Яндекс.Метрика
Home » Materials » ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ ӨЗБЕК – ТӘЖІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

Т.В.МАРМОНТОВА, Ш.А.ШАДАЕВА

ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ ӨЗБЕК – ТӘЖІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 3(07), 2016

Tags: соғысы», «теміржол, саясат, экономика, қақтығыстар, этникааралық, диаспора, шиеленіс, режим, көлік, байланыстары, Рогун, СЭС, визалық, шекаралық, дау.
Author:
Бұл мақалада екіжақты қарым-қатынастардың шарттық құқықтық базасы, экономикалық қатынастардың кезеңдері мен сыртқы сауда айналымы талданады. Қазіргі уақытта тараптар көлік, энергетика, мәдениет, және басқа да салаларда саяси диалог белсенділігін және шекаралық ынтымақтастықты арттыруды көздейді. Сауда қатынастарының дамуына Өзбекстан мен Тәжікстанда өнеркәсіптік көрмелер өткізу ықпал етуі тиіс. сондай-ақ Айта кетейік екі республика Қазақстанда өтетін ЭКСПО – 2017 ге де қатысуларына болады. Екі ел арасында шекара аумақтары бойынша келіспеушіліктер орын алуда, өзбек - тәжік арасындағы қарама-қайшылықтар өзінің дамуы бойынша ең созылыңқы болып табылады. Бұл екі мемлекет этникалық, тарихи,мәдени және экономикалық жағынан өзара тығыз байланысқан. Алайда келіспеушіліктер екі мемлекеттің арнайы мүшелерінің көмегімен шешіліп, реттелуі мүмкін.
Text:

ТәжікстанРеспубликасыменӨзбекстанРеспубликасыарасындағыдипломатиялыққарым-қатынас 1992 жылдың 22 қазанындақұрылған. 1995 жылдан бастап Тәжікстан Республикасының Ташкент қаласында елшілігі жұмыс істейді. 1998 жылдың 15 мамырынан бастап, Душанбеде өзбек елшілігі қызмет етуде. Тәжікстан, осы екі мемлекет көршілес мемлекет болса да, сол кезде Ташкент қарым-қатынас орнатқан мемлекеттер ішіндe 55 орында болды.

Екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастың құқықтық негізін мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомство аралық деңгейде қол қойылған 111 келісімдер мен шарттар құрайды.

Ынтымақастықтың негізгі бағытын анықтайтын маңызды құжаттар: ТР және ӨР арасындағы 1993 жылдың 4 қаңтарында Ташкентте қол қойылған достық, тату көршілік және ынтымақтасық туралы Келісім және 2000 жылдың 15 маусымында қол қойылған ТР мен ӨР арасындағы мәңгілік достық туралы Келісім. Осы құжаттарда, тараптар екіжақты қарым-қатынастардың негізгі қағидаттарын айқындады, яғни өзара тәуелсіздікті және ұлттық егемендікті құрметтеу, теңдік, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, мемлекеттік деңгейде және шаруашылық субъектілерінің деңгейінде де, экономикалық қарым-қатынастарды өзара тиімді серіктестік қарым-қатынас орнату үшін олардың өзара талпынысы [1].

Өзбекстан Республиасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы 

екіжақты қарым-қатынастың шежіресі

Мерзімі

Оқиға

 Сипаттамасы

4 қаңтар 1998 жыл

ТР Президенті  Эмомали Рахмон ресми іс-сапармен  Өзбекстан Республикасында ӨР Президенті И.Каримов шақыруымен болды.

  Бұл сапар тәжік-өзбек екіжақты қарым-қатынастарын жандандыруда айтарлықтай серпін берді.

4 ақпан 1998 жыл

Душанбеге Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі У.С. Султанов барып қайтты

  Сапар барысында  екі ел  арасындағы бірнеше құжаттарға  қол қойылды. 

маусым 2000 жыл

ӨЗ Президенті И.КаримовтыңДушанбеге алғашқы ресми сапары

  Сапар барасында  сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен болашағын қарастырды.

2001  жылдың аяғы

Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали РахмонныңӨзбекстан Республикасына жұмыс сапары.

  Сапар нәтижесі бойынша, тәжік-өзбек қатынастарындағы тұтас спектр бойынша мәселелердің шешу жолдары анықталып бекітілді.

5 қазан 2002 жыл

Тәжікстан мен Өзбекстан арасындағы тәжік-өзбек Мемлекеттік шекарасы туралы Келісімге қол қойылды.

  Қазіргі таңда шекараның қалған 60 км бөлігін түпкілікті талқылау жұмыстары жалғасуда.

22 тамыз 2002 жыл

Үкіметаралық комиссияның бірінші отырысы.

  Сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша өзбек-тәжік үкіметаралық бірлескен комиссия құрылды.

18 ақпан 2009 жыл

Үкіметаралық комиссияның екінші отырысы.

  Үкіметаралық комиссияның екінші отырысында көпжақты қарым-қатынасқа қатысты әртүрлі мәселелер қаралды.

27 сәуір 2010 жыл

Ташкентте  ТР Премьер-министрінің орынбасары М.Алимардон мен ӨР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Р.Азимовтың кездесуі өтті.

  Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келіссөздер өткізілді.

22  мамыр  2010 жыл

Ташкентте ТР Сыртқы істер министрі Х.Зарифи мен ӨР Сыртқы істер министрі В.Норовтың кездесуі

  Кездесу барысында тараптар өзекті аймақтық және жаһандық мәселелер бойынша, сондай-ақ Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мәселелері бойынша пікір алмасылды.

5 қаңтар 2012 жыл

Ташкентте  ТР Премьер-министрінің орынбасары М.Алимардон мен ӨР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Р.Азимовтың кездесуі өтті.


  Екіжақты қарым-қатынастардың мәселелері қарастырылды.

17-18 ақпан 2012 жыл

Ташкентте ТР Білім министрі Н.Саидовтің ӨР жалпы білім беру министрі Ш.Темировпен және жоғары және орта арнайы білім беру Министрі Б.Ходиевпен кездесулері өтті.

  Кездесу барысында қазіргі таңдағы білім беру саласының жағдайы мен мәселелері, сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықтың мәселелері қаралды.

4-6  маусым 2012 жыл

ТР Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы С.Ятимов пен ӨР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің төрағасы Р. Иноятовтың кездсуі өтті.

  Болашақта аймақтағы  қауіпсіздік пен тұрақтылық саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан бірқатар жұмыс жүргізілді.

Маусым 2014 жыл

Ташкентте сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен тәжік-өзбек үкіметаралық комиссиясының ІІІ отырысы өтті.

  Кездесу барысында тараптар, екі жақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, соның ішінде көлік және коммуникация саласындағы әріптестікті дамыту және сауда-экономикалық қарым-қатынастардың жағдайы мен келешегі, кедендік қызмет және басқа да мәселелер арасындағы ынтымақтастықты талқылады. Осы кездесу барысында тараптар екіжақты және көпжақты қарым-қатынастарды құрайтын, саяси, мәдени, гуманитарлық, экономикалық және басқа да салаларда, экономикалық даму және ынтымақтастық барлық негізгі мәселелерді шешудің кілті болып табылады деген қорытындыға келді.

Қыркүйек  2014 жыл

Душанбеде Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон менӨзбекстан Президенті ИсламКаримовтің кездесуі

  Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы саммиті шеңберінде

24-25 желтоқсан 2014 жыл

Көршілес елдердің дипломатиялық қатынастар орнатқан 23 жыл ішінде Сыртқы Істер Министрліктерінің алғашқы кеңесінің өтуі.

  Екі елдің делегациялары қарым-қатынастарды дамытудың жағдайы мен келешегін талқылады және маңызды аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар, сауда, экономика, көлік және байланыс саласындағы ынтымақтастықты, мәдени-гуманитарлық және басқа да салаларды дамыту, қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны кеңейту мен нығайту мәселелері қарастырылды.

  Екіжақты тауар айналымында тауарлар мен қызметтер номенклатурасын әртараптандыруда, қолданыстағы әлеуетті іске асырудағы өзара қызығушылық аталынып өтті. Тараптар ШЫҰ және ТМД дамуы мен перспективалары туралы мәселелерді, сонымен қатар, осы ұйымдар шеңберіндегі екі мемлекеттің ынтымақтастығына байланысты мәселелерді қарастырып, пікір алмасты. Тәжікстан Өзбекстанның ШЫҰ әлеуетін нығайтуға бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады.

Кестедегі мәліметтерді талдау, екі ел арасындағы ресми байланыстың деңгейі төмен екенін көрсетеді. Негізінен, бұлар ресми қарым-қатынастарға ие мемлекеттерге тән хаттама сапарлары болып табылады, бірақ соның өзінде, екі онжылдықтан астам уақытта олардың саны көп болмады.

Байланыстардың белсендірілгендігін 2010 және 2012 жылдарда, яғни  мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас нашарлаған кезінде байқауға болады [2].

Үкіметаралық комиссия қызметінің талдауы қызығушылық тудырады. Бүгінгі күнге дейін отырыстардың саны  3 болды, бұндай құрылым жұмысының қорытынды құжаттары ретінде декларациялар болады, бірақ олардың тиімділігі жоғары емес.

Тәжікстанның бастапқы тәуелсіздік алған жылдардан бастап бастан кешкен ауыр күйзелістерімен байланысты, бұл мемлекеттің шетел елдерімен емес, тіптен ең жақын көршілерімен (соның ішінде Өзбекстан Республикасымен) экономикалық қатынастарын сараптау қиындыққа әкеп соқтырады.

ХХІ ғасырдағы экономикалық қатынастар статистикасының сараптамасына тоқталар болсақ, 2006 жылы Өзбекстанның сыртқы сауда айналымында Тәжікстан үлесі 1,7% құрады, сонымен қоса, өсу қарқыны 2005 жылға 119,8% дейін жетті. Осыған қарамастан, Тәжікстан экспортқа қарағанда көп импорттайтын мемлекет болып табылады[3].

Экономикалық қарым-қатынастар дамуының деңгейлерін сипаттайтын бірнеше сандарды диаграмма жүзінде көрсете кетер болсақ:

2009 жылы өзбек экспортының көлемі $143,5 млн. құрады, 2010 жылы - $120,7 млн., 2011 жылы – $119,0 млн., 2013 жылы – $121,0 млн., Тәжікстаннан импорт – $26,8 млн., $12,7 млн., $5,5 млн. және $11,7 млн., сәйкесінше. Бірақ сарапшылардың пікірінше, бұл деректерде әртүрлі бағалаулар бойынша $15-24 млн. жететін трансшекаралық сауда және $5-9 млн.ға жететін контрабанда факторы назарға алынбады.

2014 жылдың қорытындысы бойынша, екіжақты тауарайналым көлемі 160,0 млн. АҚШ долларын құрады. Соңғы жылдардың ішінде екі ел арасындағы сауда қарым-қатынасының оң үрдісі алғашқы рет 2014-2015 жылдары байқалды. Тәжікстан Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, 2014 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстанмен тауар айналымының көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 9,2%-ға өсті.

Соңғы жылдарда екі ел арасындағы өзара сауда-саттық талдауы, олардың көрсеткіштерінің төмен екендігін дәлелдейді. Басым бөлігі қызмет көрсету саласында. Ортақ қызығушылықты тудыратын, екі елде өндірілген жаңа тауар тарту арқылы, өзара сауда дамуын қамтамасыз ету және оның номенклатурасын әртараптандыру мақсатында, келісілген шараларды қабылдауға дайын сауда қатынастарында елеулі игерілмеген әлеует бар.

Сауда қатынастарын дамытуда Өзбекстанда және Тәжікстанда өнеркәсіп көрмелерін өткізу ықпал етуі тиіс. Сондай-ақ, Ташкент екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты айтарлықтай кеңейтуге, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада, өзара саудада айқын, ашық және болжамды шарттар мен қағидаларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін, ТМД аясындағы еркін сауда аймағын құру туралы жаңа Шарттағы Өзбекстан Республикасының қатысуы туралы хаттаманы Тәжікстан ратификациялауын күтеді.

Қазіргі таңда Өзбекстанда тәжік фирмалары мен компанияларының қатысуымен 18 СП өз қызметін атқаруда. 2015 жылдың қаңтар-сәуір айларында өзара сауда көлемі 49,2 млн долларды құрады.

Қазіргі кезде тәжіктің Соғды облысында бірнеше өзбек анклавтары бар, атап айтқанда, Канибадам ауданындағы Равот ауылы. Олар осы даулы аумақта жер учаскелерi бар тәжік шекара ауылдарының тұрғындары және өзбек шекарашыларының арасындағы қақтығыстың негізгі көзі болып табылады. Тәжік-өзбек шекарасындағы жерлерден миналарды алып тастау – ең өткір мәселелерің бірі. Тәжік тарапын ескертпестен және делимитация-демаркация мәселелерінің аяқталмағандығын ескерместен, өзбектермен бір жақты тәртіппен жабдықталған 54 миналанған мемлекеттік шекара жерлері анықталды. Шекара 1992-1996 жылдары Тәжікстанда азаматтық соғыстың өткір кезеңінде миналанған болатын. Өзекстан құқық қорғау органдары тәжік топтарының шекарадан өтіп кету қауіпі бар, биіктігі 3,5 км аспайтын кей таулы шекара жерлерін миналауға тиіс болды. Бұл миналанған жерлер қоршалмаған және белгіленбген де, сондықтан да, бұл жерлер бейбіт тұрғындар үшін өте қауіпті болып табылады. Бұл, шын мәнінде, 2000 жылы өзбек-тәжік шекарасы арқылы Өзбекстанның оңтүстік өңірлеріне Өзбекстан ислам қозғалысының (ӨИҚ) қаруланған топтарының шекарадан өтіп кетуімен байланысты болды. Өзбекстан Тәжікстанды қаруланған топтарды басқара амайтындығымен кінәлап, әлі демилитацияланбаған бірқатар шекаралық аймақтарды бір жақты тәртіппен миналап тастады. Сол миналардан 100-ге жуық адамдар қаза тапты, 150-ден астам адамдар жараланды, аталғандардың 50%-ы балалар [4].

Өзбек-тәжік қарым-қатынастары өз дамуы бойынша ең созылмалы болып табылады. Аталған мемлекеттер өзара этникалық, тарихи, экономикалық және мәдени байланыстармен байланысқан.

Өзбекстандаресми түрде 1,5 миллион тәжіктер өмір сүреді. Тәжіктердің жартысынан астамы Өзбекстанның экономикалық жағынан артта қалған аудандарында өмір сүреді – Сурхадарья, Ферғана, Қашқадарья аудандарында. Сонымен қатар, Өзбекстанның тәжіктері арасында саяси өмірге белсенді араласушылық көрініс таппайды. Олар көбінесе өзінің енжарлығымен және өз мүмкіндіктеріне деген сенімсізділігімен сипатталады.

Тәжікстандағы өзбектер – Тәжікстан Республикасындағы ірі этно-лингвистикалық азшылық болып табылады. 2010 жылғы ресми санақ бойынша, олардың саны 926,3 мың адамды құрайды. Тәжік өзбектері – Өзбекстан шекарасынан тыс өмір сүретін өзбектер бойынша, абсолюттілігі бойынша екінші, ал салыстырмалы түрде бірінші орында. Тәжікстандағы өзбектер, өздерінің қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сәйкес мемлекеттегі жағдайға әсер ете отырып, елдің саяси және экономикалық өміріне белсенді араласуға, мемлекеттік құрылысқа қатысуға деген атлпынысымен сипатталады. Бұл талпыныстың ең айқын көрінісі, 90 жылдары азаматтық соғыс барысында, этникалық өзбектер Ташкенттің ресми қолдауымен мемлекеттегі болып жатқан жағдайларға елеулі әсерінен байқалады.

Жоғары қақтығыс әлеуетін, этникалық тәжіктер мен өзбектердің тарихи орналасу жағдайы ұлттық мемлекеттердің географиялық орналасу шекарасына сәйкес келмейтіндігі тудырады.

Өзбек-тәжік этникааралық қарым-қатынастарына Ташкент пен Душанбе арасындағы қалыптасқан ауыр мемлекетаралық қарым-қатынас әсер етеді. Өзбек-тәжік қарым-қатынасын одан әрі қиындататын факторлардың бірі, жаңа күшпен көтерілген екіжақты шекараның қауіпсіздік мәселесі. Бұл қатынастардың оңай болмауының басты себебі, көшілес екі республикалар арасындағы шиеленісті ресми түрде мойындағысы келмейтіндігінде. Екі ел арасында 2000 жылдан бері визалық режим бар және 20 жыл уақыт бойында әуе және теміржол байланысы жоқ. Тәжікстандағы этникалық өзбектердің және Өзбекстанда этникалық тәжіктердің үлкен топтарының болуы жасырын, бірақ маңзды мәселе болып табылады. Ресми түрде Тәжікстан да Өзбекстан да бір-біріне деген территориялық талаптары жоқ, бірақ 2009 жылы Тәжікстан Президенті, өзінің атышулы сұхбатында, күндердің бір күнінде Тәжікстан өзіне Бұқара мен Самарқандты қайтарып алатындығы туралы мәлімдеді. Бұлар Өзбекстандағы қалалар, бірақ тәжіктердің пікірінше, бұл қалалар олардың тарихы мен мәдениетін сақтап қалған жерлержәне Тәжікстанға қайтарылуы тиіс.

Қарым-қатынастардың нашарлауының соңғы сатысын көбінесе «Теміржол соғыс» деп атайды, ол Өзбекстан Тәжікстанға байлаулы жүк вагондарының транзитін тыйым салған кезден басталады.

2008-2009 жылдары Өзбекстан бірнеше рет оның «Қаракөл»  қосалқы станциясының дұрыс жұмыс жасамау желеуімен түрікмен электр энергиясының транзитін тоқтатқан. 2009 жылдың  ақпан айында Ташкент газ жеткізілімін екі есеге қысқартты. Екіжақты қарым-қатынастардың нашарлауына экономикалық «ынталандыру» әсері тобында, өзбек билігінің ұлттық ауыл шаруашылық өнімдерінің экспортына тыйым салу әсер етті. Нәтижесінде, жеміс-жидектер, көкөністер, кептірілген жемістер Өзбекстаннан көршілес Тәжікстан және Қырғызстанға контрабанда түрінде жетеді, одан өзбек тауарлары емес, тәжік немесе қырғыз тауарлары ретінде Қазақстанға немесе Ресейге кіргізіледі. Бұл экономикалық жағынан тиімді емес және сенімнің нашарлауына алып келеді. Тәжікстанда немесе Қырғызстанда тіркелген нөмерлері бар жүк автокөліктері өзбек шекарашылары тарапынан тіркеу рәсімін жүзеге асыру барысында үлкен қиындықтарға тап болады. 2009 жылдың желтоқсан айында Ташкент тәжіктің Соғды облысы территориясы арқылы өтетін «Ташкент — Андижан» және «Буқара — Андижан» маршрутында жолаушылар пойызын тоқтатып, шиеленістің ушығуына себепші болды.

2010 жылдың басында өзбек теміржолында әртүрлі себептермен 150 жуық вагондар ұсталынды, ал ақпан айында олардың саны 400 жетті. Тәжікстан премьер-министрінің өзінің өзбек әріптесіне 178 ұсталған вагондар қайта жіберілді, бірақ жалпы теміржолда вагондарды өткізу жағдайы өзгермеді.

Тәжік тарапының айтуынша, 2010  жылдың ақпан айының басынан маусым айының басына дейін Өзбекстанда Тәжікстанға арналған тауарлаары бар 2000 вагон ұсталынған. Оңтүстік Хатлон облысына наурыз айының басынан мамыр айына дейін бірде-бір вагон жіберілмеді. Жалпы алғанда, 2010 жылдың бірінші жартысында Тәжік темір жолдары транзиті көлемі 40% -ға төмендеді. Аграрлы мемлекетте өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аса үлкен маңызға ие отынның жетіспеушілігі егін науқанының күйреу шегіне алып келді.

2011 жылдың қараша айында, Өзбекстан толығымен, өзбек-ауған шекарасында лаңкестік жарылыстың себебінен рельстердің қирағандығын алға тартып, «Термез-Курган-Төбе» темір жол желісін жапты. Өзбекстан БАҚ пайымдауынша, ол терракт болды. Тәжікстан үкіметі бірден Өзбекстанды, осы теміржол арқылы күнделікті пайдалану тауарларын алатын Тәжікстанның оңтүстігін блокада ұйымдасттырғанымен айыптады. Душанбе пікірінше, өзбектер жасап отырған Тәжікстанның транспорттық блокадасы, Рогун СЭС жұмыстардың жандануымен байланысты.

2009 жылы Тәжікстан үкіметі халық арасында станция акцияларын орналастыру науқанын бастап, қалпына келтіру жұмыстарын да бастады. Өзбекстан құрылысқа кедергі болғысы келіп, жүк жеткізілімдерін тежей бастады. Рогун СЭС, Амудария ағысының қысқаруына себеп болатын құрылыс, ал Өзбекстан оны өзінің ең басты қауіпінің бірі ретінде санайды. Ел тұрғындарының 3/4 бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысатын ауылдық жерлерде өмір сүріп жатыр, суаратын судың тапшылығы өте жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, 2010 жылы тәжік құрылысшылары Рогун су электр станциясының құрылысы бойынша дайындық жұмыстарын аяқтады және 2011 жылдың маусым айында, олар Вахша арнасын жабуға дайын екендігін жариялады. Ол туралы шешімді мемлекеттік комиссия қабылдайды.  Соңғы шешім Дүниежүзілік банктің сараптамасы аяқталғанға дейін кейінге қалдырылды. Алайда, бұл жоба аяқталғаннан бері 2 жылдан астам уақыт өтті, ал бұл мәселе әлі өз шешімін таппады.

2012 жылдың сәуірінен бастап Өзбекстан Қытайға газ жеткізудің шарттық міндеттемелері мен қажеттіліктерінің аяқталуына орай Тәжікстанға табиғи газ жеткізуді тоқтатты. Тәжікстан, Өзбекстанға транспорттық және энергетикалық жағынан қатты тәуелді болғандықтанТашкентті Тәжікстандағы әлеуметтік және саяси жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған экономикалық қысымды ұйымдастырушы деп айыптады. Ташкент өзінің іс-әрекеттерін тиісті және ақылға қонымды екенін айтып, айыптауларды жоққа шығарды. Екі ел арасындағы теміржол қызметтері мен энергия көздерімен қамтамасыз ету мәселелері маңызды болғанына қарамастан, көптеген бақылаушылар ол екі ел арасындағы басты проблема су ресурстарына деген қарама  қайшылықтар екенін баяндауда. Әмудария өзенінің 75 пайызы Тәжікстан аумағында болғанымен , бірақ төменгі ағысындағы мемлекет, әсіресе Өзбекстан  суару үшін суды негізгі тұтынушылар болып табылады. Сонымен қатар, газ және мұнай ірі қорлары болмаған Тәжікстанда гидроэнергетика - электроэнергиясының негізгі көзі. Вахш өзенінде Рогун су электр станциясын салу Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның күн тәртібіндегі негізгі талаптардың бірі болып табылады. Осы ғимарат аяқталған жағдайда, ГЭС жылына 13 млрд кВт / сағ астам электр өндіретін Орталық Азиядағы ең ірі және ең қуатты генераторлық станцияларының бірі болады. Өзбекстан  үшін аса маңызды болып табылатыны  14 млрд текше метр ден астам су көлемі, (335 метр) әлемдегі ең биік болатын Рогун платинасы. Өзбек билігі ірі гидротехникалық құрылыстарға қанша уакыттан бері қарсы шығып келеді. Олар жер сілкінісі болған жағдайда бөгеттің құлауы ықтимал деген апатты салдарларды алға тартуда. Сонымен қатар, өзбек үкіметінің «Правда Востока» газеті материалдарына сәйкес, Рогун су қоймасын толтыруға 8-10 жыл кетеді және Өзбекстанның экономикалық шығындары кем дегенде 20 млрд АҚШ $ шығын жұмсалады. Тәжікстан үкіметі ұзақ мерзімді елдің энергетикалық қажеттіліктерін гидроэнергетиканы дамыту арқылы ғана қанағаттандырылуы мүмкін екенін айтады. Көптеген бақылаушылар кеңестiк уақытта салынған Тәжікстандағы Нүрек ГЭС мысал ретінде келтіреді. Олар гидро құрылыс жоғарғы ағыстағы мемлекетке (электр энергиясы өндірісіне) қызмет етеді деп мәлімдейді, бірақ сонымен қатар,төменгі ағыс елдерінің мүддесіне,  қыста су ағынын шектеу және жазда оны ұлғайту (суару үшін қажет болғанда) мүмкіндігін береді. Дегенмен, бұл техникалық мәселелерге қарамастан, Ташкент және Душанбенің ақпарат көздері алып Рогун мәселесі саяси мәні бар екенін айтады.

Осылайша, су туралы пікірталастарда техникалық айырмашылықтар бар, және олар негізінен екі елдің тиісті органдары арқылы талқыланып, шешілуі мүмкін. Алайда, бүгінгі күні осы мәселені екі ел Президенттері Каримов және Рахмонның арасындағы терең деңгейдегі сенімсіздікті ескере отырып, екіжақты деңгейде шешілуі мүмкіндігін елестету қиын. Рогун Күн тәртібіндегі басты мәселе болып табылады, бірақ Тәжікстан солтүстігінде Фархад бөгеті мен басқа да су электр станцияларын салуды бақылау туралы мәселелерді қоса алғанда, екі ел арасындағы су ресурстары туралы бірқатар мәселелер әлі де бар. Әзірге тараптар арасында осы мәселелердің кез келгеніне ымыраға дайын екеніне ешқандай айқын белгілері жоқ [5].

Осылайша, бұл жағдай жай маселе емес екені айдан анық. Елдердің ешқайсысы өзара консессия жасау шартымен ғана орындалатын диалогқа дайын емес. Ташкент әлдеқашан Өзбекстанның өз мүдделері бар тәуелсіз елдермен қоршалғанын мойындауы тиіс еді. Әйтпесе, Ташкент көршілерінен кез-келген қауіп-қатерлер көрсе оны бақылауға алудың орнына оны тұрақтандыруға тырысады. Дегенмен, Душанбенің қылығы мінсіз деп санауға келмейді. Тәжікістан үкіметіне қолданыстағы мемлекеттік шекараны өзгертуге және тарих бойынша тәжіктерге тиесілі аумақатарды қайтарудың қажеті жоқ.

Соңғы жылдары өзбек-тәжік ұлттарының қарым-қатынасының үрдістері

-  шекаралық сауда көлемінің төмендеуі;

- көрші елдер азаматтарының келулерінің азаюы, шекарадан өту үшін қойылатын талаптардың қатаңдатылуы;

-  әуе қатынасының болмауы;

- темір жол жүк транзитінің тарифтеріне тиым салынуы немесе жоғарылауы, әсіресе, Өзбекстан тарапынан;

-  Тәжікстанға өзбек газының жеткізілімінің тоқтатылуы;

-  тұрақты шекаралық жанжалдар, шекараны миналау;

-  шекараны делимитациялау және демаркациялау;

- өңірдегі су-энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі келіспеушіліктер.

Өзбек-тәжік этносаралық қарым-қатынастардың жай-күйі бүгін Орталық Азиядағы ең күрделі және, тиісінше, ең қауіпті болып табылады. Бұл мәселені шешу үшін әрекет жасалғаны көрінбейді. Бұл екіжақты қарым-қатынастардың үлгісі қазіргі және орта мерзімді перспективада «ішкі» Орталық Азия мәселелерінің ең жарылғышы болып табылады.

Әдебиеттер тізімі

1.  Отношения Таджикистана с Узбекистаном// http://mfa.tj/ru/otnosheniya-so-stranami-sng/tajikistan-uzbekistan.html (дата обращения: 10.06.2016).

2.  Многократно переносившиеся консультации МИДов Узбекистана и Таджикистана по спорным вопросам наконец состоялись//http://www.centrasia.ru/news2.php?st=1450937100(дата обращения: 28.04.2016).

3.  Чедия Р. Узбекско-таджикские встречи: ничего нового, но с надеждой на позитив// http://e-center.asia/ru/news/view?id=5395 (дата обращения: 18.05.2016).

4.  Бабаджанов  А. Я.,  Чернявский  С. И. Проблемы межгосударственных Азии (на примере таджикско-узбекских отношений) // Вестник  МГИМО Университета  № 4  - 2010 – с. 33-36

5.  Шустов  А. Конфликт Узбекистана и Таджикистана обостряется // http://www.centrasia.ru/news2.php?st=1327902300 (дата обращения: 05.05.2016).

1.  Otnosheniya Tadzhikistanas Uzbekistanom// http://mfa.tj/ru/otnosheniya-so-stranami-sng/tajikistan-uzbekistan.html(dataobrashcheniya. 10-06-2016).

2.  Mnogokratno perenosivshiesya konsultacii MIDov Uzbekistana I Tadzhikistana po spornym voprosam nakonec sostoyalis // http://www.centrasia.ru/news2.php?st=1450937100 (data obrashcheniya. 28-04-2016).

3.  Chediya R. Uzbeksko-tadzhikskie vstrechi: nichego novogo, no s nadezhdoj na pozitiv// http://e-center.asia/ru/news/view?id=5395 (data obrashcheniya. 18-05-2016).

4.  Babadzhanov A. YA., Chernyavskij S.I. Problemy mezhgosudarstvennyh Azii (na primere tadzhiksko-uzbekskih otnoshenij) Vestnik MGIMO Universiteta №4 – 2010 – s. 33-36

5.  Shustov A. Konflikt UzbekistanaI Tadzhikistanaobostryaetsya// http://www.centrasia.ru/news2.php?st=1327902300 (data-obrashcheniya. 05-05-2016).


No comments

To leave comment you must enter or register