Яндекс.Метрика
Home » Materials » КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ ХХ Ғ. 20-ШЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫ

А.К. Бегалиева1, М.Б. Амирханов1, Д.Г. Ахметжанов1 1әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан

КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ ХХ Ғ. 20-ШЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫ

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № №1(09)

Tags: экономикалық, саясат, сиез, дағдарыс, әскери, диктатура, қоғам, басқару., жаңа, коммунизм
Author:
Мақалада «әскери коммунизм» және ЖЭС саясаттарына салыстырмалы талдау жасалған. Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін дағдарыс жағдайындағы Ресей революциямен бетпе-бет келді. Бұл халық үшін үлкен сынақ еді. Кеңес үкіметі жарияланғаннан кейінгі басты міндет халық шаруашылығын қалпына келтурі болды. Көптеген өндіріс орындары шикізат, энергия көздерінің болмауынан және ескірген жабдықтар есебінен жұмыс істемеді. Бұл өкіметке ауыр тәжірибе еді: тарихи жағынан бірінші болған «әскери коммунизмді» игеру, әкімшіл-әміршіл жүйе жаңа форма болды. Ол елді катастрофаға әкелді. Нақ сол 20-шы жылдары тәжірибеде жаңа экономикалық саясат, демократиялану, плюрализм бейбіт өмір сүру жетістіктерімен үйлесіп жатты. «Азаматтық бітім» негізінде әлеуметтік катастрофасыз социализм құрылысына өту жолы ашылды. Ол өзара байланыста болғанда ғана жетістікке жететін еді. Қазіргі кезеңде мемлекет дамуында «әскери коммунизм» саясатының да, жаңа экономикалық саясаттың да қателіктерін ескеру қажет. Өйткені, дағдарыстан шығу қазіргі экономиканың зерттейтін маңызды бөлігі. Осыған байланысты мақаланың мақсаты КСРО-ғы «Әскери коммунизм» және ЖЭС саясатын көрсету басты мақсат болды.
Text:

Әскери коммунизм Кеңес Одағының 1917-1920 жж. Азамат соғысы жағдайындағы капиталистік қатынастарды күштеп ығыстыру жолымен социалистік құрылыс мүмкіндіктері туралы түсінікті бейнелеген әлеуметтік-экономикалық саясаты.

«Әскери коммунизм» терминін белгілі марксшіл теорияшы  А.А. Богданов 1917 жылғы Қазанға дейін қолданысқа енгізген болатын. Бұл түсінікті ол армиямен байланыстырды. 1921 ж. «әскери коммунизм» орнына жаңа экономикалық саясат келді.

Жаңа экономикалық саясатты (ЖЭС) – 1921 ж. 15 наурызда (б)РКП Х сиезінде (8-16 наурыз 1921 ж.) кеңестік жетекшілік енгізген болатын. Ол «әскери коммунизм» саясатына жаппай келіспеушілікті жеңуге бағытталды.

Әскери коммунизм – Кеңес мемлекетінің Азаматтық қорғаныс және елдің күшін қорғанысқа жұмылдыру кезіндегі саясаты. Мысалы, Кеңес өкіметі әскери қауіпсіздік жағдайында елді біртұтас әскери лагерьге айналдыра бастады. 2 қыркүйек 1918 ж. БОАК «Барлығы майдан үшін, барлығы жауды жеңудегі жеңіс үшін!» ұранымен қаулы қабылдады. Сөйтіп, әскери коммунизмнің негізгі саясаты адам және материалдық ресурстарды шоғырландыру, оларды ішкі және сыртқы жаулармен күресу үшін қолдану болатын. Бір жағынан, бұл саясат соғыстың салдарынан лажсыз болса, екінші жағынан, ол кез келген мемлекеттік биліктің тәжірибесіне қарама-қайшы келді, алайда партияның диктатурасын бекемдеуге, партиялық билікті күшейтуге, тоталитарлық бақылауды орнатуға ықпал жасады. Әскери коммунизм Азамат соғысы жағдайындағы социализм құрудың жаңа әдісі болды. Қалай болғанда да, бұл мақсатқа қол жетті, контрреволюция талқандалды.

«Әскери коммунизмнің» негізгі белгілері:

- ірі және орта өнеркәсіптің, ұсақ өндірістің басым бөлігін қоғамдастыру;

- азық-түлік диктатурасы;

- азық-түлік салғырты;

- қала мен деревня арасындағы тікелей азық-түлік айырбасы;

- азық-түлікті бөлудің карточка жүйесі;

- шаруашылық қатынастарды натуралдандыру;

- жалпыға бірдей еңбек ету міндеті;

- еңбекақы төлеудегі теңгермешілік;

- қоғамның барлық өмірінде жетекшіліктің әскери-бұйрық жүйесі.

Әскери коммунизмнің басты белгілері – экономикалық саясаттың негізгі ауыртпалығын өндірістен бөлуге ауыстыру. Бұл өндіріс әлсірегенде болады, қоғам өмір сүру үшін қолда барды бөлу басты нәрсе екенін көрсетті. Өйткені өмірлік қорлар аз ғана толықтырылды, олар жетіспеді, еркін нарық арқылы бөлгенде олардың бағасы шарықтап, өмірге қажетті өнімдер халыққа қол жетімсіз болды. Сондықтан теңгермелі нарықсыз бөлу енгізілді. Нарықсыз негізде (мүмкін күштеп те) мемлекет өнеркәсіп өнімін, әсіресе, азық-түлікті көп өндірмейді. Елде ақша айналымы күрт түседі. Ақша өндірістер арасындағы өзара қатынастан жоғалады. Азық-түлік және өнеркәсіп тауарлары карточка бойынша төмен бағамен немесе тегін (Кеңестік Ресейде  1920 ж. аяғында – 1921 басында тіпті тұрғын үйге, электр энергиясына, жылуға, телеграфқа, телефон, почтаға төлеу алынып тасталды, халықты медицина жабдықтарымен қамтамасыз етті) бөлінеді [1, c. 19]. Мемлекет жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігін, кейбір салаларда (мысалы, көлікте) әскери жағдай енгізді, сондықтан барлық қызметкерлер әскерге тартылды. Мұның бәрі әскери коммунизмнің белгілері еді. Нақты әскери-тарихи белгілерімен тарихтан белгілі осы түрден көрінген болатын.

«Әскери коммунизм» сөзінің өзі ауыр жағдайда қоғам қауымқа (коммунаға) әскер ретінде тартылды. Соңғы жылдары бірқатар авторлар Ресейде әскери коммунизм социализм құрудағы маркстік доктринаны жүзеге асыруға деген талпынысы болды. Әскери коммунизм өндіргіш күштер мен әлеуметтік организмнің регресінің салдары болатын. Бейбітшілік уақытта ол жалпы авторитарлық тұтыну коммунасы ретінде армияға ұсынылды. Алайда үлкен соғыс уақытында армиядан барлық қоғамға тұтыну коммунизмінің таратылуы жүзеге асады [1, c.25].

Әскери коммунизмнің құрылымы төтенше жағдайда пайда болып, оны тудырған жағдайлардың жоғалуымен (соғыстың аяқталуы) өздігінен бөлініп кетпеді. Әскери коммунизмнен шығу ерекше және күрделі міндет болды. Ресейде оны шешу оңай болған жоқ, өйткені мемлкет жүйесінде әскери коммунизм санасымен енген солдат депутаттап Кеңесі үлкен роль атқарды. Соғыс аяқталғаннан кейін «Әскери коммунизм» саясатына қарсы жұмысшылар мен шаруалардың көптеген толқулары оның толық күйрегенін көрсетті, 1921 жылы жаңа экономикалық саясат енгізілді.

Кеңес қоғамының 1920-шы жж. саясатын, әдетте, жаңа экономикалық саясатпен байланыстырады. Нақ осы жылдары тәжірибеде жаңа экономикалық саясат, демократия, плурализм бейбіт өмірдің жетістіктерімен үйлесті.

Бұл партия үшін ауыр тәжірибе болатын, өйткені әкімшіл-әміршіл жүйенің енгізуге мәжбүр болған «Әскери коммунизмінен» өтті. Бұл саясат елдің экономикалық сұранысына жауап бере алмады.

Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының күйреуі, аштық пен эпидемияның қаупі, миллиондаған адам санын жоғалту, алтын қорын жоғалту, әскерден адамдарды тезіреу жіберу қажеттігі сияқты проблемалармен азамат соғысынан кейін өкімет бетпе-бет келді.

Елдің материалдық байлығының азаюы және оның адам әлеуетінің жоғалуы 1920-шы жж. дейін, ал Қиыр Шығыста 1922 ж. күзіне дейін жалғасты. Бірінші дүние жүзілік соғыста жараланғандар мен өлгендер, аурудан өлгендер саны 1,8 млн. адам болған. Азамат соғысының майдандарында екі жақтан да 2,5 млн. адам құрбан болды. Қызыл және ақ террор, аштық пен эпидемия бейбіт халықтың қаншама өмірін әкетті. 1917-1921 жж. халықтың саны қысқарды. Эмиграцияға кеткендер көп болды. 1917-1921 жж. халық саны көп мөлшерде азайды. 1917 ж. күзде Ресей халқының саны 147.644,3 мың болса, ал 1922 ж. – 134.903,1 мың адам болды. Халық санының қысқаруы 13 млн. адамды құрады. Бұл дегеніміз Бірінші дүние жүзілік соғыстан 6 есе көп деген сөз. Революцияға дейінгі деңгейге тек 1926 жылға қарай ғана жетті (17 желтоқсан 1926 ж. халық санағы бойынша) [2, c.123].

1920 ж. аштық пен эпидемия губерниялық орталық өнеркәсіп аудандарын шарпыды. Осындай жағдайға байланысты қаладан 1 млн. жұмысшы деревняларға кетті. 1921-1922 жж. ресми түрде босқындар саны  1,5 млн. құрады [2, c.124].

Ірі өнеркәсіп орнындағы өнім өндіру 1913 жылмен салыстырғанда 7 есеге түсті. Мыс рудасын өндіру соғысқа дейінгі 0,3% құраса, машина құрылысы күйреп жатты [3, c.12].

1917 жылға қарай астық мәдениетін жинау соғысқа дейінгі кезден төмендеді (шамамен 500 млн. пұт), яғни 13% төмендеді; 1920 ж. ол 1917 жылмен салыстырғанда 1200 млн. пұтқа, яғни 36,4%-ға төмендеген, ал 1921 жылы 400 млн. пұтқа төмендеген [4, c.28]. 1921 ж. басындағы Кронштадт оқиғалары, Тамбовтағы антоновтық бүлік, Сібірдегі көптеген стихиялы шаруа толқулары «әскери коммунизм» саясатының қызыл тілді саясатының жалғасы еді.

1920 ж. басында РКП(б) ОК Саяси бюросы жаңа экономикалық саясатқа көшу қажеттігі туралы мәселені қарады. Л.Д. Троцкий осы ұсыныстың авторы болды. Бір жылдан кейін азық-түлік салғырты енгізілді.

ЖЭС ресми түрде  1921 ж. енді. Бірақ РКП(б) X съезінде бұл туралы аз айтылды. Тек 1921 ж. мамырда партия конференциясында  «ЖЭС» термині пайда болды.

ЖЭС— дағдарысқа қарсы бағдарлама, ол көп укладты экономиканы жасауды көздеді. ЖЭС мақсаты:

- саяси: әлеуметтік ауыртпашылықты алу, жұмысшы және шаруа одағы түрінде кеңестік биліктің әлеуметтік базасын нығайту;

- экономикалық: дағдарыстан шығып, халық шаруашылығын қалпына келтіру;

- әлеуметтік: дүние жүзілік революцияны күтпей, социалистік қоғам құру үшін қолайлы жағдай жасау;

- сыртқы саяси: басқа мемлекеттермен саяси және экономикалық қатынастарды қалпына келтіру.

Жаңа экономикалық саясаттың маңызды қорытындысы әлеуметтік экономиканың қарқынд дамуы болды. Өнеркәсіпте негізгі тірек болғандар мемлекеттік трестер, несие беру, мемлекеттік кооператив банктері болды. Ауыл шаруашылығында – ұсақ шаруалар, кооперацияның қарапайым түрлерімен қамтамасыз етілген шаруашылықтар мемлекет реттеп отыратын нарықпен байланысты болып, экономиканың тұрақты дамуына ықпал етті.

Жаңа экономикалық саясатының іске асуымен қираған шаруашылық қалпына келді, өнеркәсіп пен сауда бір арнаға түсті. Шетел инвестицияларын құптамады, инвесторлардың өзі де Ресейдегі тұрақсыздыққа байланысты асықпады. Мемлекет ұзақ мерзімді инвестицияны шығара алмады [5, c.220].

Жаңа экономикалық саясаттың әскери коммунизм саясатынан басты айырмашылығы өтпелі дәуірде нарықтық қатынасты қолдануға талпыныс жасау еді. «Әскери коммунизм» саясатымен бір болған тұстары: ЖЭС, әскери коммунизм сияқты өнеркәсіп, көлік, байланысты қоғамдастыруға сүйенді, шаруашылықтың басты салаларында қатаң әкімшілік жүйе болды. Әскери коммунизм мен ЖЭС пролетариат диктатурасы жағдайында қоғамда социалистік модельді құруды мақсат етті.

«Әскери коммунизм» саясаты (1918-1920) және ЖЭС (1921-1927) жеке капиталға қатынасына байланысты, жалдамалы еңбекті қолдану және тауар-ақша қатынасын қолдану дәрежесіне байланысты айырмашылықтары бар. Экономикалық қатынаста ЖЭС «әскери коммунизм» саясаты алдында өзінің артықшылығын көрсетті. Алайда, ЖЭС ішкі қайшылығы бірнеше рет дағдарысқа әкелді.

Азамат соғысы аяқталғаннан кейін ауыртпалық шаруалардың мойнына түсті, террор қарапайым халықтың наразылығын туғызды. «Әскери коммунизм» саясаты өндірісті күйретті. Қоғамдастырылған өнеркәсіптерге мемлекеттік бақылау жасалмады.

РКП(б) Х съезі шешімімен жаңа экономикалық саясатқа көшу басталды. ЖЭСтің бірінші және басты шарасы азық-түлік салығын азық-түлік салғыртымен ауыстыру болды. Өнеркәсіп пен саудада жеке сектор пайда болды.

ЖЭС тез арада жақсы өзгерістер әкелді. 1921 жылдан бастап өнеркәсіп өнімі өсе бастады. Ол қайта құрулымнан басталды: ГОЭРЛО жоспары бойынша алғашқы электр станциялары құрылысы басталды. Келесі жылы аштық жойылды, астық өнімі өсті.

Халық шаруашылығын қалпына келтіру ісі басталды. Дегенмен де КСРО экономикасы артта қалды. 20-жж. ортасына қарайиндустриаландыру саясатына өту үшін қажетті экономикалық және саяси алғы шарттар қалыптасты.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Булдаков В.П, Кабанов В.В «Военный коммунизм» идеология и общественное развитие // Вопросы истории. 1990. № 2. – С. 18-29.

2. Поляков Ю.А. Воздействие государства на демографические процессы в СССР (1920-1930-е годы) // Вопросы истории. 1995.  - №3. С.123-130.

3. Генкина Э. Б. Переход советского государства к новой экономической политике// Э. Б. Генкина. - М., 1954. С.47.  

4. Политическая история: Россия – СССР – Российская Федерация: в 2-х т. - М., 1996. Т.2. - С.198-199.

5. Поляка Г.Б., Маркова А.Н.  История мировой экономики. Учебник для вузов// Г.Б. Поляка, А.Н. Маркова. – М.: ЮНИТИ, 2000. – 727 с.

References

1. Buldakov V.P, Kabanov V.V «Voennyi kommunizm» ideologiya i obshchestvennoe razvitie // Voprosy istorii. 1990. № 2. – S. 18-29.

2. Polyakov Yu.A. Vozdeystvie gosudarstva na demograficheskie processy v SSSR (1920-1930-e gody) // Voprosy istorii. 1995.  - №3. S.123-130.

3. Genkina Ye. B. Perekhod sovetskogo gosudarstva k novoy ekonomicheskoy politike// Ye. B. Genkina. - M., 1954. S.47. 

4. Politicheskaya istoriya: Rossiya – SSSR – Rossiyskaya Federaciya: v 2-h t. - M., 1996. T.2. - S.198-199.

5. Polyaka G.B., Markova A.N.  Istoriya mirovoy ekonomiki. Uchebnik dlya vuzov// G.B. Polyaka, A.N. Markova. – M.: YuNITI, 2000. – 727 s.

А.К.Бегалиева1, М.Б. Амирханов1, Д.Г. Ахметжанов1

1КазНУ им. аль-Фараби,

г. Алматы, Казахстан

СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКАЯ ПОЛИТИКА СССР

В 20-Х ГОДАХ  ХХ ВЕКА

Резюме

В статье дается сравнительный анализ политики «военного коммунизма» и НЭП. После первой мировой войны Россия, в которой и так был глубочайший кризис, столкнулась еще и с революцией. Это было настоящие испытание для народа. Самой приоритетной задачей, после провозглашения Советской власти стало восстановление разрушенного хозяйства огромной страны. Большинство промышленных предприятий не работало из-за отсутствия сырья, энергии и изношенности оборудования. Такой подход дался правительству тяжелым опытом: преодолением «военного коммунизма», исторически ставшего первой, во многом вынужденной формой командно-административной системы. Она привела тогда страну на грань катастрофы.

Именно 20-е годы на практике дали сочетание новой экономической политики, демократизации, плюрализма с успехами мирного сосуществования. Был открыт путь к ненасильственному миру и строительству социализма в СССР без социальных катастроф, на основе «гражданского мира». То и другое могло быть успешным лишь во взаимосвязи.

На современном этапе развития государства необходимо учитывать ошибки как «Военного коммунизма», так и НЭПа. Изучение выхода из кризисных ситуаций очень важно для современной экономики. В связи с этим целью нашей статьи является изучение политики «военного коммунизма» и НЭП в СССР.

Ключевые слова: военный коммунизм,новая экономическая политика, съезд, кризис, диктатура, общество, управление.

А.К.Begalieva1, М.B. Amirkhanov1, D.G. Akhmetzhanov1

1al-Farabi KazNU,

Almaty, Kazakhstan

SOCIO-ECONOMIC POLICY OF THE USSR
IN THE 20S OF THE TWENTIETH CENTURY

Summary

The article gives a comparative analysis of the policy of «war communism» and NEP. After the World War I Russia that already had a great crisis, also faced with the revolution. It was a real test for the people. The highest priority, after the proclamation of the Soviet regime was the restoration of the destroyed economy of the vast country. Most industries were not working due to lack of raw materials, energy and depreciation of equipment. This approach was given to the Government of hard experience: overcoming the «war communism», which became the first historically, largely forced form of the command-administrative system. It led the country to the brink of disaster.

It was the 20s, the period that, in practice, gave the combination of the new economic policy, democratization,  peaceful co-existence of pluralism with success. There was opened the way to non-violent world and the construction of socialism in the USSR without social disasters, on the basis of «civil peace». Both could only be successful in interconnection.

At the present stage of development of the state we must take into account such mistakes as «war communism» and NEP. Studying the ways out of the crisis is very important for the modern economy. In this regard, the purpose of this article is to study the policy of «war communism» and NEP in the USSR.

Keywords: military communism, New Economic Policy,  Congress, crisis, dictatorship, society, governing.


No comments

To leave comment you must enter or register