Мақала орта ғасырлардағы Жерорта теңізі аралдары мен Атлант мұхитының тарихи бейнесі мен географиялық ерекшеліктерін айқындау үшін Әбул-Фиданың «Тақуим әл-Бұлдан» еңбегін талдауға арналған. Авторлар Әбул-Фиданың зерттеулерінде суреттелген аймаққа тиесілі жерлердің сипаттарын қысқаша баяндауға тырысты. Ғылыми мақалада Каусоро, Тариф, Тула, Кодис, Йабисаһ, Майорка, Маннурқо, Сардиния, Жирбаһ, Сицилия, Массина, Шамис, Лямрия, Ақритиш, Нақробант, Родос, Кубрус, Британия атты аралдарға «Тақуим әл-Бұлдан» еңбегі желісімен тарихи географиясы анықталды.
Әралуан аймақтық географиялық ақпарат әртүрлі аумақтардың табиғи ерекшеліктерін, олардың ресурстық әлеуетін, экономиканың және халықтың жағдайын салыстыруға, бағалауға мүмкіндік береді. Шалғай елдер, тарихи көне өлкелер мен олардың даму ерекшеліктері туралы білім біздің еліміздің табиғатын, экономикалық даму ерекшеліктерін түсінуге және оның ресурстарын тиімді пайдалануға көмектеседі. Қазіргі уақытта аймақтық географиялық табиғатты білу қажеттілігі күрт өсуде. Адамзаттың барлық мәселелері (қоршаған ортаның ластануы, тамақ және энергияға байланысты сұрақтар) барлық елдерге немесе олардың көпшілігіне тікелей қатысты. Әлемдік экономикалық байланыстар, сауда және туризм кеңеюде. Мұның бәрі арнайы аймақтық, тарихи-географиялық білімді қажет етеді.
Мақалада Әбул-Фиданың еңбегі негізінде сол замандағы Атлант мұхиты мен Жерорта теңізі аралдарының тарихи географиясы, ондағы елді мекендер, географиялық координаттары мен ландшафтысы зерделенеді.