Автор статьи анализирует острую полемику по национальному вопросу, развернувшуюся в первые годы становления советского государства. Дискурсы по этой теме носили ожесточенный характер, что представлено автором в статье. Особое внимание заслуживает позиция одного из теоретиков национального вопроса – Сталина, предлагавшего свое видение решения данной проблемы.Автор в своем исследовании показывает процесс дискутирования, острой полемики большевистскими лидерами вопроса принятия определенной модели государства
Берілген мақалада 1992-2017 жж. аралығында Қазақстан Республикасында өткізілген Дүниежүзі қазақтарының бес құрылтайының тарихы қарастырылған. Ғылыми-зерттеу мақаласын жазуға ғылыми әдебиеттер және Қазақстан Республикасы Президенті мұрағаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты қорларынан алынған тарихи деректер ғылыми айналымға келтірілген.
Қазақстанда өткізілген Дүниежүзі қазақтарының бес құрылтайының тарихи маңызы аса зор екендігі анық. Бұл мәжілісте әлем елдеріне шашырап кеткен қазақтар бас қосып, тарихи атамекенінде болашақта жүзеге асырылатын өзекті мәселелерді талқылаған. Мысалы, шетел қазақтарының Қазақстанға оралуы, тіл, әдебиет, мәдениет, салт-дәстүрді сақтау және өзара бірін-бірі қолдау сяқты маңызды жұмыстарды атқару мәселелері айтылған.
Алтын Ордадағы ислам дінінің кең қанат жаюы Дешті-Қыпшақтағы саяси және мәдени өмірге тікелей ықпал етті. Бұл Жошы Ұлысындағы ханафилік мазхабтың жетекші құқықтық жүйеге айналғандығын көрсетті. Яғни, ислам дінін қабылдаған Алтын Орда хандары елдегі құқықтық жүйені шариғат жолымен шешуді жөн көріп, қадилардың (қазыларды) қолына заңдық-құқықтық жүйені тапсырды. Бұл шариғат заңдары Жошы ұлысында ханафилік мектептің қағидалары бойынша жүргізіліп, сол кездегі көшпелілер арасында исламды қарқынды насихаттаған сопылардың да шариғи мәселелерде әбу Ханифа мектебіне жүгінгендігімен түсіндіріледі. Дешті Қыпшақтағы бұл үрдістер фикһ мәселесінде үлкен ғалымдардың шығуына негіз болды. Яғни Орта Азиядағы діни үрдістердің дамып өркендеуіне ханафилік мазхабтың қосқан үлесі зор болды. Бұл тек білім мен мәдениет емес, сондай-ақ қала өркениеті, сауда, архитектуралық ескерткіштердің де дамуынан көрініс тапты. Алтын Ордадағы ханафи мазхабының жетекші мектепке айналуы елді-мекендерде мешіт-медресселер мен керуен сарайлардың пайда болып, ұлыстар арасындағы мәдени алмасулар үрдісіне алып келді.
Кілт сөздер. Алтын Орда, ислам, ханафи, мазхаб, мәдениет, үрдіс, медрессе, сопылық, фикһ.
Академик Б.Е. Кумеков выдающийся казахстанский востоковед-арабист известен своими трудами в области арабских источников и кипчаковедения во всем мире. Ученый внес и продолжает вносить значительный вклад в подготовку научных кадров высшей квалификации республики. Его ученики развивают идеи своего научного руководителя на ниве арабистики, тюркологии и кипчаковедения. В настоящей работе рассматривается научная деятельность учеников академика Б.Е. Кумекова по разработке кипчакской проблематики. Благодаря многолетней научно-исследовательской и научно-педагогической деятельности ученого Казахстан стал ведущим научным центром по кипчаковедению.
Ключевые слова: научная школа, академик Б.Е. Кумеков, кипчаковедение, историография, тюркология, арабистика, картография, арабские письменные источники, кипчакские племена, Дешт-и Кипчак.
Мақалада дәстүрлі қазақ қоғамындағы жасауылдар институтының тарихы мен олардың атқарған қызметі талданады. Жасауылдар институты түрік қағанаты заманынан бастап, Алтын Орда, кейінгі хандықтар дәуірінде жалғасын табады. Мұрағаттық құжаттар олардың Қазақ хандығында да болғанын дәлелдейді. Жасауылдар хан маңында қызмет жасап, арнайы тапсырмаларды орындаушы, салық жинаушы, кейде елшілер қатарында да көрінеді. ХІХ ғасырда олар Арынғазы, Кенесары хан билігі кезеңінде айрықша көзге түседі. Мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі аясындағы № АР 05134572 ғылыми жобасын орындауға арналған.