Аңдатпа. Мақалада Солтүстік Қазақстандағы Ақмола облысындағы "АЛЖИР" әйелдер лагері тарихы, тарихнамасы, мұрағаттық құжаттар талданылады. Тақырыптың тарихнамасы сексенінші жылдардан бастап қазіргі кезге дейін жарық көрген отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектері арқылы қарастырылады. Деректер ретінде аталған лагердің тарихын сипаттайтын Қарағанды, Ақмола облыстық мұрағаттары мен Астана қалалық мұрағаты қорлары құжаттары алынған.
В данной статье на основе законодательных актов Российской империи показана суть официальной политики царского правительства в решении земельного вопроса на территории Казахстана. Из анализа законодательных источников видно, что аграрная политика царского самодержавия осуществлялась последовательно и направлена была на утверждение юридических прав Российского государства на казахские земли.
Мақалада революцияға дейінгі жазылған еңбектердегі қазақтың дәстүрлі құқығы мәселелері қарастырылған. XIX ғасырдың екінші жартысындағы орыс зерттеушілерінің жазып қалдырған еңбектері дәстүрлі қазақ құқығының негізгі дереккөздерінің бірі болып табылады. Осы зерттеулердегі дәстүрлі құқықтың қоғамдық-әлеуметтік орны қазақ елінің дәстүрлі мәдениетімен біте қайнасып жатты. Ол тек жекелеген мәселелерді ғана емес тұтастай қазақтың этномәдениетін және рухани келбетін сипаттап келді. Революцияға дейінгі қазақтың дәстүрлі құқығына қатысты зерттеулер мен деректерді этнографиялық тұрғыда салыстырып қарау қазақ этнографиясының аннотацияланған библиографиялық көрсеткішін құрастырудың бір бөлігі ретінде қарастырса болады.
Кілт сөздер: дәстүрлі құқық, би, сот, әдет-ғұрып, мұра, ру, қазақ, заң, зерттеу.
Назардағы ғылыми еңбекте, ерте темір дәуірі скиф-сақ тайпаларының этномәдениетінің көріністерін сараптау арқылы Еуразияның көне түркі өркениетінің бастаулары қарастырылады, сонымен қатар қазіргі заманғы түркі халықтарының рухани және заттай құндылықтарының ортақ белгілерін айқындау арқылы көне түркілердің мәдени мұрасына баға берілуде.
Мақалада Еуразия даласында VI-X ғасырлар арасында Батыс Түрік қағанаты, Түргеш қағанаты, Қарлұқ қағанаты т.б мемлекеттер өмір сүрген кеңістікте қалыптасқан табиғи ландшафт ерекшеліктеріне талдау жасалынған. Сонымен қатар қарастырып отырған территорияның табиғат жағдайының адам өміріне қолайлылық дәрежесі сипатталған.
Түркі жазба ескерткештерінде және қытай жазба деректерінде түркі тайпалары мен олар мекен еткен аймақ пен климат өзгешелі туралы көптеп мәлімет кездеседі. Бұнда кездесетін ақпарат мақалада жан-жақты талданып, қазіргі кездегі географиялық объктілермен сәйкестендіріліп қарастырылған.