Яндекс.Метрика
Басты бет » Материалдар

Материалдар

Шамшиденова Ф.М.¹ Т.ғ.к., доцент. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті.
ҒТАМР 03.20.00 КӨШПЕЛІ ТАЙПАЛАРДЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІНДЕГІ АНТ БЕРУ РӘСІМДЕРІ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Аңдатпа. Мақалада көшпелілер тарихында ант беру институтының рәсімдері түрлі деректер негізінде талданады. Күнделікті өмірдің өзінде көшпелілер тәртіпті реттеу мақсатында ант бергізіп, түрлі магиялық әдістерді қолданғаны да, ол анттың орындалуына да мән берілгендігі сипатталады. Ант беруде өтірік айтпай, адал болудың бір кепілдемесі – ант қабылдау рәсімдерінің өзі ерекше сезім тудыратындығын автор қазақтар мен қалмақтардағы ережені салыстырып айқындаған. Ант берудегі шамандық нанымдар монғол көшпелілерінде болғаны, ант беру рәсімі әуелі белгілі бір маңызды белгіге (дәстүрлі символға) – жерге, қасиетті тасқа немесе бейнеге, құрбандық шалатын ошаққа, қару-жараққа, т.б. беретіні көрсетілген. Қазақ қоғамында сұлтан тұқымынан шыққандардың мәліметі антсыз-ақ толық дәлелдеме ретінде қабылданғаны, ережелерде сұлтандардың құқы жақсы қорғалғаны анықталады. Автор ант беру көшпелілердің күнделікті өмірінде ұзақ тарихи уақытты қамтыды деген қорытынды жасайды.

Тылахметова А.С. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының КҒҚ
ҒТАМР 03.20.00 РЕСЕЙ АРХИВ ДЕРЕКТЕРІНДЕГІ АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ КЕЙБІР ҚЫРЛАРЫ (1748–1772 ЖЖ.)

Аңдатпа. Мақалада архив материалдары негізінде Абылай ханның билігі мен халықаралық дипломатиялық қызметінің кейбір қырлары талданады. Абылай ханның Қазақ хандығының тұтастығы мен дербестігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралары, оның Батыс Сібірдегі Ресей билігімен қарым-қатынасы қарастырылады. Абылайдың Батыс Сібір аймағындағы Ресей әкімшілігімен дипломатиялық хат алмасуына талдау жасалады. Автор Ертістің оң жағалауындағы жер туралы мәселені және Абылайдың оны қазақтың меншігіне бекіту әрекеттерін деректер арқылы баяндайды. Абылайдың Жоңғар мемлекеті және Цин империясына қатысты саясатына назар аударады. Автор Цин империясының Орталық Азиядағы саясатын және Қазақ хандығы үшін империядан төніп отырған қауіп-қатерді сипаттайды.

Шілдебай С.Қ.¹, Алдажұманов Қ.С.² ¹Т.ғ.к., ЖҒҚ. ² Т.ғ.к., профессор, БҒҚ. Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты.
ҒТАМР 03.20.00 НҰРБАПА ӨМІРЗАҚОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН КЕЗЕҢІ

Аңдатпа. Мақалада балалық шағы жетімдік пен жалшылықта өткен, кеңес өкіметінің арқасында білім алып, мемлекеттік қызметке араласқан Нұрбапа Өмірзақовтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметінің Қазақстан кезеңі баяндалады. Н. Өмірзақовтың әлеуметтік-саяси көзқарасының қалыптасуына оның өскен ортасы мен ауыр тұрмыс тауқыметі, 1916 жылғы Жетісу қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісі мен босқындардың аса ауыр жағдайы әсер етті. Н. Өмірзақов қазақ жерін шарпыған сұрапыл аштықтан кейін шаруашылығы тұралап жатқан шалғайдағы Ақсу ауданының басшысы қызметіне жіберілді. Ол Ақсуға тәжірибесі жоқ кезінде келіп, үш жылдан астам уақытта Ақсу ауданының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани өмірінің жақсаруына өлшеусіз үлес қосқан тәжірибелі басшыға, шебер ұйымдастырушыға айналды. Н. Өмірзақов 1937 жылдың 28 қазанынан 1938 жылдың 16 шілдесіне дейін ҚазОАК төрағасы, ҚК(б)П ОК бюросының мүшесі болды. 1938 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы төрағасының орынбасары болып сайланды. Осылайша, 30 жасында мемлекеттік биліктің ең жоғарғы органдарында басшы қызметтер атқарды. Н. Өмірзақовтың Қазаткомды басқарған уақытындағы ең үлкен жұмысы – ҚазКСР Жоғарғы Кеңесіне сайлауды ұйымдастыру және өткізу, әкімшілік-территориялық бөлініске сәйкес жаңа ұйымдастырылған облыстар мен аудандарды басқару жұмысын жолға қою болды. 1938 жылы әупірімдеп репрессиядан аман қалған Н. Өмірзақовтың бұдан кейінгі мемлекеттік қызметі Қазақстаннан тыс жерлерде – басқа республикаларда жалғасты. Н. Өмірзақов қайда жүрсе де өзінің іскерлігін, Отанына берілген қайраткер екенін көрсете білді.

Абылхожин Ж.Б.¹, Крупко И.В.² ¹Институт истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова. ²КазНУ им. Абая
МРНТИ 03.23.55 ГЕНЕАЛОГИЯ ИДЕОЛОГИЧЕСКИХ АРХЕТИПОВ В ПАНТЕОНЕ ИСТОРИЧЕСКОЙ ПАМЯТИ РОССИЙСКОЙ ИМПЕРИИ

Аннотация. В настоящей статье предпринята попытка анализа некоторых идеологических архетипов исторической памяти Российской империи, воплощенных в том числе и в визуальных нарративах, а также предложены варианты объяснения некоторых социокультурных причин актуальности традиционных архетипов в модерной идеологии империи. Идеология государства является, в широком смысле этого слова, инструментом взаимодействия элит и широких масс и, несмотря на какие бы то ни было модерные целеполагания, вынуждена учитывать свою целевую аудиторию, для того, чтобы принимать формы ее мышления. В случае Российской империи, находившейся в процессе модернизации и реформирования различных сторон общественно-политической жизни, разнонаправленные интенции элит и формы социальной организации масс зачастую совпадали. В последующие периоды (XX – XXI вв.) культурное и идеологическое наследие империи было воспринято и актуализировано с помощью новых визуальных стратегий.

Лапин Н.С.¹, Аканов К.Г.² ¹ К.и.н., ассоц. проф. ² PhD, Институт истории государства КН МОН РК
МРНТИ 03.20. 03.23. 03.09. 55 КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЕ ОТНОШЕНИЯ В 2000-Е ГГ. В СОВРЕМЕННОЙ ИСТОРИОГРАФИИ

Аннотация. В статье проведен историографический анализ наиболее актуальных работ по истории казахстанско-российских отношений на современном этапе. Классификация историографических источников по видам показала, что среди современных публикаций по теме исследования представлены монографии, сборники материалов конференции, научные и научно-популярные статьи, диссертации, официальные издания, учебники, рецензий. Однако существует крайне мало специальных исследований, которые были прямо посвящены тематике развития казахстанско-российских отношений, выразившиеся в виде отдельных научных монографий. Данный результат высвечивает актуальность проведения исследований, направленных на более глубокое изучение двусторонних контактов именно в 2000-е годы. Авторами выявлены тематические группы и определены все основные вопросы, исследуемые в историографии казахстанско-российских отношений в начале XXI века. Среди них: геополитическое положение двух стран и дипломатические отношения; евразийская интеграция; статус Каспийского моря, этнонациональная и миграционная политика; эксплуатация Байконура и освоение космоса; экономическое взаимодействие; образование и культура; военное партнерство и обороноспособность; приграничное сотрудничество. По результатам исследования сделан вывод о перспективных направлениях в изучении отношений Казахстана и России в современный период.