Аңдатпа: Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) халықаралық аймақтық ұйым ретінде қалыптасу кезеңінен сәтті өтті, халықаралық құқықтық мәртебеге ие болды және бұл кезеңде ең өзекті міндет – Еуразиялық экономикалық одақтың дамуы, ЕАЭО кеңейту мәселелері. Бұл мақалада ЕАЭО-ны кеңейтудің жолдары қарастырылған, кеңейту үдерісінің мәселелік түйіндері және ЕАЭО-ға келесі кіруге үміткерлер талқыланады.
Аңдатпа: Ұлы далада өмір сүрген қазақ халқының өткені мен бүгінгі тарихына көз жүгіртер болсақ, оның көтерген жүгі ауыр болғандығын көреміз. Сан ғасырлар бойы қалыптасып, өмір сүріп келетін тарихи білім қазақ халқының тарихи ой-санасын айшықтап қана қоймай, қазақ халқының қоғамдық өміріне де тікелей әсерін тигізеді. Қазіргі кездегі әлемдегі барлық салалардағы жаһандық өзгерістер және Қазақстанның қоғамдық өміріндегі өзгерістер, ең алдымен тарихи білім жүйесін жаңартуды талап еткен тұста, өткен тарихымыздың рухани мұрасы мен тәжірибесінің сабақтастығының маңызы өте зор болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда Қазақ тарихындағы тарихи білім тақырыбына қатысты мәселелерді қарастыру үшін, Еуропалық және Орта Азия философтары мен ғалымдарының «тарих», «тарихи білім» ұғымдарына қатысты ғылыми еңбектеріне тарихи-философиялық талдау жасау қажеттігі туындауы әбден орынды.
Тарихи білім жүйесінің мәселелерін тәжірибе арқылы шешу мүмкін емес. Оның алғышарттары мен бастауларын, тарихи білім сөзінің мағынасын, мәні мен мазмұнын бүтіндей ғылыми тұрғыдан тану қажет. Сондықтан мақалада тарихи білімге қатысты мәселелер қарастырылады. Сонымен қатар тарихи білім ұғымына қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдардың берген құнды және әр түрлі көзқарастары мен тұжырымдарына салыстырмалы талдау жасалып, мақалада жан-жақты қарастырылады.
Аңдатпа: Мақалада Қазақстан мен Иран қарым-қатынастарының даму үдерісіне баға беріп, қазіргі кезде халықаралық қатынастарда орын алып жатқан оқиғалардың, екіжақты қарым-қатынастарға тигізер әсері туралы баяндалған. Қазақстан мен Иран қарым-қатынастарының тарихи сипатқа ие екендігін айтып, екі ел арасындағы ортақ ұстаным, өзара ортақ мүдденің маңыздылығын ашып көрсетеді. Екі ел қарым-қатынасының даму болашағына баға бере отырып, ең алдымен сыртқы факторлардың әсеріне тоқталған. Атап айтқанда, АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыстың Қазақстан мен Иран қарым-қатынасының даму болашағына кері әсерін тигізетіндігін болжайды. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарда орын алған оқиғалардан дерек келтіріп, жаңа жағдайдағы Қазақстан мен Иран қарым-қатынасына талдау жасалған.
Аңдатпа: Мақалада Шу өңіріндегі ортағасырлық төрткүлдердің стратиграфиясы қарастырылады. Төрткүлдерге жүргізілген шурф (7) және траншея (6) қазба жұмыстары бойынша мәдени қабаттары мен қорғаныс қабырғасының құрылысына талдаулар жасалады. Салыстырмалы түрде Шу өңірінен басқа, Іле мен Талас алқаптары, Сырдария бойы, Алакөл маңы, Бетпақдала, Қаратау баурайы, Тыва жері және Дон өзені аймақтарында кездесетін төрткүл типтес ескерткіштердің стратиграфиясына шолу жасалады. Зерттеу жұмысы көрсетіп отырғандай, төрткүлдердің мәдени қабаты орналасқан жеріне және атқарған қызметіне байланысты біршама ауытқуларға ие болғанымен, жалпы ұқсас болып келеді. Төрткүлдердің басым бөлігі бір құрылыс кезеңінен тұрады. Сирек жағдайда, оның ішінде үлкен қалалардың маңайына топтасқан және керуен жолдарының бойында орналасқан төрткүлдерде екі құрылыс кезеңі кездеседі. Құрылыс материалдарының негізін пақса блоктары және шикі кірпіш құрайды.
Бұл мақалада талқыланатын мәселе, елбасына күн туған қилы заманда қазақ халқының шетелге кетуге тура келген қазақ босқындары жайлы. 1928–1933 жылдардағы Қазақстандағы кеңес билігінің жүргізген саясаты ғасырлар бойы көшіп жүрген халықтың малын-мүлкін тәркілеп, ұжымдастыру, отырықшыландыру жүргізілді. Қазақ жеріндегі жүргізілген бұл саяси науқанның нәтижесі 1931-1933 жылдары халық жаппай ашаршылыққа душар болды, қырылған халық бас сауғалап шекаралас шетелдерге лек-легімен көшуге мәжбүр болды. Осы тақырыпқа байланысты жаңа мәліметтер негізінде, жаңаша көз-қараспен мәселе талданады.
Түйін сөздер: Ұжымдастыру, тәркілеу, ашаршылық, зобалаң, нәубет, шетелге босуы, көшу, эммиграция, ирредент, диаспора