Яндекс.Метрика
Басты бет » Материалдар

Материалдар

Е. ҒАЛЫМОВ, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс PHD докторанты Қаз
ӘОЖ 821.512.122.09 МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ АБАЙ ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ ТЕКСТОЛОГИЯСЫ

Автор бұл мақалада Абай текстологиясына кенінен тоқталады. Текстолог ғалымдардың еңбектерін негізге ала отырып М.О. Әуезов, Қ. Мұхамедханов және М. Мырзахметұлы зерттеулерін талдауға алады. Мақалада Абай шығармаларының текстологиясын зерттеудің тарихы қысқаша баяндалып, қазіргі абайтану ғылымындағы бұл мәселенің көкейкесті жақтарына жете көніл бөлінеді. Сонымен қатар қазақ мәтінтану ғылымының теориялық-әдістемелік мәселелері кеңірек сөз болады. Мәтінтану ғылымын зерттеуші отандық ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалып, көрнекті зерттеушілердің ғылыми ой-пайымдаулары зерделенеді. Түйін сөздер: мәтінтану, мәтінгер, қолжазба, көшірме, түсіндірме, абайтану, шығарма.

З.М. Төленова, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к.
АЛАШ ТАРИХЫ - ТҰЛҒАЛАР ТАҒДЫРЫНДА: Жетісулық Алаш қайраткері Ыбырайым Жайнақовтың тарихи келбеті

Мақалада жетісулық Алаш қайраткері Ыбырайым Жайнақовтың өмірі мен қызметі туралы архив құжаттары негізінде қарастырылады. Автор негізінен қайраткердің алаштық қызметіне қатысты тоқталып, кейбір тарихи деректерді алғаш рет оқырман назарына ұсынады. Түйін сөздер: Алаш, Жетісу, Ыбырайым Жайнақов, ұлт, қайраткер, партия, азаттық.

Тоқтабай А.У., тар.ғыл.док., профессор, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Бас ғылыми қызметкері. Қазақстан, Алматы. E-mail: akhmet.t@mail.ru 2 Карамендина М.Ө., педагогика ғылымдарының магистрі
ҒТАМР 03.20. ӨЗБЕКСТАН ТОПЫРАҒЫНДАҒЫ КӨКТЕРЕК, ҚАРАҒАШТЫ, ЖЫЛАНДЫ АТАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ БІРЕР СӨЗ

Бұл мақала Өзбекстан топырағында – қазақтардың киелі деп есептелетін жерінде жатқан Көктерек, Қарағашты, Жыланды аталар жайында. Бұнда Көктерек, Қарағаш әулиелердің қабірімен, ағаш культімен байланысты көне сенімдерден туындаған ырымдар мен ғұрыптар айтылған. Әруақ сыйлайтын қазақтардың ұғымында әулиенің рухы жануардың (жыланның) бейнесіне еніп, ауру-сырқауларға көмектесіп, жәрдем береді екен. Жылан туралы халықтың исламға дейінгі наным-сенімдері, халықтың тәжірибелері мен білімдері - материалданып ескерткішке айналуы Жыланды ата әулиеден анық байқалады, сондықтан жыланның тілін – ерекше қасиеттерін білген Жыланды атаға қатысты бақсылық, тұтынатын құралдардың да (бақан, темір заттар, найза) киелі мәнге ие болу себептері мақалада баяндалады. Түйін сөздер: әулие, ағаш, терек, киелі, жылан, топырақ, қабір, бақсылық, ғұрып, темір құрал, рәміз.

Е.А. СМАГУЛОВ, Институт археологии им. А.Х. Маргулана, Казахстан, Алматы
УДК 902/903 «632» (574) НОВЫЕ ДАННЫЕ К УСТАНОВЛЕНИЮ ВРЕМЕНИ УГАСАНИЯ ЖИЗНИ ШАВГАРА (ГОРОДИЩЕ ШОЙТОБЕ, ТУРКЕСТАНСКИЙ ОАЗИС)

В статье публикуются новые данные по хронологии верхнего строительного горизонта городища Шойтобе (Туркестанский оазис). Продолженные на городище стратиграфические и топографические исследования окончательно убеждают в том, что город прекратил свое существование в первой четверти XIV в. Это городище по всем основным параметрам единственное в регионе, которое может быть памятником исторического города Шавгар, средневековой столицы округа. Об этом свидетельствуют как новые обширные комплексы глазурованной керамики, так и нумизматическая коллекция, полученная в ходе раскопок на шахристане.

У.Р. Шнанов, 1Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің тарих факультетінің ІІ курс докторанты Астана, Қазақстан
ӘОЖ 39(574) ТАҢБАЛЫ ЖАР ЕСТКЕРТКІШІНІҢ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ОРНЫ

Мақалада Түркістан облысы, Созақ ауданы территориясындағы Қарағанды облысы Ұлытау ауданымен шекаралас аймақтағы Бетпақдалада орналасқан Таңбалы жар есткерткішінің қазақ тарихында ерекше орын алатындығы көрсетіледі. Таңбалы жар есткерткішіне қатысты Ресейлік және Отандық ғалым-зерттеушілердің еңбектеріне талдаулар жүргізіле отырып таңбалардың этникалық тарихты зерттеудегі ролі анықталады. Таңбалытастағы ру таңбаларының ерекшеліктеріне сипатамалар жүргізіледі. Аталған таңбалардың көне оғыз дәуірлерінен бастап қазақ хандығы тұсындағы ру таңбаларымен жалғасатындығы айқындалады. Кілт сөздер: таңба, белгі, ру, нышан, дерек, аңыз.