Яндекс.Метрика
Home » Materials

Materials

Құдайбергенова А.И. бас ғылыми қызметкер, т.ғ.д., доцент; Омарова Г.Ә. ғылыми қызметкер, магистр; Мурзаходжаев Қ.М. ғылыми қызметкер, доктор
94(574).084.6 «ОТАНЫН САТҚАНДАР ӘЙЕЛДЕРІНІҢ АҚМОЛА ЛАГЕРІ» ТАМҰҒЫНДА

Мақалада Ақмола лагерінің мысалында КСРО-дағы, соның ішінде Қазақстандағы еңбекпен түзету лагерлерін құрудың заңнамалық, экономикалық және саяси қырлары талқыланады. Сондай-ақ, мұрағаттық құжаттар негізінде «Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагерінде» болған әйелдердің өмірінің жаңа белгісіз тұстары анықталады. Авторлар әр түрлі мұрағаттық құжаттарды, тақырып бойынша жарияланған материалдарды М.Т. Юзипенконың жеке қорындағы естеліктерімен салыстыра отырып, жүйеледі және өңдеді. Жоғарыда келтірілген мәліметтерді талдай отырып, авторлар тұтқындарды ұстау ерекшеліктеріне, олардың күнделікті қиын өміріне, еңбек ету нормаларына және т.б. тоқталады. Кілт сөздер. АЛЖИР, ГУЛАГ, КарЛАГ, қуғын-сүргін, қызыл террор, тоталитаризм еңбекпен түзеу лагері, жазықсыз жазаланған әйелдер, отанын сатқандардың отбасы мүшелері, балалар тағдыры

Н.А. ТАСИЛОВА, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к. Қазақс
ХАҚНАЗАР ХАННЫҢ БИЛІГІ ТҰСЫНДА ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ ҚАЙТА ӨРЛЕУІ

Бұл мақалада ортағасырларда тарих сахнасына көтерілген Қазақ хандығының билеушісі әйгілі Қасым ханның баласы Хақназар ханның тұсындағы мемлекеттің ішкі саяси жағдайы мен көрші жатқан Ноғай Ордасы, Мәуреннахрдағы Шайбанилер әулеті, орыс елі арасындағы саяси-дипломатиялық, әскери, сауда-экономикалық байланыстарының тарихы жазба деректер мен тарихнамалық еңбектердің негізінде зерделенген. Әсіресе, көшпелілер мен отырықшылар арасындағы саяси қатынастары үшін Сыр бойындағы қалалардың маңызы көрсетіліп, ХVI ғасырдың екінші жартысындағы шайбанилық Баба сұлтан мен Абдолла арасындағы қарама-қайшылықтарды шебер пайдалана білген Хақназардың ішкі және сыртқы саясаты талданған.

Т. КАРТАЕВА, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ профессоры, Алматы қ._kartaeva07@mail.ru; Б. НУРДАУЛЕТОВА, Ш. Есенов ат.Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті профессоры,nurdauletova@mail.ru
ӘОЖ 39.391.2 МАҢҒЫСТАУДАҒЫ АҢШЫЛЫҚ («МАҢҒЫСТАУ» ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

Аңшылық пен саятшылық кәсібі, аң-құс аулаудың тәсілдері мен құрал-саймандары, сан ғасырлар бойына қалыптасқан халық тәжірибесінен туындады. Аңшылықтың байырғы, әрі кең тараған түрі – құс салу, аңшы-лыққа берілгендікпен қатар, шыдамдылықты қажет ететін еңбек. Аушы құстарды баптап, аңға салып, саятшылық құру ертеден ерекше өнер саналған. Далалық аңшылар аңға жыртқыш құс салу, тазы жүріртумен де мал баға жүріп қоса қабат айналысқан. Мыңдаған жылдар бойына тазы ит салып, аңға шығуды дамытты. Тазы шапшаң, олжасын алуға құмар, қырағы ит болып саналады. Аңшылықтың ең байырғы әдісі – қақпан құру. Қарсақ, түлкі, қоян, тышқан сияқты ұсақ аңдарды ұстауға – бала қақпан, қасқыр, аю, қабан аулау үшін қазақ қақпан мен тісті қақпан құрылады. Ертеде қақпанды киік, ақбөкен, қарақұйрыққа да құрған. Қазақ аңшыларды аң аулаудың ұрып алу, тұзақ құру, тор құру, ор қазу, атып алу сияқты әдістерін жетік меңгерді. Кілт сөздер. Аңшылық, құс салып саятшылық құру, қақпан құру, қаскыр культі, халықтық білім.

А. Маулет, ҚР Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ҒЗИ ғылыми қызметкері Астана, Қазақстан
САРЫАРҚА ДАЛАСЫНЫҢ ШЫҒЫС АЙМАҒЫНДАҒЫ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ МҰРАЛАР* («BR05236868, Сарыарқаның мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және дәріптеу» атты жоба бойынша)

Сарыарқа даласы Қарағанды қаласы мен оның шығыс өңіріндегі фольклорлық мұралардың байырғы дәстүрлі ауызекі таралу ескі нұсқасының қазіргі кездегі жалғасын табуы, оны ұстанып отырған көнекөз адамдардың рухани құндылықтарды қаншалықты деңгейде сақтап отырғаны зерделене келіп, осы құндылықтарымызды қазірден бастап жазып алу, сақтау, оны келешек ұрпаққа насихаттау жолдарын қарастыру. Сол арқылы болашақ жас ұрпақтың рухани құндылықтарды бойына сіңіріп өсуіне жол сілтеу. Кілт сөздер: Қарағанды облысы, күйші , күйшілік өнер, рухани мұралар, рухани құндылықтар, дәстүр, Сарыарқа даласы.

А. МАУЛЕТ, ҚР Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ҒЗИ ғылыми қызметкері Астана, Қазақстан
САРЫАРҚА ДАЛАСЫНЫҢ БАТЫС АЙМАҒЫНДАҒЫ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ МҰРАЛАР* («BR05236868, Сарыарқаның мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және дәріптеу» атты жоба

Мақалада Сарыарқа даласының батыс аймағындағы фольклорлық мұралардың қазіргі сақталу деңгейі және осы құндылықтарымызды ұстанып отырған тікелей мұрагерлердің жағдайын ескере отырып, оларда сақталған ұлттық рухани құндылықтардың байырғы элементтерін жазып алу, сақтау, насихаттау жұмыстарын жүргізу көзделген. Қазақтың рухани музыкалық мұрасы өзінің өміршеңдік қасиетімен, тарихи маңызын сақтап және ауызекі түрде қалыптасып, әлемдік адамзат прогресіне өзіндік үлесін қосуда. Халқымыздың тұрмыс-салтына, адет-ғұрпына байланысты туған, Жоқтау, Сыңсу, Жар-жар, Аужар, Ән, Күй, Жыр, Терме, Жарапазан сияқты мұраларымыз ауызекі түрде таралып, ұлт мәдениетінің тарихын ұзартты. Елімізде осындай құндылықтар сақталған өңірдің бірі - Қарағанды облысы. Кілт сөздер: күйші, күйшілік өнер, рухани мұралар, Сарыарқа, Қарағанды облысы.
Previous 1 ... 88 89 90 ... 199 Next