Яндекс.Метрика
Home » Materials

Materials

Абдимомынов Н.Т.
ӘОЖ 94 (100) МИХАИЛ VIII ПАЛЕОЛОГ БИЛІГІ КЕЗЕҢІНДЕГІ (1261-1282) ВИЗАНТИЯНЫҢ АЛТЫН ОРДАМЕН САЯСИ БАЙЛАНЫСТАРЫ

Мақалада Михаил VIII Палеолог (1261-1282) билігі кезеңіндегі Византия империясының Алтын Ордамен саяси байланыстарын зерттеу көзделген. Мақаланың жаңашылдығы – отандық тарихнамада тақырыптың алғаш рет зерттелуі, тақырыпқа қатысты араб-мысыр деректерін пайдаланумен қатар, замандас византиялық тарихшылар Георгий Пахимер мен Никифор Григордың тарихи мәліметтерін кеңінен пайдаланылуында болып отыр. Сонымен қатар, тақырыпқа қатысты мәселелер бойынша Михаил VIII Палеологтың Алтын Орда билеушісі Берке-ханмен, түменбасы Ноғаймен, Ирандық Елхандармен, Мысыр мәмлүк сұлтандарымен қарым-қатынастарын жан-жақты талдай отырып, Византия империясының сол кезеңдегі сыртқы саясатының сипаты мен бағыттары айқындалған.

ДҮЙСЕН Өрісәлі
ӘОЖ 930:94(574) « 06/11» ҚИМАҚТАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСТАР

Мақалада қимақ қағандығын құрған тайпалардың шығу тегінің тарихы және осыған орай ғалымдардың әртүрлі пікірлері талданған. Махмут Қашқаридің «Түркі тілдерінің сөздігіндегі» яғма сөзі талданады. Бірқатар ғалымдардың қимақтарды се-иәнто этнонимімен байланыстыруы туралы айтылады. Қытай деректеріндегі се-иәнто этнониміне қатысты пікірлер келтірілген. Се-иәнто қағандығы құлағанда се-иәнто этнонимі се және иәнто топтарына бөлшектенгені, иәнто тайпасының се тайпасынан бөлініп, Ертіс өзені алабына қоныс аударуы, содан олардың қытай деректерінде янмо деп көрсетіле бастағаны, иәнтолардың қимақ мемлекетіннің негізін қалағандығы өзара логикалық сабақтастықта баяндалады. Қимақтар мемлекеті жөнінде едеуір мол мағлұмат қалдырған орта ғасырлық араб-парсы деректері қарастырылады, соның ішінде Гардизидің «Заин-әл-ахбар» атты еңбегіндегі қимақтардың шығу тегі жөніндегі аңыз әңгімеленген. Аңыздағы қимақтардың «татарлар» елінен келгендері жайындағы мәліметтерді негізге ала отырып, автор қимақтардың арғы тегін татар тайпалық одағы деп қарастырады. Татарлардың ежелгі тарихы, қонысы, нәсілдік шығу тегі жайында түрлі мағлұматтарды ғылыми әдебиеттерді талдай, өз пікірін негіздеуге тырысады. Қимақтардың шығу тегіне байланысты отандық тарих ғылымында қалыптасқан ғылыми көзқарастарды да талдауға алған.

УАЙСОВА Ш.Н.
ӘОЖ 008323.17(574+5) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІМЕН ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАРЫ

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы Шығыс елдерімен ғылыми және мәдени байланыстары зерттеледі. Қазақстан мен Шығыс елдері арасында білім беру, ғылым және техника саласындағы меморандумдарға, оқытушылар мен студенттер алмасу жайлы келісімшарттарға қол қойылған. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Түркия, Египет, Біріккен Араб әмірліктерінде қазақстандық жастар жоғарғы оқу орындарында білім алуда. Қазақстан музейлері алыс және жақын шетелдердің архивтері, кітапханаларымен, ғылыми-зерттеу орталықтарымен байланысын дамытуда: көрмелер, конференциялар, дөңгелек үстелдар ұйымдастырылуда, бірлескен жобалар іске асуда.

С.А.Сарсенов, Г.К.Муканбедиева
УДК 9 КАЗ БӨКЕЙ ОРДАСЫНДА АЛҒАШҚЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚҰРЫЛА БАСТАУЫ

Бұл мақалада Қазақ даласында, соның ішінде Бөкей Ордасында алғашқы мектептердің пайда болуы туралы сөз болады. Патша үкіметінің мектептер ұйымдастырудағы шынайы мақсаты мен жымысқы әрекеттері ашып көрсетіледі. Мектептердің әртүрлі типтеріне мінездеме беріледі. Кілт сөздер: Мектеп, медресе, Бөкей Ордасы, орыс-қазақ мектебі, училищелер