Яндекс.Метрика
Home » Materials » ӘОЖ 316.32(574-25) ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ НЕКЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

С.М. Кыйзатова, 2-курс магистранты Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ӘОЖ 316.32(574-25) ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ НЕКЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

Scientific E-journal «edu.e-history.kz» № 2(18), 2019

Tags: демография, этнология, неке, ұлтаралық неке, отбасы
Author:
Мақалада қазіргі қазақ жастарының ұлтаралық некелерінің даму тенденциялары мен оның қазақ қоғамыдағы алатын орны туралы айтылады. Сонымен қоса , ұлтаралық некенің мәні мен тарихи-этнографиялық алғышарттары және де оның әлеуметтік өмірге қандай әсері бар екені туралы мәселелер қарастырылды.
Text:

Кіріспе. Ұлтаралық отбасылар қоғамның биоәлеуметтік өзін-өзі реттеуі процесіндегі маңызды құрал болып табылады. Аралас отбасындағы ерлі-зайыптылық проблемаларын зерттеу неке-отбасылық қатынастардың қазіргі жай-күйі туралы білімді толықтыруға және олардың одан арғы дамуын болжамдауға, қалыптасқан этнодемографиялық жағдайды, күнделікті өмірдегі этносаралық өзара ықпал мен ұлтаралық процестердің барысын, тілдік және мәдени өзара  әрекеттердің және т.б. барысын айқын бағалауға мүмкіндік береді. Сондықтан да ұлтаралық некенің санының өсуін экономикалық және психологиялық көрсеткіштерінің бірі деп есептуге болады.Бүгінгі таңда әлемде этносаралық некелердің көбейюі байқалуда. Кез келген саяси, экономикалық, мәдени немесе дінге қатысты неке-отбасы қатынастары этникалық сипат алуда. Қазақстанда аралас қазақ-орыс, қазақ-ұйғыр, орыс-украин, орыс-корей, қазақ-корей, қазақ-татар, орыс-неміс, орыс-татар және т.с.с. некелер өте көп.

  Қазақстан-егеменді демократиялық мемлекет. 130-ға жуық ұлт пен ұлыстарды бір тудың астына айрандай ұйытып отырғаны мақтанарлық қасиет.  Елдің қауіпсіздігінің кепілдігі ол ауызбіршілк екені анық. Осыған орай елдегі әлеуметтік қатынастардық кең көлемде зерттелу қажеттігі туады. Сонымен қоса әртүрлі этностар қатар өмір сүріп жатқан қазіргі  Қазақстан қоғамында аралас неке болмай тұрмайды. Бірақ аралас неке қазақ ұлтының  болашағына пайдалы ма,  әлде зиянды ма? Нақтырақ айтқанда, өз ұлттары азулы ұлттардың кең көмейіне жұтылып жатқан мына заманда, бар жоғы 10 миллионнан жаңа асқан  қазаққа аралас некенің берері бар ма екен?  Өкінішке орай қазіргі заманауи зерттеушілер ұлттардың аралас некесіне көр көңіл бөлмейді,  барлық назар әлеуметтік-саяси, экономикалық  мәселелерге аударылған. Бірақ ХХ ғасырдың 60-80 жылдарында бұл тақырып өте белсенді зерттелген болатын.

Материалдар мен әдістер. Мақала жазу барысында жалпы ғылымдық (анализ, синтез, жүйелі әдіс) тарихи, этнографиялық және этносоциологиялық әдістер, статистикалық ақпарларды талдауға негізделеді. Мақаланың теориялық негізіне Ю.В. Артунян, Қ. Аманжол, С. Уәлиева, А. Сусоколов т.б. ғалымдардың теориялық ойлары мен тұжырымдары басшылыққа алынды. Зерттеу барысында келесі теориялық-методологиялық әдістер қолданылады: нақтылы тарихи әдіс – тарихи хронологиялық, тарихи-салыстырмалы әдісті пайдаланылды.

Талқылау. 1940 жылы Кеңес Одағы өзінің құрамында өмір сүріп жатқан 130 ұлтқа зерттеу жүргізілген болатын. «Орыстармен үйленген басқа ұлт өкілдері қанша екен?» деп,  санақ жасағанда , бірінші орынға Латвия секіріп шыққан да, екенші орында – Қазақстан. Ел басқарған азаматтардың қуаныштан бөркі қазандай болып, бірер жылда Латвияны басып озуға ұмтылыс жасағаны жасырын емес. Кейін 1950 жылдары тың игеру кезінде елімізде аралас неке күрт өскен. 1940 жылдары 15 пайыздың шамасында болса, 1950 жылдардың соңында 23 пайызы жеткен. 1979 жылы дегенде әрбір бесінші неке – аралас неке болыпты.  А.Г. Волковтың еңбектерінде 1985 жылғы жүргізілген зерттеулер бойынша КСРО-да қазақтардың басым бөлігі аралас некеге орыстармен және татарлармен тұрарды екен. Дәлірек айтсақ, орыстармен -36,6%, татарлармен – 22,1%, өзбектермен -%, украиндармен -7,1%, қарақалпақтармен – 5%, қырғыздармен – 4,8%, башқұрттармен -3,4 %, және немістермен -2,9% [ 1, 70-б.].

 Бір таңданарлық жағдай, 1980 жылдардың аяғында аралас неке күрт төмендеген. Тіпті, 9,7 пайызға дейін құдырап кеткен. Бұлай болуына әсер еткен дүние – елдегі демократиялық өрлеу мен ұлттық сананың оянуы сияқты.

Тәуелсіз Қазақстанда жыл сайын шамамен 100 мыңдай неке қыйылса, оның 20 пайызы немесе 20 мыңы аралас неке екен. Кейбір қоғамдық ұйымдардың зерттеуіне қарасақ,18-20 жастағы қазақстандық қыздардың үштен бірі шет елдік жігітке күйеуге шыққысы келеді. Бұл бойжеткендердің 50 пайызы қазақ қыздары. Шетелдік азаматтармен аралас неке құрушылардың 50 пайызы ресейліктердің үлесінде. Келесі орында Қырғызстан мен Өзбекстан. Бұл ағайындар жұмыс іздеп келіп-ақ, қалыңсыз қазақ қыздарын құшып жатыр. 2007 жылы Астана қаласында азматтығы жоқ тұлғалармен 36 неке қиылса, 2008 жылы бұл көрсеткіш 47-ге жеткен. 2009 жылдың алғашқы жарты жылдығында 37 неке тіркелген. Бұл сан жыл сайын  өсуде [2]. Әрине, ұлтаралық неке көп ұлтты елде болуы заңдылық, тіпті, елдегі татулықтың белгісі деуге де болады. Алайда, қан тазылығы үшін жеті атадан сұрасып қыз алыстан  қазақ ұлты үшін өзге ұлтпен туыстасу қаншалықты пайдалы?  Бұл мәселені қазақылық тұрғысынан қарасақ, ұлттың бұзылуы ретінде қабылдаймыз, ал әлемдік стандарттаға сай болуға талпыныс жасаймыз десек, бұл аралас некелер процесін қолдауға мәжбүрміз. Өткені қаншама көп ұлт болғанымен олар бір тудың астында тұрғандықтан бір тұтас ел болуы міндетті.Солтүстіктегі көршіміз Ресей Федерациясын мысал ретінде алсақ, қазіргі таңда Ресей азаматтарының төлқұжаттарында «ұлты» деген бөлім алынып тастаған. Әрине Ресей мемлекеті бұны азматтардың құқығын шектемеу, толық еркіндік мақсатында деп жоғары адамзаттық көзқарас білдіріп отыр. Ұлтаралық қатынаста, конфессия аралық толеранттылықты қалыптастыруда, әрине, бұл заман қажеттілігі. Құрамында 170-тен астам ұл өкілдері тұратын Ресей жағдайында бұл келісті де, үйлесімді де, болар[3,158-б.].Өткені бұл олардың қанына сіңген ұлттардың бірігуі, ұлтаралық некелердің көбеюі Ресей жағдайында өте тиімді  болар .

 Тәуелсіздік алғанға дейінге кезеңде жоғарыда атап айтақан ХХ ғасырдың 60-80 жылдар аралығында аралас некелердің өте көп болғандығын айтып өттік. Ол кезеңдегі аралас некелердің өсуін ғалымдар ұлттар арасындағы қарым-қатынастардың дамуы мен нығайуы ретінде бағалаған[4, 120-б.]. Әрине оны жоққа шығармаймыз, алайда бұл процестен орыстандыру, кеңестендіру сияқты саясаттың мүңкіген иісін байқамау ақымақтық.Сонымен қоса осы аралс некелердің пайдасы мен зияны  туралы ғалымдар арасындағы таластың қаріргі күнге ейін шегі жоқ. Әрине патриоттық тұрғыдан қарағанда «аралас неке» ұлтты құрдымға кетіретін  қауіпті процесс. Алайда, ұлт әрқашан бір формада бір қалыпты сақталып қалмайтынын да ескеріп кеткен жөн. Мәдениеттің дамуы тек айналаңдағы басқа да мәдениеттермен өзара қарым-қатынас негізінде  жүзеке асады. Олай болмаған жағдайда егер мәдениет сырттан келген жаңа үлгілерді мүлдем қабылдамай өзінің сана сезімі шеңберінде қамалып қалса ол мәдениет жойылудың жолдын деген сөз. Бұл сөздердің біздің еліміздегі аралас некелерге де тікелей байналысты. Шындығында да, біздің ұлтымыздың дамуына септігін тиігіуі мүмкін деген  ой келеді. Алайда қазақ қанын тазалығын сақтау үшін өзге мәдениеттермен қабысуы керек болса қазақ болудан бас тарқанымен бірдей деп ой топшылауға болады.Жалпы ғылымда ұлтаралық аралас некелер туралы зерттеулер өте көп. Сонымен қоса некенің тұрлері де өте көп. Мысалы эндогамиялық және экзогамиялық некелер. Яғни, эндогамиялық неке –некелесушілер бір этностан немесе тек өз «тобынан» болады. Ағайындық, ауылдық немесе тайпалық эндогамия қарапайым қоғамдарда кездеседі.  Ал, экзогамия бұл түсініке мүлдем кереғар.

Қазақ халқы сан ғасырлар жоғарыда айтқан эндогамиялық некені қатаң сақтап келгені тарихтан белгілі. Кей халықтардың тарихын оқысақ дипломатиялық  мақсатта өзге елмен құдаласу жағдайларның көп болғаныны байқаймыз. Алайда ең қызығы, қазақ өзге ұлттан қыз алса да, қыз бермеген. Өйткені  ұлдан туған бала қазақ болса да, қыздан туған жиен жат болатыны белгілі. Соған орай дана халқымыз «жиен ел болмас, желке ас болмас», деп бекер айтпаған. Кеңестік  кезеңнің ызғары келісімен экзогамиялық некелердің көбеюі қазақтың ұлттық психологиясына да үлкен әсерін тигізбей қоймағаны анық. «Ұлттық дәстүрлерді сақтап қалу үшін эндогамия қажет, өйткені эндогамиялық некеде балаға қалыптасып қалған стеротиптер дайын күйіндер беріледі, ал экзогамиялық отбасыда екі түрлі қалыптасып қалған[5, 96-б.].

Қазақ ұлтына зиянын былай қойғанда аралас некенің өзі – екі түрлі қоғам өкілерінің біргуі отбасы ішіндегі өте үлкен стерссті туғызуы ықтимал. Екі жақтың ұлттық психологияларының арасындағы қайшылықтан болатын қиыншылықтар да жоқ емес. Этномәден  көрсеткіштері қарама-қайшы европалық этноспен түркі этносынан құрылған отбасылардың тұрақты неке құруы екі талай. Оған себеп, жұбайлардың отбасылық тәрбиесі, мәдени құндылықтары екі бөлек. Соның әсерінен тұрақсыз некелер мен ажырасу саны да көбея түсетіні анық. Жалпы алғанда,  ұлтаралық неке интернациналдық тәрбие беру ошақтарының бірі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың екуінің де материалдық және рухани мәдениетіқұндылқтарының терең қабысуы, бірін-бірі өзара толықтыруы, бірін-бірі өзара өзгеруінің өзі өскелең ұрпақты барлық өз ұлт адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелейді.Ерлі-зайыптылардың екеуінің де мәденибпйлығымен және олардың меңгеру ұлтаралық отабсында баллардың психологиясы мен санасының қалыптасуына мүмкіндік жасайды яғни, олардың интернационалдық психологиясының қалыптасуына септігін тигізеді. Аралас некелердің бір ұлттың тіпті жойылып кетуіне де әсері үлкен зор екені ғылымда дәлелденіп отыр. Ұлтаралық аралас некелердің нәтижелер шамамен мындай үш түрлі болуы мүмкін: 1) «бұлыңғырлық» , жұбайлардың бірінің ұлттық құндылықтарының әлсіреп, ассимиляция процесінің дамуы; 2) немесе екі ұлт арасындағы ұлттық құндылықтар мен ұлттық психологияларының жанасып, бірігіп кетуі; 3) жаңа субэтникалық яғни ұқсас таптың немесе тек аралас некелерге ғана тән топтық белгілердің пайда болуы [6, 17-б]; И.М.Сеченов атындағы Мәскеу медицина университеті педиатрия кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Олег Ботвиньев осындай қарама-қайшылық байқалған генетикалық құбылысты аралас некеде бұрыннан қалыптасқан ген кешені бұзылып, жаңадан пайда  болған ген кешені мыңдаған жылдардың  сынынан өтпегендіктен, биологиялық тұрғыдан өте әлсіз болатындығын айтады. Соның салдарынан дертке шалдығу, бала өлімі көбейіп, адамдардың өмір сүру ұзақтығы қысқаруы мүмкіндігін айтты.  АҚШ-тың Стэнфорд университетінің медициналық орталығының жүргізген зерттеу  нәтижесіде адамзат денсаулығына аралас некелердің зиянды екенін айғақтап берген. Осы зерттеу тобының мүшесі, Калифорния университетінің  профессоры Аарон Кофи: «Бұға дейін бала туу процесіне ата-аналардың этностық тегі емес, әлеуметтік-экономикалық жағдайы көбірек әсер етеді деп саналып келген. Сондықтан біз ашқан жағалықтың биология мен медицина үшін маңызы зор. Өйткені, ол нәсілі әртүрлі адамдардың бойында аса маңызды биологиялық ерекшеліктері бар екендігін көрсетіп отыр»,-деді[7, 17-б]. Мәскеу діни  академиямының әйгілі профессоры, дьякон Андрей Курав Ресей ұлтаралық некелердің көбейіп бара жатқанына бара жатқанына  байланысты өз алаңдаушылығын ашық білдіріп «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында : «Ұлтаралық некелер дегеніміз – шын мәнінде орыс халқын геноцидке ұшыратудың бір түрі. Біздің әйелдер кавказдарға тұрмысқа шығып, олардың халықтарының өз тегімен байытып жатыр. Ал орыс  ұлты әлсіреп барады», - деп дабыл қақты[7, 19-б.]. Өмір сүру деңгейі бойынша 30 шы орында тұрған Таяу Шығыстағы Израиль үкіметі ұлт өкілдерінің  өзге ұлттардың азаматтарымен  некелесуіне қарсы мемлекеттік саясат ұсынып отыр. «Халықтар достығының зертханасы» атанып отырған республикамыз да осындай талаптар қойылса, біздің де еліміздің өмір сүру деңгейі бір сатыға болса да көбейер мекен?!

Ал енді Еуропадаңғы осы мәселеге азырақ тоқталып кетсек, Лондон университетінің психология факультетінің маманы Султана Чрудридің «Хамелондардың пайдаа болуы: Оңтүстік Азиатар мен еуропалықтар некесінен  туылған балаларда «таңдау жасау мәселесінің туындауы» еңбегі мысалы, Португалия, Ұлыбританияда ұлтаралас некеге көзқарас біріңғай еместігін жазған. Бұл елдің тарихына үңілсеңіз, 1500 жылдары Үндістанды Португалияның отарлауы кезінде үнділіктер өз қыздарын португал, ағылшындармен некелесуіне қарсы болған, себебі олардың христиандықты қабылдауы қоғамда түсініспеушілік тудырған.  Ұлыбритания жағдайында үнді қыздарымен некелес жағдай кең тараған.  Ал ХХ ғасырдың 60 жылдарында Ұлыбритания азиаттар мен еуропалықтар некесінен туылған ұрпақтың мекеніне айналғанын айтады.  Аралас некеден туылған ұрпақ идентификациясына  байланысты мақаласында  осы үдерісті екі жақты көзқарас айтады, яғни аралас некеден туылған ұрпақтың өзін кімге толық жатқызарын білмейтін, осы «маргиналдың» өзі сияқты «маргиналды» іздейтіні, кейді өзін ағылшын, кейде индус деп санайтынын айтады[8, 31-б.].

Ал осы ұлтаралық некелердің көбюіне  тоқталатын болсақ, ол көп көршілік және дәстүрлі байланыстардың әлсіреуінен болуы мүмкін.В.И. Козловтың пікірінше: «Отбасылардың туысқандық қатынастарының үзілуі және де отбасылардың оқшаулануынан аралас некелердің саны өседі»[3, 170-б.]. О.А. Гранцкая мен Л.Н.Тереньтева да қоршаған ортаның некеге әсерінің зор екенін айтады[9]. Орталық Азиядағы ұлтаралық аралас некелерді зерттей келе Г.П. Васильева да аралас некелер құратындардың көпшілігі ағайын-туыстары жоқ немесе аз адамдар деген пікір айтты [9]

Е.А.Копятова 2013-2015 жылдар аралығында аралас некелерге байланысты зерттеу барысында орыс украин және қазақтар арасында сауалнама жүргізген.  Сауалнама барысында қазақ  ер азаматтарының көпшілігі аралас некеге қатысты жағымды пікірде болғаны анықталды: 67% аралас некені қолдайды, 23 % нейтральды көзқараста яғни қарсы да емес қолдамайды да, тек 16 % ғана аралс некеге қарсы болған.  Ал қазақ әйелдері керісінше аралас некеге ең қарсы негативті ойда болған.  Жартысынан көбі (52%)  аралас некелерді  ұлт үшін зиянды  деп санаса, 31%  нейтральды көзқарас , 17% ғана  аралас некелерді қолдайды екен[7]. Аралас некеге әйелдерге қарағанда ер  азаматтар бейім екендігі байқалады.  ХХ ғасырдың ортасындағы жүргізілген  сащщнақ пен зерттеулерден аралас некеге түскен әйел адамдар 3,9%  құраса, ер азаматтар 27 % құраған [10, 171-б]. Ал Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары яғни, 2009 жылғы санақ бойынша  керісінше ер азаматтар -19,24% -ға азайыса, әйел адамдардың саны 27 %-ға дейін өскен[11,63-б]. Бұдан байқайтынымыз демократиялық мемлекеттің қоғамның ішкі құрылымына әсер етіп,  әйелдер дәстүрлі тәрбиенің шеңберінен шығып модернизациялық процестің орын алғанын байқаймыз.  Сонымен қоса осы 2009 жылғы халық санағы бойынша алпы елдегі аралас некелер 19,8 % құраса оның 22,6 %-ы қалалық жерлерде, ал 15,5%-ы ауылдық жерлерде[11, 69-б].Оңтүстік Қазақстан облысындағы аралас некелердің 51,7%-ы орыстардың , ал 38,7% - ы қазақтардың үлесінде болуы. Егер сол өңірдегі қазақтардың ұлтаралық некелеріне келсек, олардың 36,6%- өзбектермен, ал 28,3%-ы орыстармен некеде тұруының байқалуы[12, 23б.]. 

Тәуелсіздің алған 1991 жылдан бергі кезеңде  ұлтаралық некелердің көрсеткіштері өзгеріске ұшырады. Қазақстан Респубилкасы статистикалық агенттігінің материалдарына сүйенсек 1999 жылмен 2005 жылдар аралығында ұлтаралық некелердің үлес салмағы 21,4%-дан – 18,8 %-ға кеміген, соған қарамастан ұлтаралық неке әрбір бесінші отбасыны құраған. [10, 178 б.]. Уалиеваның статистикалық нәтижелерін кесте түрінде көрсетсек

Жылдар

Жалпы неке саны

Ұлтаралық неке саны

Ұлтаралық некелердің пайыздық ұлесі

1999

85872

18402

21,4

2000

90873

18477

20,3

2001

92852

18601

20,0

2002

98986

19502

19,7

2003

110414

21646

19,6

2004

114685

21465

18,7

2005

123045

23161

18,8

2006

137204

24650

18,0

2007

146379

26632

18,2

2008

135280

24243

17,9

2009

140785

25522

18,1

2010

146443

25669

17,5

Осы кесте негізінде ұлтаралық некелердің өсу тенденциясын айқын көрсету мақсатында графикке салып көрсеттік.

Қазақстан Республикасында негізгі ұлттар қазақ және орыс ұлттары болып саналады. 1999 жылғы санақ бойынша олардың үлес салмағы ең болыпған болатын. 1999 жылы қазақтардың үлес салмағы 53,3 %- ды құраса, ол 2005 жылы 57,9 %-ға өскен, ал орыс ұлтының саны керісінше 30,0%-дан 26,7%-ға дейін кеміген[10, 178 б.]. Жалпы бұл өте аз көрсеткіш. Өйткені  егер мемлекет негізін құрайтын ұлт сол елдегі тұрғындардың кемінде 75 пайыздан асса ғана , оның шаңырағы шайқалмайтынына кепілдік бар. 

Қорытынды. Біздің тәуелсіз, демократиялық елімізде ұлтаралық қатынастарды дамыту үшін  мемелекетіміз ұлттар арасындағы бірлікті нығайтты. Бұл шығу тегі мен діні, мәдениеті жақын этностардың отбасын құруына әкеледі. Ал сол ұлтаралық некеден туылған балалар өздерінің қай ұлтқа жатқызатыны, қай ұлттың тілін, мәдениетін ұстанатыны туралы өте қиын таңдауды басынан  кешіреді. Сол сияқты қазақ ұлтының өкілдері де өзге ұлтпен отбасы құруы біріншіден «жиендерге» немесе «келіндерге» психологиялық сын болатыны анық. Өзге ұлттың  идеологиясын, салт-санасын меңгеру оңай шаруа емес.Оның үстіне аралас некелердің тұрақсыз болатыны тағы бар. Ал қазақ ұлты үшін осы аралас некенің қандай қауіп бар екені айтпаса да түсінікі. Ұлымыз «ақ құлаққа» еріп ағарып жатса одан асқан қасірет барма, немесе көп қытай келіп қызымызды алып жатса олармен қосақтанып жиендер келсе, аз қазақты әп сәтте өзіне баурайтыны анық. Осы орайда қазақтың «жиен келгенше, жеті қасқыр келгені жақсы» деген дана сөзі ойға оралады. Қорыта айтқанда ұлтын ұлылаған қыз да , ұл да қаны да, жаны да қазақ, қазақ азаматтарымен отбасы құрса мұндай мәселелердің бірі де болмас па еді?!

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.   Волков А.Г. Этнически смешанные семьи межнациональные браки // Семья и семейная политика. М.: Институт социальная-экономических проблем народонаселения, 1991.с.69-86

2.  Ұлтаралық неке қазақ халқының түбіне жетеді... Қымбат Ахметова https://yvision.kz/post/479015

3.  Арутюнян Ю.В., Дробижева  Л.М., Сусоколов А.А. Этносоциология. М.: Аспект-Пресс, 1999. – 271 с.

4.  Сусоколов А.А. Межнациональные браки в СССР. – М.: Мысль, 1987.-142 с.

5.  Русские.Этносоциологические очерки. –М.: Феникс, 1992. – 230 с.

6.  Жигунова М.А. Реммлер В.В. Этнические процессы в современном сибирском городе (на примере национально-смешанных браков Омска) // Этнография Алтая и сопредельных территорий: матер.междунар.науч.конф.Баянаул:АлтГПУ,2015. Вып.9.С.17-20.

7.  Вестник Томского государственного университета. История. 2016. №5(43)

8.  Тәжіғалиева  Ж.Т. Бірұлтты және этносаралық отбасылар тарихы мен  этномәдени аспектілері (1985-2010 жж. Батыс Қазақстан  облысы мысалында).  Орал.: 2012. – 101 б.

9.  Монгуш М.В. Этнокультурные процессы у тувинцев Монголии и Китая// Этнос и культура. 2005. №4.  [Электронный ресурсы]

10.  Уалиева С.К.  Этнодемогрфические особенности семейно-брачных отношений и межэтнические браки на рубеже  веков// Семейно-брачные отношения населения Казахстана на рубеже  веков: историко-демографический аспект.Усть-Каменогорск: Либриус. 2012. 165-179 с.

11.  Мужчины и женщины  в Республике Казахстан. Итоги Национальной переписи населения РК 2009 года. Ст.сбор. Астана, 2011. – 192 с.

12.  Қалыш А.Б. Қазіргі Қазақстандағы этникалық және этномәдени процестер. – Алматы: Қазақ университеті, 2015. -254б.

References:

1.  Volkov A.G. Etnicheski smeshannyie semi mezhnatsionalnyie braki // Semya i semeynaya politika. M.: Institut sotsialnaya-ekonomicheskih problem narodonaseleniya, 1991.s.69-86

2.  Ultaralyq neke qazaqtin tubine zhetedi//Axmetova Q. https://yvision.kz/post/479015

3.  Arutyunyan Yu.V., Drobizheva  L.M., Susokolov A.A. E`tnosociologiya. M.: Aspekt-Press, 1999. – 271 s.

4.  Susokolov A.A. Mezhnacional`nye braki v SSSR. – M.: Mysl`, 1987.-142 s.

5.  Russkie.E`tnosociologicheskie ocherki. –M.: Feniks, 1992. – 230 s.

6.  Zhigunova M.A. Remmler V.V. E`tnicheskie processy v sovremennom sibirskom gorode (na primere nacional`no-smeshannyh brakov Omska) // E`tnografiya Altaya i sopredel`nyh territoriy: mater.mezhdunar.nauch.konf.Bayanaul:AltGPU,2015. Vyp.9.S.17-20.

7.  Vestnik Tomskogo gosudarstvennogo universiteta. Istoriya. 2016. №5(43)

8.  Ta`zhіg`alieva  Zh.T. Bіrultty zha`ne e`tnosaralyq otbasylar tarihy men  e`tnoma`deni aspektіlerі (1985-2010 zhzh. Batys Qazaqstan  oblysy mysalynda).  Oral.: 2012. – 101 b.

9.  Mongush M.V. E`tnokul`turnye processy u tuvincev Mongolii i Kitaya// E`tnos i kul`tura. 2005. №4.  [E`lektronnyy resursy]

10.  Ualieva S.K.  E`tnodemogrficheskie osobennosti semeyno-brachnyh otnosheniy i mezhe`tnicheskie braki na rubezhe  vekov// Semeyno-brachnye otnosheniya naseleniya Kazahstana na rubezhe  vekov: istoriko-demograficheskiy aspekt.Ust`-Kamenogorsk: Librius. 2012. 165-179 s.

11.  Muzhchiny i zhenshhiny  v Respublike Kazahstan. Itogi Nacional`noy perepisi naseleniya RK 2009 goda. St.sbor. Astana, 2011. – 192 s.

12.  Qalysh A.B. Qazіrgі Qazakhstandag`y e`tnikalyq zha`ne e`tnoma`deni procester. – Almaty: QazaQ  universitetі, 2015. -254b.

 С.М. Кыйзатова

1магистрант 2-курса. Институт истории и этнологии имени Ч.Ч. Валиханова. г. Алматы, Казахстан

МЕЖНАЦИОНАЛЬНЫЕ БРАКИ КАЗАХСКОЙ МОЛОДЕЖИ

 И ТЕНДЕНЦИИ РАЗВИТИЯ

  Резюме

В статье говорится о развивающихся современных межнациональных браках и о том, какое место они занимают в обществе. Также рассматривались значимость межнациональных браков и историко-этнографических условийих влияние на общественную жизнь.

Ключевые слова: брак, межэтнические браки, семья, этнология, деморафия.

S.M.  Kyizatova

12-year Master’s Student. Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology. Almaty, Kazakhstan

INTER-ETNIC MARRIAGES OF THE KAZAKH YOUTH

AND THE DEVELOPMENT TRENDS

Summary

The article considers modern inter-ethnic marriages and what place they occupy in society. The importanceof inter-ethnic marriages and historical and ethnographic conditions  were also considered, and what impact they had on social life

Keywords: marriage, inter-ethnic marriages,  family, ethnology, demography.

No comments

To leave comment you must enter or register