Яндекс.Метрика
Басты бет » Материалдар » ӘОЖ 316.334.55:39(574) АУЫЛ ҚАУЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭТНОӘЛЕУМЕТТІК РӨЛІ

Жайлыбаев Д.Ж., Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының магистрі

ӘОЖ 316.334.55:39(574) АУЫЛ ҚАУЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭТНОӘЛЕУМЕТТІК РӨЛІ

«edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 4

Тегтер: кәсіби, Ауыл, ауылдар., үрдіс, этноәлеуметтік, қатынастар, өзгерістер, этномәдени, фермер, көрсету, қызмет, жастар
Автор:
Аннотация Автор тәуелсіздік алғаннан кейінгі ауыл қауымы және оның этноәлеуметтік рөлін сипаттаған. Сонымен қатар, ауылдарды екі типке бөліп қарастырып ондағы өзгерістер мен мәдени және экономикалық-әлеуметтік құндылықтарды алға тартып, олардың келешекте ауыл қауымына тигізер әсерін көрсеткен. Жаңа инновациалық дамудың ауыл өміріне әсер етуі нәтижесінде ауылдардағы мәдени құндылықтардың өзгеруін мақалада негізгі мәселе ретінде қарастырады. Сондай-ақ келешекте ауыл өмірі жекелеген шаруашылық негізінде қалыптасатындығы анықталған. Кілт сөздер: Ауыл, үрдіс, этноәлеуметтік, қатынастар, этномәдени, өзгерістер, қызмет, көрсету, жастар, фермер, кәсіби, ауылдар.
Мазмұны:

Қазақ ауылының тағдыры соңғы жылдары ғылымда өзекті мәселеге айналып отырғаны сөзсіз. Себебі, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазақ ауылдарының сипаты әртүрлі қалыптасты. Бұны соңғы кездердегі қоғамдық құбылыстардағы өзгерістер мен дәстүрлі құндылықтардың өзгеріске түскендігінен көруге болады.

Қазақстандағы этномәдени және әлеуметтік-экономикалық үрістердің жедел дамуы ауыл қауымының этноләлеуметтік келбетін жаңаша қалыптастырды.

Қазіргі кездегі ауылдарды сыртқы және ішкі сипаты бойынша екі типке бөліп қарастырсақ болады:

–  Бірінші, ауылдардың жалпылық ұқсастықтары (дамыған ауылдар);

–  Екінші, ауылдардың жекелік ерекшеліктері (даму үрдісінен қалып қойған ауылдар).

Бірінші типке жататын ауылдардың жалпылық ұқсастықтары мемлекет тарапынан жасалып жатқан арнайы жобалар мен арнайы бағдарламалар аясында дамып келе жатқан ауылдарды айтсақ болады. Мысалы, ауыл экономикасын дамыту үшін еліміз тәуелсіздік алғаннан бері бірнеше арнайы жобалар мен стратегиялық бағдарламалар іске асырылды. 2002–2005 жж. Ауыл жылы болып белгіленді [1], «Ауылдық аймақтарды дамытудың 2004–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2014–2018 жж. арналған стратегиялық жоспары [2] іске асырылды, «Дипломмен ауылға» [3], «Халықты жұмыспен қамту 2020 жол картасы» [4] және т.б. жобалар орындалуда. Соның нәтижесінде ауылдың әлеуметтік-экономикалық өмірі жақсарды. Сонымен қатар, бұл дамыған ауылдардың жалпылық ұқсастықтары ауылдардың орналасқан территориялық ерекшелігіде ерекше маңызға ие. Ірі қалалардың маңындағы (Астана, Алматы, Шымкент және т.б.) ауылдардың әлеуметтік дамуы ірі қалалармен байланыстары ауыл бейнесін біркелкілікке алып келіп отыр [5]. Бұл ауылдар қала маңындағы индустриялық аймаққа айналу үстінде, яғни қала ішінде орналасқан зауыттар, фабрикалар, ірі кәсіпорындар, халықаралық бірлескен өндіріс орындары ауылдарға көшірілуде [6]. Міне осының нәтижесінде ауыл халқы жұмыспен қамтылып, жолдар салынып, көшелер жарықтандырылып, қаламен көлік қатынастары ретке келуде. Себебі, қаладан көшірілген зауыттардың белді мамандары қаладан ауылға қатынап жұмыс істейтіндіктен жол, көлік қатынастары жақсарып, арнайы маршруттар ашылу үстінде.

Қала маңындағы ауылдардың тұрғындарының көпшілігі қалаға қатынап жұмыс жасайды және әртүрлі кәсіп иелері болып табылады. Бұл ауылдарда шағын кәсіпкерлікпен (ағаш өңдеу шеберханалары, сплитерлі кірпіш құю, көлік жөндеу орталықтары, жиһаз, пластикалық терезе жасайтын шеберханалар, құрылыс материалдарын шығаратын шағын кәсіпорындар және т.б.) айналысып отырған азаматтарда баршылық. Солардың қатарында оралмандардың рөлі өте зор, себебі, Қытайдан, Түркиядан, және т.б. жақтан келген оралмандар кәсіптің жаңа түрлерімен айналысуда [7]. Қаланың жақын орналасуы нәтижесінде ауылдарда сауда-саттық мәселелері де дұрыс жолға қойылған. Мысалы, Алматы облысының Қарасай, Іле аудандарына қарасты ауылдардың әр бірінде 5–10 азық-түлік дүкендері бар. Оларға тауарды қаладан арнайы фирмалар жеткізіп беріп отыр. Бұл үрдістер ауылдағы қызмет көрсету саласының да дамығанын көрсетеді. Мысалға, тауар жеткізу, газ балондарды жеткізіп беру, көлік жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру, жиһаздарды жинап беру және т.б [8].

Ауыл халқының жұмыспен қамтылуын 1999–2009 жж. санақ бойынша салыстыратын болсақ төмендегідей көрініс береді.

1-кесте. Жұмыспен қамтылған халық [9, 43-б.]


2–кесте.
Халықтың миграциялық көрсеткіштері [9, 38-б.].  Алдыңғы санақпен (1999 ж.) салыстырғанда республикадағы жұмыспен қамтылған халықтың  саны 1,6 есе өсіп, 6 599 496 адамды құрады. Бұл ретте әйелдердің үлесі айтарлықтай артып (3,2%), барлық жұмыспен қамтылғандардың 45,2%-ын құрады. Ауылдық жерлерде де жұмыспен қамту өсіп, ауылдық жерлердегі жұмыспен қамту 3,2 %-ға (44,7), жоғарылады. Кестеден белгіліп болып отырғандай 2009 жылдарғы ауылдық жерлердегі әйелдердің жұмыспен қамтылуының жоғарғы көрсеткішке жетуін соңғы жылдары оқу бағдарламалары және жалпы жұмыс көздері әйелдерге арналған жұмыстар болып табылады. Керісінше бұрынғы совхоздардың тарауынан кейінгі үрдістер ер адамдардың әйелдерге қарағанда жұмыспен қамтылуды төмен көрсеткіш беріп отырғандығын көреміз. Бұл құбылыстарды кейінгі кездердегі қоғамдық құндылықтардың өзгергендігімен және еңбек нарығындағы жаңа реформалармен байланыстыруға болады.

Ауылдардың әлеуметтік жаңаруының бірдені-бір көзі ішкі және сыртқы миграциялық үрдістер болып табылады. 2009 жылғы санақтың қорытындылары бойынша ел халқының жалпы санының 10033419 адам (жалпы санының 62,7%) өз өңірлерінде туған және сонда тұрақты тұрады, ал 5 976 178 адам (37,3%) тұратын жерлерін өзгерткен, әрі 3031895 адам немесе тұрақты тұратын жерлерін өзгерткен халық санының 50,7%-ы тұратын жерлерін 1999–2009 жылдар арасында өзгерткен.

Барлық халық адам

Олардың ішінде тұрақты тұратын жерлерінде ұдайы тұратындар (ТТЖ)

Туғаннан бері тұрмайтындардың қатарынан 1999-2009 жж. арасында ТТЖ-ге келгендер, адам

Олардың ішінде

Тұратын жерлерін республика ішінде өзгерткендер

Туғаннан бері

Туғаннан бері емес

ТМД елдерінен

Басқа елдерден

адам

%

адам

%

адам

%

адам

%

адам

%

Барлық халық

16,009,597

10,033,419

62,7

5,976,178

37,3

3,031,895

542,781

17,9

107,881

3,6

2,381,233

78,5

Ерлер

7,711,224

5,050,111

65,5

2,662113

34,5

1,430,882

265,406

18,5

58,285

4,1

1,107,191

77,4

Әйелдер

8,297,373

4,983,308

60,1

3,314,065

39,9

1,601,013

277,375

17,3

49,596

3,1

1,274,042

79,6

Қала халқы

8,662,432

4,735,542

54,7

3,926,890

45,3

1,973,039

269,398

13,7

35,877

1,8

1,667,764

84,5

Ерлер

4,055,341

2,306,238

56,9

1,749,103

43,1

932,898

131,377

14,7

20,906

2,2

780,615

83,7

Әйелдер

4,607,091

2,429,304

52,7

2,177,787

47,3

1,040,141

138,021

13,3

14,971

1,4

887,149

85,7

Ауыл халқы

7,347,165

5,297,877

72,1

2,049,288

27,9

1,058,856

273,383

25,8

72,004

6,8

713,469

67,4

Ерлер

3,656,883

2,743,873

75,0

913,010

25,0

497,984

134,029

26,9

37,379

7,5

326,576

65,6

Әйелдер

3,690,282

2,554,004

69,7

1,136,238

30,8

560,872

139,354

24,8

34,625

6,2

386,893

69,0

Кестеде көрсетілген бұл мәліметтер қазақ ауылдарының жаңаруына, әлеуметтік дамуына және туыстық немесе өзара қатынастардың өзгеруіне алып келді. Мысалы, сыртқы миграциялық үрдістердің нәтижесінде елімізге оралған қандас бауырларымызсыз қазіргі кездегі ауыл қауымын елестету мүмкін емес. Олар елге оралғаннан кейін ауылдық және  қалалық жерлерде жаңа жұмыс көздерінің көбеюіне әсер етті, мысалы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстанға қоныстанған оралмандардың елге бейімделу дәрежесі де екі түрлі әлеуметтік үрдістер арқылы өтіп жатыр. Шығыс Қазақстанның Зайсан, Күршім аудандарындағы оралмандардың көпшілігі егін, мал шаруашылығымен айналысу үстінде. Тіпті қазақтың ұмыт болып бара жатқан тары өсіру кәсібін қайта жаңғыртуда [10].  Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы олыстарына келген оралмандар саудамен және өнеркәсіп салаларымен айналысуда зор көрсеткіштерге жетіп отыр.

Оралмандардан тыс ішкі миграциялық үрдістердің нәтижесінде дамыған ауылдардағы әлеуметтік үрдістер әртүрлі сипатқа ие, ал керісінше шалғай дамымаған ауылдарда жастардың жаппай қалаға немесе қала маңындағы ауылдарға көшу бағыттары қазақ ауылдарының әлеуметтік-экономикалық келбетін өзгертіп қана қоймай, сонымен қатар, ауыл халқының туыстық қатынастарының байланысын үзіп, қауымдық бейнесін өзгертуде. Тіпті, кейбір ауылдарда қауымдық қатынастардың негізі де қалмаған десе болады. Бұл көптеген дамыған ауылдардың сипатының жаңа формада қалыптасқандығын көрсетеді. Мысалы, қала маңында орналасқан ауылдарға халықтың көпшілігі жұмыс іздеу нәтижесінде орналасқандықтан туыстық қатынастар көп сақталмайды. Себебі жан-жақтан жиналған ауыл тұрғындары тегіс біркелкілкілікті сақтай алмайды. Олардың күнделікті тұрмыс тіршілігі қаламен тікелей байланысты, қалаға қатынап жұмыс істейді, сауда жасайды, жалдамалы жұмыстар атқарады, қызмет көрсету салаларында қызмет жасайды және т.б. Бұл жағдай жаңадан дамып келе жатқан ауыл халқының бірігуіне негіз болмай отыр. Осындай нарыққа бейімделген ауылдардың қоныстану жүйесіндеде біраз өзгерістер байқалады. Ол қалаға жақын маңдағы ауылдарда жер телімінің қымбат болуына және ауыл халқының жағдайының көтеріліп шетел тәжірибелеріне көп сүйенетіндігін байқауға болады. Мысалы, жұмыс үшін қонысын ауыстырған тұрғындар қала маңындағы ауылдардан жер телімін алып уақытша үйлер тұрғызады (2–3 бөлмеден тұрады) және жағдайы жақсарған тұрғындар үлкен 2–3 қабатты үйлер салуға көшкен (бұл үйлер 9–11 бөлмеден тұрады, ішкі бөлмелердің негізделуі де батыстық үлгіге сәйкестелініп жасалады, жуынатын бөлмелердің, дәретхананың үйдің ішінде болуы және т.б.) [11]. 

Осындай ауылдардың тез қарқында даму үрдісі ауылдық қауымның келбетін өзгергендігін байқатады. Яғни туыстық қатынастардың әлсірегені мен отбасылық құндылықтардың сақталмауы дәстүрлі қазақ ауылынан жаңашыл ауыл қауымына өту үрдісін көрсетеді. Жалпы, бұл ауылдарда туыстық қатынастар екі жағдайда ғана іске асырылады яғни бір атаның туыс-ағайындар өлім-жітім мен той-мерекеде ғана бірігеді. Себебі, туысқан адамдар осындай екі жағдайда жиналғанның нәтижесінде ауылдық жерлерде құрылыс ғимараттардың жаңа негіздемесі пайда болған, ол тойларға арналған арнайы тойханалардың салынуы және өлім-жітім болғанда ас, садақа (жетісі, қырқысы, жүзі, жылын) беруге арналған қатымханалардың салынуы соңғы жылдарда ерекше назар аудартады. Тойханалардың салынуы арнайы мерекелерге арналып, оның ішінде бірнеше қызмет көрсетулері қамтылған (әр түрлі тағамдармен қамтамасыз ету, фото, видеоға түсіру, асаба жалдау, шоу бағдарламалар ұйымдастыру, арнайы салтанатты көліктер жалдау және т.б.), ал керісінше қатымханалардың салынуы діни құрылыстардың яғни мешіттердің жанынан қалыптасты. Мешіттер бұрынғы кездері тек ғибадат етуге арналса, қазіргі кезде олардың функциясына өзгерістер енуде. Соңғы кездері мешіттер діни кешен болып табылады. Оның намаз оқитын, құран оқитын бөлмелерімен қатар бөлек асханалары қалыптасқан. Кейбір мешіттер үлкен терреторияны қамтып соған мешітті, дәретхана, медрессе, қатымхана, діни заттар дүкенін барлығын орналастырған. Мұндағы асхана яғни қатымханалар адамның қайтыс болғаннан кейінгі жетісі, қырқы, жүзі, жылын өткізуге арналып салынған. Кейбір осындай қатымханалар 250 адамнан 550 адам сиятындай жасалған. Осыған қосымша қазан-ошақ, ас дайындайтын бөлме, ыдыс-аяқпен жабдықталған. Тіпті арнайы аспаз және даяршылармен қамтамассыз етілген. Қатымхана қолжуатын бөлмелерімен және ас беретін бөлмеде арнайы дыбысты күшейтетін аппараттар, марқұмның естеліктерін (фото, слайд, видеоларды) көрсетуге арналған компьютерлік технологияларымен ерекшеленеді. Бұл ауыл халқы үшін заманауи тұрмыста дәстүрлі ғұрыптарды атқаруға зор ыңғайлылық тудырады. Айта кететін мәселе бұл діни кешендердің салынуы соңғы 2000 жж. кейінгі үрдістер. Ал, бұл дегеніміз осы құрылыстар ауылдан шыққан ірі кәсіпкерлердің қаржысына салынуда. Жекелеген тұлғалардың тойханалар мен қатымханаларды салуы жаңа кәсіпкерліктің көзі ретінде қарастырса болады [11]. Жалпы, қала маңындағы ауылдардағы осы үрдістер қала және ауыл мәдениетінің ортақ тоғысынан туындап отыр десек болады. Себебі, бұл ауылдардағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің іске асырылуындағы жаңа инновациялық қадамдардың (тойхана және қатымханалардағы қызмет көрсету салалары және т.б.) іске асырылуы тікелей қала мәдениетінің әсерінен орын алуда.

Ал, шалғай ауылдардың әлеуметтік тұрғыда әлсіз болғанымен кейбір мәселеде қауымдық бірігуде көзге түсуде. Туыстық байланыстардың сақталуы және көршілік қатынастардың берік қалыптасуы шалғай ауылдарда қауымдық құрылыстың негізі жойылмағандығын көрсетеді. Себебі, көптеген жырақтағы ауылдардың қоныстану жүйесі мен тіршілік көзі біркелкі болып табылады. Соның негізінде 1990 жж. ортасынан кейінгі жекешелендіру кезіндегі үлестеріне тиген жер телімдері ауыл халқы үшін мал және жер шаруашылығымен айналысуға мол мүмкіндік туғызуда. Осындай шаруашылықпен айналысушы азаматтар өз шаруашылығына туыстарын, етене жақын ағайындарын жинау арқылы ауылда жаңа қауымның формасын қалыптастырып отыр (бұл дәстүрлі қазақ ауылы жүйесіне сәйкестенеді). Ендігі жерде қазақ ауылының қауымы тек қана туыстық мүдде тұрғысынан емес, сондай-ақ тіршілік қамы негізінде қалыптасу барысында. Бұл қызметтерді әртүрлі заңдық тұлғалар (фермер, кәсіпкер) өз мойнына алуда. Нәтижесінде ауылдың көне жер атаулары қалпына келтіріліп, ел игілігіне ата-бабалары атында мешіттер салынуда, ұлттық мерекелер мен мерейтойлар, үлкен астар өткізіліп жатыр. Осы үрдістер ауыл халқының тарихи жадын қалпына келтіруге, тарихи сабақтастықты сақтауға, жастар арасында патриоттық тәрбиеге, ұлттық ойындардың дамуына мүмкіндіктер жасалып отыр. 

Осы ауылдардың даму дәрежесі өз кезегінде қаламен байланысы, жастардың қалаға оқуға баруы, жұмысты қалаға барып істеуі ауыл мен қала халқының өзара мәдени қатынасының қалыптасқандығын көрсетеді. Ауылдықтардың қала халқына әсіресе жастар арасындағы ықпалы жастар арасында байқлады. Ал, қалалықтардың ауыл өміріне ықпалы тұрмыстық, әлеуметтік бағытта және ішінара мәдени бағыттарда байланысты. Жалпы қала мен ауыл қауымының өзара байланыстары тікелей жастардың араласуымен іске асуда. Жастар бұл жерде «мәдениет тасымалдаушы» қызметін атқаруда.

Еліміздің соңғы жылдары қарыштап дамуына сәйкес қазіргі кезде ауылдардың барлығына дерлік ғарыштық, сандық форматтағы телевизияға қосылған. Себебі шалғай ауылдардың көпшілігінде теле-байланыстардың нашар болуы ауыл тұрғындарын ғарыштық теле-байланысқа қосылуға мәжбүрлеуде. Бұдан шығатын қорытынды ауыл халқы мәдени өзгерістерді тек өз елімізден емес, сонымен қатар, шетелдік арналар арқылы алып отырғандығы. Өз кезегінде осы құбылыстар ауыл халқының өмірінде аудандық мәдениет үйлері мен кітапханалардың маңызы жоғалғандығын көреміз [12].

Қорытындылай келе қазақ ауылы қауымының соңғы кездердегі келбеті әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өзгерістерге ұшырағандығын көрсетеді. Ауыл халқының дәстүрлі шаруашылық түрлерімен айналысуы және қала мәдениетімен байланысқа түсуі бүгінгі заман талабының үдесінен шығуда. Бұл келешекте кәсіби жекелеген шаруашылықтардың көбеюі нәтижесінде шалғай ауылдарда үкіметтік бағдарламалардың іске асуын қамтамасыз ететіндігі сөзсіз. Соның нәтижесінде ауыл қауымын немесе ауылдардың 2 типке емес бірнеше типке бөліп қарастыратын зерттеулер жүргізу қажеттігі туындайды.

Елбасының жылдағы жолдаулары, мемлекеттік бағдарламалардың ауылға мол мән берілуі ауыл халқының алдында үлкен үндеулер тастауда, бұл ел ішілік үндеу емес ғаламдық үндеулермен ұштасуда. Бұдан шығатын қорытынды келешекте ауыл тұрғындары үшін ауыл шаруашылығында, басқа да салаларда жоғары кәсіби шеберлікті талап етеді. Мемлекеттің ауыл халқына арналған «агросекторды қолдау», «Агробизнес 2020»[13] бағдарламалары келешектегі кәсіби ауылдардың алғышартына айналатыны сөзсіз. Бұл өз кезегінде ауыл қауымының алдында бірнеше мәселелер туғызады. Яғни, шалғай егін мен немесе мал шаруашылығымен айналысатын ауылдарда қарапайым тұрғындардың болмауы ықтимал. Себебі, бұл ауылдар келешекте кәсіби ауылдарға айналады, онда тек белгілі саламен шұғылданатын адамдар өмір сүреді. Ал, ауылда өмір сүріп ешқандай шаруашылық саламен айналыспайтын, тек әлеуметтік көмектерге сүйенген адамдар мұндай кәсіби ауылдарда ұзақ тұрақтай алмайды. Олар өздігінен қала маңына көшіп келіп жаңа кәсіп түрлерін қарастырады.

Әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2003 жылғы 16 сәуір. Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты. // www. akorda. kz (сайтты қараған уақыты 28.05.2015).

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2014–2018 жж. арналған стратегиялық жоспары // mgov.kz (сайтты қараған уақыты 25.05.2015).

3. Дипломмен ауылға бағдарламасы // egov.kz (сайтты қараған уақыты 25.05.2015).

4. Халықты жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы // egov.kz (сайтты қараған уақыты 25.05.2015).

5. АӨЖМ (автордың өзі жинаған материалдары), Алматы облысы, Қарасай ауданы, 2012 жыл.; Оңтүстік Қазақстан облысы, Асар ықшам ауданы, 2012 жыл; Ақтөбе облысы, Мұғалжар, Темір, Байғанин аудандары, 2012 жыл.

6. АӨЖМ, Алматы облысы, Қарасай ауданы, 2013 жыл.

7. АӨЖМ, Алматы облысы, Қарасай ауданы, 2014 жыл.

8. АӨЖМ, Алматы облысы, Іле, Қарасай аудандары, 2015 жыл.

9. «Қазақстан Республикасының 2009 жылғы Ұлттық халық санағының қорытындылары». Талдамалы есеп. Ред. Басқарған Смайылов Ә. А. – Астана, 2011.

10. АӨЖМ, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан, Күршім ауданы, 2014 жыл.

11. АӨЖМ, Алматы облысы, Қарасай, Іле аудандары 2012 жыл.

12. АӨЖМ, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, 2013 жыл.

13. «Агробизнес 2020 бағдарламасы» // mgov.kz (сайтты қараған уақыты 24.05.2015).

   

References

1. Kazakhstan Respublikasy Prezidenti N. A. Nazarbayevtyn Kazakhstan halkyna Zholdauy. 2003 zhylgy 16 sauir. Kazakhstan Respublikasy Prezidentinin resmi saity. // www. akorda. kz (saitty karagan uakyty 28.05.2015).

2. Kazakhstan Respublikasy Auyl sharuashylygy ministrliginin 2014–2018 zhzh. arnalgan strategialyk zhospary // mgov.kz(saitty karagan uakyty 25.05.2015).

3. Diplommen auylga bagdarlamasy // egov.kz(saitty karagan uakyty 25.05.2015).

4. Halykty zhumyspen kamtu 2020 zhol kartasy bagdarlamasy //egov.kz(saitty karagan uakyty 25.05.2015).

5. AOZHM, Almaty oblysy, Karasay audany, 2012 zhyl; Ontustyk Kazakhstan oblysy, Asar yksham audany, 2012 zhyl; Aktobe oblysy, Mugalzhar, Temir, Baiganin audandary, 2012 zhyl.

6.AOZHM, Almaty oblysy, Karasay audany, 2013 zhyl.

7. AOZHM, Almaty oblysy, Karasay audany, 2014 zhyl.

8.AOZHM, Almaty oblysy, Ile, Karasay audandary, 2015 zhyl.

9. Kazakhstan Respublikasynyn 2009 zhylgy Ulttyk halyk  sanagynyn korytyndylary. Taldamaly esep. Red. Baskargan Smaiylov A.A. – Astana, 2011.

10. AOZHM, Shygys Kazakhstan oblysy, Zaisan, Kurshim audandary, 2014 zhyl.

11.AOZHM, Almaty oblysy, Karasay, Ile audandary, 2012 zhyl.

12. AOZHM, Akmola oblysy, Burabay audany, 2013 zhyl.

13.«Agrobiznes 2020 bagdarlamasy» // mgov.kz(saitty karagan uakyty 24.05.2015).

ЖАЙЛЫБАЕВ Д.Ж.

Научный сотрудник Института истории и этнологии имени Ч.Ч. Валиханова, магистр

СЕЛЬСКАЯ ОБЩИНА И ЕЕ ЭТНОСОЦИАЛЬНАЯ РОЛЬ

Резюме

В статье рассматривается сельская община и ее этносоциальная роль после периода независимости. Кроме того в статье были описаны новые процессы этносоциального развития казахского аула. Автор использовал полевые материалы и переписи населения.

Ключевые слова: Ауыл, этносоциальные отношения, этнокультурные изменения, сервис, молодёжь, фермер, профессиональные аулы.

ZHAILYBAYEV D. ZH.

Institute of History and Ethnology named after Ch. Valikhanov,

Research Fellow

AUL COMMUNITY AND ITS ETHNOSOCIAL ROLE

Summary

The article deals with a rural society and its ethno-social role after Independence period. During the disclosure of the theme, the author used materials from steppe expeditions and population census. Furthermore, in the article were discribed new processes of ethno-social development of kazakh villages.

Key words: village,ethno-socialrelations, ethno-culturalchanges, service, young people, fаrmer, professional villages.


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз