Конфуций институттары ХХІ ғасырда Қытайдың дүниежүзінде құрған институттары.Бұл ұлы гуманист ойшыл Конфуцийдің есімімен аталатын институттардыңнегізгіміндеті – дүниежүзіне қытай тілі мен дәстүрлі мәдениетін тарату еді. Алайда қазір оның атқарған қызметі мен жасаған ықпалы әлемді ойландырып отыр, тіпті түрлі күмәндар тудыруда.
Мақалада Қытайдың Конфуций институттарының дүниежүзінде құрылу үдерісі, әсіресе, Орта Азия мемлекеттерінде ашылуы мен дамуы барысы және оның қызметінің кеңеюі мен ықпалының тереңдеуі қарастырылған. Конфуций институттарының Қытайдың мемлекеттік жобасы ретінде мемлекеттік қаржылық және техникалық қолдаумен ұтымды жұмыстар жасап отырғаны, оның қызмет бағытының Қытайдың халықаралық аренада қолданып отырған «жұмсақ күш» саясатын жүзеге асыруға және дипломатиялық міндеттер атқаруға бет алып бара жатқаны сараланады.
Сонымен қатар, аталмыш институттардың жұмыс жүргізу әдістеріжәнеол институттарды қабылдаған елдер мен оқу орындарының көздеген мақсаттарына, Конфуций институттарының әлемге тез таралуы мен ықпалының жылдам тереңдеуіне және оның сын-қатерлерге ұшырауының басты себептеріне талдаулар жасалған.
Түйін сөздер: Конфуций институттары, қытай тілі, мәдени ықпал, жұмсақ күш, сын-қатер.
Бұл мақалада Ғ. Бөкейхановтың ХХ ғ. 20-30-шы жылдар аралығындағытүрлі кеңестік үкімет органдарындағы қоғамдық және саяси қызметтері қарастырылады. Ол Қазревкомның мүшесі бола отырып, ұлттық кадрларды даярлау мен оқытуға белсенді араласып, қазақ зиялыларын Кеңес өкіметінің органдарының жұмысына тартты. Сонымен қатар Ғ. Бөкейхановтың шығармашылығы мен А.В. Затаевичпен арадағы байланыс сипатталады.
Мақалада XIX ғасырдың 50-60 жылдардағы Жетісудың саяси жағдайы баяндалады. XIX ғасырдың 70-жылдарынан бастап бұл мәселеге тарихшылардың назары арта түсті. Егер кеңестік тарихнамада бір жақты ғана бағасы беріліп келсе, тәуелсіздік жылдарынан бастап отандық тарихшылар мен шетелдік зерттеушілер Жетісу жерінде орын алған саяси-экономикалық мәселесіне жаңа көзқарастар мен зерделеу жүргізе бастады. Осы мәселе бойынша алғашқыларының бірі болып шетел зерттеушілері М.А Терентьев, В.Е. Недзвецский, П. Пичугиннің берген бағаларын атап өтуге болады. Сонымен қатар, мақалада әр түрлі архивтік құжаттар, тақырып бойынша жарияланған материалдар талданды.
1917 жылы Ресейдегі Қазан төңкерісінен кейін Түркістандағы саяси жағдай шиеленісіп кетеді. Өлкедегі ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдар жергілікті тұрғындардың қолдауына сүйене отырып большевиктердің билікті алуға деген ұмтылысына төтеп беруге тырысады. Әсіресе «Құрылтай» мұсылман комитеті, «Милли-шуро», «Шуро-и-Ислам» ұйымы сияқты ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдар большевиктер саясатын қолдамайтындығын өз мәлімдемелерінде ашық білдірді. Түркістандағы ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдардың Кеңестік биліктің орнауына байланысты ұстанымдары ашып көрсету сол кездегі өлкенің саяси өмірінің ерекшеліктерін терең аңғаруға өз септігін тигізеді. Сондықтан қарастырылып отырған тақырыпты тарих ғылымындағы өзекті мәселелердің біріне арналған деуге негіз бар.
Мақалада 1917 жылғы революциялық оқиғаларынан кейін Түркістан өлкесіндегі қоғамдық-саяси ұйымдардың ұстанымдары мен қызметі баяндалады. Түркістан өлкесіндегі қоғамдық-саяси ұйымдар ұлттық мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуына өзіндік игі ықпалын тигізді деуге болады. Түркістан автономиясының жариялануы мәселесі ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдардың белсенді әрекет етуіне серпін бергенімен сол тұста олардың арасынан кеңестік билікпен ымыраға келуге ниет танытқан ұйымдар да бой көрсетпей қалмады. Осындай әрекеттер өлкедегі ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдардың бәрі бірдей Түркістан автономиясының құрылуына қолдау таныта қоймағандығын көрсетеді. Сондай-ақ осы кезеңде біртұтас қазақ автономиясы құрыла қалған күнде, соған қолдау жасауға тырысатынын білдірген облыстағы басқа да ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдар да кездесті. Яғни сол кезеңдегі қоғамдық-саяси ұйымдардың автономия құру мәселесінде келгенде ойлары бірнеше бағытқа бөлінгенін байқатты. Қоғамдық-саяси ұйымдардың іс әрекеттері азаттық алу бағытына бағытталса да ойларының бір жерден шықпауы нақты шешімге келуіне кедергі жасады. Нәтижесінде Түркістан өлкесінде кеңестік билік орнап, қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметі кезекпен тоқтатылды.