Мақалада Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Белоруссия партизан отрядының қатарында жау тылында ерлікпен шайқасып, Кеңестік Белоруссия территориясын азат етуге қатысқан Қызыл Жұлдыз орденінің иегері радиобайланысшы Нұрғаным Байсеитованың жауынгерлік өмірі деректік негізде баяндалады. Автор майдангер қазақ қызының архив қорында сақталған ғұмырбаянын және әскери құжаттар мен тарихи деректерді пайдалана отырып, байланысшы Нұрғаным Байсеитованың жауынгерлік ерлігін тарихи танымдық сипатта тұжырымдайды.
Бұл мақалада тәуелсіздігін жариялағаннан кейін екі мемлекет арасындағы саяси дипломатиялық, сауда экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелер талданады. Қырғыз өзбек үкіметаралық комиссиясы түрлі кең ауқымды мәселелерді қарастырады. Сауда экономикалық қарым қатынастың дамуында айқындаушы рөлді шекара маңындағы сауда атқарады. Екі мемлекет арасындағы өзекті мәселелерге энергетика, шекара және миграция бойынша сұрақтарды жатқызуға болады. Екі мемлекеттің Ресми биліктерінің азаматтардың қауіпсіздігін арттыру және шекара саудасын жақсарту мәселелерін қарастыруы бұл этносаралық шиеленісін төмендетіп Ферғана алқабы тұрғындары үшін бітімгершілік құралы ретінде маңызы зор.
Зерттеліп отырған кезеңде халық шаруашылығында негізгі экономикалық мәселелер қалпына келтіріліп, техникалық реконструкция жасалынып, бейбіт құрылысқа көшу жағдайында,Кеңес үкіметі бүкіл одақ көлемінде, соның ішінде қарастырылып отырған Оңтүстік Қазақстан өлкесінде де, мемлекеттік билікті қорғау органдарынүнемі нығайту үстінде болды. Саяси қуғын – сүргін нәубеті негізінен контрреволюциялық қаскөйлік туралы заңдылық арқылы жүзеге асырылып, РКФСР ҚК ерекше бөлімінің І – тармағы бойынша контрреволюциялық қаскөйлікке байланысты 17 нақты құрамының 12-і ең жоғарғы – атужазасын қолдануды көздеді.1937-ші жылы осы істер бойынша белгіленген 10 жылға еркінен айыру 25 жылға ұлғайтылды. Соныме қатар, жалпы жағдай мен қылмыстың нақты құрамының екі ұшты құрастырылуы тергеу органдары мен соттарға интерпретация жасауға кең бостандық берді.
Мақалада Оңтүстік Қазақстанда орын алған осындай оқиғалардың себеп – салдарлары нақты анықталған. Осылай, елдегі және өңірлердегі шиеленіс артқан сайын «дұшпан» бейнесін іздеп табу мақсатында құқық қолданушы органдар өз үкімдерін барынша қатайту бағытында болып, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру және ең жоғарғы жаза қолдану қалыпты жағдайға айналды.
Статья посвящена к некоторым вопросам изучения архитектурного памятника Абат Байтак в Западном Казахстане. Мавзолей Абат Байтак вместе с одноименной некрополю представляют собой уникальный комплекс народного зодчества в данном регионе. Несмотря на детальные исследования последних лет некоторые вопросы по происхождению мавзолея все еще остаются открытыми. Поздние каменные стелы некрополя наряду с главным сооружением составляют прекрасный ансамбль памятников в комплексе. Вопросы их изучения и идентификации также являются актуальными.
Мақалада ең алдымен «би» сөзінің қазақ халқының ұғымындағы мағынасына тоқталамыз, одан соң Сүйінбай Aронұлының ақындығы мен жыршылығынан бөлек ел басқару ісіне араласқандығы жөнінде баяндалады. Жиырма үш жыл ауыл биі болғандығы және сол кезеңдердегі шығармаларынан үзінді келтіріледі. Сүйінбай ақынның сал-серіліктен гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене араласқандығын мысалдар арқылы дәлелдеуге тырысамыз.