Яндекс.Метрика
Главная » Материалы

Материалы

Ә.Н. ИКРАМ. Ш.Ш. Уәлихaнов aтындaғы Тapих және этнология инcтитутының 2-куpc мaгиcтpaнты
ӘӨЖ 94 (574.51) ҰЗЫНAҒAШ ШAЙҚACЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН НӘТИЖЕСІ

Мақалада XIX ғасырдың 50-60 жылдардағы Жетісудың саяси жағдайы баяндалады. XIX ғасырдың 70-жылдарынан бастап бұл мәселеге тарихшылардың назары арта түсті. Егер кеңестік тарихнамада бір жақты ғана бағасы беріліп келсе, тәуелсіздік жылдарынан бастап отандық тарихшылар мен шетелдік зерттеушілер Жетісу жерінде орын алған саяси-экономикалық мәселесіне жаңа көзқарастар мен зерделеу жүргізе бастады. Осы мәселе бойынша алғашқыларының бірі болып шетел зерттеушілері М.А Терентьев, В.Е. Недзвецский, П. Пичугиннің берген бағаларын атап өтуге болады. Сонымен қатар, мақалада әр түрлі архивтік құжаттар, тақырып бойынша жарияланған материалдар талданды.

Б.А. ЖҮРСІНБАЕВ (Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, т.ғ.к.)
ӘОЖ 930.001.83 ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ КЕҢЕСТІК БИЛІКТІҢ ОРНАУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҰСТАНЫМДАРЫ

1917 жылы Ресейдегі Қазан төңкерісінен кейін Түркістандағы саяси жағдай шиеленісіп кетеді. Өлкедегі ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдар жергілікті тұрғындардың қолдауына сүйене отырып большевиктердің билікті алуға деген ұмтылысына төтеп беруге тырысады. Әсіресе «Құрылтай» мұсылман комитеті, «Милли-шуро», «Шуро-и-Ислам» ұйымы сияқты ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдар большевиктер саясатын қолдамайтындығын өз мәлімдемелерінде ашық білдірді. Түркістандағы ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдардың Кеңестік биліктің орнауына байланысты ұстанымдары ашып көрсету сол кездегі өлкенің саяси өмірінің ерекшеліктерін терең аңғаруға өз септігін тигізеді. Сондықтан қарастырылып отырған тақырыпты тарих ғылымындағы өзекті мәселелердің біріне арналған деуге негіз бар.

С.Т. ТОҚБОЛАТ, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, т.ғ.к.
ӘОЖ 930.001.83 ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАРДЫҢ БОЛЬШЕВИКТЕРМЕН ҚАТЫНАСЫ

Мақалада 1917 жылғы революциялық оқиғаларынан кейін Түркістан өлкесіндегі қоғамдық-саяси ұйымдардың ұстанымдары мен қызметі баяндалады. Түркістан өлкесіндегі қоғамдық-саяси ұйымдар ұлттық мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуына өзіндік игі ықпалын тигізді деуге болады. Түркістан автономиясының жариялануы мәселесі ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдардың белсенді әрекет етуіне серпін бергенімен сол тұста олардың арасынан кеңестік билікпен ымыраға келуге ниет танытқан ұйымдар да бой көрсетпей қалмады. Осындай әрекеттер өлкедегі ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдардың бәрі бірдей Түркістан автономиясының құрылуына қолдау таныта қоймағандығын көрсетеді. Сондай-ақ осы кезеңде біртұтас қазақ автономиясы құрыла қалған күнде, соған қолдау жасауға тырысатынын білдірген облыстағы басқа да ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдар да кездесті. Яғни сол кезеңдегі қоғамдық-саяси ұйымдардың автономия құру мәселесінде келгенде ойлары бірнеше бағытқа бөлінгенін байқатты. Қоғамдық-саяси ұйымдардың іс әрекеттері азаттық алу бағытына бағытталса да ойларының бір жерден шықпауы нақты шешімге келуіне кедергі жасады. Нәтижесінде Түркістан өлкесінде кеңестік билік орнап, қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметі кезекпен тоқтатылды.

М.М. ЖАНСЕИТОВА. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 2-курс магистранты
ӘӨЖ 94(574) «19/20» АСЫЛБЕК СЕЙІТОВ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНЫ

Мақала ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілдерінің бірі, Алаш Орда көшбасшыларының бірі Асылбек Сейтовтың өмірі мен шығармашылығын талқылайды. Автор осы дәуірдегі көрнекті қайраткерлердің есімдерімен бірге оның есімі де аталуға тиіс деп есептейді. «Алаш» қозғалысының көшбасшысы Сейітов Асылбектің халыққа қызмет етуі қазіргі қазақстандық ұрпаққа үлгі болып табылады.

С.М. Кыйзатова, 2-курс магистранты Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
ӘОЖ 316.32(574-25) ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ НЕКЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

Мақалада қазіргі қазақ жастарының ұлтаралық некелерінің даму тенденциялары мен оның қазақ қоғамыдағы алатын орны туралы айтылады. Сонымен қоса , ұлтаралық некенің мәні мен тарихи-этнографиялық алғышарттары және де оның әлеуметтік өмірге қандай әсері бар екені туралы мәселелер қарастырылды.