Яндекс.Метрика
Home » Materials

Materials

Б. Нұрмұханбетов, А.Ж. Амаргазиева
ӘОЖ 821.512.122+75.04(574) «ҚОЗЫ КӨРПЕШ – БАЯН СҰЛУ» ЭПОСЫ КӨНЕ ДҮНИЕНІҢ КЕСКІНДЕМЕЛІ ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРІНДЕ

ӘОЖ 821.512.122+75.04(574) «ҚОЗЫ КӨРПЕШ – БАЯН СҰЛУ» ЭПОСЫ КӨНЕ ДҮНИЕНІҢ  КЕСКІНДЕМЕЛІ ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРІНДЕ
Біздің заманымызға дейінгі бірінші мың жылдықта бүкіл Евразия даласын ерте көшпелі тайпалар мекендеді. Оларды парсы жазба деректері бойынша жалпы «сақтар» деп атаса, гректер «скифтер» деп атаған. Ал тарих атасы Герадот (б.з.д. V ғ.) Орта Азия мен Қазақстан территориясын мекендеген тайпаларды «азиялық скифтер» деген. Себебі, Қара теңіздің солтүстік далалы аудандарында тұратын скифтер мен сақ тайпаларының өмір тірішілігі ұқсас және бір тілде сөйлесе керек. Дегенмен, сақтар өздерін нақты қалай атағандарынан бейхабармыз.

Ескекбаев Д. Б.
МӘСКЕУ МҰРАҒАТТАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ЖӘДІГЕРЛЕР

МӘСКЕУ МҰРАҒАТТАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ЖӘДІГЕРЛЕР
Аннотация. Мақалада Мәскеу мұрағаттарында және Санкт-Петербор шаһарларында жинақталған Қазақ халқының тарихи-этнографиялық жәдігерлері туралы деректер сөз болады. Мақала арқауына айналып отырған негізгі мәселе жалпы Ресей архивтерінде сақталынған мұрағаттық мұраларымыздың жәй-күйі және оларды тарихи зерттеу барысында айналымға кіргізу мәселелері қарастырылған. Сондай-ақ Эрмитажда сақталынған жалпы түрік, қазақ халқының көне мәдениетінің куәлері тас ескерткіштерінің насихатталынуы және музыкалық мұралары туралы да проблемалық ойлар қамтылған. Түйін сөз: Мәскеу мұрағаттары, Эрмитаждағы тас ескерткіштер, қазақтың музыкалық мұралары, сыры белгісіз суреттер.

Атыгаев Н.А.
К ВОПРОСУ О ЛОКАЛИЗАЦИИ МЕСТНОСТИ «КОЗЫБАСЫ»

Статья посвящена вопросу локализации местности «Козыбасы», которая в 50-60 годы XV века стала центром формирования Казахского ханства. Согласно «Тарих-и Рашиди» Мирза Мухаммеда Хайдара Дуглата (Дулата), в эту местность из Восточного Дашт-и Кыпчака перекочевали своими сторонниками Керей-хан и Жанибек-хан, политические противники Шибанида Абу-л-Хайр-хана. Однако «для современных историков Козы-басы остается до сих пор «терра инкогнито». По вопросу конкретной локализации этой местности у исследователей нет единодушия. В работе автор, привлекая разные рукописи и издания «Тарих-и Рашиди» и научную литературу по истории и топографии Жетысу, исследует проблему локализации местности «Козыбасы». В результате работы автор приходит к следующим выводам: Нужно отказаться от восприятия Джу (Джуд, Чу) только как гидронима. Под «Джуд» следует понимать обширную территорию Юго-Восточного Казахстана и Северного Кыргызстана, от реки Чу на восток и юго-восток, включая также северо-западные районы Иссыккуля. Местом возникновения Казахского ханства является Чу-Илийское междуречье. Здесь же, на территории современного Жамбылского района Алматинской области, находилась упоминаемая Мирза Мухаммед Хайдаром местность «Козыбасы».

Досанов Нурлан Асылбекович
ӘОЖ 94 (574). 02/. 08 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК АТРИБУТЫ – ХАН МЕН СҰЛТАНДАРДЫҢ МӨРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мақалада қазақ хандары мен сұлтандары мөрлерінің атрибуттық ерекшеліктері мен олардың қоғамдағы алатын орны қарастырылған. Қазақ хандығының мемлекеттік билік атрибутына айналған хан мен сұлтандардың, билер мен батырлардың мөрлері далалық мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын жүргізудегі маңызды орынға ие болғаны мәлім.