Мақалада ХХ ғасырдың 1930-шы жылдары Қазақстандағы ашаршылық мәселесінің шетел ғалымдарының еңбектерінде көрініс табуы туралы баяндалады. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап бұл мәселе тарихшылардың назары арта түсті, егер кеңестік тарихнамада бір жақты ғана бағамдау беріліп келсе, тәуелсіздік жылдарынан бастап отандық тарихшылар және шетелдік зерттеушілер Қазақстанда орын алған ашаршылық мәселесіне жаңа көзқарастар мен зерделеу жүргізе бастады. Бұл мәселеге алғашқы болып жаңа теориялық-тұжырымдамалық бағытта жазылған, қалам тартқан отандық зерттеушілер М. Қозыбаев, Қ. Алдажұманов, Т. Омарбеков, сондай-ақ шетелдік зерттеушілер қатарында Р.Киндлер, С. Камерон және т.б. атап өтуімізге болады. Мақалада сараптамалық-салыстырмалық талдау жасалынған.
Мақала Ресей империясының Мемлекеттік Думасына сайланған қазақ депутаттарының қызметіне арналған. Бірінші және Екінші Мемлекеттік Думаға мүше болған қазақ депутаттарының қызметіндегі негізгі мәселелер қарастырылады. Сонымен қатар, Думадағы қазақ өкілдерінің түркі-мұсылман халықтарынан сайланған басқа да депутаттармен қарым-қатынасы, Мұсылман фракциясымен байланысы көрсетіледі.
В статье рассматриваются методологические проблемы изучения истории тюркской цивилизации. Анализируются понятия тюркской цивилизации, формационного и цивилизационного подхода к историческим исследованиям. Освещаются вопросы хронологии тюркской цивилизации в отечественной и зарубежной историографии.
В статье анализируются понятие национальной идентичности и ее современное состояние в Республике Казахстан. Для этого раскрываются проблемы становления и развития национальной идентичности казахского народа, а также указывается на особую роль политики правительства Казахстана в возрождении национального сознания.
Мақалада Ақ Орданың саяси-қоғамдық тарихы мен шаруашылығы қысқаша сипатталады. Жошы ұлысының сол қанатын билеген хандар мен оғландар билігі тұсындағы ішкі-сыртқы саясат талданып, олардың билігі тұсындағы хандықта болған оқиғалар зерделенеді. Орда Еженнен бастап Күнқыран, Қоныша, Баян, Құбылық, Сасы Бұқа, Ерзен, Шымтай, Мүбәрәк қожа, Орыс хан және Барақ ханға дейінгі Орда ұрпақтарының тізімі беріліп, олардың Алтын Ордамен арақатынасы сипатталады.
Түйін сөздер: Ақ Орда, Моңғол империясы, Орда Ежен, Орыс хан, Жошы ұлысы.