібін, Өзбекстанның жақындығын ескерсек, онда жауынгерлерді заңдастыру үшін ең қолайлы ел Қырғызстан болады. Осылайша, тыйым салынған ұйымдарға қатысу мақсатымен және еңбек сияқты, көші-қон саласындағы ынтымақтастық келешегі бар ынтымақтастықтың бағыты болып табылады.

  Берілген бағытта келесі шараларды ұсынуға болады:

- жұмыс күші экспорты бойынша мемлекеттік саясатты дайындау және алға жылжытудағы тәжірибе алмасу;

- сыртқы және ішкі босқындарды есептеу және олармен жұмыс жасау үшін, құқық қорғау органы мәртебесін берумен, мемлекеттік иммиграциялық қызметтер құру;

- бір мезгілде елдің азаматтығын алу үшін талаптарды (тарих, тіл, мәдениетті білу бойынша емтихан тапсыру және т.б.) арттырып, азаматтыққа қабылдаудың оңайлатылған тәртібінен бас тарту;

- Азаматтығын жоғалтқан тұлғалар туралы ақпарат алмасуды қалпына келтіру, сондай-ақ, қабылдаушы елдің азаматтығын алу үшін арнайы тәртіпті анықтау.

Әдебиеттер тізімі

1.  Посольство  Республики  Узбекистан  в  Кыргызской  республике.  Узбекско-кыргызские  отношения. http://uzbekistan.kg/uzkyr.php (дата обращения: 12.05.2016).

2.  Воображаемая  линия.  Обзор прессы// http://www.tks.ru/reviews/2011/05/27/03/print (дата обращения: 23.04.2016).

3.  Взаимоотношения между Кыргызстаном и Узбекистаном//http://www.stanradar.com/news/full/18347-vzaimootnoshenija-mezhdu-kyrgyzstanom-i-uzbekistanom.html (дата обращения: 05.05.2016).

4.  Взаимоотношения между Кыргызстаном и Узбекистаномhttp://www.stanradar.com/news/full/18347-vzaimootnoshenija-mezhdu-kyrgyzstanom-i-uzbekistanom.html (дата обращения: 07.06.2016).

5.  В мае 2011г. парламент Кыргызстана принял проект постановления, требующего передачи Кыргызстану контроля над газохранилищами «Северный Сох», «Чонгара-Галча».

6.  Шерадил Бактыгулов Новые сферы сотрудничества Кыргызстана с Узбекистаном. Central  Asia  Bureau for  Analytical  Reportinghttp://cabar.asia/ru/sheradil-baktygulov-novye-sfery-sotrudnichestva-kyrgyzstana-s-uzbekistanom/ (датаобращения: 06.06.2016).

Reference

1.  Posolstvo Respubliki Uuzbekistan v Kyrgyzskoj Respublike Uzbeksko -  kyrgyzskie otnosheniya. http://uzbekistan.kg/uzkyr.php (dataobrashcheniya. 12-05-2016)

2.  Voobrazhaemayaliniya. Obzorpressy // http://www.tks.ru/reviews/2011/05/27/03/print(dataobrashcheniya. 23-04-2016)

3.  Vzaimootnosheniya mezhdu Kyrgyzstanom i Uzbekistanomhttp://www.stanradar.com/news/full/18347-vzaimootnoshenija-mezhdu-kyrgyzstanom-i-uzbekistanom.html(dataobrashcheniya. 05-05-2016)

4.  Vzaimootnosheniya mezhdu Kyrgyzstanom i Uzbekistanomhttp://www.stanradar.com/news/full/18347-vzaimootnoshenija-mezhdu-kyrgyzstanom-i-uzbekistanom.html (dataobrashcheniya. 07-06-2016)

5.  V mae 2011g Parlament Kyrgyzstana prinyal proekt postanovleniya, trebuyushchego peredachi kyrgyzstanu kontrolya nad gazohranilishchami «Severnyj Soh», «Chongara-Galcha».

6.  Sheradil Baktygulov Novyesferysotrudnichestva Kyrgyzstanas Uzbekistanom. Central Asia Bureaufor Analytical Reportinghttp://cabar.asia/ru/sheradil-baktygulov-novye-sfery-sotrudnichestva-kyrgyzstana-s-uzbekistanom/(data-obrashcheniya. 06-06-2016).

УЗБЕКСКО - КЫРГЫЗСКИЕ ОТНОШЕНИЯ НА СОВРЕМЕННОМ ЭТАПЕ

Анотация

В данной статье анализируются вопросы политико-дипломатического, торгово-экономического и гуманитарного сотрудничества между двумя странами после провозглашение  независимости.  Кыргызско-узбекская межправительственная комиссия рассматривает широкий круг разных вопросов.  Определяющую роль в развитии  торгово-экономических  отношений  занимает приграничная торговля. Среди актуальных проблем между двумя  странами можно назвать вопросы энергетики, границы, миграции. Важным представляется рассмотрение официальными властями обоих государств вопросов повышения безопасности граждан и улучшения приграничной торговли как факторов влияющих на снижение градуса межэтнической напряженности и в качестве миротворческого инструмента для населения Ферганской долины.

Ключевые слова: Приграничный  конфликт,  Всемирная Торговая Организация, анклав,  межэтнические  противоречия,  Андижанские  и Баткенские события,  Камбаратинский  каскад, зона свободной  торговли, узбекская  диаспора, Ферганская  долина.

THE MODERN RELATIONS BETWEEN UZBEKISTAN AND KYRGYZSTAN

Summary

In this paper analyze some  aspects of  political-diplomatic, trade-economical and  humanitarian interactions between both countries  after establish of independence.  Kyrgyz-Uzbek Government Commission consider a broad  number  of  different  questions.  Estimate  role in development of trade-economical Relations  play near-border trade. Around actual  problems between  both  countries can call questions  of energy,  border,  migration.  Very  important  to  see official  vision the  governments  of  both  countries  for  the  rise of security of  citizens and  improvement near-border trade as  factor, affected for  ethnical tension  decrease and  peace building  tool for  Fergana Valley  population

Key words: near-border Conflict, World  Trade Organization. enclave, interethnic tensions, Andizhan  and  Batkent Events, Kambarata Kaskade, Free  Trade  Zone,  Uzbek  Diaspora,  Fergana Valley 


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз