Мақалада тарих ғылымының танымдық қарымын арттыратын методология жайы, ұлттық және ортақ түркі тарихын зерделеуге жаңа ұстанымдар қажеттілігі сөз болады. Автордың пайымдауынша, тарих қозғалысының тұғыр-тірегі жер, тіл, мемлекет, ал қозғаушы күштері халық, тұлға, билік болып табылады. Түркі әлемінің өткенін дәуірлеудің методологиялық өлшемдері мен нұсқасы дәйектелген.
Түйін сөздер: халық, тұлға, билік, аумақ, тіл, мемлекет, методология, дәуір, табиғат, тәуелсіздік, жер, ғылым, бірлік, бірегейлік, заң.
Казахская юрта - традиционное жилище, существующее с древности, используется до настоящего времени. Юрта казахов своеобразный тип переносного жилища, характерный для насельников Великой степи. Юрта с оригинальным архитектурным решением, со сложным семантическим смыслом отражает уровень культурного развития тюрко-монгольских племен, их сложную идеологию. Неповторимость этого типа жилища, архитектуры, созданной из войлока и гибкого ивового прута, стала сегодня для каждого казаха емким символом Родины, древней культуры народа.
Говоря о казахской юрте, можно с уверенностью сказать, что как жилище она была, не только точно рассчитана и продумана с учетом потребностей быта кочевников, а ее убранство отличалось орнаментальным изяществом декора, но и сам принцип построения юрты был отражением их взглядов на окружающий мир. Заслуживает большое внимание символика казахской юрты, раскрывающая духовно-культурные и научно-философский смысл юрты. Символизм кочевой культуры представлял собой философское отношение к миру и был нормой жизни. Не было разделения философии мира и быта, они были взаимосвязаны. Ряд казахстанских ученых А.Толеубаев, Н.Шаханова, М.Каракузова, Ж.Хасанов, Б.Ибраев и другие писали об отражении древней космической системы в конструкции юрты казахов.
Бұл мақалада авторлар Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен қызметіне байланысты мәселелерді қарастырды, мысалы оның өмір жолдары, шығармашылығы, философиялық көзқарастары зерттеу нысанына айналды. Дәлірек айтқанда, Сайрам шаһарында дүние бесігін ашқан дара тұлғаның Арыстан баб, Хамадани сынды мәшһүр ғұламалардан білім алып, сол ілімді қоғамның рухани баюына шебер пайдалануы өзекті болып отыр. Дарындылығы мен еңбекқорлығының жемісі ретінде Ясауи Орта Азия мен Қазақ елінде исламды тарату мен кемелдендіруге сүбелі үлес қосты. «Диуани Хикмет» атты даналық жинағында өмірдің мәні мен маңызы, ақырет пен ақырзаман, исламның шариғи заңдары мен парыздары, Мұхаммед Мұстафа пайғамбарымыздың (Аллахтың оған сәлемі мен игілігі болсын) сүнет жолы және т.б. мәселелерді зерттеуге тырысты. Әрине, фәлсапалық сарында жазылған шығармалардың барлығына шынайы деп баға бере алмасақ та Құран-кәрімнің сүрелері мен аяттарын мысал ретінде қосып, жазылған еңбектің шынайылық деңгейі мен ғылыми құндылығын арттырған болатын.
Мақалада қазақ ұлтының мақтанышы, қазақ әдебиетінің ірі өкілі, ұлт жанашыры, Алматы қаласындағы мектептерде алғаш қазақ сыныптарының ашылуына зор еңбегін тигізген, сатира, ирония, фельетон жанрында кеңінен шығармаларды мұра етіп қалдырған Шона Смаханұлының еңбегі мен ерлігі туралы кеңінен айтылады. Сонымен қатар Шона Смаханұлының еңбегін зерттеу барысында ол жайлы ғалымдар мен зиялы қауымның пікірлері мен жоғары баға бергендері туралы айтылады. Шоқ тілді Шона атамыздың шығармаларының басым көпшілігі – сатиралық шығармалар. Дәлелді-деректі фельетондары, қысқа-нұсқа тапқырлық пен ұтымды тұстар Шона Смаханұлы шығармаларының басты мазмұнын құрайды. Жас ұрпақтың келешегі үшін жасаған ерлікке бергісіз еңбегі Алматыдан асып, ауылдарға еркін жетті. Ата тарихқа, Ана тіліне жауапкершілігі мен жанкештілігі жоғары болған Шона қазақ елінің ертеңіне қатты алаңдады. Аталмыш мақалада ұлт жанашырының ерлігі, қазақ мектептерін дамытудағы идеялары мен ұсыныстары кеңінен тарқатылып айтылады.
Бұл мақалада Түрік қағанаты кезеңіндегі түріктердің Ұлы далада орнатқан басқару жүйесінің ерекшеліктері сипатталған. Аталған мәселе Л.Н.Гумилевтің «Көне түріктер» және Н.Я.Бичуриннің еңбектеріндегі мәліметтер негізінде қарастырылады. Мақалада түріктердің қағанаттағы ішкі талас-тартыстарға тосқауыл жасау үшін жаңа басқару жүйесіне үлкен сенім артып, оны тиімді пайдалану жолдарын іздестіргені айқындалған. Мақаланың негізгі ерекшелігі – түріктік басқару басқару жүйесі сипаттала отырып, оның қолданылу барысы, жетістіктері мен олқылықтарының ашық көрсетілуінде.
Түйін сөздер: түрік, Л.Н.Гумилев, қағанат, еншілік-таспиқтық жүйе, Мұқан қаған.