Бұл мақалада ұлттың тағдырын ойлаған қазақ зиялылары қауымының ХХ ғасырдың 20 жылдың соңы мен 30 жылдың басында патша үкіметі тұсындағы орыс үкіметінің отаршылдық саясатына, кеңестік жүйе кезіндегі большевиктік биліктің қыспағына қарсы шығып қуғын-сүргінге ұшырау тарихы зерттелген.
Қазақ азаматтарын қуғындау 30 жылдары қатты өршіп, мерзімді баспасөзде кеңестік жүйеге қарсы шығушылардың қатарын жұртшылыққа жариялауға белсене кіріскендігі, тұтқындалып, істі болғандар, мерзімдерін өтеп келгеннен кейін де үкімет тарапынан мұқият бақылауға алынып, олардың үстінен 1937-1938 жылы қайтадан іс қозғалып, ақыры қуғын-сүргін құрбанына айналғаны мәлім. Қазақстандағы бұл кездердегі қуғындау барысына қазақтың ұлт зиялыларымен қатар қарапайым жұмысшы да, шаруа да ілініп кетті.
Мемлекеттік қауіпсіздік басқармасының анықтамасында бұрынғы алашордашылар мен қазақ ұлтшылдарының революцияға қарсы әрекеттері келтірілген. Халық жауы ретінде айыпталғандарға қателіктерін жариялы түрде мойындауларын талап еткен. Қысым көрсету, қорқыту нәтижесінде көпшілігі өзіне жабылған жала айыпты мойындауғамәжбүр болды.
1937-1938 жылдары «халық жауы» ретінде қамауға алынған азаматтардың арасында 30-жылдары жаламен сотталып келгендер, ату жазасына кесілгендердің тағдыры қарастырылған.
Түйін сөздер: ұлт интеллигенциясы, патша үкіметі, отаршылдық саясат, большевиктік билік, буржуазиялық-ұлтшылдар, қуғын-сүргін, ұлтшылдық, жікшілдік.