Яндекс.Метрика
Басты бет » Материалдар

Материалдар

Исенов Ө. И., Наурызбаева Э. К.
ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ТАРХАНДАР ИНСТИТУТЫ: ТАРИХНАМАЛЫҚ ШОЛУ (XVIII ғ. - 1917 ж.)

Түйін Дәстүрлі қазақ қоғамына Ресей патша үкіметі тарапынан XVIII ғ. 40 жылдарында жаңғыртылып қайта енгізілген болатын. Тақырыптың зерттелу тарихнамасын хронологиялық түрде үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші, патша өкіметі кезеңі (XVIII ғ. - 1917 ж.), екінші, кеңес өкіметі тұсы (1917-1991 жж), үшінші кезең Қазақстан Республикасының тәуелсіздік кезеңі (1991 ж. - қазіргі уақытқа дейін). Бірінші кезең, патша өкіметінің тапсырысы бойынша қазақ халқының ұлттық тарихы мен қоғамдық тұрмыс тіршілігін, дәстүрлі шаруашылығын жан-жақты зерттеуге арналған. Қазақ қоғамын зерттеу жұмыстарына патша үкіметінің әскери қызметкерлері мен шенеуніктері тартылды. Өйткені отарланатын елді жан-жақты зерттеу арқылы білу Ресей патша әкімшілігінің басты стратегиялық бағыттарының бірі болды. Сондықтан да қазақ халқының тарихын, дәстүрлі қоғамдық құрылым жүйесін, дәстүрлі шаруашылық жағдайын, этнографиясын, алғашқы болып зерттегендер қатары – ресми мәртебесі бар әскери және азаматтық әкімшілік шенеуніктер болды. Мақала авторлары ХVІІІ-ХІХ ғғ. қазақ қоғамындағы тархандар институты тарихына қатысты Ресей патша өкіметі кезеңіндегі (XVIII ғ. - 1917 ж.) патша үкіметінің шенеуніктері мен әскерилерінің және батыс еуропа саяхатшыларының тарихи еңбектерімен жолжазбаларынан жазылған тарихи әдебиеттерге тарихнамалық шолу жасайды.

ТАЛДЫБАЕВ Ж.
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ: КӨШІ-ҚОН ТАРИХЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯСЫ (1926-1959 Ж.Ж.)

Мақалада 1926 және 1959 жылдар аралығындағы Қазақстанда жүргізілген кеңестендіру саясатының әсерінен өзгерістерге ұшыраған қазақ халқының тарихи демографиялық жағдайларындағы көші-қон мәселелері санақтар мен статистикалық мәліметтерге сүйеніп, мұрағат құжаттарының негізінде және тарихи демографиялық бағытында қарастырылған еңбектер мен ғылыми зерттеулерді қарастыру арқылы жазылған. Сонымен бірге, қазақтардың көші-қон тарихында Қазақстанмен одақтас республикалардың аймақтарына орналасуындағы саны, және шет елдердің аймақтары бойынша шоғырланып, орналасуы жан-жақты демографиялық ғылыми бағытында қарастырылған. Сондай-ақ, зерттеу аралығында қазақ халқының көші-қон үрдістерінен өзінің туған жері Қазақстанда аз ұлтқа айналуы, саны жағынан азайып, ал дүние жүзі бойынша, соның ішінде одақтас республикалар мен шет елдердің аймақтарындағы саны мен үлесінің артуына әсер еткен Қазақстандағы жүргізілген кеңестендіру саясатының нәтижесінен демографиялық апаттарды басынан өткізуі. Соның ішінде, қазақ халқының республикамыздың өзінің ішіндегі немесе басқа елдерге қоныс аударуларына байланысты сыртқы көші-қон тарихы тарихи демографиялық жағынан сандық немесе пайыздық негізде қарастырылып, салыстырмалы тұжырымдар жасалған ғылыми талдаулар арқылы баяндалады.

Meirmanova G.A.
The foundations of transformational forms of etiquette of the Kazakh

In this article the work named "The Basic principles of the Kazakh etiquette and its transformation". Considering modern ethical culture of Kazakhs, it is possible to say that there are both new and traditional lines. In general traditional culture of Kazakhs including the etiquette investigated by us, is gradually transformed under the influence of modernization processes in the direction of unification and simplification. One of the main levers which set modernization process in motion was transformation of economy on the basis of creation of the local industry and development of the market relations. New economic conditions were incompatible with the former way based on a nomadic way of life that led to its radical withdrawal pains. It is possible to allocate some factors promoting serious transformations in the Kazakh society.

ҚҰНАПИНА Қ., КӨЛБАЕВ Н.
Орта мектептерде арнаулы күндерді оқытудың тәрбиесі мен мәні

Ұсынылып отырған мақала Қазақстан Республикасындағы арнаулы күндердің орта мектептегі балаларды тәрбиелеудегі маңызы туралы болмақ. Тәуелсіздік алып, еңсені өтерген шақта жас ұрпақты отансүйгіштікке, адалдыққа, имандылыққа және т.б. бойларындағы адами қасиеттерді қалыптастыру – ұстаз үшін басты міндет. Қоғамымыздың ертеңгі болашағы – бүгінгі жас ұрпақтың тәрбиесімен тығыз байланысты. Сондықтан, мектеп оқушыларын тәрбиелеу үстінде оларды рухани дамытуға басты назар аударғанымыз жөн. Қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе – мектеп оқушыларын рухани дамыту. Рухани даму дегеніміз – өзінің өмірдегі орнын, жауапкершілігін түсініп, өзін-өзі жетілдіру. Рухани даму жеке тұлғаның негізін қалыптастырудың негізі болып табылады. Рухани дамыған тұлғаның көрсеткіштері, басқаларға жақсылық жасау, жақсылыққа ұмтылу, өзін-өзі дамыту, жетілдіру.

ҚОЗҒАМБАЕВА Г.Б.
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЕН ОНЫҢ ТАРИХИ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ

Түйіндеме. Мақалада Алматы қаласы мен оның маңындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің тарихы мен дамуын 4 кезеңге бөліп қарастырған. Археолог-ғалымдардың қазба жұмыстары барысында табылған заттай деректер, нунизматикалық мәліметтер және жазба деректер негізінде пікір талас тудырып жүрген қала жасының анықталуына талдау жасалған. Ресейдің отарлау саясатын жүргізу салдарынан 1854 ж. салынған (Верный) әскери бекінісіне 1867 ж. қала мәртебесінің берілуі, қаланың Қазақстан астанасы мәртебесі 1927-1997 жж. кезіндегі сәулет ескерткіштер құрылысының салынуы қамтылған. Мақалада, қаланың салыну тарихындағы кеңестік кезеңдегі бұрмалаушылықтар мен ақтаңдақтарға тоқталған. Қаланың бірнеше рет табиғат апатына ұшырап, жер сілкінісінен аман қалған ғасырлық тарихы бар және бүгінгі сәулеттік үлгіде салынған ғимараттардың ерекшеліктері талданған. Алматы қаласының бүгінде Қазақстанның ең көрікті, саяси ғылыми және техникалық орталығына айналып дүниежүзі назарын өзіне аударатын, өзіндік архитектуралық ерекшелігі бар нысанаға айналу тарихы қарастырылған. Кілт сөздер: қала, отарлау саясаты, тарихи ескерткіш, сәулетші