Яндекс.Метрика
Home » Materials

Materials

Шайманов Арман Сарманұлы
УДК 930.221+81ˈ373.46 ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ЖАЗБА МҰРАЛАРЫНДАҒЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР МЕН ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕР

Мақалада XIV ғасырда жазылған «Гүлстан бит-түрки» дастанында кездесетін фразеологиялық бірліктер мен мақал-мәтелдердің қазіргі қазақ тіліндегі тілдік бірліктермен салыстырылып, олардың тілдік және құрылымдық ерекшеліктері қарастырылған.

Шайманов Арман Сарманұлы
ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ЖАЗБА МҰРАЛАРЫНДАҒЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР МЕН ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕР

Мақалада XIV ғасырда жазылған «Гүлстан бит-түрки» дастанында кездесетін фразеологиялық бірліктер мен мақал-мәтелдердің қазіргі қазақ тіліндегі тілдік бірліктермен салыстырылып, олардың тілдік және құрылымдық ерекшеліктері қарастырылған.

Касимова З.М.
Астана - главная идеологическая ценность независимого Казахстана

Настоящая статья посвящена культурной жизни Астаны, являющейся одним из важных постулатов в реализации патриотического акта «Мәңгілік ел», выдвинутого Президентом Н.А.Назарбаевым в рамках Стратегии-2050. В данном контексте особое внимание уделяется истории создания и деятельности Казахского национального университета искусств, который призван обеспечить музыкальную инфраструктуру столицы и регионов кадрами самого высокого профессионального уровня. Университет, вместе с тем, играет важную роль в формировании и развитии самобытной концертной жизни Астаны.

МУРЗАХОДЖАЕВ Қ.М. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының «Халықтану және тарихи тұлғатану мәселелері» бөлімінің кі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕТІМ БАЛАЛАР АХУАЛЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ: СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР НЕГІЗІНДЕ

Бұл мақалада автор Қазақтандағы балалар үйлері мен жетім балалардың ахуалын статистикалық мәліметтер негізінде қарастырған. Әсіресе соңғы 4 жыл ішіндегі сандық мәліметтерді зерттеп, талдап, ғылыми айналымға енгізген. Мақалаға өзек болған мәселенің өзектілігін ашу барысында автор көрші мемлекеттермен салыстыра отырып, пайыздық көрсеткішін шығарған. Автордың мәлімдеуінше, соңғы жылдары Қазақстандағы жетім балалар санының төмендеу динамикасы байқалуда, оған патронаттық отбасы институты мен асырап алушыларды ынталандыру шаралары себеп болуда. Кілт сөздер: жетім балалар, балалар үйі, патронаттық отбасы, жәрдемақы, тәрбиеленуші.

РАХЫМҚҰЛОВ Д.А.
ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫ БІЛІМ АЛҒАН ГИМНАЗИЯЛАР ЖӨНІНДЕ (ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басы)

Мақала ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасыр басында қазақ балалары білім алған бірқатар классикалық гимназиялар мен прогимназиялардың тарихына арналады. Автор онда Қазақстан жеріндегі Верный, Семей, Қостанай, сондай-ақ іргелес жатқан Ташкент, Орынбор, Тройцк, Омбы секілді қалалардағы гимназияларда әр жылдары оқыған қазақ балаларының аты-жөні мен олардың әлеуметтік және сандық құрамын, оларға өтілген оқу пәндерін, тұрған шәкірттер үйі мен пансионаттарын, сабақ берген оқытушылар құрамын және сол гимназиялардан білім алып еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде маңызды рөл атқарған қазақтың белгілі тұлғаларын тың мұрағат деректері арқылы хронологиялық ретпен жүйелі түрде тарқатып өтеді.