Аңдатпа. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындау Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей, Түркіменстан және Иран секілді Каспий жағалауы елдері үшін ғана емес, әлемдік геосаясат үшін де тарихи, саяси, экономикалық және әскери-стратегиялық маңызға ие болды. ХХ ғ.аяғы – ХХІ ғ.басында Кеңестер Одағы өмір сүруін тоқтатқаннан кейін Каспий теңізі шекаралары мен мәртебесін айқындау таласты әрі күн тәртібіндегі кезек күттірмес мәселеге айналды.
Мақалада Каспий теңізі мәртебесін айқындау мәселесінің қалыптасуы мен даму ерекшеліктері тарихи тұрғыдан сарапталады. Зерттеу жұмысы барысында Каспий теңізі мәртебесін айқындауға байланысты тарихи-дипломатиялық және саяси-құжаттар мен мәліметтер талданып, осы мәселеге қызығушылық танытқан мемлекеттердің арасындағы пікір алмасулардың негізгі бағыттары және оларды шешу жолдары ашып көрсетіледі. Оның ішінде 2018 жылдың 12 тамызында Қазақстанда өткізілген Ақтау саммитінің тарихи маңызына ерекше мән беріледі.
Аңдатпа. Құсайын Тәкежанұлы халық ақыны, қазақтың алғашқы интеллегенция өкілдерінің бірі. Қазан төңкерісіне дейін ұлт оқымыстылары А. Асылбеков, С. Сейфулин, М. Жұмабаев, С. Мұқановтармен замандас, әріптес, аралас-құралас болған. Біздің қолымызға түскен қолжазба 1905 жылы жазылып, 1947 жылы редакцияланған екен. Қазақтың ежелгі әдет-ғұрыптары деп аталады. Автордың қолжазбасының алғы сөзінде бұл еңбек Сарыарқа қазақтарының өмірінен жазылған екен. Қолжазба өте құнды, себебі қазақтың қаймағы бұзылмай тұрған кезде көптеген әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер қаз-қалпында қағаз бетіне түсірілген. Адамның үйленген кезінен бастап, о дүниелік болғанға дейінгі әдеттер мен жосын-жоралар, кезең-кезеңмен берілген. Мақал-мәтелдер, ғұрыптық жырлар мен нақты оқиғалар негізінде беріліп отырады. Мысалы: Абылайханның баласы өлгенде атақты шешеннің көңіл айтуы т.с.с. Бұл жазба мұра қазақ этнографиясына және фольклорына қосылған өлшеусіз қазына.
Аңдатпа. Мақалада түркі халықтарының ата-тегі, көшпелі ғұн тайпаларының шығу тегі, шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті, әскери өнері сөз болады. Ғұндар тарихта алғаш рет атты әскерді жасақтап, кеңінен соғысқа пайдаланғаны белгілі. Тарихи деректер арқылы және қазақтың этнографиялық материалдары арқылы ғұн тайпалары мен қытайдың арасындағы өзара ықпалдастығы көрсетіледі. Қытай императорлары тұңғыш рет жылқы мәдениетін ғұндардан алып, ғұн офицерлерінің арқасында сайлауыт атты әскерге қолы жеткен. Сол заманда қытай императорының бұйрығымен халықты ғұндарша киім үлгілерін пайдаланып, ғұндардың шалбарлы, комзолды ат үстінде отырғанда ықшам болған киімдерін кигізген. Ғұндар әлемде тұңғыш рет конструкциясы өте күрделі, ысқырма оқтары бар ғұн садағын, саптама етікті, ағаш сүйекті ер-тұрманды ойлап тапты. Ғұндар атты әскердің арқасында Орталық Азиядан Европаға дейін барып, құл иеленуші мемлекеттердің тас-талқанын шығарды. Сол замандарда ғұндардың жылқы мәдениеті өте жоғары деңгейде болған.
Annotation. Based on the identified sources, the article considers the issue of the language policy of the Soviet government on the territory of Kazakhstan, which was a priority area of indigenization. This policy was carried out in the framework of the implementation of social justice and self-identity of the people. In November of 1917 The Council of People's Commissars adopted one of the first documents of Soviet power - The Declaration of the Rights of the Peoples of Russia, which proclaimed four basic principles of national policy: equality and sovereignty of the peoples of Russia; the right of the peoples of Russia to free self-determination, up to the secession and formation of an independent state; the abolition of all and all national and national religious privileges and restrictions; free development of national minorities and ethnographic groups inhabiting the territory of Russia. The indigenous policy had two main tasks: firstly, it was aimed at the formation of national cadres of the party and Soviet apparatus, which would be the conductors and executors of power in the region. Secondly, indigenization was accompanied by the introduction of the Kazakh language in document management, in education, and in mass media in local languages. Based on the collected information, the features, difficulties and intermediate results on the introduction of the Kazakh language in document management in the 20s of the 20th century are analyzed.
Аңдатпа. Саналы ғұмырының қырық жылдан астам уақытын ғылымға арнаған Марат Мұқанов артына мол мұра қалдырды. Ол, әсіресе, Орта жүз ру-тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихы, орналасу аймақтары туралы зерттеп, өз ізденістерінің нәтижелерін ғылыми тұжырымдап берді. 1974 жылы Марат Сәбитұлы Мұқановтың «Этнический состав и расселение казахов Среднего жуза» атты еңбегі басылып шықты. Еңбекте негізінен Орта жүз рулары мен тайпаларының таралған аймақтарына географиялық сипаттама беріліп, олардың Ресей империясының құрамына кіруі және осыдан кейінгі қазақ руларының таралуындағы өзгерістер мен әкімшілік реформалар зерттелді. М. Мұқановтың кеңес билігінің күшейіп тұрған кезінде жазуы аталмыш еңбегін таптық көзқараспен қарауға негіз болғаны анық. Алайда сол кезге дейін жарыққа шыққан орыс саяхатшылары мен шенеуніктерінің еңбектерін, архив құжаттарын кеңінен пайдалана отырып жазылған ғылыми еңбек өте құнды. Әлі күнге дейін қазақтың этникалық тарихымен айналысқан зерттеуші қауым М. Мұқановтың бұл еңбегін айналып өтпейді.
Мақалада Марат Мұқановтың «Орта жүз қазақтарының этникалық құрамы мен таралуы» еңбегі (1974 ж. жарық көрген) бойынша Орта жүз тайпаларының орналасу аймақтары қарастырылады. Қазақ халқының этникалық тарихымен алғашқылардың бірі болып ғылыми түрде айналысқан М. Мұқановтың осы салаға сіңірген еңбегі зерделеніп, ондағы тарихи-этнографиялық мәліметтерге талдау жасалады.