Мақалада сталиндік лагерьде отырған тұтқындар категорияларға бөліп қарастырылады, соның ішінде төртінші категория - «Отанын сатқандардың отбасы мүшелерін» жіктеп, талдау жүргізілді. Олардың қатарына Отанын сатқандардың отбасы мүшелері, екінші бөлігіне қылмыскерлер, алыпсатарлар, кауіпті қылмыскерлерді жатқызуға болады. Лагерьлік өмірді басынан өткізген куәгерлердің естеліктерін өзара салыстыра отырып, жазасын өтеушілердің лагерьде айналысқан шаруашылықтары, тігін фабрикасынының құрылу тарихы айтылады. Сондай-ақ лагерь құрылған кезден бастап Қарлагтың Ақмола бөлімшесінің басшылары, яғни айдауылдардың (надзиратель) қызметтері баяндалады. Сонымен қатар, лагерьдегі балалардың тағдыры көрсетіледі.
Түйін сөздер: АЛЖИР, ГУЛАГ, қуғын-сүргін, еңбекпен түзеу лагері, отанын сатқандардың отбасы мүшелері, балалар тағдыры, айдауыл (надзиратель).
Данная статья посвящена исследованию новейших теоретико-методологических конструктов, применяемые в процессе изучения национальной политики большевистского государства. Исторически в западной историографии по данной проблеме фигурировали две школы - тоталитарная и ревизионистская, причем первая была доминирующей. Основу ее теоретической базы составлял конструкт о главенствующей роли террора и принуждения в деятельности советского режима. Автор в своем исследовании показывает особенности новых методологических подходов ревизионистской школы по национальному вопросу.
Ключевые слова: методология, тоталитарная парадигма, национальный вопрос, национальная политика, империя
Ғылыми жұмыста авторлар 2019 жылы Шығыс Қазақстан облысының басшысы Д.К. Ахметовтың бастамасымен Тарбағатай ауданы Елеке сазы-2 қорымында Шілікті-Тарбағатай археологиялық экспедициясының жүргізген зерттеу жұмыстарының есептік мақаласын ұсынып отыр. Мақалада аталған экспедиция мүшелерімен есептік маусымда атқарылған жұмыстар көрсетіліп, жекелеген ескерткіштердің сипаттамасы жасалған. Қазба жұмыстары барысында анықталған құрылыстар мен табылған бұйымдар суреттеліп, салыстырмалы анализ қорытындылары көрсетілген. Аталған аймақта археологиялық ескерткіштердің хронологиялық шеңбері өте ауқымды болғандықтан, ғылыми топтың зерттеу жұмыстарында сақ-скиф, ерте түрік және де XYII-XX ғасырдағы қазақтарға да тән артефактілер мен темір бұйымдар кездесіп жатты.
Түйін сөздер: Елеке сазы, қорған, ерте темір дәуірі, ат әбзелдері
Мақаланың мақсаты дәстүрлі мәдениеттегі жылқының рөлін қарастыру. Жылқы культі шаруашылығы, мәдениеті және тұрмысы осы жануармен айрықша байланысты болған түркі-моңғол халықтарында жарқын көрініс табады. Авторлар аталған халықтардың дүниетанымында жылқымен байланысты таным-түсінік маңызды орынға ие екендігін алдыға тартады, жәнеде оның бейнесі көпқырлы символика толыққандығы аталады. Дәстүрлі дүниетанымда жылқы киелі жануар мәртебесін иеленді және түрлі ғұрпытарды жүзеге асыруда айтарлықтай орын алды. Әдет-ғұрыптардың және олардың атауларының түрлілігіне қарамастан жылқымен байланысты дүниетанымдық көзқарастардың орта тамыры болды, жәнеде олар аталған жануарды қолға үйреткен тайпаларда ықылым замандарда-ақ қалыптасқан. Түркі-моңғол халықтарының дәстүрлі мәдениетіндегі жылқы бейнесі арқылы халықтың материалдық және рухани мәдениетінің бір бөлшегі болып табылатын жылқышылықтың ерекшеліктері мен терең мазмұнын анықтауға болады.
Кілт сөздер:жылқы, тұл, сетер, хойлго, сэтэртей, дүниетаным.
Ғылыми жұмыста авторлар Шығыс Қазақстан облысы Қалба-Нарым өңірлерінде қола дәуірінде өмір сүрген тұрғындардың, археологиялық қазба негізінде дүниетанымы, әдет-ғұрпы жайлы ақпарат береді. Белгіленген аймақ қола дәуіріне тән көптеген ескерткіштердің шоғырланған жері деп айтуға болады. Авторлар археологиялық зерттеулерге сүйене отырып, алынған мәліметтер арқылы осы өлкедегі ежелгі тайпалардың материалдық және рухани мәдениеті жайлы сипаттайды. Аймақта жасалған қазба жұмыcтардың қорытындыларына авторлар салыстыру, анализдеу арқылы тақырыптың мәнін, мағынасын ашып көрсетеді. Ғылыми жұмыста авторлар қола дәуірі тұрғындарының дүниетанымында, жерлеу орындарын зерттеу негізінде: от, жоса, астаяқтың маңыздылығы, өміріндегі алатын рөлдері жайлы мәліметтер келтірген. Атап айтқанда Талапты-ІІ, Мыңшұңқыр-ІІІ, Құйған обалары, Зевакино селосы, Кіші қойтас, Нұрмамбет қорымдарындағы ескерткіштерге жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындылары орын алды.
Түйін сөздер: Қола дәуірі, Қалба-Нарым, жерлеу орны, дүниетаным.