Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, кеңестік кезеңдегі оқу-ағарту саласында жоғары лауазымды қызметтер атқарған білгір басшы, химик-ғалым, ұлағатты ұстаз, педагог Қали Біләлов (1918-1977) Қазақстандағы білім ісін ұтымды ұйымдастырып, ел құрметіне бөленген, ұрпақтар алғысын алып, республика тарихында ұмытпастай із қалдырған алаш азаматы ретінде жұртшылық оның есімін жақсы біледі.
Өзінің бүкіл саналы өмірін жас ұрпаққа білім беру ісіне арнаған қажырлы ұстаз, педагог Қали Біләлов әсіресе, еліміздің жоғары білім саласында көп еңбек сіңір¬ген белгілі мемлекет қайраткері ретінде кеңінен танылды. Білікті басшының зор ұйымдастырушылық қызметінің нәтижесінде Қазақстан өткен ғасырдың 60-70-ші жылдары жоғары білім бе¬ру жөнінде бұрынғы Кеңес Одағы одақтас республикалары арасында алдыңғы орын¬дардың біріне көтерілді. Ол Қазақ КСР-інің жоғары және арнаулы орта білім министрі болған жылдарда республикамыздағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының оқу-материалдық жағдайын жақсарту, оларды педагогикалық ғылыми кадрлармен қамтамасыз ету және оқытушылардың біліктіліктерін жетілдіру бағытында бірқатар оң шешімдер қабылданып, жүзеге асырылды, жаңа мамандықтарды оқытуға бағытталған бірнеше институттар ашылып, жергілікті ұлттық Түйін сөздер: тарих, оқу, жоғары білім, ғылым, академия, институт, педагог, студент, маман
Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ертедегі темір дәуіріндегі (б.з. д. VІ-VІІ ғ.ғ.) сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары, б.з. ертедегі орта ғасырлық мемлекеттер тұсындағы қарлұқ, оғыз, қимақ тайпалары, дамыған орта ғасырлық мемлекеттер кезіндегі наймандар, керейіттер, жалайырлар, қыпшақтар [1, 158-166-бб.] тарихы мыңдаған жылдарға созылғандығын назарға алсақ, қазақ әдебиетінің тарихы да бұрынғы кеңес кезіндегідей XV ғасырдан емес, одан арғы дәуірден – көне заманнан басталады. Сол себепті ұлттық әдебиет тарихының негізгі мәселелерінің бірі дәуірлеу болып табылады. Себебі Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін екі мың жылға жуық тарихы бар қазақ әдебиетінің бүкіл елімізге ортақ дәуірлеу мәселесі қолға алынбаған еді. Бұл проблемаларға байланысты тоталитарлық жүйенің өзге ұлттардың тарихының даму процесін кеңестік тарихпен ғана байланыстырған біржақты ұстанымдарына қазіргі тәуелсіздік талаптары тұрғысынан батыл тойтарыс бере отырып, қазақ әдебиетінің көне заманнан бүгінгі күнге дейін дамуының өзіндік ерекшеліктерін есепке алу негізінде әдебиет дамуының кезеңдерін халықтың жалпы тарихи даму процесін дәуірлеуден бөлек алып қарауға болмайды. Қазақстан аумағындағы феодалдық мемлекет кезеңі VІ ғасырдан басталып, ХХ ғасырға дейін созылған ұзақ мерзімді қамтыды. Қазақ әдебиеті тарихының өткен дәуірлері де осы қоғамдық құрылыстың негізгі даму кезеңдері – қалыптасуы мен нығаюы, дамып өркендеуі, дағдарысы мен тоқырауы, қайта дамып күшеюі, ең соңында, құлап ыдырауы сияқты тарихи жолдарына сәйкес келеді және де осы қоғамдық даму процесінің ерекшеліктеріне толыққанды сипаттама жасайды.
Түйін сөздер: тарих, ғасыр, қазақ, әдебиет, армян, мұра, қыпшақ, тіл, ескерткіш, шығарма, нұсқа, жәдігер, хикая.
Абулхаир Мухаммед Гази Бахадур-хан (около 1680 – 17 (?) августа 1748) – выдающийся военачальник, политический и государственный деятель, хан Меньшей орды (1710 – 17 (?) августа 1748), старший хан казахов Старшей, Средней и Меньшей орд (около 1719 – 17 (?) августа 1748), основатель новой казахской династии чингизидов. Относительно быстрое возвышение Абулхаира было связано в первую очередь с социальным значением ханов как военных предводителей. Личностный фактор сыграл свою решающую роль в обращении хана Абулхаира о принятии Младшей орды в подданство России.
Ключевые слова: Казахское ханство, Старшая орда, Средняя орда, Меньшая орда, Россия, Джунгария, подданство, протекторат
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласындағы тапсырмаларын орындау аясында «тұлғаландыру сипатына ие болған» отан тарихын шынайы түрде талдау мақсатында біртуар қайраткерлердің мемлекеттіліктің, елдің ғылымы мен мәдениетіне қосқан үлесін зерттеу өзекті болып табылады. Бүгінде қазақ тарихы мен сол тарихты қалыптастырған ұлы тұлғалардың басым бөлігі терең және үлкен зерттеулерді қажет ететіні анық. Алаш арыстарының бірі, Алашорданың Батыс бөлімі жетекшілерінің басшысы Жаһанша Досмұхамедов сынды тұлғаны жан-жақты тереңдете зерттеу бүгінгі күні өзекті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы аясында жұртшылыққа бүгін ұсынылып отырған бұл мақалада Жаһанша Досмұхамедовтың өмірбаяны, саяси қызметі туралы айтылады.
Түйін сөздер: «Рухани жаңғыру», тұлға, зерттеу, сиез, буржуазиялық-демократиялық, дерек, қазақи орта.
Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарыққа шығумен елімізде қыруар істер тындырылуда. Осы мақаланың лайықты жалғасы «Ұлы даланың жеті қыры» туындының дүниеге келуі, ұлы тұлғаларды ұлықтауға арқау болды. Елінің тәуелсіздігі мен халқының мүддесі үшін күрескен біртуар тұлғалардың бірі, Алаш қозғалысының белгілі қайраткері Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов. Оқырмандар назарына ұсынылып отырған бұл мақалада Ахмет Бірімжановтың өмірбаяны, саяси қызметі туралы айтылады. Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов (7 желтоқсан 1871 – 5 қаңтар 1927) – қоғам қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, I-II Мемлекеттік Дума мүшесі, Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясы мен жаңа Заңдарының дайындалуына және қабылдануына зор үлес қосқан заңгер.
Түйін сөздер: «Рухани жаңғыру», тұлға, зерттеу, Дума депутаты, буржуазиялық-демократиялық, дерек, заңгер.