Яндекс.Метрика
Home » Materials » ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

НУРТАЗАЕВА А.Б. Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің-аға оқытушысы

ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 1(09)

Tags: сүйіспеншілік, патриотизм, тәрбие, тарих, білім, беру.
Author:
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы республикамыздағы жоғарғы оқу орындары басшыларының алдында тұрған негізгі өзекті мәселелердің бірі білім беру жүйесін заманға сай дамыту және тәрбие жұмысына көңіл бөлу еді. Әрбір оқу орнының сапалық жетілуі ондағы ішкі оқу үрдісінің әр қашан тәрбие жұмыстарымен ұштастырып жетілдіріп отырудың арқасында болды. Тарихшы студенттердің сандық және сапалық жетілуі оқу мен тәрбие жұмыстарын байланыстыра жетілдіріп отырудың негізінде болды.
Text:

Ұлы ойшыл философ әл- Фараби айтқандай: « Адамға ең бірінші білім емес тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол  келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген екен. Тарихшы маман даярлау ісінің маңызды тірегі тәрбие жұмысы. Студенттердің тәрбие жұмысына баса назар аударылды, факультет басшылары олардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайларына үнемі көңіл бөліп отырды. Тарихшы студенттер арасында біз қарастырып отырған жылдары тәрбие жұмысын жүргізуде қол жеткізген жетістіктері үшін  тәлімдік маңызы зор іс шаралардың ұйымдастыру ісін жоққа шығаруға болмайды. Студенттер арасында патриоттық жұмыс жоғары деңгейде жүргізілді, олардың бойындағы отанға деген ыстық сезімді, сүйіспеншілікті оята білді. Салауатты өмір салтын қолдап, спортпен айналысып үлкен жоғары нәтижелерге жеткен студенттер аз болған жоқ. Студенттер арасында әр түрлі спорттық жарыстар, спортакиадалар, конкурстық байқаулар, диспуттық және әдеби кештер өткізіліп отырды. Тарихшы студенттердің дипломдық жұмыстарының тақырыптары  ұлт азаттық көтерілістер, ұлы отан соғысы кезіндегі  қазақстандықтардың ерлігі ұжымдастыру, ашаршылық және т.б. Біз қарастырылып отырған жылдары студенттер арасында тәрбиелік жұмыстар жоғары деңгейде жүргізілді деп айтсақ артық айтқандық емес еді. Факультеттерде саяси тәрбие жұмыстарының алдын ала бағдарламалық жоспары жасалынды.

 әль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде  тарих факультетінің студенттері мемлекет және қоғам қайраткерлері және ұлы отан соғысының ардагерлері мен көптеген кездесулер өткізіліп отырылды. Атап айтар болсақ мемлекеттік сыйлық иегері «Қан мен тер» шығармасының авторы жазушы  Ә.Нүрпейісов, белгілі академик, археолог ғалым Ә. Марғұлан, республикаға еңбек сіңірген әнші композиторлар Е. Хасанғалиев, Н. Нүсіпжанов, кино және театр әртістері  С. Қожамқұлов, С. Майқанова, С. Оразбаев, М. Шәріпов, және белгілі ақын жазушылар Ғ. Мустафин С. Бегалин, Қ. Қайсенов, Қ.Бекқожин, Т. Молдағалиев, Ә. Тәжібаев және Ұлы отан соғысының батыры Қ. Сұрағанов және соғыс ардагерлері О. Сексембаев, С. Бақшыловтар мен өте тартымды қызықты кездесулер ұйымдастырылды [1]. Әрбір кездесуге келген құрметті қонақтар болашақ кәсіби тарихшылар алдында адамның рухани ішкі жан дүниесін  көтерер көптеген қызықты оқиғалар айтып берді. Тарих факультетінде өткен осындай әдеби тақырыптық кештер тартымды өтіп отырды. Осындай республика халқына белгілі азаматтармен кештер өткізу факультетте үнемі жүргізіліп отырылатын дәстүрге айналды. Тарих факультетінің №2 жатақханасында студент тарихшылар арасында әр түрлі тақырыптық кештер мен диспут, пікірталастар өткізіліп отырылды. Мысалы, олардың біразына тоқтала кетер болсақ «Достық, жолдастық, бауырмалдық және адамгершілік деген не?»  және «Вождь, ученый, человек В. Ленин» деген атпен тақырыптық  кештер өткізіліп отырды [2]. Тақырыптық кештерге Алматы қаласындағы орта білім беретін мектеп директорлары, дәрігерлер, ішкі істер ұйымдарының қызметкерлері және прокурорлар арнайы шақырылып отырды. Кеш барысында тарихшы студенттер келген қонақтарға өз ойларында жүрген сауалдарын қойып оларға жауаптар алып отырды. Біз қарастырып отырған жылдары тарих факультетінің студенттері алдына Германия демокративтік республикасының және Болгария мемлекетінің жоғары беделді университеттерінің атақты профессорлары келіп жалпы әлем тарихының өзекті мәселелері бойынша дәріс оқыды. Бұндай делегация құрамында профессорлармен бірге көрнекті саяси мемлекет қайраткерлері болды [3]. Ал 1973-1974 оқу жылында факультетте студенттердің ұйымдастырумен «Тарихшы» қабырға газеті жарыққа шықты. Бұл газетте факультет өміріндегі болып жатқан жаңалықтар студенттердің курс бойынша оқу үлгерімі, тәртібі жөніндегі мәліметтер, топтар арасындағы жарыстар, әр түрлі ақпараттар және кафедраның профессор оқытушылар құрамынан алынған сұхбаттар беріліп отырды. Осы уақыттарда тарих факультетінде тарихи білім берудің күрделі мәселелері зерттеліп болашақ кәсіби тарихшыларды тиімді даярлаудың жолы анықталды. Факультетте жыл сайын оқу әдістемелік ғылыми конференциялар өткізіліп отырылды. Кафедра оқытушылары студенттердің ғылыми жұмысына барынша көңіл аударды.  Факультетте кафедра оқытушылары жетекшілік ететін құрамында елу жүзге  тарта мүшесі бар «Атлант», «Кругозор» және «Знания» атты студенттердің қоғамдық білім беретін ғылыми үйірмелері айтарлықтай табысты жұмыс жүргізді [4].  Біз қарастырып отырған жылдары факультеттің тарихшы студенттері еңбек тәрбиесіне ауыл шаруашылық жұмыстарына көмектесу үшін республикамыздың облыстары және көрші Ресей мемлекетінің облыстарында еңбек етті. Мысалға айтар болсақ Талдықорған облысы Панфилов ауданы Киров колхозында 460 гектарға егілген жүгері жиналып, колхоз қоймасына үш мың 3160 тонна жүгері өткізілді.  Сондай- ақ Алматы облысы Шелек ауданының Авангард,Асышай және Аса совхоздарында студент тарихшылардың көмегімен 1440 тонна темекі жиналды. Ресейдің Астрахан облысы Черноярский ауданы Октябрь совхозында 74 гектар жерден 180 тонна қызынақ теріліп өткізілді [5]. Факультет студенттерінен құрылған құрылыс отряды Алматы облысының Кеген ауданында тұрғын үйлер салуға көмектесті. Біз қарастырып отырған жылдары ауыл шаруашылығы және құрылыс отрядтарымен қоса студенттер жазғы демалыстарында пионер лагерьлерінде аға пионер вожатый және қалалар арасында қатынайтын поездарда жол серік болып жұмыс істеді. Біздің ойымызша яғни болашақ тарихшы педагогтар өздерінің алған білімдерін еңбекпен ұштастыра білуі, өздеріне берілген тапсырмаларды ойдағыдай орындап тарих факультетінің атына кір келтірмей, өздерінің көзі ашық, көкірегі ояу азамат екендерін көрсете білді. Өз жұмыстарына аса жауапкершілікпен қарап басқа еріншек студенттерге үлгі бола білген студенттер мен оқытушылар деканат тарапынан марапатталып отырылды [6].  Тәрбие жұмысының бір түрі дене тәрбиесіне факультетте көп көңіл бөлінді. Студенттер арасында бұқаралық көпшілік спортты дамыту мақсатында институтта барлық факультеттер арасында аралық спартакиадалар, жарыстар және денсаулық күндерін өткізу дәстүрге айналды. Спорттық ойындарда факультеттер арасында тарихшы педагогтар жүз метр шақырымға жүгіруден, командалық баскетбол ойнауда жүлделі орындарға ие болды. Жастықтың жалынымен, бойындағы дарынымен, бала кезден салауатты өмір салтын сақтап келе жатқан спортшы тарихшы студенттердің жеткен жетістіктері аз болған жоқ. Сондай-ақ факультетте студенттер арасында көркем өнерпаздар үйірмесіде жұмыс істеді. Тарихшы студенттерден құрылған халық аспаптар ансамблі жұмыс істеді. Оған жетекшілікті жас композитор  А. Жұртанов жасады. Студенттер арасында өз өнерімен көзге түскен талантты жастарда аз болған жоқ.

Сондай-ақ университет көлемінде жүргізілетін «Студенттік көктем» мерекелік іс шарасының нәтижесі бойынша тарих факультеті бірінші орынды жеңіп алды [7]. Біз қарастырып отырған 1970-1980 жылдар аралығында республикамыздың жоғары оқу орындарында мамандарды дайындауда қол жеткізген маңызды табыстармен бірге әртүрлі кемшіліктермен қайшылықтарда кездесіп жатты. Біз қарастырып отырған жылдары факультетте ғылыми зерттеу жұмыстарын және оқу үрдісімен бірге еңбек тәрбиесінің тиімділігінің маңызды көрсеткіші студенттердің қоғамдық пайдалы еңбекпен айналысып республикамызда халық шаруашылығының жағдайын көтеруге өз үлестерін қосып отырды. Бірінші және екінші курс студенттері еліміздің оңтүстік және солтүстік облыстарында ауыл шаруашылық  өнімдерін жинауға жыл сайын бір ай көлемінде өз көмектерін беріп отырды. Осындай пайдалы қоғамдық еңбекпен айналысқан студенттер еңбегі жоғары марапатталып отырылды. Атап айтар болсақ, Алматы, Талдықорған облыстарында көкініс, темекі ал солтүстік облыстарда егін жинауға көмектесті. Бірақ- та студенттердің күзгі егін науқаны тұсында еңбекке тартылуы олардың оқу үрдісінде көптеген келеңсіздіктер туғызды. Өйткені бұл бекітілген оқу жоспарын қысқарту есебінен жүзеге асырылды. Осыдан кейін бағдарламалық материалдардың бір бөлігін студенттердің өз бетімен оқуына тура келді. Сондай-ақ студенттер құрамынан құрылыс отрядтары құрылып олар көрші Ресей және Украина мемлекеттерінде тұрғын үйлер салуға атсалысты. Тарих факультетінің білімді педагог тарихшы мамандар даярлау қызметінде тиімді оқу жүктемесімен қатар тәрбие жұмысынада баса назар аударылып отырылды. Кафедра оқытушылары жыл сайын студенттермен әр оқу жылында жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жоспарын нақтылап, әр оқу жылының ерекшеліктерін ескере отырып осы жылдары еліміздегі болатын тарихи оқиғаларға көңіл аударып тәрбие жұмыстарының тақырыптары бекітіліп отырылды. Сондай-ақ тарихшы студенттерге патриоттық тәрбие беру жұмыстарына көп көңіл бөлініп отырылды. Тарихшы студенттер факультет және университет көлемінде жұмыс істейтін әр түрлі клубтар мен қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты. Факультетте студенттер белгілі бір тақырыптық кештер аясында белгілі ақын, жазушылармен, қоғам қайраткерлерімен және ғалымдармен кездесулер өткізіп отырды. Мәселен, біз қарастырып отырған жылдары Ұлы отан соғысының ардагерлері Н.Күшекбаев, Қ.Қосжанов, Қ.Жаманбаев және А.Оразбаевтар студенттерге отанды қорғауда бастан кешкен оқиға, сұрапыл соғыс жайында әңгімелер айтып студенттер бойындағы отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерді оята білді. Сондай-ақ тарихшы студенттер белгілі өнер қайраткерлері, кино актерлері А.Әшімов,  Ә.Өмірзақова және ақындар Ф.Оңғарсынова, М.Шахановтар мен бірге өткізілген кездесулер ерекше естен кетпестей болып өтті. Студенттердің алдында олар өздерінің бойындағы рухани ішкі жан байлықтарын әңгіме, ән жырлармен жеткізі білді. Ал белгілі ғалым арабист, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университтетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ә.Дербісалиев және белгілі фарабтанушы Қазақ КСР Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі А.Машанов факультет шәкірттеріне шығыстың ойшыл философы, әлемнің екінші ұстазы әл- Фараби жайында көптеген құнды деректер келтіре отырып, олардың бойындағы ғылымға деген көзқарастарын оята білді [8]. Болашақ тарихшыларға өткізіліп отырылатын бұндай кездесулер әр оқу жылы сайын әр түрлі мереке, тарихи даталарға байланысты өткізіліп отырылатын болды.Біздің пікірімізше бұндай тақырыптық кештердің көптеп өткізілуі әрбір студенттің  бойындағы сезімді оятып,олардың өмірге деген көзқарастарын өзгертіп отырды.

Әдебиеттер тізімі:

  1.ҚРОММ 1352-қ,1-т,620-іс,114-б

  2. ҚРОММ 1142-қ,1-т,953-іс,18-б

  3. ҚРОММ 1142-қ,1-т,884-іс,19-б

  4. ҚРОММ 1142-қ,1-т,825-іс,2-б

  5.ҚРОММ 1142-қ,1-т,1185-іс,20-б

  6. ҚРОММ 1352-қ,1-т,620-іс,114-б

  7. ҚРОММ 1352-қ,1-т,620-іс,114-б

8.  ҚРОММ 1352-қ,3-т,1140-іс,155-б

NURTAZAEVA A.B.

senior teacher of the Kazakhstan Engineer-technological university

THE VALUE OF EDUCATIONAL WORK IN HIGHER EDUCATIONAL INSTITUTIONS

Summary

The article reflects the current educational issues and their implications for the teaching staff and students of historical faculties of higher educational institutions of the second half of the twentieth century. In particular, such as the country's leading universities of the KazNU named after Al-Farabi and  ASU named after Abai. The author used the archival documents that reflect a variety of activities related to the educational activities of these historical faculties of leading universities.

  Keywords: history, education, patriotism.

НУРТАЗАЕВА А.Б.

Старший преподаватель Казахстанского инженерно-технологического университета

ЗНАЧЕНИЕ ВОСПИТАТЕЛЬНОЙ РАБОТЫ В ВЫСШИХ УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИЯХ

  В статье отражены актуальные вопросы воспитательной работы и их значение для преподавательского состава и студентов исторических факультетов высших учебных заведениях второй половины ХХ в. В особенности таких ведущих ВУЗов страны как КазНУ им. аль-Фараби и АГУ им. Абая. Автор использовал архивные документы в которых отражены различные мероприятия связанные с воспитательной деятельностью исторических факультетов указанных ведущих вузов. 

  Ключевые слова:   история, воспитание, патриотизм,  об

No comments

To leave comment you must enter or register