Яндекс.Метрика
Басты бет » Материалдар

Материалдар

М.О. ИЕМБЕКОВА «Нархоз» университеті, тарих ғылымдарының кандидаты Алматы қ., Қазақстан
СИРИЯДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСТЫ РЕТТЕУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ДИПЛОМАТИЯ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАТЫСЫ

Мақалада Сириядағы қазіргі кездегі азамат соғысы, оның барысы және реттелу жағдайы мен Қазақстаннның осы жағдайға қатысты саясаты және ұстанымы қарастырылады. 2010-2011 жылдары Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдерін қамтыған «Араб көктемі» оқиғасының Сириядағы қақтығыстың шығуына себеп болғандығы анықталып, Сириядағы соғыстың барысы сипатталып, осы оқиғаға араласып жатқан Түркия, АҚШ, Ресей және Иран мен араб елдерінің саясаты мен ұстанымдары жан-жақты талданып көрсетілген. Қазіргі уақытқа дейін Сириядағы соғыс әрекеттері тоқтамады, мұның өзі аймақққа ғана емес, бүкіл әлемге қауіп төндіретін оқиғаға айналды. Осыған байланысты қақтығыс басталысымен БҰҰ және белді мемлекеттер Сириядағы қақтығысты реттеуге бар дипломатиялық күш жігерін жұмсағанмен де, әлі күнге дейін нақты шешімдер қабылданып, қақтығысты тоқтататындай нәтижелерге қол жеткізілген жоқ. Оған себептің бірі сыртқы күштердің АҚШ және Ресей сияқты белді мемлекеттердің осы мәселеге белсенді араласуы мен соғысушы екі жақтың саясатын қолдауы болып отыр. Сонымен бірге мақалада автор Қазақстанның Сириядағы жағдайға қатысты ұстанымы мен осы қақтығысты реттеуге қосып отырған үлесінің маңызына баға береді.

Төленова З.М., Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к., доцент
АРТЫНДА ӨШПЕС МҰРА ҚАЛДЫРҒАН АЙТУЛЫ ҒАЛЫМ

Мақалада автор көрнекті ғалым, тарихта есімі үлкен әріптермен жазылған АЗАМАТ, ТҰЛҒА және Қазақстан тарихшыларының бірнеше буынын тәрбиелеп, қалыптастырған ҰСТАЗ, академик Кеңес Нұрпейісұлы туралы естеліктерімен бөліседі. Сондай-ақ академиктің ХХ ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап Қазақстан тарихындағы алаштану саласындағы салған сара жолының маңыздылығы мен алаштануға қосқан зор үлесін зерделейді. Түйін сөздер: К. Нұрпейісұлы, академик, ғалымй, ұстаз, Отан тарихы, Алаш, Алаш Орда, қайраткер.

Досанова Разия Шаяхметқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 2 курс магистранты
Ұлттық идея «Мәңгілік Ел» және оның институционалдық реформа бойынша жүзеге асырылуы

Аңдатпа. Бұл мақалада «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының теоретикалық негізі және оның жүзеге асырылуы қарастырылады. Сонымен қатар, ұлттық идея мен 5 институционалды реформалар және 100 нақты қадамдар атты даму жобалардың негізгі тұжырымдамалары талқыланады. Және де «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының алғышарты ретінде Қазақстан ұлтының қалыптасу негізгі кезеңдері қарастылады. Ұлттық идеяны сараптау Геллнердің азаматтық немесе волюнтаристік ұлтшылдық негізінде жасалады және соның арқасында ұлттық идеяны келешекте толыққанды асыру үшін қажет болатын негізгі жағдайлар мен құндылықтар анықталады.

Белоус С.Г. Казахский национальный педагогический университет им. Абая, Алматы, Казахстан, PhD докторант,
УДК 94 (574) «19»:631 ББК Т3 (5Каз) О. А. ШКАПСКИЙ ОБ АГРАРНОЙ ПОЛИТИКЕ В КАЗАХСКОЙ СТЕПИ В КОНЦЕ XIX ‒ НАЧАЛЕ XX ВВ.

Cтатья посвящена жизни и деятельности политического и общественного деятеля, статистика, комиссара Временного Правительства в Семиречье ‒ Ореста Авенировича Шкапского. Рассматриваются его взгляды на аграрную проблему в России на рубеже XIX-XX вв. и ее влияние на ситуацию в Казахстане, на переселенческую политику правительства в Степи, проводившего изъятие земель у степного населения, и на их права на землю.

Есимова Ж.Е. – ст. преподаватель кафедры Евразийских исследований ЕНУ им. Гумилева. E-mail: eszhan@mail.ru
УДК 947.084 (574.2) ЭТНОЯЗЫКОВЫЕ ПРОЦЕССЫ В УСЛОВИЯХ ДВУЯЗЫЧИЯ В ПЕРИОД ЦЕЛИНЫ

В статье рассматривается этноязыковые процессы в условиях двуязычия в период целины. С начала 50-х годов наблюдалось постепенное восстановление и подъем национальных школ. Этому процессу предшествовали многочисленные групповые и индивидуальные беседы членов бригады ЦК Компартии Казахстана со спецпереселенцами разных национальностей в 1955 году. Их выводы сводились к тому, что создание групп и классов, либо открытие специальных школ, где бы обучение велось на их родном языке, является нецелесообразным и не поддерживается родителями. Развитие каналов массовой коммуникации также открывало новые возможности для распространения казахско-русского двуязычия.