Яндекс.Метрика
Басты бет » Материалдар

Материалдар

ИЕМБЕКОВА М.О. «Нархоз» университетінің доценті, т.ғ.к.
ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕСІ: ҰҚШҰ МЕН ШЫҰ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Мақалада Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымы (ҰҚШҰ) мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) қызметтері талданған. Екі Ұйымның осы уақытқа дейін аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі атқарып жатқан шаралары сараланып, олардың қызметтеріне талдау жасалып, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметі салыстырылып, қайсысының атқарып жатқан жұмыстарының тиімді екендігін анықтауға талпыныс жасалған. Автор ҰҚШҰ-ның әскери әлеуеті мен мүкіндіктері басым екендігін, ал ШЫҰ-да кейінгі кезде экономикалық ынтымақтастық мәселесі басым болып отырғандығы жайында қорытынды жасаған.

Ж.Орамах Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты
Жасқұстағы текетірес пен Тастөбедегі ұрыс

Мақалада 1836-1838 жылдардағы Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі қарсаңындағы Бөкей Ордасындағы әлеуметтік-экономикалық ахуал және оның шиеленісу себептері, қозғаушы күші, Исатай батырдың қарсылығы тек Жәңгір ханға ғана емес, оны қолдаған жандайшаптарына да бағытталғаны айтылады. Көтерілісшілердің алғашқы қадамы хан ордасы Жасқұсты қоршаумен басталады да, бірақ күші жетіп тұрса да Орданы шаппаудың себептері көрсетіліген. Мұрағаттық және тарихи деректер негізінде көтерілісшілер Жасқұсты тастап, Бекетай құмындағы Тастөбеге жеткенде Гекенің жазалаушы отрядымен кездесіп, жеңіліс тапқаны баяндалған. Бұл жеңілістен кейін Исатайдың күші азайып, енді Кіші жүз жағына өтуге бет алғандығы көрсетілген.

Ж.Орамах Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, т.ғ.к., Р.Б.Таскымбаева педагогика магистрі
ӘОЖ 94 (574). 02/.08 Ақбұлақ шайқасы

Бұл мақалада Бөкей Ордасындағы Исатай мен Махамбет бастаған азаттық күрестің Жасқұстағы текетірес пен Тастөбедегі ұрыстың сәтсіздіктерінен кейін көтеріліс басшыларының жаңа тактикалық әдістерге көшіп, Кіші жүз аймағына барып жаңа қол жинап, күресті жалғастыру ниетінде болғаны айтылады. Алайда, Геке бастаған жазалаушы отряд және ханның әскери құрамы көтерілісшілерді Жайықтың Кіші жүз жағына өткізбеу үшін соңынан қалмай, Ақбұлақ өзенінің бойында өліспей беріспейтін шайқас болды. Күш тең емес еді. Мақалада жазалаушы отряд отты қару-зеңбіректі пайдаланса, көтерілісшілерде әрі кеткенде наган болған, олда бәрінде емес және көтерілісшілердің саны Тастөбедегі ұрыстан кейін азайып қалғандығы айтылады. Геке жағындағы тегеурінді күшке қарсылық көрсете алмай көтеріліс жеңіліспен аяқталады, Исатай мерт болады. Мақаланың негізгі желісі Исатай батырдың ерлігі мен қаза болуы туралы, сүйегінің қайда жерленгені жайлы әртүрлі пікірлерге қоса, осы жолдардың авторлары жаңа пікірде қосқан. Мұрағаттық және тарихи әдебиеттерге сүйеніп, көтерілістен кейін тірі қалған кейбір тұлғалар туралы да құнды деректер берген.

Л.Н.НУРСУЛТАНОВА, Ассоциированный профессор, д.и.н., ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, А.И.МОЛДАЛИЕВА,преподаватель Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилёва
УДК 327.8 ИНТЕРЕСЫ ТУРЦИИ В ЦЕНТРАЛЬНОЙ АЗИИ

В статье анализируется становление и развитие многосторонних связей Турции с Республиками Центральной Азии. За эти годы сформирована законодательно-правовая база по всем направлениям сотрудничества. Турецкое присутствие в регионе стало стремительно возрастать. Анкара оказала центрально-азиатским странам содействие во вступлении в Организацию экономического сотрудничества (ОЭС), Организацию «Исламская конференция» и присоединении к ОБСЕ, частично взяв на себя даже оформление соответствующих документов. Турция инвестирует в экономику постсоветских республик, турецкие предприниматели вносят свой вклад в эти процессы.

Л.Н. НУРСУЛТАНОВА, Ассоциированный профессор, д.и.н. Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева
УДК 379.85 КУЛЬТУРНАЯ ПАНОРАМА АСТАНЫ

В данной статье исследуется культурный облик Астаны, в прошлом Целинограда. В городе создана уникальная среда для развития: построены новые музеи, театры, библиотеки, отвечающие архитектурным требованиям современного города. В Астане реализуются разные проекты по новым технологиям, которые в перспективе образуют ауру современной столицы.