Автор бұл мақаласында Қазақ хандығының негізін салушы тарихи тұлғалардың бірі- Жәнібек ханның қазақ тарихындағы алатын орны мен атқарған рөліне тоқталады. Ортағасырлық жазба дерек мәліметтерінің, халық ауыз әдебиетінің, сондай-ақ тарихнамалық зерттеу материалдарына сүйене отыра, Жәнібек ханның шығу тегі мен ата-бабаларына тоқталып, оның Жошы ханның үлкен ұлы – Орда Еженнен таралатындығын дәлелдеп көрсетеді. Туысы Керей мен бірге Қазақ хандығын құрудағы жетекшілік рөлі ашылады. Сондай-ақ Жәнібек ханның Керейден соң хандықтың құрылуы барысын соңына дейін жеткізгенін нақты жазба дерек мәліметтері негізінде дәлелдеп көрсетеді. Сондай-ақ автор Жәнібек ханға қатысты кейбір тарихнамалық тұжырымдарды сынңа алып, өзіндік ойларын алға ұсынады.
Түйін сөздер: Жәнібек хан, Керей хан, Әбілқайыр хан, Дешті Қыпшақ, Моғолстан, Мауереннахр.
Түркістан қаласының облыс орталығы болып құрылуы өңірде бірқатар әкімшілік және территориялық өзгерістерді алып келді. Соның ішінде Түркістан облысындағы моно және шағын қалаларды дамыту стратегиясы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына негізделіп отыр. Бұл облыс экономикасын моно қалалар арқылы дамытудың бағыты болып табылады.
Мақалада Түркістан облысындағы моно және шағын қалалардың әлеуметтік және экономикалық жағдайы көрініс табады. Сонымен қатар, моно қалалардың экономикалық белсенділігі мен дамуының статистикалық көрсеткіштері берілген.
Түйін сөздер: моно қала, экономика, әлеуметтік жағдай, кәсіпкерлік, инфрақұрылым, өнеркәсіп, туризм.
В статье приведены некоторые историко-культурные выводы и культурогенетические параллели по геродотовым рассказам о скифах. А так же, по рассказам Геродота были анализорованы культурно-генетические сходства, начиная с военного искусства, социально-бытовых состояний, погребальные обряды, обычай и традиций и веровании скифов. Автор отмечает что связь между саками и последующей древней, средневековой тюркской цивилизаций прослеживается не эпизодически, а системно.
Жер асты кендеріне аса бай Торлан асуы Ресей империясын ежелден қызықтырды. Соған сәйкес автор, Қаратауға арнайы мемлекеттік тапсырыстармен келген зерттеушілердің: геолог, биолог, тарихшы және баталист-суретші мамандарының жалпыимпериялық бағыттағы бірегейлік қызметін жан-жақты талдауға алады. Атамекеніміздің геологиялық тарихы және оның мемлекеттік бірегейлік тұрғысында зерттеуге алынуы - отандық тарихнамадағы жаңа ізденістердің бірі болып табылады.
Зерттеу жұмысы ҚР БҒМ – нің бекіткен «Ұлы Дала тарихы мен мәдениеті» (2018-2020) мемлекеттік бағдарламасы аясында даярланды.
Тәуелсіздігімізді алып, егемендігімізді бекіткеннен кейінгі еліміздің дамуы, оның әлем алдындағы беделінің өсуі Елбасы бастаған қазақ халқының қажырлы еңбегі екені баршамызға аян. Ғасырларға созылған мемлекеттіліктің даму эволюциясында ең ерекше заңды факт, ол Елбасының Қазақстанды халықаралық құқықтың субъектісі ретінде дүние жүзіне танытуы.