Яндекс.Метрика
Home » Electronic magazine "edu.e-history.kz" » History of the Homeland. New research methods

History of the Homeland. New research methods

Мақала М. Жұмабаевтың тергеу ісіндегі құжаттық материалдар негізімен жазылған. Ақынның өмірінің соңғы жылдарында оған жасалған қиянат режимнің соншалықты қатыгез бейнесінің көрінісі болып табылады. Советтік идеологиялық аппарат ұлы ақынды ақтауға байланысты шығармашылықтағы зиялылар тарапынан түскен ұсыныстарды социалистік тарихтың соңғы кезеңінде де қараудан бас тартты. Тек 1989 жылы, яғни советтік жүйенің ыдырау қарсаңында ғана М. Жұмабаевтың шығармашылық мұрасы оқырманның қолына тиді.
Мақалада көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, автономиялы Қазақ Республикасы Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш төрағасы Меңдешев Сейітқали Меңдешұлының қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі талдауға алынады. С. Меңдешев – кеңес дәуіріндегі қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан бірегей тұлға, қазақ жерінің тұтастығын қалпына келтіру жолында және кеңестік билік органдарын қазақтандыру жолында, қазақ ағарту және ғылым салаларының негізін қалауға ерен еңбек сіңірген қайраткер. С. Меңдешев 1903-1916 жылдары Бөкей Ордасы қазақтарының арасында ағартушылық бағыттағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, қазақ оқығандарының астыртын ұйымына жетекшілік жасады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысты. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Хан Ордасында революциялық бағыттағы үгіт-насихат жұмыстарымен айналысып, Бөкей губерниясы қазақтарының І съезін ұйымдастырушылардың бірі болды. 1920 жылдан бастап 1925 жылға дейін қатарынан 4 рет ҚазОАК төрағасы болып сайланып, кеңестік қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосты. 1920-1921 ж. Қазақ даласында орын алған ашаршылық кезінде Аштыққа қарсы күрес комиссиясын ұйымдастырып, халықты аштықтан құтқару үшін еңбек сіңірді. Қазақ жерлерін бір республикаға біріктіру жолында үлкен еңбек атқарды. Мақалада С. Меңдешевтің өмірі мен қызметінің маңызда тұстары бұрын ғылыми айналымға тартылмаған архив құжаттары мен тың материалдар негізінде талдауға алынған. Түйін сөздер: Меңдешев, Қазревком, Қазобком, Қазөлкеком, ашаршылық, топшылдық, меңдешевшілдік, жергіліктендіру, қазақтандыру, ұлт саясаты.
В статье рассматривается вопрос о времени смерти и месте захоронения правителя Казахского ханства первой половины XVI в. Касым-хана. Автор приводит существующие в исторической литературе различные мнения, относительно датировки смерти Касым-хана и сравнивает их с данными исторических источников. В заключении сделан вывод, что великий казахский правитель Касым-хан Жанибекулы умер в начале 1521 г. и был похоронен в городе Сарайчик, расположенном на правом берегу реки Яик. В работе обращается также внимание на значение Сарайчика в истории Улуса Джучи. Ключевые слова: Касым-хан, Казахское ханство, Сарайчик, Ногайская Орда, хан, казахское государство
Мақалада екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы кеңестік дін саясаты қарастырылады. Посткеңестік тарихнамада ғылыми ой-тұжырымдардың әртүрлілігі аталған кезеңде Кеңес өкіметінің дін саласындағы саясатының шынайы сипаты мен мәнін тереңірек зерттеп, талдауға итермеледі. Автор ХХ ғасырдың 20-жылдарының соңында діни мекемелерге қатысты қатал да ашық шабуылға көшкен кеңестік биліктің саясаты, соғыс жылдары, шынымен, жұмсарды ма және солай болған күнде оның негізгі себептері қандай және оны, кейбір зерттеушілер көрсеткендей, түбірлі бетбұрыс деуге негіз бар ма деген сұрақтарға жауап береді. Автор посткеңестік, батыстық зерттеушілердің ой-тұжырымдарын салыстырып, сонымен бірге мұрағат қорларындағы бірқатар ғылыми айналымға енбеген құжаттарға негізделіп, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Кеңес өкіметінің дінге қатысты саясатының сипаты өзгеріп, ішкі және сыртқы факторларға байланысты уакытша жұмсару байқалғанымен, түбірлі бетбұрыстың орын алмағаны туралы қорытынды жасайды. Түйін сөздер: діни ұйымдар, екінші дүниежүзілік соғыс, сталиндік саясат, жазалау шаралары, кеңес-германдық үгіт-насихат, діни өрлеу
Аңдатпа: Мақалада Қазақстан мен Иран қарым-қатынастарының даму үдерісіне баға беріп, қазіргі кезде халықаралық қатынастарда орын алып жатқан оқиғалардың, екіжақты қарым-қатынастарға тигізер әсері туралы баяндалған. Қазақстан мен Иран қарым-қатынастарының тарихи сипатқа ие екендігін айтып, екі ел арасындағы ортақ ұстаным, өзара ортақ мүдденің маңыздылығын ашып көрсетеді. Екі ел қарым-қатынасының даму болашағына баға бере отырып, ең алдымен сыртқы факторлардың әсеріне тоқталған. Атап айтқанда, АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыстың Қазақстан мен Иран қарым-қатынасының даму болашағына кері әсерін тигізетіндігін болжайды. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарда орын алған оқиғалардан дерек келтіріп, жаңа жағдайдағы Қазақстан мен Иран қарым-қатынасына талдау жасалған.
Аңдатпа: Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) халықаралық аймақтық ұйым ретінде қалыптасу кезеңінен сәтті өтті, халықаралық құқықтық мәртебеге ие болды және бұл кезеңде ең өзекті міндет – Еуразиялық экономикалық одақтың дамуы, ЕАЭО кеңейту мәселелері. Бұл мақалада ЕАЭО-ны кеңейтудің жолдары қарастырылған, кеңейту үдерісінің мәселелік түйіндері және ЕАЭО-ға келесі кіруге үміткерлер талқыланады.
Аңдатпа: Мақалада VII ғасырдағы және одан кейінгі кездердегі Сюань Цзанның «Да Тан Сиюйцзи», Дао Суанның «Шицзя фанчжи», Оу Янсюдің «Жаңа Тан кітабы. Батыс өңір баяны», Ибн Хордадбехтің «Китаб әл-масалик уа-л-мамалик», Кудама ибн Жафардың «Китаб әл-хараж» және «Худуд әл-ʻалам»және Йақұл әл-Хамауидің «Муʻжам әл-булдан» қатарлы қытай және мұсылман авторларының деректері негізінде ерте және ортағасырлардағы Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі, әсіресе, Испиджаб және оның төңірегіндегі қалалар мен олардың орны, тарихы, арақашықтығы зерттелген.
Аңдатпа: Бұл мақала Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылдарындағы ұйымдастырылған дүниежүзі қазақтарының құрылтайларының құрамдас бөлігі болып табылатын шетелдегі қазақтардың «кіші құрылтайларының» тарихи маңызы мен өту барысын зерттеуге бағытталған. Зерттеу жұмысы Еуропа қазақтарының құрылтайларының ұйымдастырылуы мен жүзеге асуының қысқаша тарихы мен олардың Дүниежүзілік құрылтайлармен тарихи сабақтастықтарын талдайды. Сонымен қатар, автор мақала соңында осы кіші құрылтайларға өзіндік тарихи бағасын береді.
Аңдатпа: Бұл мақала Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылдарындағы ұйымдастырылған дүниежүзі қазақтарының құрылтайларының құрамдас бөлігі болып табылатын шетелдегі қазақтардың «кіші құрылтайларының» тарихи маңызы мен өту барысын зерттеуге бағытталған. Зерттеу жұмысы Еуропа қазақтарының құрылтайларының ұйымдастырылуы мен жүзеге асуының қысқаша тарихы мен олардың Дүниежүзілік құрылтайлармен тарихи сабақтастықтарын талдайды. Сонымен қатар, автор мақала соңында осы кіші құрылтайларға өзіндік тарихи бағасын береді.
Abstract: The article analyzes the gravestones of the Kazakhs of Kazakhstan and Russia. The features of these structures are shown on the example of the Kazakhs of the North and South (respectively, Akmola and Turkestan regions) of Kazakhstan and Western Siberia (Russia, Omsk region). Particular attention is paid to the development of grave constructions of the Kazakhs throughout the XX century and the identification of factors that influenced changes in these structures in the specified period of time, and establishing of their types. An analysis of such structures is carried out in connection with the genealogical groups of the Kazakh ethnic group. In the southern regions of Kazakhstan, grave constructions of Kazakhs of the “Qozha” genealogical group were analyzed, in the northern part - the “Kyrgyz” genealogical group, and in the Omsk region – the “Kypchak”, “Argyn” and “Kerei” genealogical groups. The article describes the gravestones, their location within the grave structure. It also analyzes the origin and evolution of gravestones in the nomads of the Great Steppe, in particular, among the Kazakh nomads. The work also clarified some information regarding the territorial distribution of certain types of gravestones among the Kazakhs of the Omsk region, given in the works of ethnographic researchers, as well as about the appearance of gravestones in the form of metal fences in the Kazakhs. The study of cemeteries of various genealogical groups of Kazakhs, who live in areas of Kazakhstan that are geographically significantly remote (more than 1 thousand km) from each other, as well as outside Kazakhstan (in the Russian Federation), allowed the author to draw conclusions about the overall similarity of the structure, types of grave constructions of Kazakhs in different regions of their residence.
1 2 3 Next