Яндекс.Метрика
Басты бет » Материалдар

Материалдар

Г.Д. СҮГІРБАЕВА,т.ғ.к., доцент, ОҚМПУ, Б.Қ. ИСАБЕК, т.ғ.к., доцент, ОҚМПУ, Шымкент қ., Р. ОМАРБАЕВ, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ қызмет басшысы
ӘОЖ 94 (100) ҚАЗАҚ КСР БОЙЫНША ШЕТЕЛГЕ БАРУДЫҢ ҚҰЖАТТЫҚ ТІРКЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТӘРТІПТЕРІ: ТОҚЫРАУ КЕЗЕҢІ

Сталиндік билік жүйесінен кейін, КСРО мемлекетінде шетелге шығу мен шетелдіктерді қабылдаудың құжаттық жүйе тәртіптері біршама жұмсартылды. Әсіресе, ол 1960 жылдардың соңында айтарлықтай жолға қойылды деуге негіз бар. Бірінші ретте, мақалада қарастырылып отырған мерзімдегі ел тұрғындарының шетелге шығу мәселесіндегі құжаттық рәсімдеу тәртіптеріне баса назар аударамыз. Қазақ КСР тұрғындарына шетелге шығудың мүдделері мен талап-тілектері бірнеше бағытта өрбіді. Алдымен, мемлекеттік қызмет аясында іс-сапарлар, екіншісі туристік еңбек демалысы, үшіншісі жеке басының хал-ахуалына байланысты сапар жасау үрдістерін атар едік. Мақалада тоқырау кезеңіндегі Қазақ КСР бойынша қызмет атқарған құжаттық тіркеу жүйесінің тетіктері қарастырылған. Түйін сөздер: құжаттық тіркеу, мемлекеттік орган, виза, тіркеу бөлімдері, социалистік елдер

A. AZMUKHANOVA, Ass.Prof.Dr. L.N. Gumilyov ENU, Faculty of International Relations, Department of Oriental Studies, M. EGAMBERDIYEV, Ass.Prof.Dr. Al-Farabi KazNU, Oriental Faculty, Department of TURKSOY, U. SHANSHARBEK, 2-year of Al-Farabi KazNU
94 (574) PROBLEMS OF STUDYING CONSOLIDATION AND COOPERATION OF TURKIC PEOPLES OF THE LATE XIX - EARLY XX CENTURIES

In the historiography of the problem of «Turkic consolidation and Turkic identity» there are various kinds of theories and research methodologies. Many authors consider this problem in the context of «nationalism» and the aggressive policy of the Turkic-Muslim peoples against the Russian Empire. This is the standard form for the definition of «unity of the Turkic peoples». An analysis of the intelligence information of the tsarist administration and the period of Soviet power, attempts at Turkic consolidation and cooperation show a twofold picture. A large number of archival materials seek to show this issue from an imperial position and blame the Ottoman Empire for this. Although historical documents and studies of European authors reflect «Ottomanism» not as a form of unity of the Turkic peoples, but as an identification of «Islamism». Other materials reflect the «consolidation and cooperation of the Turkic peoples» as a spontaneous movement that damages Russian politics as a whole. Having examined the main sources and materials in this article by means of a comparative and comparative analysis, the problem of consolidation of Turkic peoples is considered in the perspective of cultural interaction, protection of national interests and gaining independence. The beginning of the consolidation and cooperation of the Turkic peoples comes from the Jadid movement, which laid the foundation for the emergence of the idea of «Turkism». This concept reflected its relevance within the framework of the cooperation of the four Turkic states in the system of the Turkic Council. Keywords: Turkic Peoples, Consolidation, Cooperation, Jadidism, Turkism

Ә.Ж. АХАНТАЕВА, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Қазақ ұлттық аграрлық университеті
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНДА ЕГIНШIЛIККЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАР МЕН ЖОРА-ЖОСЫНДАР, АҢЫЗ- ӘПСАНАЛАР

Бұл мақалада қазақ халқында егiншiлiкке, жер өңдеуге байланысты әдет-ғұрыптар мен жора-жосындар, аңыз- әпсаналар қарастырылған. Егіншілікке байланысты наным-сенімдер мен ғұрыптардың тамыры көне дәстүрлерге кететіндігі айтылады. Егіншіліктің желеп-жебеушісі және егіншілердің тұңғыш үйретушісі болып мифтік кейіпкер — қасиетті Диқан бабаға табынғандығы айтылады. Егіншілікке байланысты қырман түп,қырман түнету ат дорба, аққұла, кеусен, Сабантой, арық той, тасаттық сияқты әдет-ғұрыптар мен жора-жосындар жасалады. Мысалы құрғақшылық кезінде жауын шақыру үшін тасаттық жасайтын болған.Онда ауыл адамдар малды сойып қанын арыққа ағызып Алладан егіндеріне жаңбыр жауғызуын сұрайды.

С.С. ИСМАИЛОВ, А. Байтұрсынов ат. ҚМУ, т.ғ.к., доцент, А.А. ЕРИШЕВА, А. Байтұрсынов ат. ҚМУ, 2-курс магистранты, Қостанай қ., Қазақстан
ӘОЖ 94 (574) ЕМБІ МҰНАЙЛЫ АУДАНЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ МҰНАЙ КӘСІПШІЛІКТЕРІ

Мақалада Жайық-Ембі мұнайлы ауданының қалыптасу және даму тарихы қарастырылған. Негізінен Орыс Географиялық қоғамы тарапынан жүзеге асырылған зерттеу экспедициялары, барлау жұмыстары мен алғашқы мұнай кәсіпшіліктерінің құрылу мәселелері талқыланған. Геологиялық зерттеулердің нәтижелерінің жағымды болуы ХІХ ғасырдың соңында бұл аймаққа көптеген орыс кәсіпкерлерінің бет алуына алып келді. Көп ұзамай Жайық-Ембіде мұнай іздеу және барлау үшін көптеген қоғамдар, серіктестіктер және фирмалар құрылды. Түйін сөздер. Қазба байлықтар, Ресей империясы, экспедиция, мұнай кәсіпшілігі

М.М. БАХТЫБАЕВ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Археология, этнология және музеология» кафедрасы
ӘОЖ 902.904 Н.Н. ПАНТУСОВТЫҢ ЖЕТІСУ ЕСКЕРТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУГЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

ХІХ ғ. екінші жартысында оңтүстік, оңтүстік-шығыс Қазақстан өңірлері Түркістан генерал-губернаторлығының Жетісу облысы құрамында болды. Оның Лепсі, Қапал, Жаркент, Верный уездері қазіргі әкімшілік бөлініс бойынша Алматы облысы, ШҚО оңтүстік бөлігі мен Жамбыл облысының шығыс бөлігін қамтыған. Мақалада Археология әуесқойлары Түркістан үйірмесінің белсенді мүшесі, белгілі археолог, этнограф, фольклорист әрі географ Николай Николаевич Пантусовтың Жетісу өнірінде атқарған ізденіс жұмыстарын қарастырылады. Жетісу облысының Лепсі, Жаркент, Қапал, Верный уездерінде үйірме мүшелерінің ішінен тек Н.Н. Пантусов қана 1889-1900 жж. аралығында кең көлемді ізденіс және қазба жұмыстарын жүргізіп, осы уездерде орналасқан ескерткіштердің сипаттамасын, орналасқан жерін және оларға байланысты аңыздарды жинақтап, атқарған жұмысы жайлы үйірме отырыстарында баяндама жасап отырған. Түйін сөздер: үйірме, Түркістан, археология, ескерткіш, Жетісу, оба, петроглиф, Алтын-Емел.