Мақала ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілдерінің бірі, Алаш Орда көшбасшыларының бірі Асылбек Сейтовтың өмірі мен шығармашылығын талқылайды. Автор осы дәуірдегі көрнекті қайраткерлердің есімдерімен бірге оның есімі де аталуға тиіс деп есептейді. «Алаш» қозғалысының көшбасшысы Сейітов Асылбектің халыққа қызмет етуі қазіргі қазақстандық ұрпаққа үлгі болып табылады.
Мақалада қазіргі қазақ жастарының ұлтаралық некелерінің даму тенденциялары мен оның қазақ қоғамыдағы алатын орны туралы айтылады. Сонымен қоса , ұлтаралық некенің мәні мен тарихи-этнографиялық алғышарттары және де оның әлеуметтік өмірге қандай әсері бар екені туралы мәселелер қарастырылды.
ХХ ғасырдың 90-ж. АҚШ сыртқы саясатының маңызды басымдылықтарының бірі әлемдік экономиканың жаһандану жағдайында американың сауда-экономикалық мүдделерін алға бастыру болды. АҚШ әкімшілігі сауда-экономикалық мүдделерді ұлттық қауіпсіздік мәселелерімен тығыз байланыстырды. Дж. Буш мемлекет басшысы ретінде өз миссиясы мен Америка миссиясын «Тәңірдің жоспары» деп атады.
Мақалада кіші Дж.Буш тұсындағы АҚШ сыртқы саясатының негізгі қағидаларына сараптама жасалады. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы АҚШ-тың сыртқы саяси мақсаттарын іске асыру механизмдері сипатталады. Мақалада «қауіпсіз әлемді қалыптастыру» және «Америка халқы мен халықаралық қауымдастықтың игілігіне демократияны тарату» қағидаларына негізделген АҚШ сыртқы саясатының күрделі сипаты көрсетіледі.
Мәуераннахрдағы Шағатай әулеті құрған мемлекет XIV ғасырдың ортасында біржола екіге бөлініп, Моғолстан деген атпен белгілі болған. Шағатайдың жерлері бөліске салынғанда, одан бөлінген халық Моғолстан мемлекетін Қазақстанның шығыс аймақтарында құрып, билік етеді. Моғолстан жерлері туралы көптеген парсы тілді авторлар өз шығармаларында жазған. Алайда, Шағатайлық дереккөздердің ішіндегі ең танымалы «Тарих-и Рашиди» шығармасы болып табылады. XIV ғасырда жазылған Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи-и Рашиди» шығармасы Моғолстанның тарихы туралы өте құнды мәлімет береді. «Тарих-и Рашиди» шығармасында жазылған Моғолстанға қатысты қала, ауыл, өзен-көл, тау-тастар атаулары және олардың маңыздылығы жайлы басқа дереккөздерде кездеспейтін деректер айтылады. Шығармадан екі қаланың ара қашықтығы, өзен-суларының ерекше қасиеттері, табиғатының көркемдігі, бекіністерінің қорғанысы, халықтарының тұрмыс тіршілігі жайлы маңызды мәлімет аламыз.
This article about cultural-historical connections between Kazakhstan and Turkey. Turkey was the first to recognize the independence of Kazakhstan. The official visits of the President of Turkey Turgut Uzal was in 1993, and the President of Kazakhstan Nursultan Nazarbayev was in 1994. Then began the economic, political and ethno-culture connections between these countries. Intergovernmental agreements between Astana and Ankara, on that the packages of important diplomatic connections were signed, which gave an opportunity to develop. In 2017 it was a 25-year anniversary of the diplomatic relations between Turkey and Kazakhstan.
Keywords: Turkey, Kazakhstan, diplomatic relations, Astana, Ankara.