Яндекс.Метрика
Басты бет » Материалдар

Материалдар

О.Х. Мұхатова¹, З.Т. Садвокасова². ¹Т.ғ.д., профессор, БҒҚ. ²Т.ғ.д., профессор, БҒҚ. Ш.Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты.
ҒТАХР 03.20:03.09.31 МАҢҒЫСТАУДАҒЫ ҚАРУЛЫ ҚАҚТЫҒЫС

Аңдатпа. Мақалада 1870 жылғы Маңғыстаудағы қарулы қақтығыс тарихы баяндалады. Тарихи оқиғаның деректері, зерттелу деңгейі, себептері анықталады. Қарулы қақтығыстың басталуы тарихи деректердің фактілері негізінде көрсетіледі. Отарлық жергілікті биліктің Маңғыстау приставы подполковник Рукинге берген тапсырмасы және оның әрекеттері ашылады. Көтерілісшілердің тараптары, алғашқы наразылық қадамдары сипатталады. Қазақтардың «жабайы тобырының» наразылығын басу үшін жинақталған әскер туралы айтылады. Иса Қалдыбаев жасағының Рукинді өлтіруі орыс мерзімді басылым материалдары бойынша сипатталады. «Бүліктің» өрістеуі және көтерілісшілердің Александровский фортына шабуыл жасауы қарастырылады. Граф Кутаисовтың және дағыстандықтардың бекіністі қорғауы тарихи фактілер бойынша талданады. Графтың көтерілісшілерді 1869-1868 жылдардағы «Уақытша ережелерге» бағынуға мәжбүр етуге бағытталған істері көрсетіледі. Көтерілісшілерді басу үшін жасақталған жазалаушы отрядтардың «сапары» және бастан кешкен оқиғалары туралы айтылады. Жергілікті биліктің және казак отрядтарының «жабайы қырғыздарды» бағындыруға бағытталған сәтсіз қадамдары туралы баяндалады. Қарулы қақтығыстың басылуы, өлке тұрғындарының жаңа ережені мойындауға мәжбүр болу себептері анықталады. Қақтығыстың тарихи маңызына баға беріледі.

А.Ғ. Ибраева¹, Т.С. Садықов², Ә.С. Темірханова³. ¹Т.ғ.д., профессор. М. Қозыбаев ат. СҚМУ. ²Т.ғ.д., профессор. ³PhD докторант. Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ.
ҒТАХР: 03.01.09 АКАДЕМИК МАНАШ ҚОЗЫБАЕВТЫҢ ХАКІМ АБАЙ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ ХАҚЫНДА

Аңдатпа. Академик Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың ғылыми еңбектері мен тұжырымдары тарих ғылымының қалыптасуы мен дамуында маңызы зор. Қазақ тарихы мен сөз өнері егіз, сондықтан академик Манаш Қабашұлы кәсіпқой тарихшы бола тұра, қазақ тарихы мен сөз өнерін бөліп жармай қарастырған тұлға. Өз зерттеулерінде автор қазақтың ойшыл-ақыны, хакім Абайдың өмірі мен қоршаған ортасын, өмір сүрген заманын, қызметі мен шығармашылығын терең талдап, жан-жақты қарастырған. Ғалым өзінің зерттеулерінде ақынды жете тануға талаптанғаны байқалады. Ол хакім Абайды өзіндік болмысы бар, шыншыл, сыншыл ақын деп білген. Тарихшының тұлғатану мәселесіне қатысты зерттеудегі жаңашылдығы тақырыпқа қатысты қалам тартқан кейінгі тарихшыларға әдіснамалық бағдар береді. Ғалымның хакім Абайды тану жолында жазған зерттеулерінің маңызы зор. Берілген мақала барша абайсүйер қауымға, тәуелсіздік жағдайында Абайды зерттеп жүрген жас буын ұрпаққа пайдалы болар деген ойдамыз.

М.У. Шалекенов¹ Т.ғ.д., профессор, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан.
ҒТАХР 03.81.37 ОРТАҒАСЫРДАҒЫ БАЛАСАҒҰН ЭТИМОЛОГИЯСЫ

Аңдатпа: Осы мақалада, Ақтөбе қаласының Баласағұн екенін дәлелдейтін ономастикалық және археологиялық деректерін, және ортағасырлық жазбаша дереккөздер, археологиялық және нумизматикалық мәліметтер жинағын береміз. Тарихи, аты аңызға айналған Баласағұн қаласы жөнінде көбірек, нақты мағлұматты Махмуд Қашқаридың «Түрік сөздігі» еңбегінен кездестіруге болады, себебі, оның әкесі Ыстыққөлге жақын орналасқан Барысған қаласынан шыққан. «Барсған: Афрасиабтың ұлының есімі. Барсған қаласын салдырған сол. Бұл Махмудтың атасының шахры». Махмудтың өзі Қашқар қаласында туылғанымен Баласағұнда және басқа да түрік қалаларын, елді мекендерін түгел аралап, осы еңбегін жазу үшін ғылыми деректер жинағанын аталмыш еңбегінің басында жазған. 1077 жылы Таяу Шығыс елдерін, Түркістанды тегіс аралап, өзінің өте құнды еңбегін түркі тілінде жазып қалдырған. Ол бауырлас түркі тілдес халықтардың данышпан ғалымы ретінде дүниеге белгілі. М. Қашқари заманында Баласағұн өзінің шарықтап дәуірлеген кезеңінде жасаған. Ол қалада жиі-жиі болып, өзінің естігенін, көргенін және білгенін жазып кеткен. Оның жазғандарын бағалап, қалдырған мұрасын дәріптеуіміз қажет. Өйткені М. Қашқаридың бізге қалдырған мұрасы, ертедегі ортағасырдағы тарихымызды шынайы мәнде жазуда көп мағлұмат беретінінде дау жоқ.

Ж.Б. Абылхожин¹, И.В. Крупко². ¹Институт истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова. ²КазНПУ им. Абая. Казахстан, Алматы.
МРНТИ 03.01.06 ДИАЛЕКТИКА ИСТОРИЧЕСКОЙ ПАМЯТИ В ЭПОХУ АРХЕОМОДЕРНА

Аннотация. В статье предпринята попытка описать мимесис – один из базовых когнитивных алгоритмов воспроизводства традиционной культуры и исторической памяти – ставший основой многих культур и идеологий, несмотря на декларированный ими модернистский пафос. Культура с миметическим способом ретрансляции информации организует мышление и память своих адептов по принципу «цитат». Порожденная стабильностью вечного повторения, миметическая культура существовала в циклическом времени: миф выполнял этиологическую функцию, вписывая прошлое в настоящее будущего, индивидуальное в коллективное, а локальное – в планетарное, не разделяя, разумеется, эти категории. Являясь базовым, системообразующим принципом информационной матрицы на протяжении тысячелетий, мимесис продолжил выполнять эту функцию и в эпоху модерна. Например, социокультурная природа СССР была модернизирована ровно в том смысле, что создала «новый мимесис». И даже современная индивидуальность квази-рыночной культуры имеет все черты приватизированного коллективного тела. Несмотря на декларируемый разрыв с советским, активные процессы десоветизации и нациестроительства на всем постсоветском пространстве являются ничем иным, как идеологической инверсией все той же логики мимесиса, следуя которой этномобилизующий дискурс выстраивается цитатами (зачастую ложными, что характерно для фольклора), источником которых является традиционная культура.

Ж.Б. Абылхожин¹. ¹ГНС Института истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова. Казахстан, г. Алматы.
МРНТИ 03.20:03.29 РАБОЧАЯ СИЛА ИНДУСТРИАЛИЗАЦИИ

Аннотация: В статье рассматриваются вопросы формирования нового рабочего класса советского Казахстана. Особо подчеркивается значение принудительного труда спецпереселенцев и узников исправительно-трудовых лагерей в реализации планов социалистического строительства. Колоссальная роль в планах социалистической индустриализации отводилась узникам ГУЛАГа, ставшего тайный, для непосвященной массы советских людей, сталинским меганаркоматом «подневольного труда». При рассмотрении происходивших в республике процессов «формирования нового рабочего класса», анализируется социальная структура народонаселения, в частности, несоответствие крестьянского, а по культурно-цивилизационным характеристикам – типично аграрно-традиционного общества - модернистским лозунгам освоения планеты и строительства нового мира. В этом смысле специфику труда описываемой эпохи правомернее сравнить с «ирригационным тоталитаризмом» восточных и египетских деспотий древности. К тому же, промышленный рабочий класс Казахстана первых пятилеток обнаруживает доминирующие в массовом сознании императивы традиционной общинно-крестьянской субкультуры.