ISSN: 2710-3994
Volume 2 Number 30 (2022) 107-118
ҒТАМР 03.00.20
Жүсіп Сұлтан Хан¹ , М.М. Қозыбаева²*
¹Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Алаш» ҒЗИ.
Қазақстан, Нұр-Сұлтан;
² Нұр-Сұлтан қаласындағы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты филиалы. Қазақстан, Нұр-Сұлтан.
*Автор-корреспондент
E-mail: prahacz2002@gmail.com (Жүсіп), koz.mahabbat_85@mail.ru (Қозыбаева).
Аңдатпа. Мақалада авторлар «Қазақ» газетінің маңызды қоғамдық-саяси орган ретінде қалыптасуына Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлының ықпалы туралы мәселе көтереді. Орынборда 5 жыл бойы А. Байтұрсынұлының редакторлығымен шығып тұрған тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газеті қазақ өлкесінің қоғамдық-саяси, Ресей империясының ішкі істері мен халықаралық жағдай, оқу-ағарту, ғылым, көшпелі де отырықшы мал және егін шаруашылықтары, мәдениет, тіпті адам құқы, әйел теңдігі салаларын түгел қамтыған әмбебап мерзімді басылымға айналып, 1913-1918 жылдар бойы бүкіл Қазақ даласының қоғамдық пікіріне жалғыз өзі үстемдік орнатты. Зерттеушілердің пікірінше, «Қазақ» газеті мен «Алаш» қайраткерлері қазақ қоғамында «мәдени ренессанс» жасады, заманауи қазақ мемлекетін құрды. Тұңғыш жалпыұлттық әрі халықаралық «Қазақ» газетінің қазақ халқы мен қазіргі Қазақ мемлекеті алдындағы өшпес тарихи рөлі мен маңызын асыра бағалау мүмкін емес.
Түйін сөздер: «Алаш» қозғалысы, «Қазақ» газеті, ұлттық идея, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, мәдени реннесанс, ұлттық автономия, кеңес өкіметі.